Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»


Мыс штейнын өңдеу қондырғысынан кейінгі газдарды шаңдардан тазалау



жүктеу 4,32 Mb.
бет32/35
Дата04.12.2017
өлшемі4,32 Mb.
#3210
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Мыс штейнын өңдеу қондырғысынан кейінгі газдарды шаңдардан тазалау


Балқыту цехының щлак өңдеу комплексінің үлкейтілген жеңді фильтрлері Мыс штейнын өңдеу қондырғысының газдарын шаңдардан тазалайды және алты УРФМ-2 типті әр-қайсысы 2300 м2 ауданды жиырма секционды жеңді фильтрлерден тұрады.

Мыс штейнын өңдеу қондырғысынан 350 С температуралы газдар 2800 мм-лі жинау газ құбырына келеді, онда олар 30-55 С температуралы айналмалы (вентиляционные) газдармен араласады.

200 С температураға дейінгі газ қоспасы УРФМ-нің шаңды газ коллеекторына келеді, содан кейін жеңді фильтрлер бойнынша тазалауға бөлінеді.

Жеңді фильтрлердің кірісіндегі газдардың шаңдануы 13-18 г/мм3 аралықтар шамасында. Шық (роса) нүктесінің температурасы 57 С.

Газдар жеңді фильтрлерде тазаланғаннан кейін таза газ коллекторына келеп түседі, ол жерден мұржа арқылы атмосфераға тасталады.

Жеңді фильтрлерде ұсталынған шаңдар транспортер және элеватор көмегімен шаң үшін арналған жинау бункеріне беріледі. Бункерден шаң цинк зауытына тасымалданады.

Кесте 12.3 - УРФМ-2 аппаратының техникалық сипаттамасы


Жеңді фильтрде секциялар саны

20 дана

Секцияда жеңдер саны

42 дана

Жеңдердің жалпы саны

840 дана

Секцияның фильтрлеу ауданы

115 м2

Жалпы фильтрлеу ауданы

2300 С

Рұқсат етілетін максималды температура

200 С

Рұқсат етілетін максималды қысым

280 мм су бағ.

Жеңдерінің ұзындығы

400 мм

Жеңді фильтрлердің технологиялық параметрлері


Фильтрлердің қалыпты жұмыс істеуі келесі шарттарды сақтауды талап етеді:

1. фильтрге тазалауға келіп түсетін газдардың температурасы 200 С-тан аспауы қажет. Егер температура 180 С-тан жоғаны болған кезде оператор автоматты түрде температураның төмендетуіне дейін сору насостарын ашады.

2. фильтрді қағу жүргізілмеген кезде жеңді фильтрдің ауа үрлеу коллекторының қысымы 160-180 мм. су бағанаснан төмен болмауы қажет, ал фильтрді қағу кезінде кері үрлеу қысымы 40 мм су бағанасынан кем болмауы қажет.

3. конденсацияның болмауы жеңді фильтрлердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды талаптарының бірі болып табылады. Газдардың ылғалдылығы жақсы оңашалағанда және жылытылған ауамен үрлеу кезінде келесі мәндерге сәйкес болуы қажет:

Кесте 12.4 - Газдардың фильтрдегі шарттары


Газ температурасы, С

Шық температурасы, С

Үрленетін ауа температурасы, С

180

102




130

90

95-100

105

80

85-90

90

70

75-85

4. әрбір аппаратта фильтрлейтін матаның қалыпты кедергісі 130 мм су бағанасынан аспауы қажет.

5. фильтрден кейінгі рұқсат етілетін максималды жұмыс қысымы 280 мм су бағ., ал фильтр алдында 10-20 мм су бағ.

6. УРФМ-2 бір аппаратының фильтрлеу матасына түсірілетін газды жүктеу 45-50 м3/сағаттан кем болмауы қажет, фильтрлеу жылдамдығы 0,8-0,95 м/мин.

7. фильтрдің шығысында (таза газ коллекторында) газдардың температурасы 85 С-тан кем болмау қажет.

8. атмосфералық ауаны үрлеу 20-26 %-дан аспауы қажет.

9. қағу жұмыстары үшін сығылған ауаның орташа көлемі Р=6 кгс/см2 кезінде 2,5 мм3/мин.

10. фильтр секциясының регенирация уақыты 1 минут, ұзақ уақытты 127 В кернеуді берген кезде 10-15 сек. УРФМ-2 аппаратының толық регенерация циклы 10 минут.



Операторлық бөлмедегі желдеткішті есептеу.

Ауа айналымының қалдықсыздығын есептейтін формула:



=; (сағ-1).

мұнда: тәжірибе өткізетін ауа соратын шкафтың көлемі, м3

жүктеу 4,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау