Дипломдық жобаға ТҮсiнiктемелiк жазба 5В090700 «Кадастр» Орал 2020


Бағалау нысанының жалпы сипаттамасы және оны бағалау



жүктеу 1,41 Mb.
бет14/17
Дата11.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#32275
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ДИПЛОМ Нұржанова (1)

3.2 Бағалау нысанының жалпы сипаттамасы және оны бағалау
Жоғарыда атап айтқандай, бағалаудың үш бағытының ішінен, салыстырмалы бағалау таңдалып алынған болатын. Бағалау нысаны – Ақтау қаласы 12 шағын аудан 174 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Бағалау объектісін қараған уақытта тағайындалуы бойынша пайдаланылуда және өте жақсы жағдайда болған.

Салыстырмалы көзқарас шеңберіндегі есеп пен одан арғы талдау үшін іріктелген бара бар объектілерді іріктеу коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында ұсынылатын бағаланатын жылжымайтын мүлікке бара бар ұсыныстардың бағасын көрсету арқылы ақпараттық базаны ұсынады. Ақтау қаласының картасындағы бағаланатын нысанның бағдарлық орналасқан орны және бағаланылатын нысанның фотосуреттері А қосымшасында көрсетілген. Сонымен қатар осы бағаланатын нысанға тек сол аудандағы жеке үйлерді салыстырмалы түрде алып ғана қоймай, сонымен қатар сол қаланың басқа да ауданында орналасқан екі қабаттан құралған жіне аудандарыда шамалас екінші жеке үйді ала отырып, қаншалықты нарықта аудан немесе басқа да параметрлері жағынан өзгеретіндігін салыстырып қарастырдық. Екінші салыстырмалы түрде бағалануға алынған нысанның фотосуреттері Б қосымшасында көрсетілген.

Жылжымайтын мүлікті бағалау барысында бірқатар техникалық тапсырмасы беріледі, жылжымайтын мүліктің техникалық жағынан бағалануын жүргізу шарттары қарастырылады. Осыған байланысты төмендегідей реттілікті 1- кестеде келтіреміз.

Кесте – 1 - Техникалық тапсырма және бағалауды өткізу шарттары




1

Нысан атаулары

Бес бөлмелі тұрғын үй

2

Нысанның орналасқан орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 174 үй

3

Бағалау мақсаты

Нарықтық бағасын анықтау

4

Бағалау түрі

Міндетті

5

Бағалаудың міндеті

Қарызды қамтамасыздандыру үшін

6

Бағалау күні

2016жылдың 06 ақпаны

7

Көзбен шолып байқау күні

2016 жылдың 06 ақпаны

8

Есепті құрастыру күні

2016жылдың 06 ақпаны

9

Бағалауды өткізудің негізі

2016жылдың 06 ақпан № 76 шарты

10

Бағалау мүлкінің идентификациясы

Жылжымайтын мүлік

11

Мүліктік құқықтыңидентификациясы

Жеке

12

Қойылатын құнның базасын және типін анықтау

Нарықтық

13

Нысанның арнайы пайдаланылуы

Тұрғын жай

14

Пайдалану шарты

Нысанның мақсаты бойынша пайдаланылады және тұрған жағдайы өте жақсы

15

Талдаудың жақсысы және тиімді пайдалану

Ағымдағы пайдалану

Берілген кестеде көрсетілгендей бағаланатын нысан бес бөлмелі жер үй болып табылады. Нысанның орналасқан ауданы Ақтау қаласындағы қоныстаушылық деңгейі жоғары, жеке жер үйлермен құрылыстанған аудан болып табылады. Нысанды бағалау мақсаты нарықтық бағасын анықтаудан тұратындықтан бағалаудың түрі міндетті болып келеді. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың шарты оның мақсаты бойынша пайдаланылатындығын және тұрған жағдайының қанағаттандырылатындығын көрсетеді.

Бағаланылатын нысанның сыртқы және ішкі жай күйі, оның комуникациялары және тағыда басқаларының сипаттамалары 2-кестеде көрсетілген.

Кесте – 2 – Нысанның сипаттамасы






Атаулары

Нысанның сипаттамасы

1


Орналасқан орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 174 үй



2

Үйдің сыртқы жағдайы

Өте жақсы

3

Кіре берістің сыртқы күйі

Өте жақсы

4

Коммуникациялар

Жеке электрленген, гандандырылған, кәріз құбыры, салқын және ыссы сумен қамтылған, жылытылады.

5

Салынған жылы

2010ж.

6

Қабат (қабаттық)

2қабатты жеке үй

7

Жалпы ауданы, тұрғын, ас үй

Жалпы – 200 ш.м., тұрғын – 105 ш.м., ас үй – 16 ш.м.

8

Қабырға материалы

Қызыл кірпіш

9

Аралық жабын тақта

ГВЛ

10

Бағалау нысанының жай күйі

өте жақсы

11

Жоспарлануы

Жақсартылған

12

Телефон

Өзіндік нөмір

13

Жедел саты

Бар

14

Балкон

Әйнектелінген

15

Санторап

Бар

16

Қоқыс жинағыш

Жоқ

17

Жақын жатқан экологиялық аумақ

Жақсы

Бағаланылатын нысанның ішкі және сыртқы жай күйі өте жақсы. Жымжылайтын мүлік толықтай электрмен, газбен, салқын және ыссы сумен қамсыздандырылған. Бағаланатын нысанның ауданы жалпы ауданы 200 кв.м құрайды. жалпы жылжымайтын мүлік экологиялық жағынан оңтайлы ауданда орналасқан.

Бағаланыланатын жылжымайтын мүлік нысаны тұрғын жай жайлылығы үшін ішкі жасақталу ерекшеліктеріне ие болады. Мұндай сипаттамалары 3-кестеде көрсетілген.
Кесте – 3 – Нысанның ішкі жасалуы




Атауы

Нысаның сипаттамасы

1

2

3

1

Терезе рамасы

Металл-пластикалық жақтау, ағаш жақтау

2

Есіктер

Ағашесік

3

Қабырға жасалуы

Түс қағаз

4

Төбе (жасалуы)

Екі қабатты төбе

5

Едендер

ламинат

6

Ас үй

Қабырға – ½ кафель, түс қағаз, төбе – левкас, еден – кафель

7

Дәліз

Қабырға –түс қағаз, төбе – левкас, еден – ламинат

8

Тұрғын бөлме

Қабырға – түс қағаз, төбе – левкас, еден – ламинат

9

Санторап

Төбе левкас, еден – едендік кафельді тақтай

Бағаланылатын нысанның ішкі жасақталуының ерекшеліктері тұрғын жай нысанның нарықтық талаптарына сәйкес былай көрсетіледі: бөлмелердің терезелері, есіктері, қабырғалары, едендері және төбелері замануи жасақтаулардан тұрады.

Бағаланылатын нысанның орналасқан орнындағы маңызды көрсеткіштерін және олардың үлесімен сипатын 4-кестеден көрсетуге болады.
Кесте – 4 – Орналасу ауданы бойынша ақпараттар


Көрсеткіш

Көрсеткіштің үлесі және сипаты

Бағаланатын нысанның қаралу күні

2016 жылдың 06 ақпаны

Инфрақұрылымы

Дамыған

Әлеуметтік инфрақұрылым нысаны

Дүкен, мектеп, саяжай және т.б.

Түтін, балшық, шу – деңгейі

Орташа

Өнеркәсіп өндірісінің үлесі

Жоқ

Ауданның даму қарқыны

Жақсы

Жылжымайтын мүліктің орналасқан ауданы бойынша кестеде көрсетілген ақпараттарға сүйене отырып, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының дамығандығын, өнеркәсіп өндірісі үлесінің жоқ екендігін байқауға болады.

Жылжымайтын мүліктің бағалануына қарай нарықтық құнына қатысты түзету реттіліктері 5-кестеде келтірілген. Бұл кестеде түзету қатынастарын көрсету мақсатында шартты түрде салыстырылатын үш нысанға мысал келтірілген.


Кесте – 5 – Бағаланатын нысанның құнын түзету кестесі




Сипаттамасы

Бағаланатын нысан

Салыстырылатын нысандар

№1 нысан

№2 нысан

№3 нысан

1

2

3

4

5

Орналасқан орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 174 үй

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 114 үй

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 73 үй

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, 42үй

Телефон

-

87778769845

87478996776

87756453421

Ақпарат көзі

«Ақтау сату»

желілік сайт бойынша


-

Желілік сайт

Желілік сайт


Желілік сайт



Берілген күні

-

03.02.2015ж.

03.05.2014 ж.

03.05.2014ж.

Бөлмелер саны

5

6

5

5

Құрылыс типі

кірпіш

кірпіш

Кірпіш

панель

Қабат

2

2

2

2

Жалпы ауданы ш.м.

200

230

220

200

Ас үй ауданы ш.м.

16

19

20

16

Санторап

бөлінген

бөлінген

Бөлінген

бөлінген

Жоспарлануы

жақсартылған

жақсартылған

Жақсартылған

жақсартылған

Жағдайы

Жеке қаланған үй

Жеке қаланған үй

Жеке қаланған үй

Жеке қаланған үй

Бөлмелердің орналасуы

оқшауландырылған

оқшауландырылған

оқшауландырылған

оқшауландырылған

Техникалық жай күйі

өте жақсы

жақсы

өте жақсы

өте жақсы

Қосымша жабдықтар (қоқыс жинағыш, жедел саты)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Пайдалануға берілу мерзімі

2010

2008

2011

2013

5-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

АҚШ долл. шаккандағы құны

-

250 000

230 000

200 000

АҚШ долл. шаккандағы бағасы

-

1 087

1 045

1 000

Сату жағдайының түзету көлемі

-

-10%

-10%

-10%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 035

900

Берілетін құқықтары

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 035

900

Қаржыландыру жағдайы

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 035

900

Нарық жағдайы (сату күні)

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 035

900

Риэлтордың мүддесінің түзету көлемі

-

0%

-2%

-2%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Техникалық жай күйінің түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Конструкция типінің түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Қабаттылығының түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

5-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

Қосымша жабдықтардың түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Пайдаға берілу мерзімінің түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Сәулет-жоспарлау шешімінің түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

979

1 014

882

Ауданды түзету көлемі

-

-4%

-4%

-2%

Түзетілген баға ш.м.

-

940

973,44

864,36

Жағдайын түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

940

973,44

864,36

Бөлмелердің орналасуының түзету көлемі

-

0%

0%

0%

Түзетілген баға ш.м.

-

940

973,44

864,36

Түзетпенің есебінен ш.м. орташа құны

926

-

-

-

Ескерту: түзетпе көлемі -5%-тен + 5% дейін, яғни (-, +, +/-)

Жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы ш.м.

200

-

-

-

АҚШ $ құны

185 200

-

-

-

Теңгедегі құны

62597 600

-

-

-

АҚШ $ курсы

338

-

-

-

Берілген кестеде тұрғын үй нысанының жоспарлану шарттары «Ақтау сату» желілік сайтынан алынған мәліметтер арқылы ұқсастықтары келтірілген. Салыстырылатын нысандардың барлығы бес және алты бөлмелі жеке үйлер болып табылады және бір бағалау ауданының шеңберінде орналасқан. Мәселен, сатудың шартын түзету көлемі салыстырылатын нысандардың барлығы бойынша -10% құрайды. Демек, мұндай жағдайдың қалыптасқандығы бағаланылатын нысанның түзету реттілігінің дұрыс екендігін көрсетеді. Сонымен қатар жеке тұрғын үй нысанының қанша қабаттан құралғандығы салыстырмалы түрде бағалауда маңызды рөл атқарады. Қарастырылып отырған жеке тұрғын үй нысаны екі қабаттан тұрады. Жалпы салыстырмалы әдісті қолдану арқылы бір ауданда орналасқан үш бірдей екі қабаттан құралған жеке тұрғын үйлерді желілік сайттан ала отырып барлық жағдайларын ескере отырып салыстырдық; соның негізінде 200ш.м тұратын біздің жылжымайтын нысанның нарықтағы бағасы 185 200 АҚШ долларын құрап отыр, ал тенгеге шаққанда сол кездегі курс бойынша (338$) 62 597 600 (алпыс екі миллион бес жүз тоқсан жеті мың алты жүз) тенгені құрап отыр.

Әрмен қарай, осы жылжымайтын нысанның жоғарыда аталған барлық сипаттамалырын есере отырып, есептелініп шығарылған бағасына оның орналасқан ауданыны да сәйкес екендігін дәлелдеу мақсатында, қаланың басқа ауданынан тағы бір жеке тұрғын нысанын алып, осы әдіс арқылы құны есептелінді.


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау