Дипломдық жобада құрастырма электр жабдықтыру (ҚЭЖ) жүйенің автоматтандырылған басқару жүйесін жасалды



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата11.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#3992
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

33

 

 



жылы жұқа қабыршақты фотоэлементтер нарықтың 6%-ын құраса, 2006 жылы 

бұл көрсеткіш 7%-ға жетті, ал 2007 жылы 8%-ға, ал 2009 жылы 16,8%-ға дейін 

өсті. Яғни 1999 жылдан 2006 жылға дейін жұқа қабыршақты фотоэлементтер 

өндірісі жыл сайын орташа есеппен 80%-ға өсіп отыр. Ал Күн энергиясының 

Еуропа елдерінде қолданылуына шолу жасасақ, 2010 жылы Германияда электр 

энергиясының  2%-ы  фотоэлектрлік  құрылғылардан  алынса,  Испанияда  бұл 

көрсеткіш 2,7%-ды құрайды.

 

Күн энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің 



өзекті  мәселелерінің  бірі.  Әсіресе,  бұл  мәселенің  түбегейлі  шешілуі  қазіргі 

уақытта  дүние  жүзінде  мұнай  мен  газ  секілді  отынның  күннен-күнге 

қымбаттауынан  туындап  отырған  негізгі  проблемалардың  толықтай  шешімін 

табарына  өз  септігін  тигізері  сөзсіз.  Себебі,  осыдан  50  жылдай  бұрын 

американдық  ғалым  Кинг  Хуббертс  айтқандай: «Мұнай  тек  оны  өндіруге 

кеткен электр энергиясы одан өндірілетін электр энергиясынан аз болған кезге 

дейін ғана электр энергиясының негізгі көзі ретінде саналады. Ал бұдан кейін 

мұнай  өндіру  оның  бағасына  қарамастан  тоқтатылады». Ғалымдарымызға 

бұл тұжырым «К. Хуббертстің заңы» деген атпен белгілі.

 

Көмірсутекті  өнімдердің  өте  көп  өндірілуі  климаттың  өзгеруіне, 



жылыжайлы  эффектінің  қалыптасуына  әкелетіні  шындық.  Аталған  жайттар 

Жер  шарының  көптеген  аймақтарында  қазірдің  өзінде-ақ  байқалып  отыр. 

Сондықтан  да  дүние  жүзі  ғалымдары  бұл  тығырықтан  шығудың  жолдарын 

ғылыми-тәжірибелік  тұрғыдан  қарастыруда.  ҚР  Ұлттық  инженерлік 

академиясының  академигі  Надир  Надиров  пікіріне  сүйенер  болсақ: «Күн 

энергетикасы  көмегімен  адамзатқа  төніп  тұрған  аталған  қауіптен  құтылуға 

болады».  Осымен  байланысты  ҚР-да  дүние  жүзіндегі  озық  тәжірибелерді 

пайдалана  отырып  мемлекет  тарапынан  электр  энергиясын  мұнай  мен  газға 

альтернативті  энергетика  ретінде  Күн  энергиясынан  алуға  баса  назар 

аударылып отыр [10]. 

 

 

 



1.12 сурет – Күн батареясының вольт-амперлік сипаттамасы 


34

 

 



 

 

1.13 сурет – Күн батареясындағы диодтардың сұлбасы 



 

 

 



 

1.14 сурет – Автономды күн электр станциясының сұлбасы 

 

1.3 Дизель генераторы 

 

1892  жылы  неміс  ғалымы  Дизель  Рудольф  дизельдің  ең  алғашқы 



моделін  ұсынды,  ол  тек  бір  минут  ғана  жұмыс  істеп  жарылып  кеткен.  1897 

жылы  Дизель  Рудольф  жоғары  қысымнан  жанатын  қозғалтқышты  жасап 

шығарды. Содан осы күнге дейін неміс ғалымы дизельдің құрметімен аталған 

қозғалтқыш адам қажеттіліктері үшін қолданылып келеді. Дизель генераторлы 

қондырғылар мынадай салаларда қолданылады: құрылыста, өнеркәсіпте, ауыл 

шаруашылығында.  Электр  энергиясын  қолданатын  барлық  шаруашылық 

салаларында осы қондырғылар пайдаланылады. Олардың қатарына аэро және 



35

 

 



теңіздік,  көлдік  порттар,  ауруханалардың  энергиялық  блоктары,  қорғаныс 

комплексінің  объектлері,  фермерлік  шаруашылықтар,  авариялық  энергиямен 

қамтамасыз  ету  жүйелері,  өнеркәсіп  орындары.  Дизель  генератордың 

құрамына  болат  рамада  орналастырылған  электр  энергиясын  өндіретін 

генератор  және  қозғалтқыш  кіреді.  Дизельді  қозғалтқыш  үш  фазалы  токтың 

синхронды  генераторын  қозғалысқа  келтіреді.  Қозғалтқыш  пен  генератор 

тікелей  фланцпен  және  муфтымен  қосылады.  Екі  тіректі  генератор  тікелей 

фланцпен  қозғалтқыш  арқылы  қосылғанда  пайдаланылады,  ал  бір  тіректі 

генератор 

қозғалтқышпен 

муфты 

қосылған 



кезде 

пайдаланылады. 

Құрылғының фундаментіне берілетін дірілді азайту үшін генератордың тіректі 

бетімен  қозғалтқыш  пен  рама  арасына  резина-металлдық  амортизатор 

қойылады.  Дизель  генераторлары  өте  ұзақ  уақыт  тоқтаусыз  жұмыс  жасай 

алады.  Осындай  дизель  генераторлар  үлкен  коттедждік  ауылды  электр 

энергиясымен  қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан  Дизель  генератор  көптеген 

ауылдық жерлерде электр энергиясының негізгі көзі болып табылады. Дизель 

генераторлары жанармай генераторларына қарағанда өте үнемді және сенімді 

электр  энергиясының  көзі  болып  табылады.  Дизель  генераторлары  ауамен 

және  сумен  салқындатылады.  Қазақстанда  ең  танымал  болған  Дизель 

генераторлары: SDMO, Geko, Endress [12].  

 

1.15 сурет – SKILLMAX 2DG дизель генераторы 



Стартер  –  4  сызықты  кішігірім  электр  қозғалтқышы.  Генератордың 

оталуындағы ең маңызды бөлшегі. Ол қозғалтқыштың ішкі оталуына қажетті 

айналымдардың  жиілігін  қамтамасыздандырады.  Стартер  тұрақты  тоқтың 

қозғалтқышы  болып  табылады  және  электр  энергиясын  аккумулятор 

батареяларынан  алады.  Аккумулятор  батареяларынан  алынған  тоқ  көзінен 

оның қуаты өседі. Аккумулятор батареяларындағы зарядты тез таусып қоймас 

үшін  және  стартер  айналдырғыштарын  күйдіріп  жібермеу  үшін  ол  2-3 

секундқа ғана қосылып, 5-7 секунд бойы тоқталым жасайды. Осы ретпен бұл 

цикл 3-4 рет қайталанады.  



36

 

 



 

1 – жетек білігі, 2 – алдыңғы қақпақ төлкесі, 3 – шектеуші сақина, 4 – 

басып озу жалғастырғышының ішкі сақиналы тістегершігі, 5 – басып озу 

жалғастырғышының шығыршығы, 6 – қосымша бетпен жетектің білікті тірегі, 

7 – планеталық тістегершіктің белағашы, 8 – төсем, 9 – тетіктің кронштейні, 

10 – жетектің тетігі, 11 – алдыңғы қақпақ, 12 – реле якорь, 13 – ұстайтын орам, 

14 – тартып алушы орам, 15 – тарту релесі, 16 – тарту релесінің штогы, 17 – 

тарту релесінің өзегі, 18 – байланыс пластинасы, 19 – тарту қақпағының 

релесі, 20 – байланыс болттары, 21 – “оң” мәнді щеткалардың шығысы, 22 – 

тұтқа, 23 – щеткаұстағыш, 24 – “оң” мәнді щетка, 25 – якорь білігі, 26 – тарту 

түйреуіші, 27 – төлкелі артқы қалпақ, 28 – жинауыш, 29 – корпус, 30 – тұрақты 

магнит, 31 – якорь өзегі, 32 – қосымша бетті якорь білігінің тірегі, 33 – 

планеталық тістегершік, 34 – орталық(жетелейтін) тістегершік, 35 – жүргізді, 

36 – ішкі зубьелермен тістегершік, 37 – сулықтың сақинасы, 38 – басып озу 

жалғастырғышының сыртқы сақиналы күпшегі. 

1.16 сурет – Стартердің сұлбасы 

 

1.4 Құрастырма электр энергиямен қамту жүйесі 

 

Барлық  электр  энергиясымен  қамту  жүйелерінің  кемшіліктері  бар. 



Жанармай тұтынатын электр энергиясын өндіретін құрылғылардың кемшілігі 

–  жанармайы  қымбат  тұрады,  күн  батареяларының  фотопанельдері  қымбат 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау