Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет31/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   524
4 дш

Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу 
Гимнастикалық  қабырғаға  аяқты  тіреп,  қолмен  ұстап  өрмелейді.  Жаттығу  үшін 
көлденеңінен,  тігінен  немесе  көлбеу  тасталған  баспалдақтар  пайдаланылады. 
Баспалдақтың  орналасу  реті  де  денені  тиісті  қалыпта  ұстауды  талап  етеді.  Көлденең 
немесе  көлбеу  баспалдаққа  кермелерге  және  қапталдағы  сырықтарына  сүйеніп  (егер 
баспалдақтың  ені  40  см  болса)  өрмелейді.  Ал  тігінен  қойылған  баспалдақтарда  тек  қана 
кермелерге  сүйеніп  өрмелеу  қажет.  Педагог,  әсіресе,  кермені  дұрыс  ұстауға  көңіл  бөлуі 
тиіс.  Ереже  бойынша  баспалдақтың  тақтайынан  ұстағанда  бас  бармақпен  астыңғы 
жағынан, қалған төрт саусақпен үстіңгі жағынан ұстаған дұрыс.  
Баспалдаққа  өрмелегенде  салмағын  көтеру  үшін  көп  күш  қажет.  Соған  қарамастан 
балалар оған тез әрі сеніммен өрмелеп шығады. Ал, түскенде қорқақтауы мүмкін. Түскен 
кезде бұлшық етке көп салмақ түспейді, бірақ ол үлкен батылдықты, табандылықты қажет 
етеді. Оның үстіне, кеңістікте бағдарлау қабілеті де артықтық етпейді. 
Бастапқы  кезеңдерде  балалар  қосалқы  адымның  көмегімен  өрмелейді.  Олар  бір 
кермеден  қос  қолдап  ұстайды,  астыңғы  кермеге  алдымен  бір  аяғын  салып,  кейін  екінші 
аяғын соның қасына қояды. Осылайша, бір кермеге бір уақытта екі қолды, екінші кермеге 
екі  аяқты қатар қойып тұрады. Көптеген жаттығулар жасап жаттыққаннан кейін балалар 
аяғын  кезектестіріп  өрмелейді.  Былайша  айтқанда,  әр  кермеге  бір  аяқ  немесе  бір  қолын 
салып  өрмелейді.  Бұл  қозғалыс  біржақты  және  екіжақты  әдіспен  орындалады. 
Біріншісінде, мысалы, қозғалысты сол қолмен және сол аяқтан бастайды. Кейін оң аяқ пен 
оң қолды қосады. Екінші тәсілді пайдаланған жағдайда бала бастапқыда оң қолы мен сол 
аяғын пайдаланады, кейін сол аяқ пен оң қолды кезектестіріп қимылдайды. 
Өрмелеуді  үйренген  кезде  балалар  денесін  қысып  ұстап,  еркін  қимылдай  алмайды. 
Олар қажеті жоқ жерде шектен тыс күш жұмсайды. Тырбаңдап, аяқтарын қатты серпиді, 
кермеден ұстаған кезде қолдарының арасын кең ашып, оқыс қимылдатады. Қолды шектен 
тыс бүгу және жазу салдарынан дене баспалдаққа тым қатты жақындап кетеді немесе одан 
қашықтайды.  Баспалдақтан  түскен  кезде  аяқ  пен  қолдың  қимылын  үйлестіре  алмайды, 
екеуін  бір-біріне  қатты  жақындатып  жібереді,  еңкейеді.  Бұл  да  дене  сымбатының  дұрыс 
қалыптасуына кері әсер етеді. 
Аяқ  пен  қолды  белгілі  бір  ізбе-ізділікпен  үйлесімді  қимылдату  4-5  жастағы  балалар 
үшін қиындық тудырады. Бұл қимылдарын басқару, бұлшық ет топтарының қысылуы мен 
жазылуын  реттеу  қабілетін  талап  етеді.  Ол  үшін  көптеген  жаттығулар  жасау  қажет. 
Баланың  қимыл  тәжірибесі  оның  өрмелеуді  тез  меңгеруіне,  қолдары  мен  аяқтарын 
үйлестіруіне көмектеседі. 
Өрмелеп  өту 
бір  құралдан  екіншісіне  өткен  кезде  қолданылатын  тәсіл.  Мәселен, 
гимнастикалық  қабырғаның  аралығынан  екіншісіне  өткенде,  көлбеу  тақтайдан  тік 
қабырғаға өрмелеп өткенде. Бір аралық ағаштан екіншісіне өткен кезде қосалқы  адымды 


31 
 
пайдаланған  ыңғайлы.  Алдымен  балалар  қатты  биік  емес  жерде,  яғни,  астыңғы  бірінші, 
екінші тақтайлармен өрмелеп өтеді. 
Өрмелеп  кіру 
тәсілі  қабырғасынан  қойылған  баспалдақ  тепкішектерінің  арасымен, 
шеңбермен жұмыс істегенде пайдаланылады. Өрмелеу жаттығуларына мұқият басшылық 
ету  қажет.  Әрі  балалардан  да  жоғары  деңгейде  тәртіп  талап  еткен  жөн.  Балалардың 
өрмелеу құралдарына бірге өрмелеп, бір жерге шоғырлануына жол беруге болмайды. Бұл 
олардың құлап жарақат алуына себеп болуы әбден мүмкін. Мысалы, бір бала екіншісінің 
қолын басып кетеді, ол абайсызда құлап кетеді деген сияқты кездейсоқтықтар орын алады. 
Дегенмен  осылай  болмас  үшін  балаларды  қиын  жағдайда  тығырықтан  шығу  жолын 
табуға, тапқырлыққа баулыған жөн. Баспалдақпен өрмелеу қимыл-қозғалыс ойындарында 
көп қолданылмайды. Ол көбіне жеке жаттығу түрінде беріледі.  

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау