11. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты:
A) Римдіктерде
B) Ассириялықтарда
C) Парсыларда
D) Шумерлерде
E) Хеттерде
12. Франк мемлекетіндегі ірі жер иеленушілердің қарамағындағы жердің атауы:
A) аллод
B) аббат
C) сёэн
D) харадж
E) вакф
13. Шумер-Аккад патшалығын құрған билеуші:
A) Ур III
B) Лугал-заггиси
C) Шаруккин
D) Эанату
E) Нарамсин
14. Католик шіркеуінің Рим папасының атынан берілетін, папаға немесе шіркеуге сіңірген еңбегі үшін, күнәні кешіретін куәлік:
A) инквизиция
B) индульгенция
C) калвинизм
D) реализм
E) реформация
15. 1921 жылы гректер мен түріктердің арасында өткен шайқас:
A) Анадолы
B) Сакария
C) Измир
D) Стамбул
E) Салоника
16. 1920-1940 жылдардағы АҚШ президенттерінің хронологиялық ретін анықтаңыз:
1) Ф.Рузвельт 2) К.Кулидж 3) У.Гардинг 4) Г.Гувер
A) 2.1.4.3
B) 4.3.2.1
C) 2.4.1.3
D) 3.2.4.1
E) 1.4.3.2
17. Францияда I Наполеон тұсында Кодекстер мүмкіншіліктер туғызды:
A) сөз бостандығына
B) демократиялық еркіндікке
C) өндіргіш күштердің дамуына
D) қала әкімдерін сайлауға
E) жергілікті өзін-өзі басқаруға
18. Англия мен Франция арасында Антанта немесе «шын жүректі келісімге» қол қойылған жыл:
A) 1904 ж.
B) 1905 ж.
C) 1906 ж.
D) 1900 ж.
E) 1908 ж.
19. Монғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегі
Елде кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небары екі-үш айдың ішінде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында,майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтілді... МХРП Орталық Комитетінің Пленумы (1941 ж. қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинауды одан әрі дамытуға шақырды. Монғол халқы бұл үндеуді қызу қарсы алды.
1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлеріне монғол еңбекшілері жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Монғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарының қабырғаларында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерінің құрамына еніп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерінің даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбінде аяқталды. Жауынгерлік ерлігі үшін бригада 7 орденмен, оның ішінде МХР-дың Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды. МХР еңбекшілері өз қаржыларына «Монғолия араты» атты авиация сатып алып, Қызыл армия жауынгерлеріне сыйға тартты. 1944 жылы Кеңес Армиясына сыйлық ретінде МХР-дан оның солдаттары мен офицерлеріне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлік, киім-кешек т.б. жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |