42
осылай келеді. Берілген нарықтың арнайылығы көбіне дене шынықтыру
жүйесінде кездесетін материалдық емес өндіріс ерекшеліктерімен байланысты.
Мұндай өндірістің «өнімдері» (көбіне бұл – қызмет көрсету, яғни түрлі
мақсатта дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен шұғылданудың
ұйымдастырылған түрлері, оларды қамтамасыз ететін қызметтер) затты емес,
негізінен қоғамның мәдени феноменімен және рухани тіршілігімен
байланысты болғандықтан, әлеуметтік-мәдени сипатты болып келеді. Дене
шынықтыру және спорт саласындағы қызмет көрсетуді тұтыну жеке тұлғаның
материалдық сұранысынан бұрын рухани, зияткерлікті сұраныстарын
қанағаттандыруға, оның қалыпты тіршілік әрекетін ұстап тұруына ықпал етеді.
Нарықтың келесі ерекшелігінің мәні: дене шынықтыру және спорт саласы
– коммерциялық емес (нонпрофитті) қызметінің басымдылық саласы. Бұл
саладағы ақша негізінен коммерция негізінде емес, қызығушылық танытқан
бюджеттік құралдарды меңгеретін билік органдары, қоғамдық және
қайырымдылық ұйымдар, түрлі қорлар, демеушілер және т.б. сияқты
донорларды бейімдеу негізінде пайда болады. Дене шынықтыру-спорт
ұйымдарында абонементтерді сатудан түскен кіріс бюджеттің 15 % құрайды, ал
қалғаны мемлекеттік дотациялар, қоғамдық ұйымдардың, демеушілердің және
т.б. табысы.
Дене шынықтыру мен спортта коммерциялық емес саласы ретінде төлемге
қабілетті субъект (спортпен шұғылдануды төлейтін) жиі тікелей тұтынушымен
немесе шұғылданушымен сәйкес келе бермейді. Мысалы, дене шынықтыру
және спорт қызметінің тұтынушылары - балалар, жасөспірімдер, білімгер
жастар. Олармен жүргізілетін дене шынықтыру-спорт жұмыс мемлекеттік
әлеуметтік саясаттың басым бағыты ретінде танылған. Дегенмен, көпшілік
жағдайда спортпен шұғылдану жұмысына олар төлемейді, жекелей – ата-
аналары, жекелей – бюджет есебінен, қайырымдылық қоғамдардың,
қызығушылық танытқан демеушілердің есебінен жүреді. Сонымен, белгілі
болғаны, дене шынықтыру және спорт саласында кем дегенде екі нарық бар:
тұтынушылар нарығы мен донорлар нарығы. Бұл жерде барлық уақытта
сеніммен қайсы нарық алда екендігін айтуға болмайды. Кейбір жағдайларда
алдымен тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері (мүгедектер мен жетім
балаларды, туризмнің дамуын қолдауға арналған салалы бағдарламалар), содан
кейін осы жұмысты қолдайтын донорлар іздестіріледі. Жиі дене шынықтыру-
спорт жұмысының нақты бағдарламасын төлеуге тілек білдірген тұтынушылар
донорлардың қызығушылығын қамтамасыз ету үшін іріктелінеді; Бұл жағдай
коммерциялық емес маркетингке өз ерекшеліктерін айқындатады – ол
коммерциялық салалардағы дәстүрлі маркетингке қарағанда сан қырлы болып
келеді. Дене шынықтыру-спорт және сауықтыру қызметтері нарығын зерттеу,
біздің түсінігімізде «денсаулық», «дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы» және
«қызмет көрсету» түсініктеріне анықтама бергеннен бастаған дұрыс. Дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі саласының өндірістері шеше алатын негізгі
әлеуметтік міндеттердің бірі - клиенттің денсаулығын сақтау мен нығайту.
43
Денсаулық ғылыми мәселе ретінде медициналық-биологиялық, психологиялық,
дене шынықтыру-сауықтыру, әлеуметтік ғылымдардың кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған анықтаманың
мәні: денсаулық - тек қана аурудың немесе дене кемісітігінің болмауы емес,
толық денелік, рухани және әлеуметтік өркендеу күйі. Осыған байланысты дене
жаттығуларымен және спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданудың
денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілігін арттыру, аурудың алдын алу,
темекі тарту, алкоголизм, нашақорлық, қылмыс жасау сияқты жағымсыз
құбылыстармен күрес жүргізу мақсатымен жеке адамдар мен қоғам үшін
керемет маңыздылығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Ресей және шетел ғалымдары дәлелдегендей, адам денсаулығы тек 10-15%
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне, 15-20% генетикалық факторларға,
20-25% қоршаған орта жағдайларына және 50-55% дене шынықтыру мен
спортпен шұғылдану ажырамас бір бөлімі болып табылатын адамдардың
тіршілік ету жағдайларына байланысты [171,с. 15].
В.П. Петленко мен Д.Н. Давиденконың (2001) пікірі бойынша, бүгінгі
күнге «денсаулық» түсінігінің қолда бар анықтамаларын төмендегідей етіп
бекітуге болады, денсаулық дегеніміз - бұл:
- адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің сәйкестігі, сондай-ақ,
реттеуші жүйелердің гомесотазды (ағзаның ішікі ортасының тұрақтылығы)
ұстап тұра алу қабілеті айқындалатын күй;
-
адамның психикалық, денелік және биологиялық қабілеттерін сақтау мен
дамыту, оның тиімді жұмыс қабілеттілігін, максималды тіршілік ұзақтығы
жағдайындағы әлеуметтік белсенділігі;
-
нақты бір жас кезеңіне сай талдағышты, вербальді және құрылымды
ақпараты сияқты үш тұтас ағымының сандық және сапалық өлшемдерінің күрт
өзгерістері жағадайында ағзаның өз тұрақтылығын сақтап қалу қабілеті [172].
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше құрамдас бөлімдерін айқындап
көрсету қажеттігі қабылданған, біз зерттеп отырған мәселе шеңберінде бізді
соматикалық денсаулық қызықтырады.
Соматикалық (денелік) денсаулық – адам ағзасының, мүшелер жүйесінің
күнделікті күйі мен олардың құрылымды және функционалды қорларының
деңгейі [123,с. 42].
Қазіргі кезде дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мәселелерімен
шетелдік (И.В.Муравов, Э.Г.Булич [173], В.Н. Обыбок [174]) және көптеген
қазақстандық ғалымдар (М.Н. Кошаев) шұғылдануда [175].
Осы ретте И.И.Брехманның жұмысы қырғауға тұрарлық. Оның пікірі
бойынша, ұлт денсаулығын сақтау бүгінгі таңда объективті қажеттілік, басқаша
айтқанда нақ осы адам денсаулығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
дәрежесінің, мәдениеті мен жетістігінің «визиттік карточкасы», болуы қажет
[176,с. 75].
Ғалым әрбір адамның мүмкіндігі денсаулықтың жоғалған қорларын
толтыруға, дені сау ұрпақ жалғасымы болуға, жоғары әлеуметтік-
Достарыңызбен бөлісу: |