Сөйлеу аппаратының артикуляциялық бөлімі.
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.
Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан (сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидің әртүрлі бөлігі қатысады дегенмен де ми қыртысының кейбір боліктері басты рол атқарады. Олар:ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігінде орналасқан (төменгі қыртысында) Брок орталығы, адамның дауыс шығару процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан. Осыған байланысты адам басқа дамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қытысының төбе бөлігі де естіге сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқн көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек адамдардың сөйлеген кездегі оның бет аузының қимылын көзбен көріп бақылау арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы асындағы ядролар адамның сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.
Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
Демалу бөлігі;
Дыбыс бөлігі;
Дыбысты құбылтып — өзгерту бөлігі.
Демалу бөлігінде адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі адамның сөйлеу процесі демалып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, әшейін кездегі демалумен салыстырғанда адамның сөйеген кездегі демалуы өзгеше болады. Ересек аамдар бір минутта орта есеппен 16 – 18 рет демалып,дем шығарса ,сөйлеген кезде бар жоғы 8 – 10 рет дем алып, дем шығарады екен.
сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп жұтады;
ауыз арқылы дем алу ;
сөйлеген кездегі малу процесіне диафрагма да қатысады.
Адамның сөйлеу қабілеті бқұзылып:дизартрияға,ринолалияға және тұтықпаа шалдыққанда ,оның дем алып ,дем шығару процесі де бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртыстары бар көмекейден тұрады.
Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құраған кең де қысқа түтікше,көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Үстіңгі жағында жұтқыншаққа, ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдаында жалғасып жатады.
Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей көмекей қуысына түспейді. Көмекей ішідегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады.
Адамның даусы (фоноция)қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір – біріне қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әр түрлі дірілге түсіріп ,қозғап, соған байланысты әртүрлі дыбыс шығарады. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір болігі ғана қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке – жуандығына және тембріне қарай бөлінеді. Дауыстың жіңіке – жуандығы сіңірлерінің ұзыдығына, жуандығыа және керілу дәрежесіне тікелей байланысты. Ал ауыстың тембірі көмекейдің формасының, көлеміне және құрылысына байланысты.
Сөйлеу аппаратының артикуляцияық бөлімі.
Артикуляция дегеніміз әрбір дыбыс шығарудағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы.
Артикуляция аппаратының ұрамына мұрын және ауыз қуыстары және көмекей кіреді.
Артикуляция оргадары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге бөлінеді. Белсенді ағзаларға тіл,төменгі жақ сүйектер, ері және жұмсақ таңдай жатады. Енжар органдарға тіс, таңдай сүйектері, жоғарғы жақ сүйектері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |