25
Кристалдау мен шу қосудан алынған әсерді жұмсартайық. Оны Caussisan
Blur сүзгісі арқылы орындауға болады, яғни Filter → Blur → Caussian Blur
(Сүзгі → Шаю → Гаусс әдісі бойынша шаю). Ӛте қатты шаюдың қажеті жоқ,
себебі кедір-бұдырды жоғалтып алуымыз мүмкін. Ең дұрысы шаюдың
радиусын 2–ге тең етіп алыңыз (30-сурет).
Енді сіз түсті коррекциялаудың екі әдісінің бірін таңдай аласыз.
a) Қарапайым, бірақ аз әсерлі әдіс: Filter → Blur → Blur (Сүзгі → Шаю →Шаю)
командасы арқылы орындалады. Енді жазу орналасқан қабат пен фон қабатын
жабыстыру қажет, ол үшін Layer → Merge Down (Қабат → Алдыңғысымен
біріктіру) командасын немесе Ctrl+E қос пернелер комбинациясын басу керек.
Осыдан кейін бейнені инвертирлеген жӛн (қабаттарды жабыстыруды қажет еді,
себебі келесі ӛңдеулер мәтінге ғана емес фонға да байланысты орындалады).
Image → Adjustments → Inverse (Бейне → Баптаулар → Инвертирлеу)
командасын орындаңыз немесе Ctrl+I қос пернелер комбинациясын басыңыз.
б) Бұл әдіс қиындау болғанымен кӛптеген мүмкіндіктер береді. Image →
Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар) командасын таңдаңыз
немесе Ctrl+M қос пернелер комбинациясын басыңыз. 31-суретте
кӛрсетілгендей етіп қисық салуға тырысыңыз.
Егер соңғы нәтиже сізді қанағаттандырмаса, қисықты қалауыңызша
ӛзгертіп сала аласыз. Қисықты салғаннан кейін пайда болған нәтиже 32–суретте
кӛрсетілген. Ал енді бірінші әдістің соңғы операцияларын орындауымыз қажет,
яғни Сtrl+E және Ctrl+I қос пернелер комбинациясын басу арқылы сәйкесінше
қабаттарды жабыстырамыз және бейнені инвертирлейміз.
Қай әдіс ұнайтынын анықтап, ӛңдеуді аяқтағаннан кейін келесі сатыға кӛшеміз.
30-сурет. Caussian Blur (Гаусс әдісі
бойынша шаю) сүзгісінің диалогтық
терезесі
31-сурет. Мысалда қолданылған
қисық
26
32-сурет. Қисықты қолданғаннан кейінгі мәтін
Image → Rotate Canvas → 90 CW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытымен
90
0
–қа) командасын, сосын Filter → Stylize → Wind (Сүзгі → Стилдеу → Жел)
командасын таңдаңыз. Wind (Жел) сүзгісінің баптаулары: Method (Әдіс) – Wind
(Жел), Direction (Бағыты) - From the Right (Оң жақтан) (33-сурет).
Сүзгіні бір рет қолданған жӛн, бірақ егер сіз мұзды ұзынырақ етіп жасағыңыз
келсе, онда бұл операцияны Ctrl+F қос пернелер комбинациясын басу арқылы
бірнеше рет орындай аламыз. Нәтиже 34-суретте кӛрсетілген.
Енді, Image → Rotate Canvas → 90 CCW (Бейне → Бұру → Сағат
тілінің бағытына қарсы 90
0
–қа) командасын орындау арқылы бастапқы қалпына
бұрамыз.
Мұзды бояудың уақыты келді. Біздің мысалымызда кӛгілдір түс таңдалынған.
Бейнені RGB түстік режиміне ауыстырыңыз: Image → Mode →RGB Color
(Бейне → Режим → RGB).
Image → Adjustments → Hue/Saturation (Бейне → Баптаулар → Түс/Қоюлығы)
командасын таңдаңыз немесе Ctrl+U қос пернелер комбинациясын басыңыз.
Пайда болған терезедегі Colorize (Түстендіру) мәніне белгіше қойыңыз және
сізді қанағаттандыратын нәтижеге жеткенше түстің (Hue), қоюлығының
(Saturation) және ашықтылығының (Lightness) мәндерін ӛзгертіп кӛріңіз (35-
сурет).
Кедір-бұдырын анық кӛрсету үшін бейненің контрасын ӛзгертуге болады (36-
сурет).
33-сурет. Wind (Жел) сүзгісінің
диалогтық терезесі
34-сурет. Wind (Жел) сүзгісін
қолданғаннан кейінгі мәтін
27
Мұзды жарқырап тұрғандай етіп кӛрсету үшін, Brush (Қылқалам) құралын
таңдап, оның Air Brush Capabilities (Аэрограф мүмкіндіктері) режимін активті
етіңіз.
Жұлдызға және қарға ұқсас қосымша қылқаламды пайдалану арқылы күнге
шағылысып, жарқырап жатқан мұздың әсерін қалыптастырамыз.
Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз сіздің бейнеңіз 37-суреттегідей болуы керек.
37-сурет (нәтиже)
Практикалық тапсырма №4. Қардағы (қар астындағы) әріптер
Ӛлшемі 300х300 пиксель болатындай жаңа бейне құрыңыз (Ctrl+N). Қар
шындыққа сай келуі үшін бейне ӛлшемін осыдан артық бермегеніңіз жӛн.
Фон ретінде қандай да бір қысқы пейзаж немесе кӛгілдір түсті орнатыңыз.
Type (Мәтін, Текст) құралын пайдаланып 38-суретте кӛрсетілген сӛзді
жазыңыз. Әріптердің түсі маңызды емес, бірақ кӛк түстес болғаны жақсы
кӛрінеді. Фон түсін кӛгілдір етіп алған жақсы.
38-сурет
35-сурет. Hue/Saturation (Түс/Қоюлығы)
командасының диалогтық терезесі
36-сурет. Brightness/Contrast (Ашық-
тығы/Контраст) диалогтық терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |