Ғимараттар ауданын есептеу
ТҚК мен АЖ аймағының және өндірістік бөлімшелерінің аудандары автомобильдің бекетте алатын орны мен құрал-жабдықтардың орналасу орнына байланысты анықталады.
ТҚК мен АЖ аймақтарының ауданы/1/:
(2.17)
мұндағы fa - автомобильдің габариттік ауданы, м2;
ХТҚК,АЖ – ТҚК мен АЖ жұмыс бекеттерінің саны;
КП = 6 – 7 - бекеттердің орналасу тығыздығы коэффициенті.
fa = 4,2 * 1,6 = 6,72 м2
F3 = 6,72*14*6,5 = 612 м2
Көмекші жұмыстар және күту бекеттері аймағының ауданы/1/:
(2.18)
мұндағы Хвсп(ож) = 6,72 * 8 * 6,5 = 349 м2
3.ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ
3.1. Диагностикалау учаскесінің жұмысын ұйымдастыру
Авосервисте қызмет көрсетілетін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тиімділігін арттыру үшін оларға қызмет көрсеткенге дейін және көрсеткеннен кейін техникалық жағдайлары туралы жеке ақпараттар алу қажет. Бұл кезде талап етілетін ақпараттарды алу үшін агрегаттар мен механизмдерді бөлшектемей және көп еңбек шығындарынсыз орындалуы қажет. Техникалық қызмет көрсету кезінде жабық және жаңадан басталып келе жатқан тоқтап қалулар туралы ақпараттар алу алдын-ала немесе кеш жөндеулерді болдырмау үшін маңызы зор.
Автомобильдерді диагностикалау ТҚК мен жөндеу жүйесінің бір элементі болып табылады. Автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау эәрбір жеке алынған автомобыильдің техникалық жағдайы туралы бірыңғай, дұрыс ақпараттармен теқникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесін қаматамасыз етеді. Осыған сәйкес АТК-да диагностикалауды ұйымдастыру ТҚК мен АЖ процестерін ұйымдастырумен бірге орындалады. Автмобильдердің техникалық жағдайын жолда бақылау орнатылған диагностикалау приборларымен орындалады; күнделікті қызмет көрсету кезінде бақылаулар тексеруі арқылы қамтамасыз етіледі; 1-ТҚК кезінде негізінен автомобиль қозғалыс қауіпсіздігін қаматамасыз ететін механизмдеріне Д-1 жалпы диагностикалау кешенімен қаматамасыз етіледі; 2-ТҚК және АЖ алдында агрегаттар мен механизмдерге тереңдетілген диагностикалау Д-2 орындалса, аынықталған ақауларды жойғаннан кейін диагностикалау кешенін қолданады. Бұл жағдайда реттеу және жөндеу жұмыстарының сапасын аралық және қорытынды тексеруді қамтамасыз ету үшін, автомобильді қосымша орын ауыстырып жүрмес үшін, оны ТҚК мен жөндеу операцияларымен бірге орындайды.
Жалпы автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау автомобильдің техникалық жағдайы мен ТҚК мен АЖ технологиялық процесстерін басқару үшін қажетті жеке ақпараттарды алу мен өңдеудің адам-машина жүйесі болып табылады.
Автмобильге ТҚК қажеттілігі кезінде диагностикалау кешені арқылы анықталған техникалық жағдай туралы бастапқы ақпараттармен ТҚК бригадасы слесарларын қаматамасыз етеді. Сонымен бірге бұл ақпараттар бір мезгілде автотранспорт кәсіпорнының өндіріті басқару орталығына ТҚК мен жөндеу, өндірісті дайындау туралы шешім қабылдау үшін, сондай-ақ орындалған жұмысты бақылау және тіркеу үшін беріледі .
3.1-сурет. АТК-да ТҚК мен АЖ басқару үшін диагностикалауды қолдану схемасы
ТҚК кезіндегі диагностикалау жұмыстары автомобильдің, оның агрегаттары мен мен тораптарының бөлшектемей техникалық жағдайын анықтаға арналады. ТҚК кезінде диагностикалау жұмыстары автобустар үшін жалпы жұмыс көлеменің 5-9 процентін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |