ЭКСПЕРИМЕНТ БАҒДАРЛАМАСЫН БІРТҰТАСТЫҚТА ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Кешегі өлшем бойынша, елімізде оқыту жүйесін жариялылық қағидасы мен ізгілендіру, өзектендіру әрекеттестігіне, ынтымақтастығына назар аударсақ, бүгінде әр студенттің жеке тұлға болуына бағдарлайтын пән айналымдарының ментальді, эфирлі, космостық біліктілігі арқылы рухани жан-дүниесін дамытуға басты көңіл бөлу қажеттілігі туады. Мұндай бағыт әр студенттің өзін-өзі дамыта алу қабілетін ұштары сөзсіз. Әсіресе, әр студенттің ізденісінің өрлеу шыңына шығуына қолайлы жағдай туғызу көзделеді.
Оқытудың жаңа мазмұны әр пәннен аталған үш рухани көздердің адам дамуына тигізер септігі орасан. Жіктеп айтсақ, барлық міндетті оқылатын пәндерден студент өзінің болашақ өмір сүруіне қажетгілікті, құндылықты таңдай алуына, оны дамытуына ниеттенеді. Студенттің іскерлігі мен еңбегінің өнімділігін аңғарту процесіне пәндердің нысаналарынан өлшемдер алдын-ала құрылып, әр студент өзінің деңгейін біліп, жоғары басқышқа ынталанып, жаңа тапсырмаларға ыңғайланып отыру үзіліссіздікпен жүзеге асады.
Оқыту үрдісінде мұндай әрекеттестік - ең жоғары сапаға жеткізудің кепілі.
Оқытудың ыңғайлану жүйесінде әр түрлі деңгейліктерге лайықталған тапсырмаларды құрастыру - жоғары нәтижеге жеткізер тиімді амал. Әр деңгейге ыңғайланған ұтымды тапсырмалар, оқыту үрдісіндегі тиімділік жеке тұлғаға бағытталған ширату сарынындағы нысаналар - әлеуметтік сұранымдардың заңдылығына сәйкес келерлік оқытудың мазмұны.
Оқытудың ыңғайлану жүйесіне қатысты жүргізген анализден жалаң, бір жақты оқыту үрдісінде әр студенттің тұлғалыққа бағыттарлық оқыту жүйесінің сарыны аңғарылады.
Оқытудың ыңғайлану жүйесін жүзеге асырудың 3 тетігі бар:
ғылымилық. Бұнда оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-амал, құрал-тәсілдері оқытудың жоспарланған нәтижесіне бағытталуы;
үрдістік-әрекеттестік. Барлық тұлғалық касиеттердің дамытылуына, әдістемелік құралдардың талғаммен қолданылуына ыңғайлануды қарастырады.
Мұның өзі үш түрлі деңгейлікте жүзеге асады:
- жалпы педагогикалық. Қазіргі оқыту үрдісінде оқыту тұтастық сарында білімдік негізге ыңғайлайды. Бұл да үлкен педагогтық жүйе, нысана мен субъектінің арақатысы басты болып табылады.
Жеке әдістемелік. (Пәннің деңгейінде). Мұнда әдістер мен тәсілдер бір пәннің ауқымында жүзеге асады.
Пішіндік деңгей. Ұғымдарын, жеке тұлғалыққа тәрбиелеудің ізгілікті жолдарын және білім меңгерудің жаңа амалдарын,оны тексерудің, бақылаудың өзіндік тәсілдерін іріктейді. Рейтинг жүйесін енгізеді.
Бүгінгі заманға лайықты педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық қасиеті.
Технология жүйесіне кіретін кіші блоктар:
а) Тұжырымдық негіз;
ә) Мақсаттың мазмұны: оқыту, жалпы және нақтылы. Оқыту материалының мазмұны.
б) Үрдістік.
Оқытудың ыңғайлану жүйесінің технологиялық картасы төмендегідей:
- Ғылым базасы. Оқытудың ыңғайлау жүйесі көпдеңгейлікті тапсырмалардың негізіндегі оқытудың жеке және өздігінен жұмысымен сәйкес келуіне орай тұжырымдалады.
Жүйелілік. Оқытудың ыңғайлау жүйесі логика үрдісі мен олардың өзара байланысын тұтастықта жүзеге асырады.
Басқарушылық. Оқытудағы мақсаттылықты, жоспарлауды, болжауды, диагностикалық кезеңдерді, білімнің нәтижелілігін болдыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды үнемі өзгертіп отырады.
Тиімділігі. Оқытудың ыңғайлану жүйесінің I деңгейлі мемлекеттік стандарттың талап-мүддесінен туындайды. Осы деңгейліктен әрі қарай дамытарлық білім көлемінің өлшемдеріне сүйене отырып, көпдеңгейлікті тапсырмалар беріледі.
Зерттеу пәні - оқытудың ыңғайлау жүйесі.
Эксперименттің мақсаты әр пән оқытушыларының тәжірибеде ыңғайлану жүйені тиімді жүзеге асыруы, оны сапалы меңгеруі, өзінің ісінде мақсаттылықпен қолдануы.
Мақсаттық блок - бөлікпен нақтылануы. Пәндердің заңдылықтарын өлшемдіктеріне ыңғайластыру шеберлігін дамыту.
Эксперименттің міндеттері:
ыңғайлау жүйесіне арналған әдебиеттермен танысу;
өзінің педагогтық үрдісінің оку-тәрбие жағдайын бағалау;
- ыңғайлану жүйесінің эксперимент арқылы нәтижесін сараптан өткізу.
Болжамы. Оқыту жүйесінде ыңғайлану үрдісі негізгі әрекет болады. Оқытушы ол үшін әдістемелік принципті оқытудың бейімделуіне бағыттайды. Бұндай әрекеттестік әр студенттің жеке келбетін дамытып қана қоймай, дидактика негізінде қабылдау әдісі мен түйістеу оны сезім «суретіне» салу сияқты іскерлікке ыңғайлайды. Бір сөзбен айтқанда, студенттің деңгейі ор дәріс-семинарда белгілі болып, оның қаншалықты өсіп отырғанын аңғартатын дәрежеге толғанысын (рефлексия) ыңғайлайды.
Ғылыми-әдістемелік процесі.
Дамытудың белгілі бір факторы.
Дамытушылықтың жетекші және негізгі факторларына қарай мыналарды бөліп алуға болады:
биогендік технологияда студенттердің психологиялық кабілетін ескеру, анықтау, олардың деңгейін шығару;
әлеуметтік, тұлғалық кабілетін оқу және ғылыми еңбектің нәтижелілігімен есептеуі;
- өзін-өзі дамытарлық психологиялық ыңғайы;
- саяси, тұлғалық қасиеттер. Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымы осы ыңғайлану жүйені жүзеге асыру арқылы іске асады.
Ассоциативті - толғаныс тұжырым, адамның басындағы мидың рефлекстік қызметіне сүйенеді.
Бұл тағылым мыналарды іске қосады:
білім меңгерілуі, іскерлік пен кабілетті дамытуды, адамның даралық сипатын айқындауды, сезім мен құбылысты көз алдына келтіруді жүзеге асырады: жай және күрделі;
жаңадан білім қорын жинауға ұмтылдырады, логикалық ойлау жүйесін реттейді, олар мынандай кезеңдерден тұрады:
а) оқу материалын қабылдау әдісі;
ә) оны ойлау, құрастыру;
б) қайшылықты шешу;
в) еске сақтау және оны ойда тұрақтандыру;
г) тәжірибеде оны қолдана білу;
- нақты нәтижеліліктің мынандай шарттары бар:
а) студенттің оқып отырған нысанына белсенділігі;
ә) берілген материалдың жүйелілігі;
б) ақыл-ойдың сыртқы нышандары;
в) алған білімін өмірде қажетіне жаратуы.
Аталған тұжырым тағылымын шығарған авторлар ұлттық деңгейде Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ресей өлкесінде И.М. Сеченов, И.П. Павлов, С.Л. Рубинштейн, Ю.А. Самарин, Н.А. Менчинская, Д.Н. Богоявленский т.б.
Белгілі бір ұғымдардың анықтамасын табу максатында білім алу үрдісін жинақтауға ұмтылдыру. Ойлау әрекетінің жүйелілігі қабылдаудың ақпараттық, біліктілік, ұғымдардың жиынтығын тәжірибеде қолданымдылығын қамтамасыз етеді.
Оқу уақытының дидактикалық маңызы
Дамымалы оқу жүйесінде уақыт жеке алынбайды. Ол үнемі кеңістікпен үндестікте жалғамалы, сабақтастықты заңдылықтардың негізінде болады.
Ол үшін жаңа типті сабақтың сарынына қарай бірнеше «45 минут» уақытты кеңістігімен қатар алу көзделеді. Бұл өтілетін материалдардың ауқымдылығы мен толықтығына тікелей байланысты.
Әр пәннен болашақ ұстаз үшін жобамен шығарылған жүктеме тұтастай алынып, оны «Жаңа сабақ» пен «Өткенді қайталау», «Қорыту», «Жинақтау», «Тексеру», «Кесінділерді салыстыру», «Парадигмасын шығару» және т.б. сабақтың типтеріне алдын-ала үлгілеп, пішіндеп, құрастырып, технологиялық карта жасау - барлық педагогикалық технологияларға тән қағида. Сол себепті 102 сағат, аптасына 3 сағат сабақтың уақытын «Жаңа сабағына» аталған «Қорыту», «Тексеру», «Жинақтау» және т.б. типті сабақтарына алдын-ала жіктеп, оларды модульдердің алгоритмдік кіші жүйелерінде қарастырады. Білім мазмұны тұтастық сарынында меңгерілуіне орай, студенттердің ғылыми еңбегі матрица, конспект, генезис, репортаж, алгоритм, пішін, ауқымды график сияқты жұмыстың түрлерін шығарады. Ал оқытушы бұл танымдық әрекеттер мақсатының, міндеттерінің айқындалуы үшін модульмен кіші жүйелерге жіктелген материалдардың алдын-ала пішіндерін құрастырып қоюына ынталанады.
Дидактиканың рөлі зор. Оқу жүйесінің тиімділігін дидактикалық кесінді арттырады. Дидактика саласының екі түрлі сипаты нәтижеге ықпал жасайды. Оның біріншісі күнделікті жеке-жеке сабақтағы дидактиканың мөлшері кесінді ретінде жүрсе, тұтас модульге жіктеліп қарастырылса, макродидактика мазмұнында қабылданады.
Дидактикалық материалды болашақтағы ұстаздың қызметте пайдалануының алгоритмі
Макродидактика:
I. Макродидактикалы модульдік жүйеде жіктеу кезеңі:
- Оқу нысаналарын сараптап таңдауға, ыңғайлас, сарындас, ішінара байланысты материалдарды топтастыруға, технологиялық картаға бейімдеуге, студенттер мен оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге ниеттенеді;
- оқу материалының ішінде өздігінен және жеке жұмысты кіші жүйелер негізінде түйістендіре, тұтас қарастыруға бағыттайды;
- кіші блоктардың өзара байланыстары анықталады, нысаналарды оқыту ең ұтымды ауқымда қабылдануға сараланып беріледі.
Микродидактика.
II. Күнделікті сабақты құрастыру кезеңі:
Оқу материалын жүйелеу орындалады, оқушының әрекетінде теорияға, терминге, жетекші ұғымдарға, мұраттарға, заңдылықтарға сөз саптау мәдениеті мен парасат-пайымына, бағамына, символдарға, белгілер мен таңбаларға, маңыздылық пен құндылыққа, мазмұн сипатына (оқу - білім - ғылым), тәрбие-тәлім сарынына назар аударылады;
- жаңа сабақта студенттің нысаны жайлы ой-өрісі жан-жақты дамытылады;
- өздігінен білім алу аудиторияда алған білім мөлшерін 60% көтереді;
- барлық жиған білімін «тексеру», «жинақтау», «қорыту» сабақтары арқылы кері әрекет көпшілік пен ұстазға танытылады. (Жүйелі, үздіксіз). Аталған іс-әркет тек өлшемдер мен бағалау өлшемдерінің алдын-ала құрастырылуы заңдылығына сүйеніп өткізіледі (тараулар, кіші компоненттер);
- жаттықтыру, машықтандыру жұмыстарының мәтіндерін сұрыптау қарастырылады (кілтті ұғымдар), қайталау (репродуктивті), мемлекеттік қалыптан екі сүйем, не одан да жоғары, шығармашылық (сапалық, құрастырушылық, жасампаздық) және т.б. деңгейліктері дамытылады;
- өздігінен және жеке жұмыс пен парадигмалық деңгейліктерді шығарудың алғашқы, аралық, бақылау-қорытынды кесінділері шығарылады (жүйелі); мониторинг рейтинг негізінде құрылады;
- тәжірибешілік, зертханалық, косымша материалмен толықтыру әрекеттері ұйымдастырылады;
- «тексеру» сабақтарында «сынақ», «емтихан» «коллоквиум» сияқты ретинг жүйесіне бағынған жұмыс жүргізіледі.
III. Микродинамиканың материалын құрастыру кезеңі:
- сабақтың накты мақсаты өтілетін нысанадан туындап, дидактикалық міндеттерге жіктеледі (шектік қойылмайды, оқытушының деңгейі мен студенттердің деңгейіне үндесіп құрылады);
- алынған материалдарды өзектендірудің, ынталандырудың әдіс-амал, технологиялары, ойлау мен танымдық деңгейі дамытылады, ширатылады, алдын-ала пішінделеді;
- пәнішілік, пәнаралық байланыстар интеграция қағидасына бағынады;
- оқытушы нәтижеге бағдарлар деген дамымалы өзіне ыңғайлы, өзі меңгерген педагогикалық технологиясын таңдайды;
- ең ұтымды деген педагогикалық технологиялар оқу материалдарын тиімді меңгеруге бағыттайды;
- үйге берілетін тапсырманың көлемі үнемі студенттің қабылдау деңгейіне үндесіп келуіне көңіл аударылады.
Макродидактика кесіндісінде негізгі үрдіс - оқыту. Тәжірибеде оқытуды ұйымдастыру мен студенттің оқу еңбегін басқарудың тиімді құралдарын талғайды, табады.
Сол құралдар мынандай сипатта келеді:
Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру
|
Студенттердің оқу еңбегін басқарудың құралдары
|
Оқу материалының конспектісі
|
Оқу мәтінінің алгоритмі
|
Технологиялық карта
|
Сұрақтардың жіктемесі
|
Нысананың пішіні, өлшемі, бағалау өлшемі
|
Дидактикалық негізі
|
Матрица
|
Тапсырмалардың бағдарламасы
|
Оқу материалының тезисі
|
Ыңғайланған қисындық оқу материалы
|
Оқу материалының конспект-шифры
Оқу бағдарламасындағы бөлінген сағатты оқулықтардың тараулары мен бөлімдерін ірі блоктарға жіктеп «жаңа сабақ» пен «қайталау», «қорыту», «жинақтау», «тексеру» сабақтарына бөліп, саралап алған жөн.
Әр ірі блоктың кіші жүйелеріне бөлінген нысаналардың оқытушының алдын-ала өлшемдерін шығарып алулары көзделеді. Аталған жұмыс қысқаша сипаттама арқылы беріліп, студент ұғымына шақталады. Құрастыру үрдісінде студентер көрнектілікті өз білімдерін жинақтау, жүйелеу мәністері негізінде өздері ойлап табады.
Жұмыстың бұл түрінде әр студент өзінше ой қорытады, ізденеді, талдау-жинақтау негізінде өткізіледі. Студенттің жалпы оқу еңбегін ғылыми тұрғыда (жас ерекшеліктеріне сай) ұйымдастырып басқару мүмкіндігі туады. Студенттің ойлау әрекетіне, бағамына қозғаушы күш боларлық тапсырмалар деңгейліктерге ыңғайланып құрылады.
Конспект-шифрда мынадай материалдар қолданылады: тарихи материал, қоршаған ортаның тақырыпқа ыңғайлысы, пәнішілік, пәнаралық т.б.
Білім алу әрекетінің жіктемесі
Алгоритм микродидактика кесіндісі тұрғысында қызметке қосылады.
Алгоритмнің көрінісі:
Оқу материалының құрылымын жаз;
Оқу материалынан нақты материалдарды, фактілерді бөл;
Нақтылау негізінде бірнеше вариант тапсырмаларын орында;
Дәлелін, дәйегін бөліп ал, қорытынды, түсініктемесін бер;
Оқу материалының мәтініне бақылау сұрақтарын құрастыр;
Оқу материалына түйін жаса;
Оқу материалының мәтінінен басты ойды бөліп ал.
Ескерту: Бұл беріліп отырған сұрақтардың жіктемссі тек мысал ретінде, әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындықтан, сұрақтардың жіктемесі нысананың құрылым-жүйесіне ыңғайланып, өзгеріп отырады.
Оқытушылардың назарына студенттің үш түрлі әрекетін салғымыз келеді: құрастыру, нақтылау, түр-түріне құбылту.
Оқу материалы мазмұнының пішіні
Бүгінгі жаңа қоғамда оқу үрдісіне пішіндеу әрекеті студенттердің ойлау қабілетінің III типіне ыңғайлайды (П.Я. Гальперин).
Алғашқы курстарда пішінділер даяр түрде беріледі. Одан кейін студенттер пішіндеуді оқу үрдістерінің барысында үйренеді. Алдымен іскерліктерін ширату үшін топта талқылайды, бірте-бірте жеке пішіндеу машығы дамытылады.
Дидактикалық негізі
Оқытушы студенттерге мынадай нұсқау береді: түрін анықтау, тапсырманың типін табу, көрсету, мәліметтер мен ақпараттарды, жаңа ұғымдарды нақтылау, қосымша материалдармен толықтыру, шығармашыл деңгейге қатысты тиімді технологияларды пайдалана білу жәнет.б.
Орындау силі: талдау, жинақтау, салыстыру, бара-бар нысананы табу, қайшылығын шешу, түйіндеу, тұжырымдау, өмірге лайықтау, озектендіру, өзектісін табу т.б.
Тапсырма кілтін шешудің бағдарламасы
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - әр студентті оқу қызметіне тарту. Теориялық, тәжірибешілік қабілеттіліктерін сапалы дамытуға нысанасын дәл үлгілеу күні бұрын қарастырылады.
Студенттердің I, II, III деңгейліктерін зерттей отырып, соған ыңғайлы тапсырмаларды алдын-ала құрастыру көзделеді. Кілтті тапсырмаларды бүгінгі нарықтық қоғам сұранымына сәйкес экономикалық, экологиялық, саяси қырларынан құрастыру тиімді. Нысананың маңыздылығын, мәнісін, шешетін мұратын дәл табуға ниеттенуге мүмкіндік туғызады.
Кілтті тапсырмалардан кейін эвристикалы дейгей, одан кейін шығармашыл деңгей қамтылады. Ал тапсырмалар сипаттары оқытушы мен студенттердің қабілеттілігі мен кажеттіліктеріне ыңғайланып құрылады. Бағдарлама матрица ретінде, не технологиялық карта ретінде толтырылады. Екі бағанадан тұрады: нөмірі, тапсырма, мазмұны, іс-әрекеттің негізгі сарыны, бағдары.
Студенттердің жеке және өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.
Студенттерді тәжірибешілікке бағдарлау
Жеке және өздігінен жұмыс: міндетті оқулық пен қосымша оқулықтар, тәжірибешілік, теориялық ұғымдар, зертханалық жұмыс, жұптық, динамикалық, статистикалық жұмыстың түрі және т.б.
Оқу құралдарының үнемі үзіліссіз жүйелерін тұтастықта қарау.
Нені меңгереді, нені меңгеру қажеттілігінің өлшемдері, оны аналитикалық талдау межелеріне салу.
Оқытудың ыңғайлау жүйесі бағдарламасының негізгі алгоритмі:
- өздігінен жұмыс студенттердің парасат, пайым әрекетіне (П.Я. Гальперин) және шығармашылық қабілетке (А.А. Леонтьев) ұмтылуға ыңғайлайды;
- студенттердің оқу еңбегін үздіксіз басқарады;
- оқытушы және студент өздігінен жұмыс істейді;
- оқу, жазу, тапсырманы шешу, көпдеңгейлікті тапсырманы алдын-ала жоспарлайды;
- сәтті жоспар мен өзін-өзі тексеру кестесін үздіксіз жүргізеді;
- нөльдік, аралық, соңғы бақылау кесінділерін қорытады;
- ішкі бағалау, өзін-өзі бағалау жіктеледі;
- өзара бақылау, зерттеу жұмысы ұйымдасады;
- студенттердің өзі матрица, схема, диаграмма құрастырады;
- ОМ (оқытудың мақсаты) ауқымы мен көлемі үнемі өсіп отырады;
- статистикалы, динамикалы, көпвариантты жұмыстың түрлері жүргізіледі;
- жеке жұмыстың есеп кестесі толтырылады.
Оқытудың ыңғайлану жүйесін (ОЫЖ) оқытудың деңгейліктеріне жіктеу
ОЫЖ пішіні оқытушының озық тәжірибесін талдау және жиыны іспетті.
Бірінші кезең: сабақтың хронометрлік сипаты.
Екінші кезең: сабақтың талдауы.
Үшінші кезең: кестесін талдаудың нәтижесін салыстыру.
Төртінші кезең: ОЫЖ-ға көшуге ұсыныс алу.
Оқытудың ыңғайлану жүйесінің деңгейліктері
Жоғарыда сипатталған бағдарлама сарыны міндетті түрде әр пәннің оқылу деңгейліктерін мемлекеттік қалыптан (I деңгей) эвристикалы (II деңгей) және шығармашылық (III деңгей) деңгейлікке ұмтылдырары сөзсіз.
I деңгейлікте тірек конспектісін студентке құрғызады;
тапсырма I деңгейдің өлшеміне сай;
II деңгейлікте бір модульден тұратын тапсырманы шешкізеді;
тапсырма II деңгейдің өлшеміне сай;
ІІІ деңгейлікте екі, не одан да көп модульден тұратын тапсырманы шешкізеді;
тапсырма III деңгейдің өлшеміне сай.
Оқытудың ыңғайлау жүйесіндегі деңгейліктер мына жүйеде болып келеді:
Д І - 1 Д ІІ – 1 Д ІІІ – 1
І – 2 ІІ – 2 ІІІ – 2
І – 3 ІІ – 3 ІІІ – 3
Берілген деңгейліктің басқа технологиялардан ерекшеліп - әр субъектінің өз-өзін табуына толық мүмкіндіктің тууы.
Сол себепті көп деңгейлікті тапсырмалар құрастыру - үнемі студенттің ішкі ойын нысанға ыңғайлап отыруға қозғаушы күш. Үлгісі мына матрицада беріледі.
Дидактиканың біртұтас жүйесінің ғылыми мақсаты
Достарыңызбен бөлісу: |