Кжаңарту =
Жаңа негізгі қорлар құны
Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (1.4)
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.
Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:
Ктүсім =
Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (1.5)
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:
Кинт. =
Жойылған негізгі қорлар құны
Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (1.6)
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:
Кжою =
Жойылған негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны (1.7)
Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.
Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.
Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.
Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.
Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |