|
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті
|
бет | 9/11 | Дата | 12.06.2023 | өлшемі | 331,6 Kb. | | #42967 |
| Шәурен Мұрат отчётШөлмектегі жіпті тарту
1. Басып тұратын табанды көтеріңіз. Ине жібін сол қолыңызға алыңыз.
2. Айналдыру дөңгелегін оң қолыңызбен өзіңізге қарай абайлап бұрып, инені төмен түсіріңіз. Айналдыру дөңгелегін жіп тартқыш иінтірегінің ең жоғарғы орналасымына айналдыруды жалғастырыңыз. Астыңғы жіптің ілгегін шығару үшін үстіңгі жіпті біраз тартыңыз.
3. Екі жіпті де 15 см (6 дюйм) артқа қарай және басып тұратын табанның астына тартыңыз.
Үстіңгі жіптің тартылуын реттеу
Дұрыс тарту Жіптің тартылуы тігілетін матаның сапасына, матаның бағытына және тігу әдістеріне байланысты.Түзу тігім үшін. Мінсіз түзу тігім жіп екі қабатты матаның арасынан өрілген уақытта пайда болады. Әрлеу немесе сәндік тігімдер (ирек) үшін. Ирек тігімі дұрыс болған уақытта төменгі жіп тігіліп жатқан матаның оң жағынан көрінбеуі керек, ал үстіңгі жіп тігіліп жатқан матаның теріс жағынан сәл көрінуі мүмкін.
Астыңғы жіптің тартылуын реттеу
Кәдімгі тігу кезінде № 50-60 инелері пайдаланылған уақытта астыңғы жіптің тартылуын реттеудің қажеті жоқ. Астыңғы жіптің тартылуын жұмыстың ерекше түрлерінде реттеледі. Астыңғы жіпті реттеу үшін шөлмек қалпақшасын шөлмек құрылғысынан шығару керек. Шөлмек қалпақшасын суретте көрсетілгендей алыңыз. Тартылуды күшейту үшін бұранданы оңға, ал босату үшін солға бұрыңыз.
Ине пластинасындағы белгілеме
Ине пластинасына иненің ортасынан дюйммен немесе миллиметрмен белгілер салынған.
Осы белгілердің көмегімен Сізге матаның шетінен белгілі бір қашықтықта тігім тігу оңай болады.
Сан 15 20 4/8 5/8 6/8
Ара-қашықтық см 1,5 2,0 1,3 1,6 1,9
Ара-қашықтық (дюйм (5/8) (3/4) (1/2) (5/8) ¾)
Итрек тігім
Машинадағы орнатпалар:
1. Тігім
2. Табан үшін зигзага
3. Үстіңгі жіптің тартылуы 2–5
4. Инешаншымның ұзындығы 0,5–4
Бұл машинада оверлок тігімдерінің бірнеше түрі болған жағдайда ирек тігім маталарды торлау үшін пайдаланылмайды. Біз ирек тігімді әрлеу жұмыстарына, аппликацияларды тіккен кезде және монограммаларды кестелегенде пайдалануды ұсынамыз. Өте кішкентай ирек тігіммен жұқа матаның шеттерін өңдеп шығуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|