Дєрістердіњ ќысќаша курсы



жүктеу 1,66 Mb.
бет4/11
Дата23.02.2018
өлшемі1,66 Mb.
#10579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бақылау сұрақтары:

  1. «Білім беру жүйесі» ұғымының мәнін ашыңыз. Оның құрылымын кестеге түсіріп көрсетіңіз.

  2. Білім беруде мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін атаңыз.

  3. Мемлекеттік және қоғамдық білім беруді басқарудың белгілерін ашып көрсетіңіздер.

  4. Білім беру мекемесінің қызметін қаржыландырудың негізгі көздерін сипаттап беріңіздер.

  5. Білім беру жүйесін басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі неде?


4- дәріс.

Мектеп дегеніміз – педагогикалық жүйе және басқару нысаны.

Жоспар:

  1. Қазіргі заман мектебі-күрделі педагогикалық жүйе және ғылыми басқарудың нысаны.

  2. Мектептердің дамуындағы инновациялық процестерді басқару мен функцияландырудың проблемалары.

  3. Мектепішілік басқарудағы жаңа енгізілімдер: негізгі тенденциялар.

  4. Басқару қызметіндегі негізгі бағыттардың сипаты.

Ұғымдар: Басқару, болжау, даму.

1 Басқаруды түсінуді кез-келген ұйым тағдыры үшін шешуші мәнге ие міндеттерді кең ауқымды төрттік позиция тұрғысынан алып қарастырамыз:

  • Басқаруды қалыптастыру;

  • Басқару өміршеңдігі;

  • Қызметті басқару;

  • Дамуды басқару.

Осы арада мынаған баса назар аударалық, басқару дегеніміз – жоғары дамыған күрделі жүйенің функциясы. Осы салада өнімді еңбек етіп жүрген бірқатар авторлардың айтуы бойынша, басқарудың қажеттілігі сонда: ұйымда еңбек ететін адамдардың жұдырықтай жұмылып,бірлесе тиімді қызмет етуі үшін ішкі және сыртқы жағдайларға қатысты тиімді ахуал қалыптастырулары. Олардың істейтін жұмыстары тиімді болуы үшін: біртұтастық, түсіністік, жұмылушылықтың мүлтіксіз орындалуы қажет.

Басқару өзіне тән бірқатар сипаттар мен қасиеттерге ие. Ол не оң, не теріс, не қажетті, не қажетсіз;не болмаса өзіне ғана тән, қол жеткізілген нышандық қасиеттерге ие болуы да мүмкін. Бұл айтылғандардан шығатыны, тиімді басқару дегеніміз – ең басты қасиеттердің жиынтығы, оны төмендегі логикалық тізбек негізінде тізбелеп көрсетуге болады:



  1. Мектеп өміріндегі нәтижелердің қандай қасиеті оның қол жеткізілімділігі болуға тиісті?

  2. Мектептің өзі тұтас жүйе ретінде қандай қасиеттерге ие болуға тиіс?

  3. Осы қасиеттер табысқа қол жеткізуге қандай үлес қосады және олар өз тарапынан басқаруға нені енгізеді, әрі осы үшін оның өзі қандай қасиетке ие болу керек?

  4. Басқару жүйесіндегі осы бір аса керекті қасиеттердің болуын қалай қамтамасыз етуіміз керек?

Кеңестік кезеңдегі 70-ші жылдардағы әдебиеттерде күрделі нышандарды суреттеуде, оның ішінде мектепішілік басқару жүйесінің аспектілері былайша сараланады:

  • Коммуникативті жүйелік аспекті(жүйенің барша элементтерінің басын біріктіретін);

  • Мақсатты жүйелік аспекті (жүйенің тағайындалуы мен мақсаты);

  • Бөліктік жүйелік аспекті (жүйе құрамы);

  • Жүйелік-құрылымдық аспекті (құрылым, ішкі ұйымдардың сипаты, элементтер арасындағы байланыс);

  • Функциональды жүйелік аспекті (оның функциялары мен қызмет атқаруы);

  • Тарихи жүйелік аспекті (оның жүйелік мұрагерлік сапасы);

  • Жүйелік даму шарасы (мектеп ұжымы қызметін мақсатты бағыттауды қамтамасыз ету).

Қазіргі заманғы мектепті басқару күрделі педагогикалық жүйе болғандықтан, оны даму тәртібіне көшіру мен тұтасқан басқару жүйесін ретінде түзуде оның басшылығынан ғылыми қадам жасауды талап етеді. Ол үшін мыналарды нақ белгілеп алу шарт:

      1. Мектептің шынайы да,айқын түрі мен мақсатын;

      2. Ақпараттық қамтамасыз етілуінде: ата-аналардың сұранысын, оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін анықтауды.

      3. Айқындалған қажеттілікті қанағаттандыру үшін кадрлық, материалдық-технологиялық, психологиялық жағдайларды бағалауды;

      4. Оқу жоспарының өзіндік нұсқасын (таңдауды, жасап шығуды) анықтап алуды;

      5. Білім беру жүйесін жеке, сыныптық-сабақтық, дәрістік-тәжірибелік (практикалық); оқу топтары мен түрлі сатыдағы мектептер үшін циклдік-ағымдық түрлерді т.т. таңдауды.

      6. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың күн тәртібін белгілеуді (5-6 күндік, таңертеңгі-түскі ауысым);

      7. Приоритеттік(басым) жағдайларды айқындауда кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік әлеуметтік-психологиялық жақтан мектептің алға қойған мақсатына қол жеткізе алуын.

Осылайша, қазіргі заман жағдайында айқын-түсінеріміз, мектепішілік басқару жүйесін жаңартуда ақылға қонымды инновациялық саясат жүргізуіміз шарт.

2 Мектепті ұйымдастыруды басқару жүйесінің өзіндік функциялары бар. Осы функциялар тек қана түрлі бөліктерге, субъектілерге, деңгейлерге қатысты ғана танылып қоймайды, сонымен бірге, мектептің өзіне қатысты да бой көрсетіп отырады..

Осыларға қатысты төмендегідей функцияларды бөліп көрсеткіміз келеді:



  • Мектепішілік басқару жүйесі (табыстылық, нәтижелік, шұғылдық);

  • Мектептің өміршеңдік жүйесі («басқару субъектісі – басқарылатын объекті» жүйесіндегі жетілдірулер);

  • Мектепішілік басқару субъектілерінің (ортақ және жеке әрекеттегі пайдалы қызмет коэффицентін арттыру, артық жүктемеден, формализмнен арылуын қадағалап, олардың материалдық ынталандыру деңгейін арттыру) жағдайын жасау.

  • Мектептен тыс әріптестер (мектеп мәртебесін арттыруға септесетін мектептен тыс мүдделі тұлғалар мен топтар) тауып,олармен екі жаққа тиімді іскерлік байланыс орнату.

А.М. Моисеев және т.б авторлардың айтуынша мектепішілік басқарудағы жаңа енгізілімдердің «көп қабатты» функциясы олардың салдары мен нәтижелерінің көп деңгейлігі туралы ойлауға мүмкіндік береді. Мұның маңызды болатындығы сонда, жаңашылдақты игеру қашанда белгісіздік пен инновациялық тәсілмен байланысты болып келіп; жаңаны енгізу қашанда «тыңнан түрен салғызады».

3 Соңғы кезде пайда болған педагогикадағы жаңа тенденциялар мен мектепшілік басқарудағы жаңа енгізілімдерді сөз етпес бұрын, кеңес кезіндегі, яғни өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы орта мектеп қандай болғандығына қысқаша сипатама бере кетелік.

  • Ол кезеңдегі мектеп қатаң орталықтанған (біртұтас жоспар пен бағдарламаға негізделген).

  • Мектеп дегеніміз – жоғары орталықтанған білім беру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.

  • Мектеп тұрақты жағдайда өмір сүреді (осы ахуал кейінен оны тіпті тоқырауға ұрындырды).

  • Мектеп біртұтас қатып қалған, басқа пікірмен санаспайтын, саяси-идеологиялық қалыпты жүзеге асыруға бағыт ұстанып,билік басындағы коммунистердің сойылын соқты.Шетелде игі нәтижеге қол жеткізілген озық педагогикалық ойға «буржуазиялық» деген ат қойылып,айдар тағылып,оны насхаттауға тұсау салды.

Еліміздегі 90-шы жылдары орын алған мектепті басқаруға байланысты айтылған сындардың ішінде істің шынайы мәнін ашатын терең кәсібилігінен гөрі бұрынғының бәрін тәрк еткен алып-ұшпа бір сәттік сезімділігі басым болып келді. Дегенмен, сол кезде қабылданған бағдарламалық құжаттарда барлық деңгейдегі білім беруді қайта құрудың нақты шынайы қадамдары ұсынылды. Басты міндеттер болып мыналар жарияланды:

    1. басқару жүйесін қайыра бағдарлауды дамыту.

    2. барлық жүйедегі орталықсыздану.

    3. басшылықтағылардың басқарушылық біліктілігін арттыру.

Егер қазақ мектептері бастан өткерген өзгерістердің салдарын бір арнаға жиыстырып салмақтайтын болсақ, онда мектепішілік басқаруды дамытудағы ең бастыларынан төмендегі тенденцияларды бөле-жара атауға болады:

  1. Жаңа сипаттағы басқарудағы әлеуметтік ортаның және мектептің қажеттілігінің объективті күрделенуі негізінен туындаған мектептегі басқару қызметінің сапасына деген талаптың артуы.

  2. Мектепішілік басқару жүйесінің мектеп дамуы мен қызметіне тиімді ықпал етуіне,оқу-тәрбие үрдісі үстіндегі өзіндік әрекетімен, өзіндік дамуын қамтамасыз етуіне объективті шектеу қоя алу мүмкіндігі.

  3. Жаңа туындаған жағымды мүмкіндіктердің мектепті тиімді басқаруды жүзеге асыруда, мектепішілік басқару жүйесін дамытуда пайда болуы.

Осылайша, шұғыл жайттарды жылдам шешуде, басқаруға деген талаптың өскені байқалады. Осының бәрі жиналып келгенде мектепішілік басқарудың жаңа кезеңін және қиын жағдайлардағы көптеген келеңсіз факторларды жеңе білудің қажеттілігімен байланыстырады.

4) Өтпелі кезең өзінің педагогика саласындағы орын алған уақытша қиындықтарымен басқаруды дамытудың мүмкіндігін біршама төмендеткенінен,ол әр мектепте түрлінше көрініс тапты. Бірқатар мектептерде мүдірлер жағдайды қатаңдатып, оны басшылық жасауды дамытудың стимулына айналдырып, объективті қиындықтардың салдарын, инновациялық ахуал тудыру арқылы шешті.

Басқару қызметінің негізгі бағытын сипаттайтын болсақ, онда төмендегілерді атап көрсетуге болады:


  • Мектеп пен басқару ұйымдары арасындағы құзырлықтың шектеулігін белгілеуді жүзеге асыру;

  • Мектепішілік басқару субъектілерінің өз дербестігі, өздік қызметі, жауапкершілігінің деңгейі артты;

  • Мектепті басқару жүйесінің еркіндік деңгейі біршама көтерілді, белгілі бір жалпы әлеуметтік тапсырысқа қатысуға, өз миссиясын білім беру саясатын, стратегиясын қалыптастыруда жүргізуге мүмкіндік береді;

  • Қазіргі басқару жүйесіндегі қолданушы позициясынан жобалаушы туындыгерлік, жасампаздықтың жаңа жүйесіндегі позициясына көшу байқалады;

  • Социумда(әлеуметтік жеке тұлға) жоғарыға жалтақтамай өз бетімен жаңа байланыс орнату мүмкіндігі пайда болды;

  • Әлемдік менеджмент пен әлеуметтік басқаруда басқару ұйымдарының халыққа ашықтығы артып келеді;

  • Білім беру қызметкерлерінің инновациялық әлеуеті мен шығармашылық қуатының еркіндігі белең алуда;

  • Үлкен шыдамдылық, өзара сынның дамуы және шығармашылық ізденіске деген түрлі педагогикалық қадам жасаулар орын алуда;

  • Көптеген мектептердің мәдени-интеллектуалдық келбетін мүлде өзгерткен ҒЗИ мен ЖОО білікті мамандарын мектепке тарту жүріп жатыр;

  • Басқару қызметі кәсібилендірудің идеясының мәшһүрлігі артып келеді;

  • Штат тәртібіне өзгеріс енгізу, қосымша қаржы көзін табу мүмкіндігінің ебі мен орайын тапқан мектепте кеңінен қолдау туып тұр.

Осылайша, жоғарыда сипатталған нышандардан аталған әсерлердің күрделі өрілген жағымды салдарларының әсерін аңғарамыз. Осыншама қиындықтар туғанымен олар бәрі бір мектепішілік басқару жүйесі мен мектеп дамуының тоқырауына соқтырмайды,әрі оларды қызметтік бүлінушілікке ұрындырмады.Қайта мектептің және оның басқару жүйесінің бейберекет дамуы мен инновациялық процестердің тиімсіздігін тежейді.


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау