Дипломдық жобаға ТҮсiнiктемелiк жазба 5В090700 «Кадастр» Орал 2020



жүктеу 1,41 Mb.
бет11/17
Дата11.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#32275
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
ДИПЛОМ Нұржанова (1)

2.3 Демографиялық жағдайы
Егемендік жағдайында Республиканың экономикалық және саяси өміріндегі түбегейлі өзгерістер өңірдің демографиялық ахуалына әсерін тигізбей қоймады. Олар көбінесе келеңсіз үрдістердің де, оң үрдістердің де жиынтығы мен қарама-қайшылықтарының салдары болды, мұның өзі халықтың сан жағынан да, сапалық та сипаттамаларының өзгеруінен, оның Қазақстан аумағында орналасуынан және көші-қон үрдісінен көрініс тапты. Қазіргі кезеңде Қазақстан дүние жүзінің халық ең аз қонстанған елдерінің бірі болып табылады [18].

Қала халқының саны 10 жылда (1999-2009 жылдар) 25196 адамға (251859адамнан 277055 адамға дейін) яғни, 9,1 пайызға көбейді, облыс халқының жалпы санында қала тұрғындарының үлесі 1999 жылғы 40,7 пайыздан 2009 жылы 46,3 пайызға артты. Ауыл халқының саны санақ аралық 1999-2009 жылдарда 44225 адамға (365511 адамнан 321286 адамға), яғни 12,1 пайызға төмендеді, ал ауыл тұрғындарының халық құрамындағы үлесі 5,6 пайызға (59,3 пайыздан 53,7 пайызға) төмендеді.

2009 жылдан 2011 жылға дейін облыс халқының саны 9977 адамға артты. Маңғыстау облысы халқының саны 2011 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентігінің ағымдағы деректері бойынша 608318 адам болды. 2011 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының құрамындағы ауыл тұрғындарының үлес салмағы 52,3 пайызды құрап, 318318 адамға жетіп отыр.

2011 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының саны 290000 адамға өскен. Оның облыс халқының құрамындағы үлесі 47,7 пайызға артқан [19].

Қазақстан халқының этностық құрамы көп ауқымдағы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол республиканың тарихи дамуы ерекшелігі салдары болып табылады. Мәселен, кеңестік кезеңде ғана халықты тұрғылықты мекенінен қуу және күштеп қоныс аударту жолдарымен, индустрия алыптарын салу үшін ұйымдастырылған көшіріп әкелумен, кәсіпорындар мен жұмыс күштерінің орнын ауыстырумен, соғыс жылдары орасан жұмысшы күшін көшірумен, тың игеру кезіндегі еңбек көші-қондарымен т.б.жолдармен Қазақстан аумағына барлық республикалардан толып жатқан келімсектердің көшіп келгені белгілі. Мұның өзі байырғы тұрғылықты халықтың ұдайы қысқаруына және келімсек халықтың, негізінен еуропалық, әсіресе, орыс халқының сан жағынан еселеніп өсуіне әкеп соқты.

Егемендік жылдары Қазақстаннан ТМД елдеріне және шалғай шетелдерге ондаған мың келімсектер көшіп кетуге ұмтылды, нәтижесінде

этникалық құрамында еуропалық халықтардың саны мен үлес салмағы қысқарды. Бұл жағдай Қазақстанның барлық аймақтарына тән болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрса, Маңғыстау облысында да көптеген ұлттардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Республикадағы сияқты, облыстағы басым ұлттар – қазақтар мен орыстар, олар облыстың этникалық құрылымында 35 пайызды құрайды, оның үстіне қазақтар санының және олардың облыс халқының құрамындағы үлесінің абсолюттік көбеюі және орыстардың осы көрсеткіштерінің 70 жылдардың аяғынан бастап азаюы үрдісі жалғасып отыр [20]. Қазақтар саны 1989-1999 жылдардағы санақтар арасындағы он жылда 47907 адамға көбейді, ал олардың халық құрамындағы үлесі 1989 жылғы 55,8 пайыздың орнына 1999 жылы 64,6 пайызды құрады.1999-2009 жылдардағы санақтар арасындағы он жылда қазақтар саны 33487 адамға көбейді, ал халық құрамындағы үлесі 1999 жылғы 64,6 пайыздың орнына 72,3 пайызды құрады. Қазақтар ежелден ауылдық жерлерде мол шоғырланды. Тәуелсіздік жылдары қазақтар елеулі түрде қалаға қарай қоныс аудару үрдісіне тап болды. Мысалы, егер қалада тұратын қазақтардың үлесі 1989 жылы 21,4 пайызға, 1999 жылы 24,9 пайызға, 2009 жылы 37,4 пайызды құрайды.

Орыстардың саны және олардың облыс халқының құрамындағы үлес салмағы қысқара түсуде. Мысалы, 1989-1999 жылдардағы кезеңде абсолюттік көрсеткіш 42496 адамға, 1999-2010 жылдары 38205 адамға азайды. Ал олардың халық құрамындағы үлесі 1989 жылы 34,4 пайызға, 1999 жылы 28,2 пайызға, 2009 жылы 22,7 пайызға дейін қысқарды. Украиндардың, татарлардың, белорустардың саны және олардың аймақтың ұлттық құрамындағы үлес салмағы қысқара түсуде. Қазақ халқының саны мен олардың облыс халқы құрамындағы үлесінің абсолюттік өсуі олардың табиғи өсіп-өнуі, қазақ емес халықтардың теріс миграциялық қалдығы және қазақтардың Ресейден, Өзбекстаннан және шалғай шетелден оралуы есебінен оң миграциялық өсіп-өнуі нәтижесін аңғартады. Орыстардың, украиндардың, белорустардың және немістердің саны олардың елден көшіп кетуі есебі мен табиғи өсіп-өнуінің төмен болуынемесе табиғи өсіп-өнудің құлдырауы салдарынан қысқарды [21].



жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау