Бет
ДЖ.5В071700.2016
Аннотация
В данном дипломном проекте предлагается проектирование
Шымкентской ТЭЦ.
На основе проекта легло полное энергообеспечение
жителей города и области. Реконструкция
включает в себя демонтаж ПТ-
80/100-130/13 ,с установкой двух ГТУ типа SGT – 700 – 50, двух котлов –
утилизаторов с дожигом ЗиОМАР и одной паровой турбины Т-50/60-8,8 ЗАО
«УТЗ».
Annotation
In this thesis project proposed projecting of Shymkent CHP. The project is
based on the total energy supply of the inhabitants of the city and region.
Reconstruction includes dismantling Tubin PT- 80/100-130/13, the installation of
two gas turbine-type SGT - 700 - 50, two boilers - heat recovery with afterburning
ZIOMAR and one steam turbine T-50/60-8 8 Company "UTZ".
Аңдатпа
Дипломдық жобада Шымкент ЖЭО жобалау ұсынылады.
Жоба
негізінде облыс және қала тұрғындары толықтай дерлік
энергиямен
қамтамасыз етіледі. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына ПТ- 80/100-130/13
турбиналарын бөлектеу, SGT-700-50 типті екі ГТҚ, екі қазан – ЗиОМАР
кәдеге жаратушысын және Т-50/60-8,8 ЖАҚ «УТЗ» бір бу трубинасын
орнату кіреді.
Бет
ДЖ.5В071700.2016
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................
1 Қолданыстағы ЖЭО-ның негізгі жабдықтары.........................
1.2 ЖЭО-ның орнатылатын негізгі жабдығы............................
1.3 Газ турбинасы.........................................................................
1. 4 Қазан-кәдеге жаратушы........................................................
1.5 Жылу көзіндегі бу мен судың теңгерімі..............................
2 Энергетикалық ГТҚ-ның жылу сызбасын есептеу.................
2.1 Біліктік ауа сығымдағыштағы жұмыс денесі араметрлерін
анықтау...........................................................................................
2.2 ГТҚ жану камерасының негізгі парамерлерінің жылулық
есебі...............................................................................................
2.3 Газ турбинасындағы жұмыс денесінің негізгі параметрлерін
анықтау......................................................................................................
2.4 ГТҚ көрсеткішінің энертгетикалық есебі…………..….…..
3 Өміртіршілік қауіпсіздігі………………………………....…….
3. Cтанцяда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру...............................
3.1 Ауа алмасу жүйесін есептеу…………………….…......…....
4. Экономикалық бөлім....................................................................
4.1 Жылдық шығындар бойынша калькуляция баптары бойынша
жалпы ЖЭО.............................................................................................
4.2Цехтық шығындар ....................................................................
Қорытынды......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................
Бет
ДЖ.5В071700.2016
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан өнеркәсіптің дамуына көп көңіл бөлуде. Жаңа
кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары салынуда. Соның себебінен қалаларда
энергия тапшылығы байқалуда. Ол үшін энергетика саласын дамыту
көзделуде. Дамыту барысында қалаларда жаңа ЖЭО-тар салынып жатыр.
Стансалардың көптеп салынуы – электр және жылу энергиясының көлемін
ұлғайтып, қаланы толықтай энергиямен қамтамасыз етеді. Дипломдық жоба
бойынша салынып жатқан ЖЭО-ы Шымкент қаласында орналасқан.
Жобаның басты мақсаты – Шымкент қаласындағы энергия тапшылығын жою
және тиімді нәтижеге қол жеткізу. Экономика бөлімінде тиімді бизнес-
жоспар жасалынып, салынуға қажет инвестиция көлемі анықталады.
Инвестицияның өтелу мерзімі де белгілі болады.
Қазіргі ЖЭО бірнеше кезеңдермен соғылды:
Бірінші кезекте, 1964 жылы Подольск зауытының өнімділігі 110 т/сағ
болатын ПК-20-2 типті 2 қазан агрегаты және қуаттылығы 12 Мвт болатын
ПТ-12-90 типті 2 турбиналы генератор орнатылды және іске қосылды;
Екінші кезекте, өнімділігі 110 т/сағ болатын ПК-20-2 типті 3 қазан
агрегаты және қуаттылығы 25 Мвт болатын ПТ-25-90 типті 2 турбиналы
генератор 1965-1968 ж.ж. орнатылды және іске қосылды;
Үшінші кезекте, әр қайсысының қуаттылығы 220 т/сағ болатын БКЗ-
220-100 типті 3 қазан агрегаты және қуаттылығы 42 Мвт болатын Т-42-90
болатын 2 турбиналы генератор 1978 ж. орнатылды және іске қосылды;
Төртінші кезекте, қуаттылығы 220 т/сағ болатын БКЗ-220-100 типті 1
бу қазандығы 1989 ж. орнатылды және іске қосылды;
Орнатылған электр қуаттылығы кеңейтілгеннен кейін 146 Мвт құрады.
Сапалы және физикалық ескірулеріне байланысты №1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8 қазан
агрегаттары, сонымен қатар №1, 2, 4, 5 турбиналы генераторлар жалпы
технологиялық айналыстан шығарылды және есептен шығарылды.
1998 жылға дейін қазандық агрегаттар үшін отын түрі ретінде
Өзбекстаннан келетін Ангерен қоңфр көмірлері қолданылды. 1998 жылы №6,
9 қазан агрегаттарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, содан кейін отын
ретінде мазут қолданылатын болды, ал 2008-2009 жж қайта жөндеу
жұмыстарынан кейін отын ретінде газ-мазут қолданылды.
Жобаның мақсаты мен міндеті - Оңтүстік Торғай ойпатының мұнай газ
кен орындарындағы ілеспе газды кешенді жою болды. Бұл өз кезегінде ілеспе
газды өңдеу есебінен мұнай өндіру кезінде отын-энергетика ресурстарын
тиімді қолдануға мүмкіндік береді және оны Шымкент қаласындағы
жекелеген тұрғын үй кешендерінің жылу-энергетика көздерінде қолдануға
болады.