мәселесін жетілдіруде ұсынылған барлық бағыттарының нақты зерттеу
нысанының тиімділігінің негізгі түйіні бейнеленген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі диплом жұмысының мәтінінен кейін
келеді. Қолданылған әдебиеттердің көзі мен басқа да материалдардың тізімі
құжаттың маңыздылығын есепке ала отырып келесі кезекпен беріледі:
- ҚР-ның
үкіметтік
құжаттары
мен
нормативтік
материалдар
хронологиялық кезекпен;
- Құжаттық жариялымдар, құжат жинақтары мен министрлік және
ведомстволық материалдар, статистикалық жинақтар, күнделіктер және
басқа да басылымдар хронологиялық тізім бойынша;
- Монографиялар, кітаптар, мақалалар алфавиттік тәртіпте келтіріледі.
Қосымшаға жұмыстың негізгі бөліміне берілген қосымша материалдар
енгізіледі. Оған аралық есептер, алғашқы сандық деректер кестесі, көмекші
сипаттағы нұсқаулар толтырылған есептер мен басқа құжаттар кіреді.
3 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТАЛАПТАР
Диплом жұмысын безендіру ҚР МЖББС 5.03.016 – 2009 жоғары оқу
орындарында диломдық жұмыс (жоба) орындау ережелеріне сәйкес
жүргізіледі.
Диплом жұмысының мәтіні қолмен, машинамен немесе компьютер
арқылы жазылады. Анықтама жазбасының жалпы көлемі компьютердің
орындауымен 70-100 бетті құрайды.
Power Point компьютерлік бағдарламасының көмегімен, оның
құрамында сызбасы, нобайы, кестесі, диаграммасы, суреті, графикалары,
математикалық моделдері және т.б.орындалған графикалық бөлімі 15-20
слайдтан тұрады. Графикалық бөлімнің артық мөлшерде аналитикалық
сипаты болуы қажет және дәйектемелер мен негізгі қорытындыларды,
ұсыныстарды көрсетуде қызмет көрсетеді. Бірінші слайдта (титул бетінде)
келесі ақпарат бейнеленуі керек:
- диплом жұмысынң тақырыбы;
- студент (АЖТ);
- мамандығы (шифр);
- кафедра (атауы);
- жылы (қорғаған жылы).
Ж қосымшада үлгі келтірілген. Қалған слайдтар 1 нөмірден бастап
тәртіп бойынша нөмірленеді. Әрбір слайдтың жоғарғы жағында слайдтың
ортасында атауы мен нөмірі көрсетіледі. Слайдтың сол жақ бұрышында
студенттің тегі, мамандықтың шифры және қорғаған жылы көрсетіледі
(Power Point бағдарламасына кіріп: Түр - Колонтитулы – Фиксирован және
ақпарат енгізу). И қосымшада үлгі келтірілген.
Графикалық бөлімді орындау кезінде МК-ның әрбір мүшесіне слайд
түрінде А4 формат бетіне демонстрациялық материалдардың топтамасын
түсіріп береді. Сондай А4 формат бетіне түсірілген бөлек демонстрациялық
материалдар топтамасы мен дисктегі (дискетадағы) слайдтың электронды
нұсқасы диплом жұмысының анықтама жазбасына тіркеліп және мұрағатқа
тапсырылуы керек.
Анықтама жазбасы А4 (210×297 мм) формат қағазының бір жақ бетіне
орындалады. Ол кітапша сияқты болуы керек (қабы қатты):
- титул беті;
- диплом жобасының тапсырмасы;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім (тарау мен тармақшалар);
- қорытынды;
- әдебиеттер тізімі;
- қосымша (егер бар болса).
Мәтін беттері шет сызбаларымен сызылмайды. Беттің барлық төрт
жағында жол
қалады: сол жағы – 30 мм аз болмау керек; оң жағы – 10 мм аз
болмау керек; жоғарғы жағы – 20 мм аз болмау керек, төмен жағы – 20 мм аз
болмау керек. Компьютермен терілген А4 формат бетінде болмау керек.
Компьютермен терілген А4 формат беті 42 жолдан тұрады және N 12-14
Timas New Roman әрпінде «WORD» редакторында шығарылады. Жоларалық
интервал алынған әріпке байланысты таңдалады: 14 әріп – бір интервал, 12
әріп – біржарым интервал.
Анықтама жазбасының барлық беттері титул бетінен бастап,
қосымшаны қоса нөмірленуі керек. Беттің нөмірі оң жақтағы жоғарғы
бұрышта нүктесіз жазылады. Нөмір кіріспеден басталады.
Тақырыптар
«МАЗМҰНЫ»,
«КІРІСПЕСІ»,
«ҚОРЫТЫНДЫСЫ»,
«ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ», «ҚОСЫМШАСЫ» және бөлімдердің атауы жаңа
жолдан бас әріптермен жазылады. Тараулардың бірінші әрпі бас әріппен,
қалғандары кіші әріппен жазылады.
Диплом жұмысының негізгі бөлімінің мәтінін тараулар мен
тараушаларға бөледі. Тарау жаңа беттен басталып, мәтіннен бір интревалмен
бөлінеді және жаңа жолдан бас әріптерден жазылады. Тараушалар қара
маркермен белгіленеді, жаңа жолдан басталып кіші әріптермен жазылады
және бір интервалмен бөлінеді. Тараушаның тақырыбы мен келесі мәтін
арасы бір интервал.
1 ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
1.1 Инвестициялық процесстер, экономиканың прогрессивті дамуының
негізгі элементі және т.б.
Диплом жұмысының мәтіні, жеке сөйлемдер, сөз тіркестері және
сөздер курсивпен және майлы маркермен ерекшеленбейді.
Мәтіндегі тізім бойынша белгілеу, атап өту және нөмірлеу келесі түрде
болады:
1)………………; - ………………….;
2)………………; немесе - ………………….;
а)…………………; а)…………………;
б)…………………; б)…………………;
3) және т.б. – және т.б.
Егер атап өтуде сан – жақшамен немесе сызықшамен қолданылса, онда
соңында нүктелі үтір қойылады. Егер де сан жақшасыз қолданылса, онда
саннан кейін және сөйлем соңында нүкте қойылмайды, ал сөйлем бас әріппен
басталады. Нүкте атап өту соңында ғана қойылады. Атап өтуді қайырмадан
бастайды. Мысалы:
1) кәсіпорын экономикасы кафедрасы;
2) инновациялық менеджмент кафедрасы және т.б.
немесе
- кәсіпорын экономикасы кафедрасы;
- инновациялық менеджмент кафедрасы және т.б.
немесе
1. Кәсіпорын экономикасы кафедрасы;
2. Инновациялық менеджмент кафедрасы және т.б.
Барлық формулалар, егер құжатта олар біреуден артық болса, онда
оларды құжат шегінде араб сандарымен нөмірлейді және беттің оң жағында
формула деңгейінде дөңгелек жақшада көрсетеді. Формулаларды бөлім
шегінде де нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда формула нөмірі нүктемен
бөлінген бөлім нөмірінен және бөлімдегі формуланың реттік нөмірінен
тұрады. Мысалы:
V=Ч×В, (1.1)
мұндағы V – іске асырылған өнім көлемі, мың теңге;
Ч – жұмысшылар саны, адам;
В – бір жұмысшының өндіргені, мың теңге/адам.
Дипломдық жұмыста кестелер және суреттемелер кең түрде
қолданылуы керек. Суреттемелер ретінде графиктер, суреттер, сызбалар,
диаграммалар, эскиздер және т.с.сс қолданылады. Осының бәрі суреттемелер
деп аталады.
«Кесте» сөзі абзацтан басталып, бас әріппен бастап жазылады. Кесте
атауы келесі жолға жазылады. «Сурет» сөзі сол жағында төменгі бұрышта
бас әріппен бастап жазылады. Тақырып асты сызылмайды. Кесте немесе
сурет мәтіннен бір қадам бөлініп жазылады. Кесте нөмірінен кейін сызықша
қойылады, одан соң бас әріппен кесте(сурет) аты жазылады. Егер мәтінде
кесте(сурет) біреуден артық болса, онда оларды құжат шегінде араб
сандарымен нөмірлейді. Кесте(сурет) нөмірлеуі бөлім шегінде ғана рұқсат
етіледі. Бұл ретте кесте(сурет) нөмірі, нүктемен бөлінген, бөлім нөмірінен
және кестенің(суреттің) реттік нөмірінен тұрады.
Кесте 1
Банк белсенділіктерінің көлденең талдауы
немесе
Достарыңызбен бөлісу: |