Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет30/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   524
4 дш

Еңбектеу 
Түрлі қимылдардың жиынтығына еңбектеу, еңбектеп өту, еңбектеп кіру және өрмелеу 
сынды қозғалыс түрлері жатады. Бұл – бала дамуы үшін ауадай қажет қимылдар. Өйткені 
олар дене, иық белдеуі, аяқ, қол сынды ірі бұлшық ет топтарының нығаюына, омыртқаның 
иілгіштігін дамытуға ықпал етеді. Солардың көмегімен балаларды ептілікке, батылдыққа 
баулып, биікке талпынуға дағдыландыруға болады. 
Еңбектеу  мен  өрмелеу  жүгіру  мен  жүру  сияқты  циклдық  типте  орындалады.  Яғни 
екеуінде  де  аяқ  пен  қолдың  қимылдары  бірдей.  Еңбектеу  аяқ  пен  қолға  тірелу  арқылы 
орындалады.  Бұл  еңбектегенде  көлденең  қалыпта  тұрған  омыртқаға  түсетін  салмақты 
төмендетуге  мүмкіндік  береді.    Балаларға  түсетін  жүктеме  аяқ  пен  қолға  теңдей  түседі. 
Қозғалыстың басқа түрлерінде (жүру, жүгіру, секіру) көп жүк түсетін аяққа түсетін салмақ 
еңбектегенде аздау болады. 
Еңбектегенде жоғарғы иық белдеуі, қол мен мойынның бұлшық еттері белсенді жұмыс 
істейді. Бұл балалардың дене сымбатын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
4-5  жастағы  балаларға  арналған  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  еңбектеу, 
көбіне  жаттығулар  кешеніне  немесе  жүру,  жүгіру,  секіру  сынды  қимылдармен  бірге 
орындалатын қимыл-қозғалыс ойындарына енгізіледі.  
Төрт  аяқтап  еңбектеу  көбіне  жіптің,  құрсау  мен  доғаның  астымен  еңбектеп  өту 
жаттығуларымен  бірге  орындалады.  Алдымен  бас,  одан  кейін  қол  мен  аяқ  кезекпен 
шығады. 
Оң жақ бүйірмен еңбектеу кезінде қосалқы адыммен қозғалады: жіптің астынан оң қол 
мен оң аяқты алдыға қозғап, басты иіп өткізу және осыдан кейін сол аяқ пен сол қолды 
қозғау.  
Биігірек кедергілерден (бөрене, орындық) балалардың қарғып түсуіне тура келеді.
 
Бұл қимыл да әртүрлі тәсілдермен орындалады: тігінен, кедергіге алдымен екі  қолын, 
содан кейін екі аяғын қою; бүйірімен, оң қолы мен оң аяғын, содан кейін сол қолы мен сол 
аяғын кезекпен  өткізу. Сол жақ бүйірмен қарғып өткенде алдымен сол қол мен сол аяқты 
алып өтеді. 


30 
 
Еңбектеу міндетті түрде бойды тіктеу, тартылу, жоғарыға секіру жаттығуларымен бірге 
орындалуы шарт. 
Еңбектеу көбіне жаппай немесе топтасу әдісімен ұйымдастырылады. Оған балалардың 
бәрі  немесе басым бөлігі белсенді  түрде қатысуы шарт. Тіземен еңбектеу  жаттығуларын 
орындаған  кезде  жарыс  элементтерін  қосуға  болмайды.  Себебі  мақсатқа  бәрінен  бұрын 
жетуге асыққан балалар өз күшін бағамдай алмай, тізесін жарақаттап алуы әбден мүмкін. 
Балалар 
гимнастикалық орындықтың үстімен 
орындықтың шетінен ұстап еңбектейді 
(бас бармақпен астынан, қалған төрт саусақпен үстіңгі жағынан ұстау қажет. Орындыққа 
екі түрлі тәсілмен шығады: орындықтың бір жағында тұрып, иіледі, оның шетінен ұстап, 
қолмен  таянып,  алдымен  бір  аяқтың  тізесімен,  сонан  соң  екінші  аяқтың  тізесін  қойып 
шығады;  орындыққа  салт  мініп  отырып,  орындықтың  өзінің  алдындағы  шетінен  ұстап, 
қолға сүйеніп, аяқты кезекпен орындықтың үстіне қойып шығу.  
 
 

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау