Семинар сұрақтары:
1. Қоғаммен байланыс (PR) орнату қызметінің біздің елімізде қалыптасу қадамдары қай кезеңнен басталады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 1990.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 1998.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
7 -Дәріс.
тақырыбы: Паблик рилейшнздің басқару саласындағы рөлі
Басқару медиаторы ретіндегі қоғаммен байланыс рөлін PR-дағы басқару объектілері арқылы анықтауға болады. PR-ны «коммуникативті менеджмент» ретінде анықтау тұрғысынан алғанда басқару объектісінің негізгі коммуникация болады. Бірақ PR – қызметі коммуникациямен ғана шектелмейді. Американдық теоретик Дж.Марстон PR қызметінің 4 негізін көрсетеді: зерттеу (research), әрекет (action), жүздесу (communication), баға
( caution ). Бұл жүйе RACE деп аталады. Қоғаммен байланыс процесінің 4 кезеңін басқа да ғалымдар атап көрсетеді: мәселені анықтау, бағдарламаны жобалау және құрау, әрекет және коммуникация; бағдарламаның бағасы.
Осылай ұйым мен қоғам арасындағы тұрақты және динамикалық қатынастарды құруға бағытталған күрделі көп функциялы басқару қызметі пайда болады. Нәтижелі шындық, әрекет ретіндегі феноменнің негізін табу үшін ғылыми әдістің бірі – функционалды әдісті қолданамыз. PR –ға қатысты тура және жанама функцияларды анықтап, талдаймыз, олар берілген қызметтің рөлін және практикалық тапсырмаларды орындау бағытын көрсетеді.
Қазіргі зерттеушілер қоғаммен байланыс функцияларының модельдерінің түрлі жіктелуін ұсынады. Түрлі елдердің белгілі зерттеушілерінің жіктеулерін қарастырайық. Қоғамдық байланыстар жөнінде алғашқы ресейлік кітаптар жазған авторлардың бірі Л.Б.Невзлин қоғаммен байланыс функциясының мынадай түрлерін ұсынады: қоғамның түрлі контингенттінде ұйымның позитивтік имиджін құру; жағымды ішкікорпоративтік ортамен қамтамасыз ету; шиеленістерді тоқтату; қоғамдық пікірді білу; ұйымның қоғамға әсерін талдау. Ағылшын зерттеушісі С.Блэк қоғаммен байланыстың функционалды ерекшеліктерін былай сипаттайды: қоғамдық пікірдің қалыптасуы, екі жақты жүздесу, шиеленісті тоқтату, өзара құрметтеу мен әлеуметтік жауапкершілікке көңіл бөлу, қоғамдық және жеке мүдделердің ұштасуы; жақсы қарым-қатынастың қалыптасып, өндірістік қатынастардың дамуы және т.б.
Көптеген зерттеушілер қоғамдық байланыс функцияларының мынадай түрлерін атап көрсетеді: жақсы ықыластың дамуы; қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету; имиджді құру және тұрақтандыру; өнімнің шығуы немесе қызмет көрсетудің жүзеге асуы; ішкі коммуникацияға әсер ету; оқиғаларды жоспарлау және жүзеге асыру; іскерлік мақсаттарды нығайту; саясатты түсіндіру; түсінікті көбейту; мәселелерге назар аудару; талқылауға көңіл бөлу; қабылдауды, пікірді және тәртіпті өзгертуге көмектесу; әсерлі позицияларды қалыптастыру, штаттық құрамды мотивациялау; маркетингік және коммерциялық күштерді нығайту; репутацияны құрып, тұрақтандыру; сенімді қалыптастыру.
PR-ның аталған функцияларында әр түрлілігіне қарамастан көптеген ортақ белгілері бар. Олардың негізгілері: коммуникативтік-ақпараттық, зерттеу-аналитикалық, ұйымдық-координациялық, интегративтік.
Біз коммунткация түсінігін, механизмін және ерекшеліктерін қарастырдық. Енді PR-ның өзге функцияларына көшейік. Көптеген зерттеушілер коммуникативтік процесте 3 басты компонентті қарастырады: ақпараттық, перцептивтік және интерактивтік. Біздіңше, PR-ның ақпараттық функциясы базалық болып табылады. Себебі коммуникация тек ақпараттық жағынан айқын байқалады. Сондықтан перцептивтік және интерактивтік негіздерді функция бөліктеріне жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |