Схема 1. Кәсіпорынның негізгі қоры.
III. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Инвентарлы болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
IV. Таратқыш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).
V. Машиналар және құрал-жабдықтар. Инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
● Күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
● Күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер).
● Өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).
● Есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).
● Басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).
VI. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
VII. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
VIII. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмысстолы, шкафтар, және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |