15. Түркия Республикасында әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан күрделі мәселелердің бірі:
A) Армяндар халқының мәселесі
B) Корея елінің мәселесі
C) Иран мемлекетінің мәселесі
D) Күрд халқының мәселесі
E) Ирак елінің мәселесі
16. А.Гитлерге үкімет құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындаған:
A) Ф.Эберт
B) Э.Людендорф
C) Гинденбург
D) В.Куно
E) Э.Тельман
17. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге тиісті төлемнің көп бөлігін алған ел:
A) АҚІІІ
B) Ресей
C) Италия
D) Англия
E) Франция
18. 1923 жылы Түркия мемлекетінің астанасы көшірілген қала:
A) Анкара
B) Измир
C) Салоники
D) Трабзон
E) Стамбул
19. «Барлық облыс тұрғындары Тегеранда өтіп жатқан оқиғаларға құлақ түруде. Революционерлер ағылшын миссиясына жасырынды деген хабар шыққан соң-ақ барлық жерде бестке отыру басталды. Ишмиранда орналасқан Рустамабад қыстағында Хадим ахун муштайдының жанында 15 мың адам жиналды.
Мешіт қасында өтіп жатқан жиын қызу сипатта болды: халық дінбасылардан үкіметке қарсы бар күшімен күресуді талап етті, өз жағынан толық қолдау мен керек жағдайда адал өлімнен де бас тартпайтындықтарын айтып уәде етті. Губернатордың бұйрығымен көп адам қамауға алынды; жиналғандардың бір бөлігі үйіне тарады, бірақ көпшілігі мешіттің қасында бестке отырды. Өткен жылғы жергілікті муштайдтардың жазасы үшін халық әлі де үкіметке ашулы болатын. Керманда мешіт қасында бестке отырушылар саны күн сайын өсті.
Тегераннан шыққан дінбасылары отырған Кум қаласына халық тек жақын жерден ғана емес, алыстан да жиналды. Шағын қала бұрын болып көрмеген көрініске айналды: мешіттерде бестке отырғандар саны 30 мыңнан асты. Осындай жағдай басқа қалаларда: Казвин, Решт, Кашан, Хорасан, Шираз, Исфаған, Иезде де болып жатты, провинциялар шамасы келгенше астанадағы қозғалысты қолдауға тырысты».
Мәтінде сипатталған Ирандағы тарихи оқиғаны анықтаңыз:
A) Бабшылдар қозғалысы
B) Ауған тайпаларының шабуылы
C) Сефевид әулетінің дағдарысы
D) 1905-1911 жылдардағы революция
E) Нәдір шахтың соғысы
20. «Біз, Біріккен Ұлттар халықтары, келешек ұрпақтарды, адамзатты біздің өміріміздің ішінде екі рет сұмдық қайғы-қасіретке алып келген соғыс апаттарынан құтқару және адам баласының негізгі құқықтарына, жеке адамдардың қадір-қасиеті мен құндылығына, ерлер мен әйелдердің тең құқықтығына және үлкенді-кішілі халықтардың тендігіне деген сенімді қайта нығайту, келісімдер мен басқа да халықаралық құқық негіздерінен туындайтын міндеттемелерге деген әділеттілік пен құрметтеу сақталатын жағдай туғызу, әлеуметтік прогресс пен әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға, жәрдемдесуге батыл түрде бел байлап және осы мақсаттарға жету үшін бір-бірімізге төзімділік жасап, тату-тәтті көршілер ретінде өмір сүріп, өз күштерімізді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жолында біріктіріп, қарулы күштерді тек жалпы мүдделер мен мақсаттарға ғана қолданудың әдістерімен мен принциптерін белгілеп, халықаралық аппаратты тек қана барлық халықтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін қолдану мақсатымен осы мақсаттарға жетуге өз күштерімізді біріктіруге шешім қабылдадық. Осыған байланысты ... Сан-Франциско қаласына жиналып, өкілеттіліктерді талапқа сай келеді деп таныған өкілдері арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының осы жарғысын қабылдауға келісті және «Біріккен Ұлттар» деген атпен халықаралық ұйым құрылды».
Достарыңызбен бөлісу: |