Дуалды білім беру жүйесі және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнату мәселесі



жүктеу 174,46 Kb.
бет2/2
Дата01.01.2018
өлшемі174,46 Kb.
#6290
1   2

2. «Кәсіптік оқыту және Дизайн»кафедрасында 2015-2016 оқу жылында “Аспара модельды Колледжімен дуальді оқыту келісім шартына отырды. Осы келісім шарт негізінде «Кәсіптік оқыту» және «Дизайн» мамандықтарының студентері теориялық және практикалық жүзінде Жоғары оқу орнында алып жатқан білімдерін меңгеріп, іс-жүзінде асырады.

“Кәсіптік оқыту” мамандығында бұйымды конструкциялау, киім технологиясы пәндері оқытылады.

“Дизайн” мамандығында киім технологиясы, киімді модельдеу пәндері оқытылады.

Дуальді оқыту жүйесін Аспара колледжінде әлемге аты шыққан дизайнер т.ғ.к. доцент А.М.Қалиев жүргізеді. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, стажировкадан өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.



Ерекшеліктер: 1 семестрде ПО 14-1с, ПО 12-1 топтарына “Кәсіптік оқыту” мамандығында бұйымды конструкциялау, киім технологиясы пәндері оқытылды.

2 семестрде Диз 13-1, Диз 14-2 топтарына “Дизайн” мамандығында киім технологиясы, киімді модельдеу пәндері оқытылды.

Дуальді оқыту жүйесін Аспара колледжінде әлемге атағы шыққан дизайнер т.ғ.к. доцент А.М. Қалиев жүргізеді. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, стажировкадан өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Аспара колледжінде бұл мамандықтар тігуді, пішуді және сәнді қолданбалы өнер яғни, заманауи құрал жабдықтарда жұмыс істеуді, матаға ою салу, сурет салу, сәндеуді үйренеді.



Мамандық бойынша дуалды білім берудің артықшылықтары:

1. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

2. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

3. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

4. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

5. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі.


3. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының Дуалды оқыту жүйесін Тараз қаласындағы №1 облыстық мамандандырылған спорт мектебінде ұйымдастырылды. ТарМПИ және спорт мектебі арасында келісім шарт жасалынды.

«ДШІмӘ» кафедрасына спорт мектебінде жұмыс атқаруға «Қазақша күрестен» ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Далабай Елдос және акробатикадан жоғары санатты жаттықтырушы Назарова Ольга Сергеевна тартылды.

«ДШІмӘ» кафедрасының жетекшілері Закизянов Р.Т., Минарбеков Д.И. және мамандық білімгерлерімен бірлесе бір семестр бойы жаттықтыру сабақтарын «Таңдап алған спорт түрінің кәсіптік әрекеттерін жетілдіру» пәні бойынша өткізді.

Сабақтар аптасына 2 рет, 3 сағаттан, 3 кредит бойынша.

Дуалды білім беру кезінде келесі практикалық сабақ уақытысында студенттерде келесі дағдылар қалыптасады:

- таңдап алған спорт түрлері бойынша (қазақша күрес, акробатика) практикалық дағдыларды қалыптастырады;

- студенттер өзінің кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.

Мамандық бойынша дуалды білім беру жүйесі арқылы ұйымдастырлатын оқу үрдісін жақсарту үшін келесі ұсыныстар беріліді:

- спорт немесе жалпы білім беру мектептердегі жұмыскерлердің қызығушылығын арттыру үшін мемлекеттік деңгейде ақшалай төлем ақы бөлінуін қарастыру;

- мамандықтың басқа спорт түрлері бойынша (спорттық ойындар, жеңіл атлетика) спорт мектептерді аталған жұмысқа тарту үшін, институт атынан мектеп директорларына ресми хаттарды жолдау;

- Жамбыл облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру инструкторы» қызметі бойынша бос вакансиялардың артып келуіне байланысты 5В010800 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқу жоспарына мектепке дейінгі балаларға және дамуындағы ерекшеліктері бар балаларға дене тәрбиесін беру бойынша элективті пәндерін енгізу және жетілдіру.

4. Арнайы педагогика кафедрасында дуалды білімді іске асыру жолында, № 16 балабақшамен келісім шарт жасалынған. Оқытушы Онласынова Г.К. «Балалардың жалпы сөйлесуінің дамымауымен және сөйлесуінің фонетика-фонемалық түзетужұмыстарын ұйымдастыру», «Дыбыс айтудың бұзылғанында түзету жұмыстарының әдістемесі» пәндер бойынша практикалық сабақтарды жүргізеді.

- МКҚК №16 балабақшасы базасында өткізілетін зертханалық және тәжірибелік сабақтар бойынша пәндер тізбесі 5В010500 – «Дефектология» мамандығының оқу жұмыс жоспарында көрсетілген;

- кафедрамен шарт жасалған білім беру мекемесінен 0,5 жүктемеге арнайы жоғары санатты логопед маман Г.К.Онласынова қабылданған;

- академиялық күнтізбеге сәйкес МКҚК №16 балабақшасы базасында тәжірибелерді өткізу үйымдастырылған;

- дуалды білім беруді ұйымдастыру үшін, сабақ кестесінде белгілі бір күндер бөлінген.

Дуалды оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті шарттың бірі - базаның сондай-ақ, мамандардың, тәлімгерлердің осы мекемелерде болуы.

Оқыту базасының, мамандардың сондай-ақ, тәлімгерлердің болуын анықтау мақсатында комиссия мүшелері дуалды оқытуды іске асыру бойынша шартқа отырған №16 МКҚК мемлекеттік балалар бақшасына барды. Нәтижесінде, №16 МКҚК мемлекеттік балалар бақшасы базасында дуалды оқытуды ұйымдастыру және өткізуге барлық жағдай жасалғаны анықталды, нақтырак айтар болсақ, дуалды оқыту шарттарына байланысты арнайы жабдықталған бөлмелер т.б. Дуалды оқыту пәндері бойынша бағдарламаларын іске асыру үшін дыбысты айтуы бұзылған және т.б логопедиялық кемістіктері бар балалардан тұратын алты топ ұсынылды.

2015-2016 оқу жылынан бастап бекітілген келісім шартқа сәйкес №16 МКҚК балалар бақшасы базасында практикалық сабақтар келесі пәндер бойынша жүргізілуде:

1. «Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмысының әдістемесі» ( 2 курс, 4 семестр, 4 кредит, студенттер контингенті -58);

2. «Фонетико- фонематикалық жетіспеушілік (ФФЖ), Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД), Айқын емес сөйлеу тілінің дамымауы (АЕСТД) бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру» ( 3 курс, 5 семестр, 3 кредит, студенттер контингенті -57);

Сабақтарды МКҚК №16 балабақшасының жоғары санатты логопед маманы, «Арнайы педагогика» кафедрасының 0,5 жүктемедегі аға оқытушысы Г.К.Онласынова жүргізуде.

Дуалды білім беру бойынша өткізілетін пәндер жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде енгізілген.

Тексеру барысында комиссия «Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмысының әдістемесі» пәнінен «Дыбыс айтудағы фонетика-фонематикалық бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ДЕФ-15-1,3 тобының студенттері Төлеген Г., Сыдық А., Сәндібек С., Базарбек А., Едіге Ж. жүргізген практикалық сабағына қатысты. Сабақты өту барысында балалардың дыбыс айту мүмкіндіктерін зерттеугедегі студенттердің белсенді жұмыстарын байқады.

Сабақты қорытындылау кезеңінде дыбыс айту кемістіктері бар балалармен жүргізілген диагностикалық зерттеулерге балабақшаның логопед маманы, студенттермен бірігіп сараптама жұмысын ұйымдастыру барысында студенттерге зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістерін пайдалану бойынша нұсқауларын берді.

Тексеру кезінде ДЕФ-13-1,2,3 топтары педагогикалық тәжірибені өту бүйрығына сәйкес, №16 МКҚК мемлекеттік балалар бақшасы базасында болды. Мамандық студенттері балабақшадағы алты логопедиялық топтарға бөлінген, осы топтағы сөйлеу кемістігі бар балалармен түзету сабақтары мен ойындарын жүргізді. Комиссия құрамы педагогикалық тәжірибелер - дуалы оқытудың тиімді жолдарының бірі ретінде маңызды роль атқаратындығын байқады. Сонымен бірге, комиссия тексеру барысында 5В010500 – «Дефектология» мамандығы студенттерінің курстық және диплом жұмыстарын орындау барысында өз зерттеулерін базалық балабақша негізінде өткізгендеріне назар аударды.

Базалық білім беру мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан дуалды оқыту, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуға жақсы мұмкіндік беруде, себебі бітіруші студенттер жұмыс орнының барлық талаптарына сәйкес келеді.



Дуалды білім берудің артықшылығы:

1. Білімгерлер практикалық дағдыларды тікелей жұмыс орнында меңгеруге мүмкіндік алады.

2. Қызмет объектісі – тіл кемістігі бар балалар болған соң, балабақшада логопедиялық тобының балаларын зерттеуге, түзетуге, түзету әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдануға мүмкіндік алады.

3. Білімгерлер тіл кемістігі бар балалармен қарым қатынас орнатуға мүмкіндік алып, психологиялық ерекшеліктерімен танысады.


Институтта дуалды білім беру жүйесінің элементтерін жақсарту мақсатында келесі іс-шаралар жоспарлануда:

1. «Дефектология» бойынша кафедра екі мамандандыруды жүзеге асыратын болғанымен, дуалды білім беру логопед мамандығында ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты олигофренопедагогика мамандығында «Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатымен» де келісім-шарт жасап, практикалық сабаққа «Арнайы мектепте еңбекке және кәсіпке оқыту» пәнін ендіруді қажет етеді;

2. Қазіргі білім беру жүйесінің үш тілділікке көшуіне байланысты 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының оқу жоспарына балаларға ағылшын тілінің элементтерін қалыптастыратын элективті пәндерді енгізу қажет;

3. 5В010800 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтың басқа спорт түрлері бойынша (спорттық ойындар, жеңіл атлетика) спорт мектептерді аталған жұмысқа тарту үшін, институт атынан мектеп директорларына ресми хаттарды жолдау;

4. Жамбыл облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру инструкторы» қызметі бойынша бос вакансиялардың артып келуіне байланысты 5В010800 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқу жоспарына мектепке дейінгі балаларға және дамуындағы ерекшеліктері бар балаларғадене тәрбиесін беру бойынша элективті пәндерін енгізу және жетілдіру;

5. ҚР Білім туралы заңында «Дуалды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны» айтылғанына сүйене отырып, институт тарапынан министрлікке дуалды білім беру жүйесі бойынша оқу үрдісін жүргізетін білім беру ұйымдарына арнайы қаржыландыруды жоспарлау жайында ұсыныс беру.


Академиялық мәселелер жөніндегі

департамент директоры Мажибаев А.К.
жүктеу 174,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау