АBSTRАСT
In this diploma project, the market value of an individual residential building located in the 12th microdistrict of Aktau, Mangistau region, is determined. When determining the value of real estate, using the currently used methods of real estate valuation, we followed the principles of valuation and determined the market value of the object of diploma design. The law On evaluation activities in the Republic of Kazakhstan, state standards of the Republic of Kazakhstan on evaluation, legal documents and regulations were used in the assessment work.
The text part of the project describes the methods of valuation, real estate valuation, qualitative properties of parametric indicators taken into account in the assessment, and reviews of the literature. The text of the project is given in sequence with comments.
The diploma project consists of 48 pages typed in electronic form. Of these, 12 tables, 7 figures and 25 sources of literature.
Keywords: Mangystau region, real estate valuation, housing market of Aktau, socio-economic development, housing stock.
Мазмұны
Кіріспе
|
8
|
1 Жылжымайтын мүлік түсінігін, бағасын және бағалау әдіс түрлерін сипаттау
|
10
|
Жылжымайтын мүлік түсінігі және бағасы
|
10
|
1.2 Жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін факторлар
|
11
|
1.3 Жылжымайтын мүлік құнын анықтау әдістерін таңдау
|
14
|
Бағаланатын жылжымайтын мүлік орналасқан елді-мекеннің жалпы сипаттамасы
|
17
|
2.1 Бағаланатын нысанның орналасқан жері туралы сипаттамасы
|
17
|
2.2 Әлеуметтік-экономикалық жағдайы
|
17
|
2.3 Демографиялық жағдайы
|
19
|
2.4 Инфрақұрылымы
|
20
|
2.5 Өндірісі
|
21
|
Жылжымайтын мүлік нысанын салыстырмалы әдіс арқылы бағалау
|
22
|
3.1Жылжымайтын мүлік нысанын сатудағы ескерілетін қағидалар
|
22
|
3.2 Бағалау нысанының жалпы сипаттамасы және оны бағалау
|
25
|
3.3 Орналасқан ауданына байланысты бірінші нысанмен салыстыру мақсатында екінші тұрғын үйдің құнын салыстырмалы әдіс арқылы анықтау
|
32
|
Қорытынды
|
42
|
Қолданылған әдебиеттер
|
44
|
Қосымшылар
|
45
|
КІРІСПЕ
Жылжымайтын мүлік экономикасының проблемалары кең ауқымды, күрделі мәселелер жиынтығын қамтиды. Олардың Қазақстан ұлттық экономикасының рыноктық қатынастарға өтуі және сол қатынастар жағдайындағы іс-әрекеттерге байланысты туындайтын көптеген сұрақтарға жауап іздеу барысында шешу қажеттілігі алдымызда тұрғаны анық. Бұл мәселелердің негізгі тобын жылжымайтын мүлік объектілерін жалпы экономикалық проблемалар аясында сараптау және зерттеу мәселелері құрайды.
Дипломдық жұмысына таңдап алынған тақырыптың маңыздылығы кез келген меншік иесі жылжымайтын мүлікті басқа жылжымайтын объектімен салыстыра отырып, оның нарықтағы нақты құнын білуге мүмкіндік береді. Берілген дипломдық жоба тақырыбы – «Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 12 шағын ауданда орналасқан жеке тұрғын үйдің кадастрлық құнын анықтау».
Берілген дипломдық жоба жұмысының негізгі мақсаты– жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтауда, бағалаудың салыстырмалы тәсілін қолдана отырып ықтималды құнды анықтау.
Дипломдық жобада төмендегідей міндеттер қарастырылады:
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың негізгі принциптері мен әдістерін негіздеу;
Берілген жылжымайтын мүлік нысаны мен меншік құқығына сипаттама беру;
Жылжымайтын мүлік нысанын бағалаудың тәсілін қолдану арқылы бағалау жұмысын жүргізу;
Жылжымайтын мүлік нарығы және оның ерекшеліктерін негіздеу.
Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының дамуымен байланысты көптеген азаматтар, кәсіпорындар және ұйымдар жылжымайтын мүлік операцияларына белсенді түрде қатысып, бірегей нарықтық кеңістікті құрауда. Қазіргі кезде нарықтық экономика элементтері арасында өндіріс құралы ретінде қолданылатын жылжымайтын мүлік маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлік кез келген қоғамның экономикалық және әлеуметтік - мәдени өмiрiнде ерекше орынды иеленіп, ең маңызды экономикалық қор ретiнде қолданылады. Жылжымайтын мүлiк еншiсіне дүниелiк байлықтың елу пайызы дәл келедi, сондықтан жылжымайтын мүлiк - әлемдегі кез келген елдің ұлттық байлығының ең маңыздысы, нарықтық қатынастардың барлық жүйесінің көрсеткіші болып табылады. Жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасу ерекшеліктерін жылжымайтын мүлік сферасындағы меншік құрылымы, тұрғын үйді тұтынуда жылжымайтын мүлікті қаржыландыру жүйелері мен салық салу ерекшеліктері сияқты сипаттамалары анықтайды.
Жылжымайтын мүлік нарығын орнықтыру, тұрғын үй кешенін қалыптастыру мен дамыту мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде халықтың өмір сүруі мен қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталады. Сонымен қатар жұмыстың өзектілігі жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негізгі жағдайларға Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлік рыногын жетілдіру бағдарламаларын айқындау мен оны тәжірибе жүзінде тану мүмкіндігі. Сондай-ақ жеке меншік тұрғын үйді иемдену әрбір жанұя үшін бірінші қажеттілік болып саналады. Тұрғын үйді қаржыландырудың бұрынғы кеңестік жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың дәстүрлі жүйесі – мемлекеттік тұрғын үй құрылысы үшін бюджеттік ресурстарды орталықтан бөлу және тұрғын үй шарттарын жақсарту қатарында тұрған азаматтардың арасында тегін бөлу болып табылады. Тұрғын үй құрылысын бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету шартында тұрғын үйді иемдену үшін қаражаттардың негізгі көздері халықтың жеке қаражаттары, сонымен бірге банктің несиелері жатты. Осындай шарттарды тұрғын үй құрылысына халықтың ұзақ мерзімді несиеге қажеттілігі туындайды. Көптеген шетел елдерінің тәжірибесі мемлекеттік саясатты енгізу және дұрыс ұйымдастыру тұрғын үй рыногын маңызды деңгейде анықтайтын және қамтамасыз ететін өзін-өзі қаржыландыратын жүйеге ақырындап трансформацияланатынын дәлелдейді. Халық тарапынан төлем қабілетті сұраныстың кенет кеңеюі жаңа құрылысты белсендіреді, құрылыс материалдарын шығару, маманданған техника жоғарылайды, жаңа жақсы архитектуралық жобалар, экономиканың көп салаларының тез дамуына әкелді. Зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселені әрі қарай теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасының алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге бағыталған.
Достарыңызбен бөлісу: |