Дипломдық жобалау 5В050600 «Экономика» мамандығының бакалавриат бітіруші курс студенттері үшін



жүктеу 354,1 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата05.03.2018
өлшемі354,1 Kb.
#11629
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

кезінде  оқудың  алғашқы  баспалдағынан  бастап,  жоғары  курстардағы  оқу 

үдерісі  кезінде  ғылыми-зерттеу  жұмысын  жүргізу,  өндірісте  кәсіби 

тәжірибені өткізу кезінде қалыптастырып, өз бетінше таңдап алуға құқылы.  

 Күндізгі  бөлімде  оқитын  студенттер  диплом  жұмысының  тақырыбын 

өндірістік  (диплом  алдында)  тәжірибенің  алдында,  ал  сырттай  бөлімде 

оқитын студенттер соңғы сессия кезінде таңдайды. 

Диплом  жұмысының тақырыптарында экономиканың қазіргі жағдайы, 

кез-келген  мәселені  жан-жақты  шешуі,  ғылым    мен  техниканың  даму 

болашағы  айқын  көріну  керек.  Кәсіпорын  (ұйым)  мәліметтерімен 

орындалатын  диплом  жұмысының  тақырыбы,  сол  кәсіпорында  (ұйымда) 

шешілетін  тапсырмаларға  жақын  болу  керек.  Сырттай  бөлімде  оқитын 

студенттер  диплом  жұмысының  тақырыбын  өздерінің  өндірістік  қызметіне 

байланысты етіп жасайды.  

Кешенді  диплом  жұмысын  жасауда  бір  мамандықтан  екі  немесе  одан 

да  көп  студент  болуы  мүмкін.  Соның  ішінде  ортақ  мақсат  негізінде  әр 

студенттің нақты тапсырмалары анықталады.   

Диплом    жұмысының  тақырыбын  таңдар  алдында  келесі  ережелерді 

қолдану керек:  

-  мамандықтың бағыты мен тақырыптың сәйкес келуі; 

-  тақырыптың жаңашылдығы және өзектілігі; 

-  кәсіпорын 

(ұйым) 


үшін 

диплом 


жұмысының 

тәжірибелік 

құндылығының 

нәтижесі, 

жұмыс 

сол 


мәліметтер 

бойынша  

орындалады; 

-  жұмыста  жаңа  зерттемелерді,  берілген  статистикаларды,  құқықтық 

және нормативтік актілерді оқу және бейнелеу қажеттілігі. 

Бітіртуші  кафедралармен  уақытымен  нақтыланып  отыратын  диплом 

жұмысы  тақырыбының  үлгілері  А  қосымшасында  келтірілген.  Диплом 

жұмысының тақырыбын нақты бекіту студенттің жазбаша түрде өтініш жазу 

негізінде  іске  асырылады  (Б  қосымша)  және  кафедра  ұсынысымен 

университет  ректорының  бұйрығымен  бекітіледі.  Бұл  бұйрықта  диплом 

жұмысының  жетекшісі  бекітіледі.  Диплом  жұмысының  жетекшісі  ретінде 

бітіртуші кафедраның оқытушысы (немесе университеттің басқа кафедрасы), 

сондай-ақ  кәсіпорынның  осы  бағытта  тәжірибесі  бар  басшы  немесе  жоғары 

мамандандырылған маманы бола алады.  

 

2.4 Диплом жұмысының орындалуы 

 

 

Диплом  жобалау  кезінде  бітіртуші  кафедра  студенттің  диплом 



жұмысын орындауына жағдай жасайды:  

-  ғылыми жетекші және кеңес; 

-  қажетті әдістемемен қамтамасыз ету; 

-  деркеті мәліметтерді алуға және оларды іске асыруға көмектесу; 

Ғылыми жетекші: 

-  диплом жұмысын орындауға арналған тапсырмалар береді; 

-  күнтізбелік кестесін құрастыруға және оны орындауға көмек көрсетеді; 



-  жұмыстың  тақырыбына  байланысты  әдебиеттер  мен  басқа  да 

мәліметтерді ұсынады; 

-  кестеге сәйкес кеңестер жүргізеді; 

-  жұмыстың  орындалуын  жүйелі  түрде  бақылап  және  оның  жағдайы 

жайында кафедраға мағлұмат береді; 

-  біткен диплом жұмысына толық мәлімет береді. 

Бітіртуші  кафедра  жұмысқа  бөлінген  ғылыми  жетекшіні,  уақыт 

бойынша  диплом  жұмысының  әр  бөліміне  байланысты  кеңесшіні  шақыруға 

құқылы.  Кеңесші  ретінде  университеттің  және  басқа  да  жоғары  оқу 

орындарындағы  оқытушылар,  ғылыми-зерттеу  институттарында,  арнайы 

консалтингтік  және  рейтингтік  орталықтарда  (компанияларда),  кәсіби 

қоғамдық 

ұйымдарда, 

тренинг-орталықтарда, 

әр 

түрлі 


меншікті 

кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемлерде тәжірибелік және ғылыми қызметті 

іске асыратын мамандыққа сәйкес маман иесі бола алады.  

Күндізгі  бөлімде  оқитын  студенттің  диплом  жұмысының  бөлігі  

өндірістік  (диплом  алдындағы)  тәжірибені  өту  кезінде  орындалады.  Соған 

орай студент жұмыстың тақырыбына сәйкес: 

-  экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да зерттеу 

нысанасының  ерекшеліктерімен  (кәсіпорын,  ұйым,  банктер  және  т.б.) 

танысады; 

-  тәжірибелік мәліметтерді жинайды, оқиды және толықтырады; 

-  олардың негізіне сәйкес қорытынды жасайды; 

-  зерттеу  нысанының  нақты  жұмыс  бағытын  жетілдіріп,  оны  жұмыс 

орнында  тәжірибелік  жетекшілерімен  немесе  арнайы  мамандармен 

ақылдасады. 

Диплом жобалау кезінде студент: 

-  ғылыми  жетекшісімен  бірге  зерттеуге  жататын  бірталай  мәселелерді 

анықтап,  диплом  жұмысының  жоспары  мен  оны  орындауға  арналған 

күнтізбелік жоспарын құрастырады;   

-  әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс жасайды; 

-  алғашқы мәліметтерді  жинап және талдайды; 

-  ғылыми  жетекшімен  байланыста  болып,  жұмыстың  орындалуы  жайлы 

баяндап отыруы керек; 

-  бөлек  тарауларды  жазу  мөлшеріне  байланысты  жұмысты  ғылыми 

жетекшіге тексертуге береді;  

-  алған түзетулерге сәйкес жұмысты түзетеді және толықтырады;  

-  берілген  уақытында  жұмыстың  даярлығы  жөнінде  жетекші  алдында, 

қажет жағдайда кафедра алдында есеп береді. 

Одан  кейін  диплом  жұмысын  безендіру  талабына  сәйкес  есептік-

анықтама жазбасы мен диплом жұмысының графикалық бөлігі безендіріледі.  

Жұмыстағы 

ақпараттың 

шыншылдығы 

мен 

қабылданған 



дәйектемелердің шешіміне дипломшы-студент жауап береді.  

 

 

 


2.5 Әдебиеттерді іріктеу, нақты матриалдарды жинау және жүйелеу 

 

Студент диплом жұмысының тақырыбын таңдағаннан кейін өз бетінше 

әдебиеттер жинайды. Әдебиеттерді таңдау кезінде бағалау қызметінің қазіргі 

тәжірибесіне,  сондай-ақ  кәсіпорынның  экономикалық  жүйесіне  оған  қоса 

мерзімді басылымдарға, соңғы жылдардағы әдебиеттерге көңіл аудару керек. 

Библиографиялық  негіздерге  сүйенуге  болады.  Жұмысты  нақты  әдебиеттер 

көзімен  негізгі  оқуға  қажетті,  содан  кейін  тақырыпты  өз  бетінше  ашу  үшін 

мақсатты түрде жинақы бастау керек.    

Әдебиеттермен танысу үшін негізгі ережені сақтау керек. Тақырыптың 

негізгі теориялық ортақ аспктісін алып, зерттеліп жатқан мәселенің маңызын 

ашу үшін, атақты экономистердің, бағалау мамандарының, отандық және шет 

елдік  авторлардың    монографияларымен  танысып  бастау  керек.  Одан  кейін 

оқулықтағы 

мәліметтер 

мен 

оқу 


құралдарын, 

сондай-ақ 

мерзімді 

басылымдарды  қарастыру  керек.  Жұмыстың  жеке  ережесі  анықтамалықтар 

мен басқа да  әдебиеттер көзінен сандық мәліметтермен суреттелген, сондай-

ақ,  әр  түрлі  авторлардың  нақыл  сөздерін  ала  отырып,  сәйкесінше  сілтеме 

жасау  керек.  Диплом  жұмысының  баяндамасы  нақты  болу  қажет  және 

бағалаудың,  есептеудің,  басқару  есебінің  және    ҚР-ның    талдауының 

тәжірибелік қызметіне сүйену керек.  

 

2.6 Диплом жұмысының мазмұны 

 

Таңдалып  алынған  тақырып  пен  жинақталған  әдебиеттерге  сәйкес 

диплом жұмысының жоспары құрастырылуы қажет. Ол диплом жұмысының 

мазмұны  мен  маңызын  ашады.  Жоспар  құрастырар  кезде  бөлек-бөлек 

бөлімдердің мазмұнын анықтап және оған сәйкесінше атау беру керек. Одан 

кейін  олардың  әр  қайсысының  мазмұнын  ойластырып  және  бөлімде 

қарастырылатын  мәселе  ретінде  жалғастырушы  тарауша  түрінде  белгілеу 

керек. Диплом жұмысының жоспарын құру В қосымшасында  мысал ретінде 

берілген.  

Диплом  жұмысы  есептеп-анықтау  жазбасынан  және  графикалық 

бөлімнен тұрады.  

-  титул беті; 

-  диплом жобасына тапсырма;  

-  мазмұны; 

-  кіріспе; 

-  негізгі бөлім (тарау мен тарауша);  

-  қорытынды;  

-  әдебиеттер тізімі;  

-  қосымша.  

Графикалық бөлім диплом жұмысын қорғау кезіндегі демонсртациялық 

мақсатына арналған және ол слайд нұсқасы ретінде орындалу керек.   

Әдеби  және  басқа  да  құралдардың,  сондай-ақ    олардың  авторларының 

мазмұнын  мазмұндай  отырып,  студент  нақты  және  тиянақты  нұсқау  беру 



жүктеу 354,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау