37
тұрады, ал жел электр станцияларын пайдаланудың кемшілігі – желдің
тұрақты болмауы. Сондықтан электр энергиясымен автономды қамтамасыз
ету жүйелерінде біріктірілген электр энергиясымен қамту жүйелерін
пайдаланған дұрыс. Осылайша электр энергиясымен қамту жүйелерінің
кемшіліктерін жойып, артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік болады.
Қиыстырылған жүйеде электр энергиясының негізгі көзі болып жел
генераторы саналады. Ол күн фотопанельдерінен екі есе арзан тұрады. Ал жел
болмаған күндері электр энергиясы күн фотопанельдері арқылы өндіріледі.
Кейде мұндай жүйелер дизель генераторларымен жабдықталады. Бұл жоғары
сенімділікті береді және ол арзанға түседі. Күн батареялары үнемі электр
энергиясын өндіріп отыратындықтан аккумуляторлық батареялардың ескіру
уақытын төмендетеді. Қиыстырылған электр энергиясымен қамту жүйесінде
мына электр энергиясының көздері пайдаланылады: жел қондырғысы,
фотоэлемент, дизельді генератор, аккумуляторлық станция. Электр
энергиясының негізгі көзі ретінде жел қондырғысы және фотоэлемент
пайдаланылады. Аккумуляторлық батарея күн мен жел болмаған күндері
тұтынушыны электр энергиясымен қамту үшін пайдаланылады.
1.16 сурет – ҚЭЖ жүйесінің элементтерінің ғимаратта орналасу сұлбасы
1.5 Есептің қойылуы
Берілген дипломдық жұмысты орындау барысында мынадай мәселелер
шешілуі керек:
желдің соғуына қатысты жел генераторының өндіретін энергия
деңгейін анықтау;
ҚЭЖ жүйесінің жұмыс істеу сұлбасын құрастыру;
38
дизель генераторының автоқосылу функциясының басқару алгоритмі
мен блок-схемасы құрастыру;
дизель генераторының қосылуының автоматтандырылған басқару
жүйесін жасау;
басқару жүйесін құрастыратын программалық жабдықтама мен
контроллерді таңдау;
басқару жүйесінің интерфейсін жасау;
электр энергиясын тұтынушының бір күнде пайдаланатын электр
энергиясының көлемін есептеу;
осы
есептеулерге
сәйкес
электр
энергиясымен
қамтитын
қиыстырылған жүйенің элементтерінің параметрлерін есептеу;
электр
энергиясымен
қамтитын
қиыстырылған
жүйенің
элементтерінің параметрлеріне сәйкес мәліметтер қорынан қажетті
элементтерін: жел генераторы, күн фотопанельдері және дизель
генератор таңдау;
қажетті элементтер таңдалынып болған соң, электр энергиясымен
қамтитын құрастырма жүйенің толық бағасын есептеу;
экономика бөлімінде қиыстырылған жүйе арқылы өндірілетін электр
энергиясының 1 кВт
сағ бағасын анықтау және өміртіршілік
қауіпсіздік тапсырмаларын орындау;
электр қорғаныс үшін іс-шараларды жасау.
39
2 бөлім. Құрастырма электр жабдықтыру жүйесін басқару
2.1 Тұрғын үйдің ҚЭЖ жүйесін құру
Электр энергиясымен қамтудың қиыстырылған жүйесінің энергия көзі
ретінде мына құрылғылар қолданылады: жел қондырғысы, фотопанель, дизель
генераторы, аккумуляторлық станция. Негізгі электр энергиясының көзі
ретінде жел қондырғысы мен фотоэлемент қолданылады. Желсіз және күн
сәулесінің энергиясы аз болған күндері, тұрғын үйді электр энергиясымен
қамту үшін аккумуляторлық батареялар пайдаланылады.
Жел генераторы мен күн фотопанельдері өндіретін электр энергия
аккумуляторлық батареяға жинақталады және тұрғын үйді үзіліссіз электр
энергиясымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Егер жел генераторы
тұрғын үйді толығымен электр энергиясымен қамтамасыз ете алмаса, күн
фотопанельдері пайдаланылады. Осы екі электр энергиясының көздері бір
бірін толықтырып тұрады. Егер жел генераторы да, күн фотопанельдері
қажетті электр энергиясын өндіре алмайтын жағдайларда, қосымша электр
энергиясының көзі ретінде дизель генераторы пайдаланылады. Егер дәстүрлі
емес энергиясының көздерінің өндіретін электр энергиясы қажет етілген
электр энергиясының көлемінен артық болса, артық электр энергиясын сақтау
үшін аккумуляторлық батарея пайдаланылады. Аккумуляторлық батареяларда
сақталынған
электр
энергиясын
керек
кезінде
пайдаланылады.
Аккумуляторлық батареялар орталық электр энергиясының желілері арқылы
да қуаттанады. Қазіргі таңдағы тұрғын үй техникалары электр энергиясы
кернеуінің жоғарылап немесе төмендеуіне төзбейді, сондықтан олар көп
жағдайда істен шығып жатады. Орталық электр энергиясы желілеріндегі
кернеу өзгермелі, себебі трансформатор өз жұмысын өте үлкен жүктемеде
дұрыс орындай алмайды.
Тұрғын үйді электр энергиясымен қамтамасыз етудің бір амалы ретінде
қиыстырылған жүйені пайдалану керек. Өйткені оның құрамына дәстүрлі емес
электр энергиясының екі көзі, яғни жел генераторы және күн фотопанельдері
және дәстүрлі дизель генераторы кіреді. Осы құрылғылар тұрғын үйді электр
энергиясымен жыл мезгіліне, жүктемеге байланысты толығымен, автономды
қамтамасыз ете алады.