2 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 Диплом жұмысының тапсырмалары
Диплом жобалау үдерісі үстіндегі студенттің мақсаты:
- бағалаудың практикалық мәселелерін және басқа да экономикалық
тапсырмаларды шешуде қабілеті мен шеберлігін теориялық білімінінде
көрсете білу;
- өздік жұмысында біліктілігін және берілген тапсырманы шешуде
ғылыми зерттеу әдісін қолдана білу қабілетін көрсету;
- зерттеу объектісіне қазіргі инструментариялық талдауды, жариялауды
және бағалауды қолдана отырып экономикалық, қаржылық бағалау жүргізу;
- диплом жұмысына таңдалып алынған тақырыптың мағыналылығын
және практикалық құндылығын көрсету және тәжірибеде алынған
қорытындының кепілдемесін беру.
Диплом жұмысын орындау барысында келесі тапсырмалар шешіледі;
1) жүйелендіріледі, талданады және диплом жұмысының тақырыбы
бойынша теориялық мәліметтер жарыққа шығады;
2) зерттеудің әдісі мен пәні анықталады;
3) диплом
жұмысынының
тақырыбын
зерттеуге
қажетті
статистикалық, экономикалық, қаржылық және басқа да мәліметтер
жинақталып, іске асырылады;
4) жинақталған ақпаратқа талдау және зерттеу нысанына бағалау
жүргізіледі;
5) талдау
мен
бағалаудың
қорытындысы
бойынша
шешім
қалыптасады.
Диплом жұмысын орындау кезінде студент нені көрсете білу керек:
- таңдалып алынған тақырыпқа байланысты сұрақтар мен мәселелердің
теориясын білу;
- өндірістік тәжірибені (диплом алдындағы) өту кезеңінде немесе
жұмыс орыны бойынша (сырттай бөлімде оқитындарға) жинақталған
практикалық мәліметтерді жалпылауда, бағалауда және талдау жүргізуде
зерттеу біліктілігін көрсету;
- персоналдық компьютерде жұмыс жасау біліктілігі және оны әр түрлі
зерттеу кезінде қолдана білу;
- бағалау әдісін және басқа да экономикалық қатынастарды жетілдіру
ұсынысын қалыптастыру, жарыққа шығару және қорытынды жасай білу;
- тақырыпқа байланысты теориялық және практикалық мәліметтерді
сауатты және ойша мазмұндау.
2.2 Диплом жұмысына қойылатын негізгі талаптар
Диплом жұмысына қойылатын жалпы талаптар:
- мақсаттық бағыт;
- құрылымның айқындылығы;
- мәліметтерді логикалық түрде мазмұндау;
- зерттеудің тереңдігі және мәселені толық түсіндіру;
- дәлелдің сенімділігі;
- қалыптастырудың нақтылығы және қысқалығы;
- жұмыстың қорытындысын нақты мазмұндау;
- кепілдеме дәйектемесі және қорытындының айқындылығы;
- сауатты көркемдеу
.
Практикалық маңыздылықтың талабы
Диплом жұмысы күндізгі бөлімде оқитын студенттермен нақтылы және
өндірістік тәжірибе (диплом алдындағы) кезінде жинақталған мәліметтер
негізінде орындалу керек, ал сырттай бөлімде оқитын студенттермен
кәсіпорын мәліметтері бойынша, жұмыс орны немесе басқа кәсіпорын
деректері бойынша орындалу керек.
Қазіргі әдістемені міндетті түрде қолдану қажет. Диплом жұмысын
даярлау кезінде студент арнайы курстың теориялық және практикалық
саласына өз білімін тереңдете түседі. Сондықтан оны орындауда
студенттерге арнайы статистикалық деректерге, отандық басылымдар мен
шет елдік ағымдағы басылымдарға, арнайы әдебиеттерге сүйену қажет.
Диплом жазушы қорытынды жасауға міндетті – берілген объектіге
және зерттеу пәнінің жаңа талапқа сәйкестігі жөнінде өз бетімен қорытынды
жасап, тақырыпты зерттеуде отандық озық және шет елдік тәжірибені оқып,
әдеби қайнарларға, әдістемелік мәліметтерге және практикалық белгілер
негізінде аналитикалық шолу мен бағалау түрінде шешім шығаруы тиіс.
Диплом
жұмысында
көрсетілген
ұсыныстар
мен
кепілдемелерді
дәйектендіріп және дәлелдеу керек.
Диплом жұмысында берілген мақсатты шешіп, зерттеу объектісінің
тапсырмасын оқи отырып, күрделі объектінің алуан түрлі байланыс түрлерін
және бірыңғаай теориялық суретке біріктіруді анықтайтын, объектіні тұтас
ашуға бағытталған және оның механизмін қамтамасыз ететін кешенді жүйелі
үйлесім қолдану қажет.
Жұмыста зерттелетін мәселелердің нақты ғылыми, техникалық,
экономикалық және өндірістік тапсырмалардың жүйелі үйлесімі, олардың
шешімінің бағыты көрстеілген ұстанымының терең талдауы берілуі қажет.
Диплом жұмысында кешенді жүйелі үйлесімді қолданудың дәлелі, ол,
бағалау құны немесе экономикалық баға және диплом жазушының
әлеуметтік тиімді құрастырылған кепілдемесі пен ұсыныстары болып
табылады.
Диплом жұмысы ол шығармашылық жұмыс болып табылады,
сондықтан құрамында ғылыми-зерттеу ізденісінің элементтері болуы тиіс.
Бұнда бітіруші өзінің шығармашылық ойлай білуін және ғылыми-зерттеу
жұмысына
деген
қабілетін,
практикалық
мәселелердің
өзіндік
шығармашылық шешімін, қазіргі құқықтық және нормативті әрекет пен
зерттелетін мәселелердің қазіргі әдіс-тәсілдерін есепке ала отырып көрсету
керек. Егер студент Университетте оқып жүріп ғылыми-зерттеу жұмысына
қатысса, ғылыми зерттеудің қорытындысы диплом жұмысының тақырыбына
қатысты болса, онда ол жұмыста көрсетіліп және ойша дамуы мен жалғасы
болып табылады.
Диплом жұмысын орындауда қойылатын негізгі талаптарға келесі
ережені енгізу қажет:
- Қазақстан Республикасының актілеріндегі заңдарына сәйкес,
зерттелетін экономикалық мәселелердің мазмұнын ашу;
- қарастырып отырған тақырыпқа қатысты жаңа нормативті
құжаттарды қолдану;
- ұйым жүйесінің қызметін зерттеу, кәсіпорынның өндірістік-
экономикалық менеджментін, кәсіпорынның коммерциялық қызметін
жоспарлау;
- диплом жұмысын орындауда бірнеше жыл бұрынғы (3-5 жыл)
динамикадағы деректі мәліметтерді қолдану;
- экономикалық-математикалық моделдер мен әдістер, ПК-лер қолдану;
- диплом жұмысы бойынша көтерілген пікірталас сұрақтарына әр түрлі
көзқарастар мен студенттің өзіндік ұстанымын дәлелдеу;
- кәсіпорынның өндірістік-экономикалық, қаржы және сауда қызметін
жетілдіру туралы нақты ұсыныстарды қалыптастыру;
- диплом жұмысында есептік-графикалық бөлімнің болуы.
Зерттеу кезіндегі соңғы қорытынды жұмыстар талапта сай толық
сәйкес келу керек.
Диплом жұмысын орындауда келесі кезеңдер қосылған:
- тақырып таңдау және оны бекіту;
- жұмыстың жоспарын және оны орындаудағы күнтізбелік кестесін
құрастыру;
- теориялық материалдарды талдау және жариялау, жинау, құқықтық,
нормативтік, техникалық және технологиялық құжаттар, жоспарлық пен
жобалық мәліметтер, белгілі қаржылық, есептік, статистикалық және шұғыл
есептеп, еспке алу;
- практикалық материалдарды талдау және жариялау, жинау;
- жұмысты көркемдеу;
- диплом жұмысының жетекшісінен пікір алу;
- жұмысқа жазбаша түрде пікір жаздыру;
- жұмысты кафедраға тапсыру және жұмысты қорғауға жіберу;
- қорғауға дайындалу және жұмысты қорғау.
2.3 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау
Диплом жұмысының тақырыбы мамандыққа байланысты бір немесе
бірнеше шынайы мәселелерді құрастыру болып табылады.
Диплом
жұмысының
тақырыбын
таңдау,
тәртіп
бойынша
кәсіпорындардың (ұйымдар немесе мекемелер) тапсырысымен анықталады.
Сонымен қатар, студент диплом жұмысының тақырыбын рефераттар жазу
Достарыңызбен бөлісу: |