Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 0,79 Mb.
бет20/29
Дата17.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#39289
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
botanika zerthanal k sabaktar (1)

Бақылау сұрақтары:
1) Вольвоксты балдырлардың қандай құрылыс ерекшеліктері бар?
2) Хламидомонада қалай көбейеді?
3) Жасыл балдырлар қалай жіктеледі?


Зертханалық сабақ № 21


Сабақ тақырыбы. Саңырауқұлақтар бөлімі - Mycophyta. Оомицеттер - Oomycetes және зигомицеттер класы - Zygomycetes.
Сабақ мақсаты. Саңырауқұлақтар бөліміне (Mycophyta) жататын оомицеттер (Oomycetes) мен зигомицеттер класының (Zygomycetes) құрылыс ерекшеліктерімен және тіршілік айналымымен танысу.
Тапсырма.
1. Оомицеттер класына (Oomycetes) жататын фитофтораның (Phytophthora infestans) құрылыс ерекшеліктерімен және тіршілік айналымымен танысу.
2. Зигомицеттер класына (Zygomycetes) жататын мукордың (Mucor mucedo) құрылыс ерекшеліктерімен және тіршілік айналымымен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: мукордың дайын тұрақты препараттары.
Суретпен бейнеленген құралдар: фитофтораның және мукордың тіршілік айналымы бейнеленген сызбанұсқалар.
Қосымша құрал-жабдықтар: жарық микроскопы, зертханалық жұмысқа арналған дәптер, сурет салатын альбом, жай қарындаш, қара және қызыл түсті қалам, түрлі түсті қарындаштар.
1-тапсырма. Оомицеттер класына (Oomycetes) жататын фитофтораның (Phytophthora infestans) құрылыс ерекшеліктерімен және тіршілік айналымымен танысу.
Фитофтора (Phytophthora infestans) - картоптың жапырағында тіршілік ететін паразит. Мицелиі мезофиліне еніп жатады. Гифалары (жіп шумақтары) жасуша аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері арқылы жасушалардың ішіне енеді және олардың өлуін жеделдетеді. Устьица қуысы арқылы сыртқа шығып тұратын гифалардың ұштары зооспорангия сабағы болып табылады. Олар бұтақтанып өседі және ұштарында зооспорангийлер жетіледі. Осы зооспорангийлер спорангия сағақтарынан бөлініп, картоптың жапырағына барып түседі. Содан соң олар жапырақтың ұлпасына устьица қуысы арқылы өтіп, не жаңа гифалар береді, не болмаса зооспораға айналады. Зооспоралар зақымданбаған жапырақтарды зақымдауға қабілетті болып келеді. Зооспоралар арқылы көбеюдің қарқындылығы зооспорангийлермен көбеюге қарағанда көп жоғары болады. Зооспорангийлері немесе зооспоралары топыраққа түсіп, картоптың түйнектерін зақымдайды.
Жынысты жолмен көбейген кезде гифаларында оогонийлері мен антеридийлері жетіледі. Оогонийдің пішіні шар тәрізді болып келеді, оның ішінде бір ядролы жұмыртқа жасушасы жетіледі. Антеридийі бар гифа оогонийге қарай өседі. Антеридийдің өскіндері тесіктері арқылы оогонийдің ішіне өтіп, жұмыртқа жасушасына жетеді. Нәтижесінде антеридийдің ішіндегі затының бір бөлігі бір ядросымен жұмыртқа жасушасына қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қабықшамен қапталып, ооспораға айналады. Тыныштық кезеңді басынан өткізген соң ооспора мейоз жолымен бөлініп, зооспорангия түзетін гифаға айналады. Ооспоралары мен мицелийлері өсімдіктің қалдықтарында және түйнектерінде қыстап шығады. Зақымдануы топырақ арқылы және түйнектері арқылы жүреді.

жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау