Э. А. Абдыкеримова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/34
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

28 
  Ал  енді  қарды  салуға  кірісейік.  Brush  (Қылқалам,  Кисть)  құралын 
таңдаңыз. Осы құралды аэрограф ретінде де пайдалануға болады (ол үшін Brush 
құралының  Airbrush  Capabilities  (Аэрограф  мүмкіндіктері)  параметрін  екпінді 
күйге  келтіру  керек),  яғни  бұл  жиектерді  айқын  емес  етіп  салу  мүмкіндігін 
береді. 
Енді жазудың үстіне жиналып қалған қарды кӛрсету үшін  39-суреттегідей етіп 
ақ түске бояңыз. Ӛте кӛп қардың қажеті жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                           
 
                                                       39-сурет 
 
  Шындыққа  ұқсас  болу  үшін  Smudge  (Саусақ,  Палец)  құралын  пайдаланып 
қарды шайыңыз. Бұл кенептегі кеппеген бояуды саусақпен шайған сияқты әсер 
қалыптастырады. 
Сонымен, Smudge (Саусақ, Палец) құралын алып қардың шеттерін тегістеңіз. 
Егер  сізде  дұрыс  шықпаса  құралдың  параметрлерін  ӛзгертіп,  нақтылай 
айтқанда Pressure (Басу, Нажим) мәнін үлкейтіп кӛріңіз.  Нәтижесі 40-суретте 
кӛрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                               
                                                    40-сурет 
 
  Сәл  еріген  қардың  әсерін  қалыптастыру  үшін  алдыңғы  Smudge  (Саусақ, 
Палец)  құралын  пайдаланыңыз.  Тек  осы  жолы  қарды  жоғарыдан  тӛмен  қарай 
тегістеңіз.  Қар  мүлдем  жоғалып  кеткен  жерлерді  қылқалам  кӛмегімен  қайта 
жӛндеуге болады. 
Қар  тегіс  нәрсе  емес  және  түйіршіктерден  тұратындығын  кӛрсету  үшін  Add 
Noise  (Шу  қосу,  Добавить  шум)  стандартты  сүзгісін  пайдаланыңыз:  Filter  → 
Noise → Add Noise (Сүзгі → Шу → Шу қосу). Сүзгінің баптаулары 41-суретте 
кӛрсетілген.  
 


29 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                   41-сурет 
 
  Мұндағы  Amount_(Әсер,_Эффект)'>Amount  (Әсер,  Эффект)  мәні  неғұрлым  кӛп  болса,  түстер 
соғұрлым  қарама-қарсы  түстерге  кӛбірек  ауысады.  Мысалы,  егер  сіз  RGB 
түстік моделімен жұмыс жасап отырып,  Amount мәнін - 20 деп берсеңіз, онда 
жаңа  түс  ескі  түстен  қызыл,  жасыл  және  кӛк  каналдар  бойынша  20  түспен 
ерекшеленеді. Ал егер Amount мәні 255-тен асатын болса, онда бағдарлама 16 
млн. түстердің арасынан кез-келгенін таңдайды. 
  Ең ақырғы қадам – бейнеге су құйғанда суреттің жиектері жайылғандай әсер 
қалыптастырайық. 
Ол 
үшін 
Blur 
(Шаю, 
Размытие) 
сүзгісін 
қанағаттандырарлық  нәтижеге  жеткенше  бірнеше  рет  пайдаланыңыз:  Filter  → 
Blur → Blur (Сүзгі → Шаю → Шаю).  
Енді  жауып  тұрған  қарды  салайық.  Ол  үшін  Brush  (Қылқалам,  Кисть) 
құралын алып, қасиеттер терезесі арқылы Assorted қылқалам жиынтығын (Load 
Brushes  (Қылқаламдарды  жүктеу)  командасы  арқылы)  жүктеңіз.  Оның 
құрамына әр түрлі стандартты емес қылқаламдар, сонымен қоса қар ұшқынына 
ұқсас қарша (снежинка) да кіреді. Соны таңдап алып керекті мӛлшерде суретке 
орналастырыңыз. Нәтиже 42-суретте келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
                            
                                       42-сурет (нәтиже)  
 
 
 
 
 


30 
Практикалық тапсырма №5. Хромды әріптер 
   
Жаңа  канал  құрыңыз.  Ол  үшін  Channels  (Каналдар)  палитрасында 
орналасқан  ақ  қағаздың  суретін  шертсеңіз  жеткілікті.  Нәтижесінде  бірден 
екпінді күйде болатын альфа-каналды аласыз. 
Type (Мәтін) құралын алып кез келген сӛз жазыңыз, мысалы, “hrom” (43-сурет). 
Әріптердің түсіне назар аударыңыз – ол ашық-сұр түсті болуы керек (ашықтық 
градациясы (басқыштаушылық) бойынша шамамен 130). 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                 43-сурет 
  Альфа-каналына  жазылған  кез  келген  мәтін  автоматты  түрде  ерекшеленеді. 
Бірақ келесі амалдарды орындау үшін бұл ерекшелеуді алып тастау керек. Оны 
Select 

  Deselect  (Ерекшелеу 

  Ерекшелеуді  алып  тастау,  Выделение 

 
Отменить  выделение)  командасы  арқылы  немесе  Ctrl+D  пернелер 
комбинациясының кӛмегімен орындай аласыз. 
  Келесі  әрекет  -  әріптерді  шаю  (размытие).  Бұл  мақсатта  қандай  да  бір 
шаюшы сүзгіні (размывающий фильтр) қолданған жӛн. Біз, Gaussiаn Blur (Гаусс 
бойынша  шаю,  Размытие  по  Гауссу)  сүзгісін  пайдаланайық:  Filter 

  Blur 

 
Gaussiаn  Blur  (Сүзгі 

  Шаю 

  Гаусс  бойынша  шаю,  Фильтр 

  Размытие 

 
Размытие по Гауссу). Шаю радиусын (Radius) 3 пиксель деп беріңіз (44-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                   
                                                  44-сурет 
 
  Сіздің  әріптеріңіздің  жиектері  анық  емес  болуы  мүмкін.  Оны  45-суретпен 
салыстырып  кӛріңіз,  егер  сіздің  әріптеріңіздің  жиектері  анығырақ  болса,  онда 
Ctrl+E пернелерін басу арқылы шаюды қайталаңыз. 


31 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                   45-сурет 
 
  Осымен 
бір  каналдағы  бейнені  ӛңдеу  аяқталды.  Енді  каналдар 
палитрасындағы  сәйкес  пиктограмманы  шерту  арқылы  RGB  каналына  ӛтіңіз. 
Жазудың  жоғалып  кеткеніне  таң  қалмаңыз.  Әріптер  альфа-каналында 
құрылғандықтан  бейненің  құрамдас  бӛлігі  болмайды  және  сол  себепті  олар 
кӛрінбейді. 
  Lighting  Effects  (Жарық  әсерлері,  Эффекты  света)  сүзгісін  орындаңыз:  Filter 

  Render 

  Lighting  Effects  (Сүзгі 

  Жарықтандыру 

  Жарық  әсерлері, 
Фильтр 

  Освещение 

  Эффекты  света).  Қажетті  баптаулар  46-суретте 
кӛрсетілген.  Дегенмен,  назар  аударатын  жайт:  ең  бастысы,  Texture  Chanel 
(Текстура  каналы)  ретінде  Alpha  1  каналды,  яғни,  жазу  орналасқан  каналды 
орнатыңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                
                                                 46-сурет 
 
Сонымен,  егер  сіз  барлық  параметрлерді  дұрыс  орнатсаңыз,  сіздің 
жұмысыңыздың нәтижесі 47-суреттегідей болуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
                                                  47-сурет 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау