Диссертация ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева Алматы, 2008 мазмұНЫ


«Әйел» концептісінің когнитивтік моделі



жүктеу 0,92 Mb.
бет13/14
Дата23.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#24370
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Әйел» концептісінің когнитивтік моделі: 1. Әйел – ана. Жап-жас ана бөпесін әлдилейді өбектеп, Бір сағаттың ішінде үш оянып,Үш қалғып; Шеше деген – шалқыған көл емес пе, Көлді жерде айналар шөл елеске(М. Мақатаев); Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған. Аялы қолда талпынтқан, Қаймақты сүттей қалқытқан.Суық болса, жөргектеп,Қорғасын оқтай балқытқан. Айналасына ас қойып, Айдынды көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей,Иісін жұпар аңқытқан (Ы.Алтынсарин); 2. Әйел – адал жар: Төрт бұрышын төңіректің шарласам да, Сендей жар жанға жайлы қайдан табам ?Сенсің – жар: Жүрегімнің сырын ашқан; Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен, Сенен келіп қуат алдым жеңілсем. Сен – жер болдың, нөсер болып төгілсем, Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем. Мен – ашу да, сен – ақылсың нәрі аққан, Сен – адамсың, мен аждаһа зәр атқан ( М.Мақатаев); 3. Әйел – ерлік: Ерліктің қос қанаты деп білем мен аяулы Әлиям мен Мәншүгімді (И.Сапарбай), «Әже» концептісі: Әулие-әмбиеден аумай қалған; Оранған ақ әжелер кимешекке; Тұратын еді шақырып Әжемнің аппақ жаулығы; Ақ кимешек киген бір кемпір көрем, Ақ кимешек астынан сені көрем; Немересін ертпесе жүре алмайды... Әжем жүр туған жердің топырағын, Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға... Өсірген әже солай бар ұлын да, Салып ап ұйықтағанша жауырынға (М. Мақатаев); «Кемпір» концептісі: Қолаң қара шашыңа кім байлаған Әне бір аппақ-аппақ суыртпақты?!(М. Мақатаев); Бет-аузың бір-ақ уыс боп барады, Қайтейін, кішміштей әжімденіп (Ж. Жақыпбаев); «Қыз» концептісі: Қылышы өткір ұлыстың қызы да өткір, Сүймейді сені алдымен жылатып алмай; Арусың, түсін, құсым, мүсіндісің, Арда емген ахалтеке құлынындай; Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің, Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің Ханшадай өзін ұстаған, Қара алмас көзді, бал ерін, Басынан құс та ұшпаған, Бұла өскен асқақ жан едің (Ж. Жақыпбаев); Құдықтай тұнық суы тартылмаған Торғын да торғын шаштары тобық көметін Тоты қыздарға деуші едік, шіркін, үйленсек; Қыздың беті –қызарып піскен алма, Күннің нұрын уылжып ішкен ол да; Қыз дегенің – өмірдің қызғалдағы, Қылықтылар аз ба екен қыздан –дағы?..(И. Сапарбай) т.б. «Абысын» концептісі: Бірінің сыры біріне Белгілі, бәрі тым қанық. Өткізген жастық күніне, Күніне қайтар бір барып. Сырларын бүгіп ішіне, Сырмінез, тату абысын ( М.Мақатаев); Абысынның аразы Ауыл сәнін кетірер (Бұқар жырау); Абысын тату болса– ас көп (Мақал); «Келін» концептісі: ...Қия өтпейді...Ұқсайды ізеті де, (Ізетсізді бұлар да түзетуде) Бұлар да бабасынан алып қалған, Өз жұртының дәстүрін күзетуде ( М. Мақатаев); Келін жақсы болса – Үйіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса –Келген кісі кеткісі келеді.Ас құй десең төккісі келеді, Төкпей құй десең сөккісі келеді (Шал); «Жеңге» концептісі: Келетін сауық құмар жеңгелер де, Аққудың сыңқылындай күлкілері Қосылатын шашпаулары теңгелерге (М. Мақатаев); Қапсырма таққан, Жеңгем, Қамзолына, Ұқсайсың қапсырмаңа барынша өзің (М. Айтқожина ); т.б.

Нақты айтқанда, тезаурус, яғни білімдерді жинақтау тәсілі өзін реттелген, жүйеленген «әлемдік көрініс» ретінде танытады.

Ю.Н.Карауловтың пікірінше, тезаурус индивидуальдік әлем бейнесін білдіреді. Бірақ әлемдік бейненің когнитивтік феномен, яғни белгілі бір дәрежеде жүйеленген иерархияланған білім ретінде түсінсек, тезаурусты білімді жинақтаушы, ұйымдастырушы тәсіл ретінде ұғынуымыз керек дейді. Мысалы, қазақ әйелі туралы ұлттық білім қорын құрайтын сөз байлығы.

Тілдік бірліктер мен олардың арасындағы эксплицитті семантикалық қатынастардан құралатын тезаурус әлемдік көріністі лингвистикалық тұрғыдан тану құралы болып табылады.



2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісі психолингвистикалық әдіс ретінде
Психолингвистикалық бағыт бойынша адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын анықтауға болады. Адам сыртқы дүниені, сырттан қабылданған дүниені өзінің ассоциативтік қабылдау қабілеттері арқылы (сезім мүшелері арқылы) таныта алады және автоматты түрде жиі қайталанудан дағдылы түсінікке айналған стереотиптер арқылы таныта алады. Ал әрбір халықтың немесе ұлттың, әлеуметтік топтың не болмаса әрбір адамның өзіндік таныту ассоциациясы, стереотиптері болады. Психолингвистикада сонымен қатар салғастырмалы әдіске сүйене отырып, әрбір ұлттың аффективті тіл бірліктерін, эмоционалды ұғымдарын, тіліндегі экспрессивтік ерекшеліктерін нақтылап көрсетуге болады. Әрбір ұлттың өзіне сөйлеу мәдениетіндегі, жалпы қарым-қатынасындағы адам психикасының деңгейін, адамның психикалық қабілеттерін, мінез-құлық ерекшеліктерін (ұстамдылық, күйгелектік, намысқойлық, қызуқандылық) т.б. айқын көрсетуге болады.

Ассоциация латынның «associatio – біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ассоциация – екі түрлі танымның өзара байланысы (сезіну, түсіну, ойлау, елестету қабілеттері арқылы жүзеге асады). Бұл ұғым Платон мен Аристотель заманында пайда болғанмен, ассоциация деген ғылыми атауды ХУІІ ғасырда Дж. Локк енгізген болатын.

Ассоциация – жеке субъективті тәжірибеге негізделген белгілі объекті немесе құбылыс арасындағы байланыс. Бұл тәжірибеден субъектінің нәр алған мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі байқалады. Осы ассоциация ұғымымен тығыз байланысты ассоциациялық өріс ұғымы да бар. Ассоциациялық өріс – тілдік бірліктердің жиынтығы, мазмұн ортақтығына қарай біріккен белгілеуші құбылыстардың ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығы. Ол ассоциатив сөздердің, өзекті сөздердің төңірегінде бірігуі ретінде түсініледі. [134, с.183]. Ассоциатив сөздердің түрлі ақпарат берушіде жиналуы ассоциациялық өрістің орталық өзегін көрсетеді. Мысалы, Еуропа мәдениетінде қара түсті киім кию, қара орамал тарту – жағымсыз, өлімді білдіретін түс деп танылады. Ал Жапон, Индия мәдениетінде өлімді білдіретін қаралы түс – ақ түс. Қытайда ақ түс – өлім мен тазалықтың символы.

Қазақ халқының салты бойынша шаңыраққа қара ту тігу – өлік шыққан үйді білдіру. Мұндағы ақ/қара түстері ассоциативтік мағынаға ие болған мәдениаралық бірлік ретінде қызмет атқарып тұр.



Қара дегені– ұзын найзаның басына тігілген ту. Егер Бөжей жай қара қазақ емес, төреден шыққан болса, сол төрелердің өзді өз тұқымының туларын тігер еді. Ақ тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұқымы, жік­ жігі осындайда көрінетін. Ал, қарадан кісі өлсе, тудың түсі өліктің жасына қарай болады.

Сүйіндік жас кісі өлсе, туы қызыл болатынын, кәрі өлсе, ақ болатынын айтып келді де, «Бөжейдей орта жасты кісінің қаралы туы бір жағы ақ, бір жағы қызыл болуы керек» дегенді айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тіккен ту қара дегені осы еді. (М.Әуезов. Абай жолы)

Ассоциативті тәжірибе – ХХ ғасырда К.Г. Юнг пен М. Вертгеймердің енгізуі бойынша адамның дүние танудағы уәжділігін зерттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Эксперименттің қарапайым түрі: тәжірибеден өтетін адам белгілі бір ақиқат дүниені таныту үшін жиі қолданған сөздерінің жинағын білу. Біртектес ассоциациялардың жиілігін білу, ақиқат дүниеге деген адамның әсері мен ниетін білу.

Ассоциация процесі психика феномені ретінде ежелден зерттелген. Кейінгі заманда, жаңа уақытта психологтар мен психиаторлар айналысады. Психологтар ассоциативті байланыстардың қалыптасу және беку процестерін зерттеуді өздерінің басты міндеті деп санаған. Түс жору да адам санасындағы ассоциацияның бір үлгісі болып табылады. Түс жору – алғаш психоанализдің негізін салушы Зигмунд Фрейд қолданған ассоциацияға негізделген. Оның ізбасары Карл Густав Юнг ассоциацияны зерттеуді психоанализдің басты құралы деп есептеген. Осындай пайымдаулар нәтижесінде психикалық норма жайындағы зерттеулердің басы болып есептелетін алғашқы ассоциациялар тізімі жасалынды. Бұл тізімнің авторлары – А.Розанов, Х.Кент. Материал 1910 жылы психикалық ауруларды зерттейтін америкалық журналда жарық көрді.

Психолингвистикада ассоциативті үрдістер тар шеңберде қарастырылады. Ол тек сөздік ассоциация немесе вербалды ассоциацияны зерттеумен айналысады [135]. Вербалды ассоциацияны анықтау барысында ассоциативті тәжірибе жүргізіледі. Бұл тәжірибе «ойға оралатын алғашқы сөзбен жауап беру» нұсқау қағидасы арқылы жүзеге асады. Зерттеу барысында адам не айтамын, қалай жауап беремін деп ойланбайтын нәтижелер мен реакциялары бақылау негізі болады.

Психолингвистикадағы ассоциативті эксперименттің басты мақсаты – ақиқат дүниені танытуда қолданылатын тіл бірліктері мен тіркестерін орынды мазмұнға сәйкес таңдай ала ма, белгілі бір стилистикалық және жалпы нормативтік жүйеге сай реттеп жеткізе ала ма, жоқ па деген мәселені шешу. Психолингвистика мамандарының көрсетуінше, ассоциацияны анықтау үшін адамға ықпал етуші әртүрлі сөздер, суреттер, түстерді беріп, жауап ретінде олардың интерпретациясын бақылайды, яғни реакциясын байқайды. Демек, ассоциативті тәжірибе «стимул – реакция» жүйесі бойынша жүргізіледі.

Адам ақиқат дүниені тани отырып, оның мәнді және жалпылама мәнді белгілерін сол дүниенің бөлшектері арқылы жадыда сақтайды. Осыдан барып ассоциацияның жалпылама және индивидуалды (жеке) түрлері туындайды. Жалпылама ассоциация ассоциациялық өріс арқылы қалыптасқан соның орталық өзегінде мүшелене көп жиналған сөз-стимулы негізінде көрініс табады. Мәселен, ақ түс барлық дерлік елде мерекелік, берекелі, жағымды түс ретінде танылады. Еуропада той киімі ақ түсті көйлекпен белгіленеді, ал қазақ халқы үшін ақ түс молшылық, берекелілік, яғни малдың сүті, өнімі – байлық деп түсініледі. Сонымен қатар ақ түс адалдық, пәктік ұғымын беруде де қолданылады. АҚШ-та ақ түс «тазалықты», Францияда бейтараптықты, Египетте қуанышты білдіреді. Махаббат символы деп танылатын құстың өзі де аққу ақ түсті құс ретінде елестеледі. Бұл ұғымдардың тілдік көрінісі мынадай тіркестер арқылы дәйектеледі: Ақ адал жүрегі (адалдық), ананың ақ сүті (мейірімділік), ақ қағаздың бетіндей (пәктік), айдындағы аққудай (сұлулық), ақ білек, ақ тамақ (көріктілік). Бұл келтірілген дәйектемелер – ақ түсінің тек жағымды ассоциациялық мәні. Қазақ халқында аққа оранды, ақ ажал боратты деген тіркестер қолданылады. Мұндағы ақ түс – өлімнің мәнін беруде қолданылып тұр. Себебі, ұлт дәстүріне сай өлген адамды ақ матаға орап жерлеу салты бар. Сондағы ақ мата деталі өлім ассоциациясын тудыратын белгі ретінде халық санасында сақталып қалған. Жалпылама ассоциация жалпыадамзаттық танымға негізделген әсерлер арқылы көрініс табады.

Ассоциативтік теория – ертеден келе жатқан психология саласының ұғымы. Яғни, ассоциацияның пайда болуы адамзат баласының тану, тани білу, яғни танымдық қабілетін зерттей бастағаннан қалыптасқан. Әрбір адамзат баласы өзінің ортасына қарай, туып-өскен жеріне қарай, өмір сүріп отырған еліне қарай, ұлтына қарай, бейімделген менталитетіне қарай, алған білімі мен тәжірибесіне қарай айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды (ақиқат дүниеге) әртүрлі қырынан таниды және танытады. Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады. Кез келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол тілдік қорындағы тіркес арқылы, метафора арқылы немесе фразеологизмдер арқылы көрініс табады. Мысалы, күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқындық, жаңбыр, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, күңгірттік, бұлтты күндер, қоңыр түс, алтын қырман, т.б. Бұлардың барлығы – адамның бес сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы-перцептивті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар. Ал шығармашылық таланты бар, ерекше танып қабылдайтын ақын-жазушылар танымында ассоциативтік білім көздері бейнелі түрде көрініс табады. Сондай-ақ қызға қатысты нәзік, мейірімді, шашы ұзын, үкілі тақия, қыпша бел, оймақ ауыз, т.б. түсініктер санада жинақталған қарапайым ассоциациялар болса, ал ақын-жазушылар танымында елік қыз жанарының нұрын берген; құдықтай тұнық суы тартылмаған; аш белі сәмбі талдай солқылдаған; қыздың беті – қызарып піскен алма; торғын да торғын шаштары тобық көметін тоты қыздар; өмірдің қызғалдағы; қыздары есік, төрден несіп терген, сөйлетсе – Сара ақындай дес бермеген; аяулы ару – ақбөкен; (И. Сапарбай) ; Шыт көйлек... белін бір бүрген, Етегін желге ілдірген, Омырауында бүлдірген; сен бота едің көздерің мөлтілдеген (М.Мақатаев) т.б.

Күрделі психикалық құбылыстар, яғни ақиқат дүниені тану, қабылдау сезіну, көру, дәмін білу, терімен сезу, иіскеп көру, оймен жоспарлау, интуиция, болжау секілді қарапайым психикалық әрекеттердің көмегімен туындайтын сол дүниеге берілген баға адамның ассоциациясы негізінде жүзеге асады. Дегенмен ғалымдардың пікірінше, ассоциациялық білім ақиқат дүниені бүтіндей, барлық мағыналарын қамтитын құрылымдық негізінде кең түрде таныта алмайды. Себебі, қоғам дамып, өркендеген сайын әрбір дүниенің (зат не құбылыстың) танымдық деңгейі өзгеріп, жаңарып отырады. Сонымен қатар сол ақиқат дүниенің қызметі мен қасиеттері де кеңейіп отырады. Осыдан барып дүниенің танымдық мәні өзінің уәжді мағынасынан алшақтай түседі. Сондықтан әр дәуірде ол дүниеге берілетін ассоциативтік түсінік сол кезеңге сай қызметіне қарай өзекті мәнімен беріліп отырады. Мысалы, қазақ әйелінің қоғамдағы орнының тарихи кезеңдер мен әлеуметтік жаңарудың қағидаларына сәйкес өзгеруін алайық.



Әңгіме әуелі тұйыққа тіреліп қалып, енді қайта шешіле бастағаннан кейін, Елизавета Быкова қазақ халқының әйелге көзқарасын сұрастырып еді, Игілік оған біріне-бірі қарама-қарсы келетін әйел басынан өтетін үш түрлі кезеңін айтты. Оған өзі де таң қалатындай азырақ мысқыл қосып, шенеп айтты:

  • Қазақ қыз баласын қатты қадірлейді, – деді Игілік. – Ана болған әйелді де сондай қадірлейді. Бұл екеуіне тіл тигізген адам, ең көргенсіз саналады. Алыс-жақыны оны түгел жексұрын көріп, жеркене қарайды. Безініп кетеді. Бірақ әйелдің қатын деген бір кезеңі бар... Ол кезде әйел күңмен тең... Мына отырған Байжекеңдер әйелін адам көріп, үй ішінің он тиындық жұмысын ақылдаса ма екен?... Жоқ бұл кісінің әйелі күңмен тең... Мына отырған қожалар әйелді еркекпен бірге намазға да қатынастырмайды... Қазақ әйелі құлшылықта да теңдік көре алмайды! Қазақта «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деген мақал бар. Оны істейтін біз, қазақтың еркегіміз... Бала сияқтымыз, қолымызға берген қандай асылды болса да тез бұзып, тез тоздырып тастаймыз, – деді Игілік (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке) .

Демек, ассоциация – жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенің үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі.

Д.Гартли, Т.Браун, Дж. Милль т.б. ғалымдар ассоциацияның ментальді (санада, ойда болатын) тетік екенін, ассоциацияның негізгі белгісі деп ассоциациялық танымның адамның өмірде жинаған тәжірибесі мен сезінуі, ұғынуы арасындағы байланыстан туындайтынын атап көрсетеді.

Қазіргі кезеңде ассоциацияның тәжірибелік деңгейі кеңейіп, ассоциативті эксперимент пен оған практикалық зерттеулер жүргізілуде. Ассоциативті эксперимент жүргізудегі негізгі мақсат – субъектінің ақиқат дүниені тануға деген, танытуға деген белсенділігін, әсерін (реакциясын) байқау, субъектінің «менін» бақылау. Осы кезеңде біраз тәжірибелер нәтижесі бойынша А.Бэннің «шығармашылық ассоциация» түрі қалыптаса бастады.

Бүгінгі таңда ассоциация ұғымы психология саласынан кешенді ұғым ретінде басқа ғылым салаларында қолданысқа ие болды. Мәселен, тіл біліміндегі жаңа бағыт психолингвистика, конгитивтік лингвистика салаларында адамның ақиқат дүниені қабылдап, тіл арқылы жеткізудегі психикалық құбылыстары туралы мәселелерді қозғағанда ассоциацияның психологиядағы қызметі ерекше байқалатыны анықталды. [136, с. 224]



2.6.1 «Қазақ әйелі» концептісі ассоциациялық өріс аясында
Жоғарыда айтылған пікірлерді «қазақ әйелі» концептісі аясында өткізілген ассоциативтік эксперимент нәтижелері дәлелдей түседі. Түр-түс атауларына қатысты осындай сипаттағы тәжірибе жүргізген зерттеуші Н.Аитова «ассоциация белгілі бір ұлт өкілінің сол ұлтқа тән болмысын да, субъективті және ситуациялық білім мазмұнын да, әлеуметтік құбылыс әсерін де белгілеуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ ассоциативтік өріс ғаламның субъективті тілдік бейнесін көрсететінін атап көрсетеді [130, 57 б. ].

«Қазақ әйелі» концептісін ашуда психолингвистикалық талдау жүргізу барысында ассоциация тәсілінің тиімділігі айқындалды. Соған орай біз «қазақ әйелі» концептісінің аясына кіретін бірнеше стимул сөздерді 200 информантқа ұсындық. 17-40 жас аралығындағы қазақ тілді азаматтардан алынған жауаптар негізінде түзілген «қазақ әйелі» концептісінің ассоциативтік өрісі төмендегіше:

әйел – ана , әдемі, ақылды, жақсы, адам, сүйкімді, алу, жар, сұлу, сымбатты, адал, апайлар, асхана, әпше, балалардың анасы, қатын, нәзік жанды, әлсіз, махаббат, отбасының тірегі, тұрмысқа шыққан, екіқабат, «қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады», үйдің ырысы, шашы ұзын, орамал таққан, мінезі жұмсақ, баланың анасы, бетіне әжім түскен, уайымшыл, өмірді жалғайтын күретамыр, мұғалім, «Әйел ашуланса, қазан қайнатар», дауыс шығарып сөйлемейді, төзімді, еркек – бас, әйел – мойын, ұқыпты , қатын, шөпжелке, салпыетек, бәйбіше, тоқал, күндес

жаман әйелқатыгез, өгей шеше, бетпақ, адуын, ұрысқақ, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын, безбүйрек, көкек ана, тастанды бала, қонақты жақтырмайтын, әдепсіз, енесімен сағат сайын ұрсатын, қатыгез, өсекші, қыдырымпаз, өркөкірек, қырсық, мақтаншақ, кеш тұрып, сиырлары өрістен қалып қоятын,

қазақ қызышашында шолпы, әдемі, тәрбиелі, беті сүттей аппақ, Баян, Қыз Жібек, Тоғжан, Ақбілек, әшекей тағынған, шашы қара, қой көзді, тілін, ділін құрметтейді, қызыл, қызғалдақ, гүл, басқан жерінде із қалмайтын, білектей бұрымы бар, үкілі тақия, қапсырма тағатын, тал шыбықтай бұралған, Мәншүк пен Әлиядай, «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке», бойжеткен, қылықты,

қазақ әйеліинабатты, ізетті, сыпайы, көркем, сергек, байсалды, тәрбиелі, ұлттық дәстүрді сақтайтын, өмірдегі бар қиындыққа шыдайды, ибалы, үй шаруасымен айналысатын, камзолы жарасымды, ерінің айтқанынан шықпайтын, бесік, бала тәрбиелейтін, ешкімнің алдын кеспейтін, Гүлбаршын, Құртқа, сәукеле киген, өз орнын білетін, жұбайын сыйлайтын, пысық, икемді, «Бақытсыз Жамал», Ғ. Мүсірепов, Ұлжан, Ұлпан, «Ер ана», Әмина Өмірзақова, Әйгерім, етек-жеңін жапқан, ажарлы,

ана – ақ сүт, уыз, жақсы көретін, жақсы, мейірімді, бауырында баласы, қадірлі, бақыт, ең жақын адамың, әдемі, ақылды, қамқоршы, ардақты, асхана, тамақты дәмді істейтін, жер-ана, Отан-ана, алтыннан қымбат, ауыл, ананың ақ сүті, мені өмірге әкелген, дүниені жаратушы, отбасы ұясы, ұрпақ тәрбиелейтін, ақ жаулықты, жанашыр, бесік жыры, әлди, түн ұйқысын төрт бөлген, ананың көңілі балада, алақаны ыстық, Домалақ ана, «Боранды бекеттегі»Найман ана, бұлақ,

әже әкемнің шешесі, мамамның шешесі, апа, мейірімді, жақсы, кәрі, кемпір, ақылшы, түсінетін, алақан, кимешек, ұзын ақ орамал, кең көйлек, ұзын көйлек, камзол, ата, ауыл, ең құрметті, ертегі, қорғаныш, немере, үйдің жанашыры, қамыр, бауырсақ, науат, өрік-мейіз, кәмпит, үнді шайы, тәтті тамақ, қамқоршы, немере бағатын, Зере, Айғаным, мәсі-кебіс киген, нұрлы жүзді, өсиет айтады, шұлық тоқиды, ұршық иіреді, жүн түтеді, сақина-білезік таққан, ырымшыл, ою-өрнек құрайтын,

енекүйеуінің анасы, келіннің анасы, байсалды, келінін қызындай көретін, «келін ененің топырағынан жаралған», жол көрсетеді, білмегеніңді үйретеді, тәрбиелейді, басқан ізіңді аңдиды, жамандайды, шағыстырады, айтқыш, баласын қызғанғыш,

жеңге – келіншек, ағаның жары, қайын сіңлі, қайын іні, жайдары, ақылшы, сырлас, Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан, мұңдас, қатал, ақ пейіл, іші тар, аяулы жан, майда сөйлейді, «Ботакөздегі» Ақбала, қарапайым, он саусағынан өнер тамған, күлімсіреп шай құяды, ақ жарқын,

қайынәпке – күйеуінің әпкесі, жасы үлкен, мейірімді, жанашыр, ақылшы, адуын, жиі төркіндейді, ұрысқақ, шағыстырады, үйіңнің сыйлы қонағы, екі жақты жарастырушы, жұмсағыш, көп сынайды,

қайынсіңлі – қыз, әдемі, күйеуіңнің қарындасы, сырын айтады, ерке, шағыстырады, Еркеқыз, Шырайлым, еркетотай, өркөкірек, бұйырғыш, жеңгенің көмекшілері,

кемпір – қария, көпті көрген, жасы келген, таяқ сүйенеді, беті әжім, әлсіз, ашуланшақ, ұрысқақ, өкпелегіш, ақыл айтатын, шашы ағарған, мыстан кемпір, жалмауыз кемпір, әлі кеткен, қалада саябақта серуендейді, ауылда гәпке барады, ұршық иіреді, жүн сабайды, киіз басады, «күлдей күңгірт шашы бар, тоқсан бесте жасы бар, тасбиық санар үгіліп, жерге қарап үңіліп»,

келін – бөтен отбасынан келген, жас, әдемі, шымылдық, беташар, шашу, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», ерте тұратын, сиыр сауатын, нан жабатын, сәлем салатын, сүйкімді, сәлемі түзу, «Ұят болмасындағы» Айгүл, «Гауһартастағы» Салтанат, Төлебидің келіні Данагүл, ұялшақ, ұяң, сызылған, самаурын қайнатады, есік алдын сыпырады,

Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге үңілсек, олардың қазақ мәдениетіне тән ассоциациялар екені байқалады. Сонымен қатар эксперимент Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары орын студенттері мен аталған облыс тұрғындарынан алынғандықтан, жергілікті халықтың менталитетіне, салт­дәстүр ерекшелігіне сай ассоциациялардың басым екенін атап өткен жөн.

Және осыған байланысты: «Адамның сезім мүшелері арқылы қабылданған ақпараттардың негізінде ассоциация туындайды» деген И.М.Сеченовтің пікірі назар аударарлық. Ғалымның зерттеулерінде «сезіну ассоциациялары» деп аталады.

Себебі, сезіну ассоциациялары адамның өмірі мен тәрбиесі негізінде қалыптасып, дами отырып, елестету/түсіну ассоциациясына, соңғы ассоциацияға, күрделенген ассоциация түріне ұласады. Барлығы жинақтала келе, себептік тізбегіне қарай сыртқы әлемге тәуелді болады, соған сәйкестендіріледі. Бұның нәтижесі пайымдау барысында, ой жинақтау барысында өзара байланысқан ой жүйесін құрайды. Сондықтан да ассоциация заңдылықтары қалау және сезіну қабілеттерімен үйлесіп жатады. Осындай таным үрдісінде міндетті түрде адамның эмоционалды күйі, күш-қуат деңгейі, жалпы тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлқы көріне бастайды. Сыртқы әлемді тану барысындағы адам миының рефлекторлық қызметі жүрген сайын ассоциациялардың шеңбері кеңейіп, тізбектік сипатқа ие болады. Егер бір ақиқат дүниеге берілген ассоциациялар қоры мол болса, олар ассоциациялық қатарлар мен тізбектерге түзіледі.

И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі – адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы – бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, яғни алғашқы түсінік. Адамзат баласы бес сезім мүшесі арқылы ақиқат дүниені қабылдай отырып, оны жадында сақтай отырып, оған қоса санада кеңінен өңдей отырып өзінің сол дүние туралы білімін мен танымын, ассоциативтік қатарын кеңейтеді, күрделендіреді. Ассоциация мәселесін психологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырған ғалымдардың бірі – И.П.Павлов. Ғалымның пікірінше, ассоциация толықтығы динамикалық стереотип құбылысымен астасып жатады. Динамикалық стереотип пен ассоциацияның байланысы неде? Ассоциация стереотиптен туындай ма? деген сұрақтарға ғалым былай жауап береді: «Барлығымызға белгілісі – ақиқат дүниені танытатын алғашқы түсініктер – ассоциациялар, солардың жиынтығынан жүйе құралады, ол жүйеден гештальт ұйымдасады. Демек, ассоциация қалыптасқаннан кейін барып, қалғандары (стереотип, гештальт) туындайды екен, керісінше емес» [136, с 89]. Стереотип ассоциациялардың жалпыхалықтық сипат алып, автоматты түрде сол дүниені таныту үшін қолдану мақсатында жиі-жиі қайталана беру нәтижесінен барып қалыптасады. Мысалы, әйелдердің – нәзік, екінші орында болуы мен ерлердің – қажырлы және бірінші орында болуы стереотиптік танымға жатады. Ұлттық ассоциациялардың стереотипке айналған түрлеріне мысал келтірсек: бәйбіше мен тоқал арасындағы, абысын мен келін арасындағы күндестік стереотипті танымға айналған.

Апа-ай! Осы бір кеселді мінез кіші апамнан неге көп шыға береді? деп, шешесінің қасына келді.

Балам-ай, күндестің аты күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе менің де қай сырымды біліпсің! ­ деді (М.Әуезов. Абай жолы);

Қалай да қатарымнан озамын деп,

Қатындай күндестігім қозады кеп (М. Мақатаев. Аманат).

Қарақатын осы ауылда Ақбаламен өш. Ақбаланың жастығын, сұлулығын көре алмайды (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

Міне, әйел затының психологиялық табиғатына, сезімтал жанына байланысты оның іс-әрекеттерін, дүниені тануын талдауда, біздің ойымызша, ассоциацияның психофизиологиялық негізін түсіндіретін ғылыми негіздерге назар аударудың мәні ерекше.




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау