53
Shift+Ctrl+I пернелерін басу арқылы ерекшеленген аймақты инвертирлейміз.
Сосын артығын ӛшіріңіз (Delete). Бейне 104-суреттегідей болады. Сосын
ерекшелеуді алып тастауға болады (Ctrl+D).
Енді Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін
қолданыңыз: Filter
Blur
Gaussian Blur (Сүзгі
Шаю
Гаусс бойынша
шаю, Фильтр
Размытие
Размытие по Гауссу). Оның баптаулары 105-
суретте кӛрсетілген.
Free Transform (Еркін тасымалдау) құралының кӛмегімен қабатты жылжытыңыз
(106-сурет) . Бұл нұсқа кӛмегімен тек қабаттың орнын ауыстырып қана қоймай,
кемпірқосақтың ӛлшемін ӛзгертуге және оны кішкене бұруға болады.
Қазір біз аспанда орналаспаған градиентті алып тастауымыз керек. Оны
ӛшіргішпен (ластик) ӛшіру ӛте қиын. Сондықтан пейзаж орналасқан қабатқа
ӛтіңіз және Magnetic Lasso (Магнитті лассо) құралын таңдаңыз. 107-суретте
кӛрсетілгендей етіп бедердің кедір-бұдырларының бойымен жүріп ӛтіңіз
(қалған бӛлікті қалағанынша ерекшелеуге болады, ең бастысы, оған жойылуы
керек кемпірқосақтың бӛлігі кірсе жеткілікті).
Градиенті бар қабатқа қайта ӛтіп, артық бӛлікті ӛшіру үшін Delete пернесін
басыңыз. Сосын Layers (Қабаттар, Слой) палитрасында Opacity (Мӛлдір
103-сурет
104-сурет
105-сурет
106-сурет
54
еместік, Непрозрачность) баптауының мәнін 30-50%-ға ӛзгертіңіз. Соңғы
нәтиже 108-суретте кӛрсетілген.
Практикалық тапсырма №12. Кірпіштерді қалайық
Кез келген ӛлшемдегі жаңа бейне құрыңыз. Paint Bucket (Құю, Заливка)
құралын пайдаланып оны келісімді түске бояңыз. Біздің жағдайда кірпіштер ақ
емес қызыл түсті болғаны дұрыс.
Енді осы бейнеде жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін Layer (Қабат, Слой)
палитрасындағы ақ қағаздың суреті бар батырманы шерту немесе Shift+Ctrl+N
пернелер комбинациясын басу жеткілікті. Бұл қабат кедір-бұдырды кӛрсетудің
дайындамасын жасауға арналған. Оны ақ түске бояңыз.
Енді Texturizer (Текстуризатор) сүзгісін: Filter
Texture
Texturizer (Сүзгі
Текстура
Текстуризатор) пайдаланайық.
Бұл сүзгіде арасынан біреуін таңдауға болатын бірнеше дайын текстуралар
бар. Бірден Brick (Кірпіш) текстурасын пайдаланбағаныңыз жӛн. Себебі,
біріншіден, сіздің кӛп мүмкіншіліктеріңіз шектеледі. Ал екіншіден егер сіздің
бейнеңіз жеткілікті мӛлшерде үлкен ӛлшемді болса, онда кірпіштер ӛте
кішкентай болып қалады. Сондықтан 109-суретте кӛрсетілген баптауларды
беріп, Sandstone (Құмдық, Песчаник) текстурасын қолданыңыз.
Нәтижесінде сіз қатпарлы ақ бет аласыз. Осы қатпарды негізгі қабатқа
ауыстыру қажет және текстура алдыңғысынан да әдемірек болуы керек. Ол
үшін қабатты орнатудың баптауларын пайдаланайық. Layers (Қабаттар)
палитрасындағы екінші қабатты шертіңіз және Blending Options (Орнату
мәндері, Параметры наложения) мәнін таңдаңыз. Ашылған терезеден бізге
Blend Mode (Орнату режимі, Режим наложения) мәні ғана керек. Multiply
(Кӛбейту, Умножения) режимін таңдаңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса
нәтижесі 110-суреттегідей болады.
107-сурет
108-сурет (нәтиже)
55
Кірпіштердің ӛзін салайық. Ол үшін жаңа қабат құрыңыз. Кірпіштерді бір-
бірінен бӛліп тұратын кӛлденең және тік орналасқан сызықтар сызайық.
Кейінірек бұл сызықтар цементке ұқсайтын болады. Мұны орындау үшін
бірнеше құралдар бар. Мысалы: Brush (Қылқалам, Кисть), Pencil (Қарындаш),
Line (Сызық, Линия). Бірақ қылқалам құралын пайдаланған тиімдірек. Ал
сызықтарды түзу сызу үшін қылқаламды Shift пернесін басып тұрып
пайдаланған жӛн.
Қабатты цементпен шаяйық. Ол үшін Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю)
сүзгісін пайдаланайық: Filter
Blur
Gaussian Blur (Сүзгі
Шаю
Гаусс
бойынша шаю, Фильтр
Размытие
Размытие по Гауссу). Radius (Радиус)
мәні сызықтарды сызу үшін қолданылған қылқалам диаметрінің жартысына тең
болу керек (111-сурет).
Алынған бейнедегі сызықтар цементке ұқсамайды. Оны жӛндеуге
кірісейік. Алдымен цементтің кӛлемін кӛрсетейік. Ол үшін Emboss (Барельеф)
сүзгісін пайдаланамыз: Filter
Stylize
Emboss (Сүзгі
Стильдеу
Барельеф, Фильтр
Стилизация
Барельеф). Сүзгі баптаулары 112-суретте
кӛрсетілген. Алайда Angle (Бұрыш) мәнін ӛзіңіз беріңіз, себебі ол бедерлі
әсерді қалыптастыру үшін жарық қай жақтан шығу керектігін кӛрсетеді.
109-сурет
110-сурет
111-сурет
112-сурет
56
Ақырғы екі сүзгіні қолданғаннан кейінгі нәтиже 113-суретте
кӛрсетілген. Осы нәтиже шындыққа жанасады. Алайда цементке қатпарлар
жетіспей тұр.
Бұл жағдайда цементке қатпарлар қосу кірпіштердің фактурасын жасаған
әдіспен орындалады. Бірақ ол кезде жаңа қабат фон қабатынан жоғары
құрылған және ол қызыл түске боялған. Ал енді жаңа қабат цементі бар
қабаттан жоғары құрылуы керек. Қалған амалдар қайталанады. Соңғы нәтиже
114-суретте кӛрсетілген.
3. CORELDRAW ПРОГРАММАСЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Практикалық тапсырма №1. CorelDRAW векторлық редакторында
объектілермен жұмыс
Объектіге: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін жатады.
Объектілерді ерекшелеу
Объектіні ӛзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана объектіне
немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген
объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі
кӛрінеді.
Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою
Объектіні қиып алғанда немесе кӛшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне
орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып
алғанда объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, кӛшірмесін
алғанда түпнұсқа орнында қалады, тек кӛшірмесі ғана алмасу буферіне
орналасады.
Объектінің дубликатын жасау
Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу
терезесінде пайда болады. Дубликат жасау кӛшірмесін алғаннан және қиып
алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х
және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара
қашықтығын кӛрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.
113-сурет
114-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: |