Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау. АҚтау 2003 ж. Жоспар


Кесте №2. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ қаржылық бағалау коэффициенттері



жүктеу 499,5 Kb.
бет11/26
Дата22.01.2022
өлшемі499,5 Kb.
#34659
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-қорларын-талдау

Кесте №2.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ қаржылық бағалау коэффициенттері


Көрсеткіштер

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

Өсу

коэф.

1. Негізгі қордың өсу коэффициенті


0,73

1,07

1,07

1

2. Негізгі қордың жаңарту коэффициенті


0,06

0,02

0,21

10,5

3. Негізгі қордың нақты құн коэффициенті


0,39

0,5

0,78

1,6

4. Толық өтімділік коэффициенті


2,1

3,8

2,72

0,7

5. Рентабельділік


0,12

0,1

0,18

1,8

Есептелген мүліктік жағдайын және өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштерден біз 2001 жылы кәсіпорынның рентабельділігі 18%-ті құрады, бұл көрсеткіш 2000 жылға қарағанда 8%-ке өсті (0,18 – 0,1). Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті 2001 жылы 21%-ті құрады, 2000 жылға қарағанда 19%-ке (0,21 – 0,02) өскен, ал бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын тозу коэффициенті төмендей береді.

Осылайша, «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның қаржылық жағдайы өтіп кеткен 2 жыл ішінде (2000-2001 ж.ж.) тұрақтылығы байқалады, арықарайда кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және оның табыстарын көтеру үшін барлық шаралар жасалынады.


2.2. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ы құрылыс-құрастыру жұмыстарының барлық түрімен айналысады.

Құрылыс шаруашылығының экономикалық тиімділік көрсеткіштер жүйесіне еңбек өнімділігі және құрылыс ұйымдарының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейі басты орын алады. Құрылыс шаруашылығы өнеркәсіпке қарағанда өндірістік негізгі қорлардың белсенді құрылымына ие болады. Құрылыс ұйымдарының өндірістік қорларында басты орынды машиналар және құрал-жабдықтар алады, сонымен қатар едәуір мөлшерде технологиялық функцияларды орындайтын көлік құралдары.

Кәсіпорынның негізгі қорларының есебі сәйкесінше бухгалтерлік есеп 6 «негізгі қорлардың есебі» стандартымен жүргізіледі.

Кәсіпорынның негізгі қорлары инвентарьлы карточкаларда бастапқы және ағымдық бағамен есептелінеді. Кәсіпорынның негізгі қорлары мақсатты пайдалануына және атқаратын функцияларына байланысты келесі топтарға бөлінеді:


  1. Ғимараттар және құрылыстар

  2. Машиналар және құрал-жабдықтар

  3. Көлік құралдары

  4. Тағы да басқалары

Негізгі қорларды талдау әдетте негізгі қорлардың көлемін, оның динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады.

Негізгі қорлардың бар болуын, қозғалысын және құрылымын бағалау және талдау үшін бір жылдық статистикалық есептеменің «негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің бары және қозғалысы» мәліметтері қолданылады. Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебін келтірейік.


Абсолютті өсім – ΔФ = Ф1 - Фо = 83046 – 67460 = 15586 м.т. (2.6.)
Өсу қарқыны – Тр = Ф1о = 83046/67460 = 1,231 (2.7.)
Өсім қарқыны – Тпр.р·100–100=1,231·100–100 = 23,1% (2.8.)
Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебінен көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың абсолютті өсімі 15586 мың тенге, бұл көрсеткіштің өсуі негізгі қорлар құрамына айтарлықтай толықтырулар: кірістің, реконструкцияның және модернизацияның есебінен. Өсім қарқыны 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 23,1%-ке өскен.

Негізгі қорлар құрылымының көрсеткіштері:




жүктеу 499,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау