Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: информатика пәнін



жүктеу 1,99 Mb.
бет2/2
Дата21.12.2017
өлшемі1,99 Mb.
#5204
түріДиплом
1   2



Адами капитал



Ақпараттық капитал


Жеке тұлға тағдырындағы мәні


Жеке мемлекет қауіпсіздігі

Адамзаттың өркендеуі

Ендi «дайын» бiлiм терминi емес, «жалғастырылатын», «одан әрi», «үздiксiз», «өмiр бойы» бiлiм беру терминдерi пайдаланылады.

«Үздiксiз бiлiм беру» терминi XX ғасырдың 40 жылдарында пайда болды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн В.Г. Онушкин алғаш өз зерттеулерiн жариялады. 50-60 жылдарда үздiксiз бiлiм беру үлкендерге бiлiм беру, мектептегi бiлiм берудегi «ақтаңдақтардың» орнын толықтыру деп түсiндiрiлдi. 60 жылдарда өндiрiстi тиiмдi дамыту үшiн өз бiлiмiн көтеру деп қарастырылды. 60 жылдардың аяғында үздiксiз бiлiм беру өндiрiстiң әр түрлi салаларында жұмыс iстеу үшiн керек деп, ал 70 жылдарда сол кездегi қоғамдық өмiрге бейiмделу үшiн деп қабылданды.

Үздiксiз бiлiм берудi 3 блоктан тұрады деуге болады. Олар:



  • жалпы мәдени блок; мұғалiмнiң жалпы адамзаттық мәдениетi, тiлдердi меңгеруi, өнер түрлерiн игеруi, сөйлеу мәдениетi, дүниетанымы, әлеуметтiк құндылықтары мен көзқарастары.

  • Психологиялық -педагогикалық блок; мұғалiмнiң педагогикалық сана-сезiмi, педагогикалық iс-әрекеттердi талдауы, жобалау, iске асыру т.б.

  • Пәндiк блок; ғылыми бiлiмнiң мазмұнын жалпы адамзаттық мәдениеттiң құрамдас бөлiгi және оқушының жеке басын дамыту құралы ретiнде өрiстетуге бағытталған.

Қазiргi мектептiң бiлiм мазмұнын iзгiлендiру мен даралау мұғалiмдерге мынандай мiндеттердi жүктейдi:

  • оқушының жеке тұлға ретiнде және iс-әрекет субьектiсi ретiнде мақсатты, тұрақты және дәйектi дамуына жағдай жасау;

  • оқушылардың бiлiмдi таңдауымен меңгеруiн, олардың оқу процесiкезiнде таңдау мүмкiндiктерi мен құқықтарын қамтамасыз ету;

  • оқу-тәрбие үрдісі субъектiлерiнiң «тең дәрежедегi» ынтымақтастығын орнату;

  • бiлiм мазмұнын барынша iзгiлендiру;

  • психологиялық бiлiм берудiң бастапқы негiздерiн қалыптастыру;

  • бiлiм мазмұнының инварианттық және вариативтiк компонентттерi арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бiлiмдердiң диалектикалық бiрлiгiн қамтамасыз ету;

  • оқушылардың оқу жүктемесiн тұрақтандыру.

Бiлiм алаңдарының мынандай құрамын ұсынады: тiл және әдебиет; адамтану; қоғамтану; математика; информатика; жаратылыстану; өнер; технология; дене тәрбиесi.

Оқу үрдісіндегі басымдылықтарды өзгерту, пәндiк бағдарлы оқытудан баланың дамуына, тәуелсiз ойлау стилiн, жалпы оқу бiлiктiлiктерiн қалыптастыруға бағытталған оқытуға көшу қажет.

12 жылдық бiлiм беруде пәндiк-бағдарлы бiлiм беруден нәтижелi бiлiм беруге көшу керек. Нәтижелi бiлiм беруге көшу – адамның оқу-тәрбие үрдісі барысында өзiн iс жүзiнде көрсету және оның жеке қызметiнiң нәтижесi.

Нәтижелi бiлiм беруге көшу – 12 жылдық мектепке көшуге байланысты және қазiргi қоғамдағы өзгерiстерге байланысты туған объективтi қажеттiлiк.

Қазiр бiз «оқушыға бiлiм беру» түсiнiгiн өзгертуiмiз керек. Дәстүрлi бiлiм беруде оқушы алдымен «бiлiм алады», содан кейiн оны өмiрде шығармашылықпен қолданады.

Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойғаннан кейiн Европалық бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдасудың құқықтық негiзiн алды. Ол жалпы бiлiм беруде 12 жылдық оқытуға көшудi көздейдi.

12 жылдық бiлiм берудi әлемнiң 216 елiнде таниды, мойындайды. Бұрынғы кеңес елдерiнiң iшiнен Балтық жағалауы елдерi, Молдова, Беларусь, Украина, ¤збекстан, ал 2000-2001 оқу жылынан бастап Ресей көштi. 1784 жалпы бiлiм беретiн мектептерде кең көлемде эксперимент жұмыстары жүргiзiлуде. Италия, Швеция, Германияда 13 жыл оқиды. Ал әлем елдерiнiң 20% бiлiм берудiң 10-11 жылдық үлгiсiн сақтап қалып отыр.

Қазiргi кездегi Қазақстан мектептерiндегi бiлiм берудiң мазмұнының көлемiн дамыған Европа елдерiнiң көлемiмен салыстыруға болады. Олар 12 жыл оқитын орта бiлiм бағдарламасын бiздiң оқушыларымыз 11 жыл iшiнде меңгередi. Бұл дегенiмiз оқушыларға артық оқу жүктемесi берiледi деген сөз.

Осы күнгi оқу жоспарына сәйкес 8-9 сыныптың оқушылары 16, ал 10-11 сынып оқушылары 15 мiндеттi пәндердi оқытады. Оның iшiнде көптеген сыныптарда 4-6-ға дейiн оқу пәндерi 1 сағаттық апталық жүктеме бойынша оқытылады. Бұл тәжірибелі мұғалiмдердiң пiкiрiнше тиiмсiз болып саналады.

Бастауыш сынып оқушыларының апталық оқу жүктемесi 24-30 сағат (күнiне 4-5 сағат), негiзгi мектепте 36-40 сағат (күнiне 6-7 сабақ), жоғарғы мектепте 41 сағатты (күнiне 6-7 сабақ) құрайды. Егер бiр сабақтың ұзақтығы 45 минут екенiн және пәндер бойынша үй тапсырмасының берiлетiнiн ескерсек, бұл оқушылар үшiн үлкен жүктеме.

Оқу жүктемесiнiң көбеюi оқушылардың денсаулығына зиянын тигiзедi. Қазiргi кезде мектептерде оқушылардың 60% астамы диспансерлiк есепте тұрады. Оқу жүктемесiнiң көптiгi нашар үлгеретiн оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетiп, қылмыстық ортаны толықтыратын балалар санының көбеюiне әкелiп соқтырады.

11 жылдық мектепте бейiндiк оқу мәселесi жеткiлiксiз шешiлуде. Бейiндiк оқыту тек кейбiр пәндердi тереңдетiп оқытумен шектелдi. Бейiндiк оқыту белгiлi бiр мамандыққа баулуға қызмет етпедi. Осының салдарынан мектеп бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру проблемасы шиеленiсе түстi. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2002-2003 оқу жылының басында 22785 оқушы жұмысқа орналасқан жоқ. Бұл мектеп бiтiрушiлердiң 17% құрайды.

Бiлiм реформасы әлемнiң көптеген дамыған елдерiнде жүрiп жатыр. Оларда бейiндiк оқытуға көп көңiл бөледi. 12 жылдық мектеп жағдайында бейiндiк оқыту мәселесiн дұрыс шешудiң мүмкiндiгi бар. Бұл негiзгi және жоғарғы мектептi бiтiрушiлердiң кәсiптi барынша саналы түрде таңдауына ықпал етедi. Негiзгi мектептi бiтiрушiлер кәсіптік мектеп, кәсіптік лицей және колледждерге ықыласпен баратын болады.

Бейiндiк оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетiп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкiн.

12 жылдық оқуға көшу мектеп оқушыларының артық оқу жүктемесi проблемасын шешуге ықпал етедi. 11 жылға есептелген жалпы бiлiм 12 жыл iшiнде меңгерiлетiн болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен бiлiм беру деңгейлерi арасында қайта бөлiнедi. Орта және кәсiптiк, жоғарғы оқу орындарының бірінші курсында қайталап оқылатын материалдар мектептiң оқу бағдарламасынан алынып тасталынады.

Бұл өзгерiстер:

а) оқушылардың денсаулығының жақсаруына;

б) оқудан жалтаратын балалардың санының азаюына;

в) кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыстың төмендеуiне;

г) қабiлетi мен бiлiмiне қарай жоғарғы оқу орнына түсетiн оқушыларды сапалы даярлауға;

д) кәсiп таңдау мотивациясының жоғарылауына;

ж) республикадағы демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етедi деп күтiлуде.

Ең бастысы 12 жылдық бiлiм беруге көшу бiздiң аттестаттарымыздың шетелдерде танылуына, соның нәтижесiеде әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiрiгуге мүмкiндiк бередi.

Сонымен қазiргi жалпы орта бiлiм берудiң басты мақсаты:



  • әлемдiк бiлiм беру стандартына сәйкес келетiн бiлiм берудiң жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;

  • өзiн -өзi тәрбиелеуге, өздiгiнен бiлiм алуға, өзiн-өзi тануға, өзiн-өзi iске асыруға, өзiн-өзi дамытуға және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделердi үйлестiре бiлетiн жан-жақты мәдениеттi, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы орта бiлiм берудiң мiндеттерi:

  • негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарлаиасын меңгеруге және бiлiм алуды жалғастыруға қажеттi жағдайлар жасау;

  • даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның интеллектiсiн байыту;

  • азаматтық пен патриотизмге, оз Отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, халықтық дәстүрлердi құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсылықты кез-келген көрiнiстерге төзбеушiлiкке тәрбиелеу;

  • республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiктерiн, тұлғаның өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • Отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне бой ұру;

  • қазақ халқының және республикадағы басқа халықтардың тарихын, салттары мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн меңгеру;

  • оқыту, бiлiмдi ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығуды қамтамасыз ету.




1.2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынып отырмыз.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгi мақсаты алынады.



Пәннiң негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:



  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.

Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.

Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.

Бағдарлама мазмұны оқушыларғы мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:



  • ақпарат және оның түрлерi турыл түсiнiктермен;

  • ақпараттық үрдістiң негiзгi заңдылықтарымен;

  • әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;

  • нысанды топтаумен және оны бөлумен;

  • логикалық модельдермен және тұжырымдармен;

  • орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;

  • графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен;

  • алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.

Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.

Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.

Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.

Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үрдісiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.

Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.



Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.

1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны

Мазмұны

Сағаттар саны

1

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу

1

2

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Ақпараттың дыбыстық және көру түрлерi.

Ақпараттың иiс сезу және сипап сезу түрлерi

4

3

Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).

3

4

Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.

Пернетақтамен танысу.

Қарапайым жаттығу.

3

5

Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні, құрамы)

5

6

Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).

1

7

Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. Нысандарды құрастыру.

3

8

Тiзбектер және ондағы әрекеттер реттiлігі. Қайталау.

3

9

Жиын. Оларды салыстыру. Топтау. Iшкi жиындар.

5

10

Қайталау

3

Барлығы

34



2- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)




Тақырыптар мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау. Көз жаттығулары.Қайталау.

3

2

«Терiстеу» ұғымы. Ақиқат және жалған. Сөйлем. Қайталау.

6

3

Компьютер құрамы. Енгiзу/шығару құрылғылары . Компьютердегi ақпараттар ағыны.

2

4

Графиктiк редактормен танысу. «Құю» құралы. «Карандаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. Сызық» құралы. «Эллипс», «Төртбұрыш» құралдары. «Бүрiккiш» құралы. Заттардың симметриялылығы.

13

5

Ақпарат. Ақпараттарды кодтау. Ақпараттарды бейнелеу. Ақпараттар көзi мен қабылдаушысы. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттарды алу арналары. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi.


12

Барлығы

34


3- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

2

2

Нысандар жиыны

2

3

Бұтақтар. Графтар

4

4

Комбинаторика. Координаттық жазықтық

3

5

Ақпаратты кодтау

3

6

Ақпаратты сақтау. Компьютердiң жады.

3

7

Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау. Суреттердi ашу. “Жазу” құралы. Жазуды қою. Нысанды көшiру және қою. Нысанды бұру. Нысанды қиып алу және қою. Симметрия.

10

8

Ақпарат қасиеттерi. Екiлiк код. Хабарламаның ақпараттық көлемi. Модельдер. Графикалық модельдер. Ақпараттық модельдер.

8

Барлығы

34



4- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Жиындар

2

3

Ақпараттық модельдер

5

4

Алгоритмдер. Сызықтық алгоритмдер. Тармақталу алгоритмi

8

5

Циклдiк алгоритм

5

6

Алгоритм атқарушылары: “Қара жәшiк”, “Робот” “Қайық”. Құйғыш. “Суқұйғыш” “Шегiртке” “Тотан”. “Өткел”және “Робот”

13

Барлығы

34



Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

Ненi бiлуi тиiс:

  • компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;

  • көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;

  • компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн;

  • пернетақта мен «тышқан» қол тетiгiнiң атқаратын қызметiн;

  • нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;

  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;

  • ақпарат қасиеттрiн;

  • ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;

  • ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;

  • тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;

  • «жиындар ұғымын» ;

  • логика алгебрасының кейбiр түсiнiктерiн – тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;

  • «модельдер» ұғымын;

  • графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;

  • алгоритм және оның түрлерi – сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;

  • «атқарушы» , «орта» және «атқарушының командалар жүйесi» ұғымдарын;

  • графикалық редактордың мүмкiндiктерiн.

Ненi үйренуi тиiс:

  • компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн сақтай бiлудi;

  • көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай бiлудi;

  • компьютердiң негiзгi құралғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;

  • қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;

  • «тышқан» қол тетiгiн пайдалана бiлуді;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,

  • нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;

  • ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;

  • кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;

  • тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;

  • көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;

  • графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;

  • сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;

  • атқарушының командалар жүйесi көмегiмн берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;

  • графикалық редактор құралдарын орынды пайдалана бiлудi.

Әдістеменің негізгі мақсаты:

  • 2-ші сынып оқушыларына информатика пәні бойынша программа жасау;

  • жасалған программа бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың жобасын жасап, оны талдау;

  • балаларға өз бетінше компьютерлік ойынға, қарапайым есептер шығаруға,

  • сонымен қатар, оларға мәтіндік және РАІNT" графиктік редакторының карапайым мүмкіндіктерін үйрету:

  • жасалған жұмысты мектеп өміріне енгізу;

  • басқа пәндерде компьютерді пайдалануы үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне арнаулы курстар ұйымдастыру;

  • оқушыларға арналған әдістемелік оқу құралын, үлгі дәптерін дайындау.

Әдістеменің мазмұны. Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіншіліктерін кез-келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу. Олардың ойлау қабілеттерінің жан-жақты дамуына күш салу арқылы бастауыш сынып оқушыларында компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру.

Бастауыш сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Бастауыш сыныптарда өткізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Бастауыш сыньштарға арналған бұл программада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар - әліппе, математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды.

Міндеттері –


  • азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;

  • оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпаратты алмасу сипатын айқындау;

  • дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; қисынды ойлауын дамыту;

  • ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім беруді ақпараттандыру, яғни оқытылатын мектеп пәндерінің материалдарын меңгеруде қолдана білуге үйрену.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту компоненттері.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мүғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз бригадасына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитарлык-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Компьютер кабинеттерін безендіру максатында балалардың денсаулығына қауіпсіздігін растаған гигиеналық қорытындысы бар құжаттық материалдар қолданылуы тиіс.

Компьютерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1- 4 сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзіне арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.
1.3. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Кәсіби бағытта оқыту – құрылымды өзгерту есебінен оқуды саралау және даралауға болатын, білім процесінің мазмұнын және ұйымдастырудың толық қамтитын, оқушыларды кәсіби бағытта оқыту үшін олардың таңдаған кәсіптеріне байланысты және білімдерін жалғастыру ниеттеріне мүмкіндік туғызу. Кәсіби мектеп бұл мақсатты іске асырудағы институциялы форма.

Жоғарғы мектептердің идеологиясы

Әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді жекешелендіруге шарт құруда, нақты өз құқығын және міндеттерін ұға білетін, бүгінгі күннің мүмкіндіктерін және ресурстарының спектрлерінің айқын ұсынатын, таңдаған бағытында нәтижелі мүмкіндіктерін тарату.



Мақсатқа жетудің шарттары:

  • жеке білім жоспарын таңдау жоғары мектептің баспалдағының білімінің негізін кеңейту мүмкіндіктерін тұрғызу.

  • жоғарығы мектепті жобалауды кәсіби ретінде:

  • білім мазмұнының инвариантты құрамдас бөлігін қысқарту және кәсіби құрамдас бөліктің өсуі, сонымен бірге таңдау бойынша қосымша курстардың құрамдас бөліктері;

  • оқуды ұйымдастырудың формасын кеңейту;

  • жоғары мектептің баспалдағының пән-кеңістік ортасын ұйымдастыру;

  • мектептен тыс мекемелермен қарым-қатынасты дамыту;

  • нақты оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын, ең жоғарғы жекелей оқу жоспары.

Кәсіби бағыттағы оқуды ұйымдастыру

Жоғары мектептің баспалдағын кәсіби оқумен өңдеу құрылымындағы түлектерін дайындауда әр түрлі кәсіптік білім берудегі және кәсіптік шығармашылықтарын іске асыра алады:



  • жоғары мектептің баспалдағын оқу жоспарындағы міндетті сағаттардың бөлігін мүмкіндігінше азайту, өздік жұмыстардың сағаттарын көбейту (реферат, жобалау, зерттеу және тәжірибелік шығармашылықтар);

  • жоғары баспалдақтағы әртүрлі жалпы білім беретін мектептердің білімдерін интеграциялау және олардың бастауыш және орта кәсіби білімінің арақатынастарын ұйымдастыру;

  • жоғары мектеп деңгейінде мектеп арасындағы комплестерді құру;

  • бірнеше бағыттағы технологиялық нұсқалар " ПТУ - мектебі", "ССУЗ- мектебі" және толық орта білім базасында НПО және СПО комплекстерін құру;

  • орта мектептің базасында ПТУ және жалпы білім беретін кәсіптік дайындауды ұйымдастыру.

Бұл жағдайды шешу жолыны мектепке дейінгі мекемелермен қоса, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелерін біріктіру. Осылай жоғары жалпы білім мекемелерінің баспалдағының көп салалы вариативін құру мүмкіндігін таратуға болады.

Кәсіби оқу моделін ұйымдастыру

Мектепішілік кәсіби модель

Нұсқаның мүмкіндіктері:



  • біркәсіптік мектеп;

  • көпкәсіптік мектеп;

  • нақты кәсіпке бағытталмаған, бірақ та бірнеше элективті курстарды жүргізетін.

Желілік модельді ұйымдастыру

Нұсқаның мүмкіндіктері:



  • жеткілікті материалдық және кадрлық потенциалдары бар, мектептер тобында «ресурстық орталық» рөлін атқаратын мықты мектептің айналасында бірнеше мектептерді біріктіру.

  • Корпорация мектебі басқа білім мекемелер ресурсы – қосымша жоғары орта және бастауыш кәсіптік білім

  • Кәсіби оқудың бастапқы құрылымын тұрғызу үшін жоғары сыныптарда білім мазмұнындағы үш құрамдас бөлікті ажырата білу ұсынылады.:

  • базалық (инвариантты, жалпы білім беретін) құрамдас бөлік: курстар, жалпы білім беруде оқығандар, базалық деңгейде; мазмұны бойынша түлектерден талап ету жүйесіне жауап беретін (жалпы білім беретін) стандарт: бірдей жалпы емтихан талабына сәйкес келетін (оның ішінде БМЕ, мысалы бүгінгі күні бұлар математика және ана тілі мемлекеттік тіл ретінде, мұндай емтихандардың көбеюін күтуге болады, - мысалы, олар тарих немесе информатика және т.б. болуы мүмкін) және/немесе базалық бөлімде («А бет») бірдей таңдаған емтихан;

  • кәсіби құрамдас бөлік: бірнеше курстар, тереңдетілген деңгейде таңдау бойынша (бұл кәсіптік оқуды анықтайтын жиынтық); мазмұны бойынша түлектердің кәсіптік білім стандартына жауап беретін: бұл курста бірдей кәсіптік емтихан (немесе деңгейін көтеруде емтихан таңдау);

  • элективті құрамдас бөлік (таңдау құрамдас бөлігі): бірнеше курстар, таңдау бойынша оқыған; мазмұны бойынша курстар кәсіптік және базалық стандарттан шығу керек. Мектеп элективті құрамдас бөлік арнайы ішкі кәсіпттер (мектеп өзі анықтайды, өз мүмкіндігінше және оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысымен): мысалы, мамандықтар құру мүмкін: медицина, өнеркәсіптік технология, ауылшаруашылық технологиясы, психология, гид-аудармашы, әскери жұмыс, дизайн және басқалар (нақты кәсіптік комбинациялар және арнайы жекелей білім траекторияларын беруі мүмкін).

Мысалы, филология саласында арнайы курстар болуы мүмкін, практикалық стилистика немесе шет елдер әдебиеті арнайы курстары Шет тілі саласында екінші шет тілін оқу арнайы курсы (біріншінің негізінде), өлкетану курсы немесе курстар, таңдаған кәсіпке бағытталған немесе мамандыққа бағытталған (гид-аудармашы, техникалық аудармашы және т.б.). Қоғамтану саласында, қосымша оқушылар таңдаған курстар болады, алдымен, экономика кур­сы, география, жеке бөлімдерден отандық немесе дүние жүзілік тарих және т.б. Өнер саласында ең алдымен бейнелеуден және музыка өнерінен курстар (сурет, живопись, графика және т.б.). Дүниетану саласында пәндерден басқа, дәстүрлі оқу жоспары бойынша (физикалық зертхана, экология, астрономия және т.б. Өте кең тараған арнайы курстар технология саласындағы спектрлер.

Кәсіби оқуды ұйымдастыру нұсқалары әр түрлі болады.

Бірінші нұсқа - "негізгі кәсіп", әрбір кәсіпке сәйкес кәсіптік пәндер бөлінеді, жоғары деңгейде оқытылатын және «аралас», кәсіпке бағытты қамтамасыз етеді. Мысалы, физика-математикалық бағытта физика және математика кәсіптік пәндер болады, ал информатика «аралас» пән, кәсіпті қамтамасыз етеді. Мысалы, әр түрлі кәсіптер үшін «негізгі кәсіп»:




Кәсіби бағытта оқытудың

атауы

Кәсіби бағытта оқытылатын

пәндер

Аралас

пәндер

Дүниетану







Математикалық

Математика

Информатика, физика

Химико-биологиялық

Химия, биология

Физика, математика, информатика

Гуманитарлық







Филологиялық (шет тілдермен)

Ана тілі, шет тілі

Тарих, әдебиет

Филологиялық (шет тілдерсіз)

Ана тілі

Тарих, әдебиет
Тарихи

Тарих

Ана тілі, қоғамтану
Әлеуметтік-экономикалық

Экономика, құқық

Тарих, информатика, математика
Эстетикалық






Көркем-эстетикалық

бейнелеу, немесе музыка

Тарих, МХК


2 -нұсқа - «іріленген мамандандыру», кәсіптік пәндерді бір пәндік аумақта топтау. Мысалы, «ірілендірілген мамандандыру»

Кәсіптер

Кәсіптік пәндер

"Аралас", кәсіптік, пәндерді қамтамасыз ететін

Табиғи - ғылыми
Физика, химия, биология

Математика, информатика

Гуманитарлық


Тарих, ана тілі және әдебиет, қоғамтану

Өнер, МХК

Тілдік

Шет тілі

Тарих, ана тілі және әдебиет

Әлеуметтік-экономикалық




Экономика, құқық

Математика, информатика, тарих


Нақты оқушының кәсіби оқуды таңдауы әртүрлі негіздерде іске асырылады:

Оқушының интеллектуалдық қабілетін дамыту;



  1. Психикалық қабілеті (ойлау, есте сақтау, қабылдау);

  2. Қасиеттері, таңдаған кәсібіне қажетті деректер үшін жеке қабылдаған тәжірибесінде көрінетін;

  3. Оқушының жеке таңдауы.

Жоғары сыныптардың жас ерекшеліктері





Жоғары кәсіптік мектеп

Өзін анықтайтын кәсіптік мектеп

Жастың негізгі мінездемесі

  • Әлеуметтік өзін бекіту және өз бетінше тұтынудың өсуі;

  • Болашаққа бағыттау: өмір жолын таңдау, мамандықтар, референттік адамдар тобы (өзін сыйлау және өзін анықтау қажеттілігі);

  • Үлкендемен серіктестік құруға ұмтылу;

  • Өз істерінде прагматикалық мотивация рөлінің өсуі

Барлық жасөспірімдердің жаңашалануының жалғасуы өзін анықтаудан көрінеді. “Жасөспірімнің арманы болашақпен байланысты, өзін анықтауы қалыптасқан қызығушылықтары субъектіге жетуімен ерекшеленеді; ол өзінің мүмкіндіктерін және сыртқы жағдайды есепке алады; қалыптасқан дүниежүзілік көзқарасқа сүйенеді және бұл кәсіпті таңдауына байланысты..” (Л.И.Божович). Өзін анықтау сонымен оқушының өзі алатын бірге ішкі позицияларымен байланысты Л.И.Божовичтің көзқарасымен орта және жоғарғы мектеп жасындағылар әр түрлі бағыттарды ұстанады”, егер де біреулері болашаққа бүгінгі позициямен қараса, онда екіншілері бүгінге келешектегі позициямен қарайды ”.

Оқушының жас ерекшеліктерінің негізінде, оқу мазмұнының принциптерін құру


- ұсынылған оқу ақпаратын оқушылар өз бетінше ойланып оны шығарудың формасын таңдауға мүмкіндіктері бар;

- «үлкен» ғылыми әдебиеттерді меңгеруге дайындалу үшін, иерархиялық байланысты және себеп-салдар байланысын құру үшін, үлкен көлемдегі құрмалас сөйлемдерді қолдану мүмкіндіктері бар, етістіктерден зат есімдерді және де септіктерді қолдану мүмкіндіктері бар;

- полилог – “көптеген көзқарастардың болуынан қиыншылықтарды ойлау мүмкіндігі, өз кезегінде монологты құрылым мүмкіндіктеріне көшуді дамыту керек (диалог және полилог режимінде қиыншылықтарды талқылау мүмкіндіктері);

- жоғары дәрежелі қиыншылықтарды, сайлау бостандығымен қамтамасыз ету және қарастырылатын сұрақтардың өз көзқарасын анықтау қажет;

- оқу мазмұнының әр түрін ұсынғанда оның есебінен: сараптама-логикалы, бейнелі, практикалы, алгоритмді, оқушылардың танымдық стиліндегі оқу-материалының кіріспе бөлімінің материалдары;

- жеке тұлғаның және кәсіптік өзін анықтаудың мазмұнын ұсынуда қиыншылықтарды шешу мүмкіндігі;

- арнайы жүйелік құндылықтың мазмұнын ашуда, өзіндік жүйені идентифициялаудың мүмкіндігі;

- «гипермәтіндік», мазмұнын меңгеруде жоғарғы бөліммен қамтамасыз етеді .





Кәсіптік білімнің мақсаты. экономикадағы нарықтық қатынасына көшу мүмкіндігін анықтауда кәсіптік дифференциалды оқытудың негізгі мақсаты, алдымен қоғамда әлеуметтік заказ, осы бөлімді дамытуда специфика. Оның құрамына кіреді:

1) кәсіптік саралап оқытуда жеке тұлғалардан мектеп бітірушілер сыныбын құру, интеллектуалды және тұлғаның әлеуметтік сапасын, мектеп бітірушілердің моделіне сәйкес келетін және экономикада нарықтық экономика қатынасының шартында адаптациялаудың ең төменгі әсері болады;

2) бүгінгі күнде қажетті техникалық прогресті дамытуға, әрбір болашақ мамандарды бұл мектептің түлектерін жалпы орта білімнен терең де кең «мамандықпен» қамтамасыз етеді.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары 12 жылдық білім беруге көшу бағытында мына түрде анықталған:



  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.

  • Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.

  • Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

Информатика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негiздерiн үйрету мен ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi талап етедi.

Бiрiншi кезең (5-10 сыныптар) – базалық курс. Ол информатика пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Екiншi кезең (11-12 сыныптар) – информатика пәнi бойынша жоғарғы сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi жалғастырады.

“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтiк информатика.

11-12 сыныптарда “Информатика” пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп, оқытылады.

Курстың мақсаты төмендегiдей:



  • мемлекеттiк бiлiм стандартында жаратылыстану-математика бағыты үшiн мектептiң негiзгi және жоғарғы сынып оқушыларының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды орындайды;

  • программалау саласы, компьютерде есептердi шешу әдiстерi, модельдеу тәсiлдерi кең көлемдегi ақпараттарды өңдеу сияқты информатиканың қосымша материалдарынан түсiнiктер беру.

Курстың негiзгi мiндетi – оқушылардың ғылыми-танымдық әдiстерiн, ғылыми түсiнiктердi дамыту, ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдiстерiн және түрлi салалар бойынша программалар жүйесiнiң құралдарын қолдану.

Мектепте информатиканы оқыту оқушыға мынадай мүмкiндiк бередi:



  • формализация, модельдеу, компьютерлiк эксперимент ретiндегi ғылыми танымның қазiргi әдiстерiн меңгерту және оптимальды шешiмдi таңдауға бағытталған әрекеттiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру;

  • бiлiм берудiң ақпараттық бөлiктерiн меңгерту;

  • мектеп пәндерi бойынша ғылыми жобаларды орындау, түрлi программалық құралдарды жасақтау, құбылыстар мен нысандарды модельдеу мен оған зерттеулер жүргiзу сияқты әрекеттер бойынша оқушының зерттеушiлiк және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

  • алгоритмдеу және программалау курстарын тереңдету арқылы оқушыларды олимпиадаға дайындау;

  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қазiргi қоғам талабына сай мамандыққа даярлау.

Курстың мазмұны төмендегi 4 бөлiмнен тұрады:

  1. Теориялық информатика

  2. Аппараттық және программалық құралдар

  3. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

  4. Әлеуметтiк информатика

Бөлiмдер iшiнде материалдың құрылымына сәйкес тақырыптар мен тақырыпшалар бар. Бағдарламаға енгiзiлген мәселелер тереңдетiлген курстың мағынасы мен мәнiн ашады. Атап айтқанда, түрлi процестердi модельдеу және оны компьютердiң көмегiмен зерттеу. Бағдарлама мазмұнын тереңдетiп үйрету мен оны меңгерту оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда анықталған.

7-11 сыныптарда информатиканы тереңдетiп оқытудың күнтiзбектiк-тақырыптық жоспары ұсынылады. Тақырыптық жоспарлау үлгi ретiнде берiлген. Курс тақырыптарын үйретуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, оны үйрету ретi мен көлемiн мұғалiм әдiстемелiк шеберлiгiне сәйкес өзгертуiне болады.

Курсты үйрету концентрлiк түрде ұйымдастырылған. Мысалы, программалау тiлi концентрдiң әрбiр бөлiгiнде программалау технологиясының дамуы арқылы берiледi: программалау тiлi (Qbasic), мұнда программа ұсақ бөлiктерден және бөлек операциялардан құралады және ол қарапайым құрылымды бередi; Pascal құрылымдық программалау тiлi оның құрылымына сәйкес өте кең көлемдегi есептердi кiшкене iшкi есептерге бөлу; объектiлi-бағдарлау визуалды программалары (Delphi, Visual Basic) – бұл программалау құрылымын құрастырудың объектiлiк принциптерiн сипаттау және абстрактiлеу деңгейi. Бұл стиль бойынша мектеп оқушыларына материалдарды тiзбектей үйрету олардың ойлау қабiлеттерiн дамытады, талдау және жинақтау тәсiлдерiн меңгерудi ұсынады.

Программалау тiлiн тереңдетiп үйрету.

Программалау тiлдерi жүйелi түрде таңдалған. Qbasic тiлi – алгоритмдi орындаудағы қарапайым және ең тиiмдi, әрi ол басқа программалау тiлдерiн меңгерудiң негiзгi бастамасы. Мұнда Visual Basic-тi үйретудiң негiзi қамтылады. Microsoft фирмасы Visual Basic-тi негiзгi программалар жүйесiнiң бiрi ретiнде дамытып келедi.

Паскаль тiлi олимпиадаға дайындау тiлдерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады және онда программалаудың процедуралық-бағдарлы технологиясымен таныстырылады. Олимпиадалық есептердi шешу тәжiрибесi осы тiлдердi үйрету барысында қалыптасады.

Информатикадан олимпиадалық тапсырмалар деңгейi сыныптар мен оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай таңдап алынбайды. Жыл сайын олимпиадаға берiлген материалдар деңгейi күрделенiп, оған қойылатын талаптар да жоғарылауда. Сондықтан, олимпиадаға дайындықтың бастапқы кезеңiне Паскаль тiлiн үйретудiң орны ерекше. Қазiргi уақытта халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушылардың iшiнде 7-8 сынып оқушыларының қатысу деңгейi де жыл санап өсiп келедi. 9 сыныпта Visual Basic программалау технологиясымен және IDE интегративтiк ортасымен таныстырылады. Visual Basic ортасында IDE жасақталған программалар модельденедi. Бұл кезеңде оқушыларды олимпиадалық жұмысқа немесе ғылыми жобаларды орындауға бағыттау процесi жүргiзiледi. Visual Basic-ке балама ретiнде Delphi ортасын 10 сынып оқушыларына беруге болады. Турбо Паскаль тiлiнде программалау технологиясы 10 сыныпта берiлген.

11 сынып оқушылары Access деректер қорын басқару жүйесiн және деректер қорын жобалауды, Интернетте қосымшаларды құруға негiзделген FrontPage ортасы үйретiледi.

Курс бағдарламасы бойынша оқушылардың меңгеру бiлiмiн бақылау мына бағыттарда жүргiзiледi:



  • теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысын бағалау;

  • тақырыптар бойынша сынақтар;

  • шығармашылық және бiтiру жұмыстарының бағасы.

Жаздық практика оқушылардың шығармашылық жұмыс тақырыптарын орындауға бағытталған жұмыстың мазмұны ғылыми-iзденiс сипаты ретiнде берiлуi керек, атап айтқанда, мектеп пәндерi бойынша оқу-әдiстемелiк құралдарды жасақтау (пән мұғалiмдерiнiң сценарийi бойынша), физика-математика бағаттары бойынша қиындығы жоғары есептерге программалар құру, электрондық оқулықтарды жасау, түрлi пәндер бойынша тест программалары, мектеп әкiмшiлiгiнiң жұмысын ұйымдастыруға бағытталған программалар, презентацияны жобалау және т.б.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы мамандық алуға мүмкiндiк бередi:



  1. Бастауыш кәсiптiк бiлiм беру – электронды есептегiш машина операторы;

  2. Орта кәсiптiк бiлiм беру – техник-программист.


2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.

Осы орайда, 12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.

Бiлiм беру жүйесiн қайта құрудың негiзi – мектептi ақпараттандыру. Олай болса, мектептi ақпараттандыру жағдайында информатика пәнiн бастауыш сыныпқа енгiзу – бүгiнгi күннiң негiзгi талаптарының бiрiне айналып отыр. Ал бұл талапты орындау үшiн ең алдымен, мамандарды компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн жан-жақты пайдалану бойынша бiлiктiлiктерiн көтеру қажет. Аталған қажеттiлiктi шешу үшiн бiз ең алдымен, мамандық құзырлықтарын мына бағыт бойынша жiктеуге болатындығын зерттеп отырмыз:



  • iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық;

  • базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық;

  • арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық.

Ендi әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық – бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.

Негiзгi мiндеттерi:

  • жалпы компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру;

  • құжаттарды терiп, форматтау және оны редакторлеу;

  • бақылау жұмыстарын компьютерлiк тест арқылы жүргiзу және оны талдай бiлу;

  • деректер қорында және Интернет-технологияда ақпараттарды iздей бiлу;

  • түрлi ақпараттарды өңдеп, оның графиктiк сызбасын салуға үйрету;

  • компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн дидактикалық материалдарды жасақтауға қолдана бiлу;

  • басқа пәндердiң оқытылуына дамытушы компьютерлiк ойындарды және түрлi үйрету мен жаттығу программаларын қолданып, талдау жасай бiлу және т.б.

Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлумен анықталады. Төменгi кестеде осы бағытта мұғалiмдердi даярлаудың мақсаты мен сәйкес мiндеттерi келтiрiлген.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылықты бастауыш сынып мұғалiмдерiнде қалыптастыру негiздерi


Мақсаты

Мiндеттерi

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесiнде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру

  • компьютерлiк техноолгияны оқу процесiнде пайдалану бағытында оқушылардың даму қабiлетiн анықтайтын педагогикалық диганостика жүргiзу;

  • оқу процесiнде кiшi жастағы балалар үшiн компьютерлiк тест құру мен оны қолдана бiлу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiнде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейiн анықтау және оның оқу процесiне әсерi;

  • қолданбалы программалық құралдарды пайдалану жағдайында оқушылардың даму динамикасы мен олардың өзара қарым-қатынасын зерттей бiлу.

Бастауыш сыныпта оқыту процесiнiң ерекшелiгiн ескеру арқылы ақпараттандырудың мақсатын анықтау

  • оқушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (техника қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау);

  • оқу мақсатына сәйкес қолданбалы программалық құралдардың сапасын анықтап, таңдай бiлу;

  • оқушылардың жұмысын дамытушы компьютерлiк ойындарды қолдану арқылы ұйымдастыра бiлу;

  • жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютердi пайдалану арқылы ұйымдастыра бiлу;

  • сабақтың мақсаты мен компьютердi пайдаланып арқылы өткiзiлетiн сабақтарды өзара бiр-бiрiмен сабақтастыра бiлу және оқушылардың өзiндiк бiлiм алуына жағдай жасау және оны бағалай бiлу.

Пәнаралық байланысты дамыту және ата-аналармен қарым-қатынасты орнықтыру

  • басқа пән мұғалiмдерiнiң өз қызметтерiне қолданбалы программалық құралдарды қолдануға көмектесу;

  • оқушылардың үйде компьютермен жұмыс жасау барысында санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау ережелерiн жан-жақты ата-аналарға түсiндiре бiлу;

  • информатика мұғалiмiмен және мектеп директорының ақпараттандыру iсi жөнiндегi орынбасарларымен бiрiге отырып, өзара байланысты жетiлдiру.

Ақпараттық ортаны құру және оны ұйымдастыру

  • нақты педагогикалық мiндеттердi (өзiндiк оқытуды дамыту, өзiн-өзi бағалау және бiр-бiрiн бағалау, шығармашылық және iзденiстiк белсендiлiктерiн дамыту) шешуде ақпараттық ортаны құру;

  • бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық ресурстар туралы мәлiметтер беру;

  • оқушылардың жоба жасау қызметiн ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы ұйымдастыру;

  • бастауыш сынып оқушыларын Интернет арқылы тұрлi халықаралық жобалар жасауға баулып, қатыстыру.

Өзiн-өзi бiлiм алу жобаларын жасақтау және оны жүзеге асыру

  • жаңа қолданбалы программалық құралдарды өздiгiнен үйрену және оның дидактикалық мүмкiндiктерiн бастауыш сынып оқушылары деңгейiнде анықтау;

  • кәсiби шеберлiктерiн дамыту барысына түрлi ақпарат көздерiн, Интернеттiң ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3. Арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады. Аталған бағыт мына кескiндi сызуға мүмкiндiк бердi:



Оқыту үрдісін ұйымдастыру құрылымы



Технологиялық модуль мұғалiмнiң iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған. Ал базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылықты қалыптастыруда дидактикалық модульдiң бiлiм беру бағдарламасына бағытталған. Әдiстемелiк модуль бастауыш сыныпта информатиканың оқу бағдарламасын таңдауға, оны оқытудың әдiстерi мен формаларын ұйымдастыруға үйретедi.
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН қалыптастырудың әдістері мен технологиялары

Бұл параграфта білім беру негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі қарастырылады. Зерттеушілер білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: білім берудің диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық-бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары.

Осы аталған білім беру технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы білім берудің сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында білім беру ұйымдастырумен; шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне білім берудің бағытталуымен.

Дәл осы факторлар оқушы тұлғасына бағытталған білім берудің моделін жасауда ең негізгілер болып табылады.

Қазіргі уақытта сынып-сабақ жүйесінде білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқасын қолдануға, оларды оқушылардың таңдап, ең жақын даму аймағына сәйкес жеке жылдамдықпен ұйымдастырылуына, әрбір оқушының дер кезінде кәсіби көмек алуына, білім берудің шығармашылық сипатта болуына, материалды проблемді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол мүмкіндікті қазіргі информатика мен телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.

Білім беру негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды диалогтық және топтық қарым-қатынастарға негізделген интерактивті технологиялар арқылы жүзеге асырады. Олар: сократтық әдіс, еркін микрофон, миға шабуыл, ашық ойлар сәті, «үлкен шеңбер», «вертушка», «аквариум».

Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесі меңгергенше тексеру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену. Мұндағы диалогтық білім берудің негізгі мақсаты: әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, коммуникативтік қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқампаздыққа жетелеу. Қарым-қатынасты дамыту негізінде білім беру оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен роль атқарады. Жоғарыда аталған жағдайды талдай келудегі ізденісте осы негізде біріктіруші құрал болып мәтінді технологиялық өңдеу жатыр.

Диалог пен топқа негізделген сабақты ұйымдастырудың тәжірибесін талдай отырып, мына ережелерді ұсынамыз:



Бірінші ереже. Сабаққа барлық қатысушылар қандай да бір деңгейде тартылуы қажет. Бұл мақсатта сабаққа қатысушыларды талқылау үрдісіне қатысуға мүмкіндік беретін технологияны қолдану пайдалы.

Екінші ереже. Оқушылардың психологиялық даярлығына қамқор болу қажет. Мұнда сөз сабаққа келушілердің барлығы бірдей жұмыстың қандай да бір түріне тікелей қатысуға психологиялық даяр болмауы мүмкін. Осыған байланысты, сергіту, қатысушыларды жұмысқа белсенді қатысуымен мадақтап отыру, оқушының өзін жүзеге асыруына мүмкіндік беру пайдалы.

Үшінші ереже. Қатысушылардың саны мен білім беру сапасы тікелей бағыныштылықта болуы мүмкін. Тек осы жағдайда топтағы өнімді жұмыс мүмкін. Өйткені мәселе бойынша әрбіреуін тыңдау, әрбір топтың шығуы маңызды. Өзіміз жоғарыда айтып кеткендей, топтың құрамы – 5-7 адамнан тұруы тиімді болып табылатынын тәжірибе жұмысымыз көрсетті.

Төртінші ереже. Жұмысқа арналған орынды даярлауға көңіл бөлу керек. Бұл алғаш көрінгендегідей жай мәселе емес. Сынып бөлмесі қатысушылардың үлкен және топтардағы жұмысқа ауысуы жеңіл болатындай есепте даярлануы қажет. Яғни оқушыларға денелік қолайлылық тудырылуы қажет.

Әрине сабақ кезінде біреудің мойнын бұрып отырғаны қолайсыз. Сондықтан да үстелді «шырша», «дөңгелек үстел» түрінде орналастырған тиімді, мұнда әр оқушы сабақты жүргізушіге қырынан, «бетпе-бет» отырады және топта жұмыс жасауға мүмкіндік алады.



Бесінші ереже. Жүру барысы мен тәртібіне аса мән беру қажет. Топта жұмыс жасау ережелерін алдын ала келісіп алып, оны бұзбауға тырысу қажет. Мысалы, барлық қатысушылардың кез-келген көзқарасқа шыдамдылық танытуын, әр адамның сөз бостандығына деген, өзіне деген құқын сыйлауға келісу пайдалы.

Алтыншы ереже. Сабаққа қатысушылардың топқа бөлінуіне үлкен көңіл бөлу қажет. Алдымен оны еріктілік негізде жүргізген жақсы. Кейін кездейсоқтық таңдау принципін қолданған дұрыс.

Қорытындыда айта кетеріміз, топта білім беру бір мезгілде бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Бастысы - ол коммуникативтік білік пен дағдыны дамытады, оқушылардың арасында эмоциональдық байланыс орнатуға көмектеседі, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді, өйткені топта жұмыс жасауға, жолдастарының пікірін ескеруді үйретеді. Сонымен қатар, сабақ барысында топты қолдану, практика көрсетіп отырғандай оқушылардың жүйкесіне түсірер салмақты шешеді, олардың іс-әрекет түрін алмастыруға, сабақтың негізгі сұрақтарына зейін аударуға мүмкіндік береді.

Топтық жұмыстың мәні - адам арнайы жасалған ортасында алынған тәжірибесін сыртқы әлемге ауыстырып, оны сәтті қолдана алуы. Алайда топтық оқыту технологиясын ұйымдастырушылары үшін таза оқу мақсатынан басқа, топта жүріп жатқан өзара әрекет үрдісінде өзге адамдардың құндылығы есепке алынып, олармен қатынасқа, олардың қолдауына деген қажеттілік қалыптасуы маңызды. Топтық оқытудың барысын бақылау мақсатында бірнеше сабақтар блогынан кейін (лексика, синтаксис және т.б.) оқушыларға кері байланыс парақтары үлестіріліп отырды. Ондағы сұрақтардың мазмұны төмендегідей болды:

1) Топта жұмыс жасау жеңіл ме?

2) Кім қолайсыздық сезінді және неліктен?

3) Өзіне топтың басқарушысы рөлін алатын адам үнемі дұрыс па?

4) Үндемей қалатындардың позициясы қандай нәтижеге әкеледі?

5) Сөйлеуіне мүмкіндік ала алмаған адам нені сезінеді?

6) Жалпы жұмысқа не көмектеседі және не кедергі болады?

7) Мұғалімнің көмегі қандай болу қажет?

8) Бірлескен жұмыста өзіңе не аласың?

Топта қолданған әдістерге кеңірек тоқталып өтсек.

Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын білім беру үрдісіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірлік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократ бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмаған, алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, әңгімелесушілерді өзін-өзі жоққа шығаруға қатыстырған, осылайша, беделге емес, тек дәйектерге сенуге үйреткен. Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр. Кейде майевтиканы әңгімелесушіге көрсетілетін құрметтің жеткіліксіз деңгейі үшін сынға алған, былайша айтқанда, сократтық мысқыл үшін: философ өтірік ештеңе білмейтін және ештеңе түсінбейтін болып көрініп, өзі әңгімелесіп отырған адамнан үйренген, олардың айтқан дәйектерін кенеттен «қарапайым» сұрақтармен, қорытындылармен, ой тұжырымдарымен оның білімін жоққа шығару. Бұндай әңгімеден кейін аса ақылды емес адам ренжісе, ақылды адам өзінің біліміне күдіктене қарап, ізденетін болған. Сократ мұғалім тұлғасына ерекше қараған: одан нақты білім де, идеяны оқушының бойына дарыту да емес, сұрақ қою шеберлігін, өзіндік талқылау, ой жүгіртуге итермелеу шеберлігін жоғары бағаланған.

Нәтижеге бағытталған білім беру үрдісін ұйымдастыруда білім беру негізінде сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктерін зерттеуге арналған тәжірибе нәтижесінде оқушылардың өз ойын еркін түрде рәсімдей алатыны, мәселені баяндауда қосымша құралдарды толық сауатты пайдаланатыны, оны шешуде шынайы қызығушылық танытатыны, топтық қарым-қатынасқа бейім екені, диалогқа, талқылауға белсенді араласатыны анықталды.

Біз құрастырған сабақтың құрылымы, ақпараттық мәдениеттілікке бағытталған тапсырмалар, топтық оқыту әдістемесі, диалогтық қарым-қатынастарды орнату негізгі жалпы білім беретін мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер әкелді.

Сабақта мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, күтілетін нәтиженің өзіндік жүйесін құруға, оқу үлгірімі әртүрлі оқушыларға арналған дидактикалық материалды қолдануға мүмкіндік берді.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды даярлау әдістемесін меңгерді. Ал оқушының ақпараттық мәдениеті қалыптасып, қарым-қатынас орнату дағдыларын, сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрлерін, сөйлеу мәдениетінің негіздерін, сөзді түрлі ситуацияларда пайдаланудың іскерлігі мен дағдысын меңгерді.

12 жылдық білім берудің бастауыш сатысында білім берудің ұстанымдарына, педагогикалық үрдіске қатысушыларды субъект ретінде белгілейтін мұғалім мен оқушының диалогтық қарым-қатынастарына негізделген педагогикалық ортада мұғалім (кеңес беруші) мен оқушының (үйренуші) өзара әрекеттесуін тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде ұйымдастырып, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің нәтижесі анықталды.

Жұмыс соңында анықталған қорытынды нәтижелер білім беруді ұйымдастыру қағидаларына, педагогикалық жолдарына сәйкес негізгі мектепте оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру деңгейінің жоғарылағанын көрсетті:


  1. білім беру үрдісі сынып оқушыларының мектепке, мұғалімге көзқарасын өзгертіп, оқуға қызығушылықтарын арттырды. Оның себебі мынада:

- білім беру барысында оқушының мақсаттары мен құндылықтары, оның іс-әрекеті бірінші орынға шығып, оқушының субъектілі тәжірибесі негізінде ұйымдастырылды, яғни мұғалім оқушылардың дербес белсенді қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші және көмекші ролінде оқушыларға жақын, тең дәрежелі қарым-қатынастар орнату мүмкіндігі дұрыс, дұрыс емес жауапты ешқандай қысылмай, еркін айту мүмкіндігі оқуға ынталандыра түседі;

- топта, үштікте, жұпта жұмыс жасай отырып, оқушы өз біліміндегі, қарым-қатынасындағы кемшіліктер мен қателерді өзімен бірдей адамнан қабылдай отырып, дұрыс шешуге тырысады;

- топтық оқыту білім мазмұнының практикалық мәнін ашуға әсер етеді, себебі оқушы білімді күнделікті өзіне үйреншікті қарым-қатынас әрекетінде алады, топта жұмыс жасау ережелері ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді;


  1. білім беру үрдісі мектептегі оқытуды жекелеу мүмкіндігін туғызды. Жекелеп оқытуды болашақ 12-жылдық мектептің бастауыш сыныптарында қолдану оқушылардың 8-9 сыныптарда таңдайтын бейіні мен тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына өз септігін тигізеді. Себебі оқытудың бейінін анықтау оқушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.

  2. жалпы білім беретін орта мектепте бағдарламалық-әдістемелік құралдардың болуы оқушылардың өз бетімен ізденісін тудыруға мүмкіндік берді, оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай туғызды:

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушылардың пәндік білімдерін интеграциялауға мүмкіндік береді, интеграцияланған білімді қажетіне қарай пайдалану дағдысын дамытты;

- оқушылар ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды түрлі деңгейлерінде орындай алды;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытты;


    • оқушылардың өзіндік әрекеттерін жоспарлауын, орындауын, оны бақылауын белсендендіріп, өз қабілетіне сенімділігін арттырды;

  1. топтық оқыту сынып оқушыларының ұжымдық ойлау, өзара көмек және қолдау, ұйымдастыру, кеңес беру, бақылау, бағалау, жоспарлау, мақсат қою, шешім қабылдау сынды іскерліктерін қалыптастыруға ықпал етті:

- сынып оқушыларының негізгі іс-әркеті қарым-қатынас болып табылады, сондықтан қарым-қатынасқа негізделген технологиялар (топтық оқыту, интерактивті әдістер, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары және т.б.) арқылы ұсыналатын оқу материалын қабылдау кезінде айрықша көрсетіліп, интонациямен айшықталған, пікірталас барысында туындаған ақпарат оқушының жадында қалады. Егер ол нақты бір әрекет, ситуациялық жағдай, имитациялық модель болса, онда ол ұзақ уақыт ұмытылмайды;

- бағдарлама бойынша берілетін тақырыптық материал ауқымды, бірақ оқушыға түсінікті түрде берілген ақпараттың көлемі ғана оқу сапасының жоғары болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мүмкіндік мәтіндік ақпаратты нақты өмірлік ситуация арқылы толықтыру немесе өмірдегі рольдік бейнелердің берілумен түсіндіріледі;

оқушының ақпараттық мәдениетті білім беру негізінде қалыптастыру әрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін барынша ескеріп, оның әлеуеттік мүмкіндіктерінің ашылуына және дамуына жағдай жасалды;

- топта жұмыс жасау, тиісті топтың ерекшеліктерін білу, ынтымақтастық ахуалын ұстай білу, мәселені шешу мақсатында тиімді қарым-қатынастар құру, түрлі өзгерістерге дайындық оқушының еркін сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениетін, шыдамдылықты жетілдіруге мүмкіндік берді.

Сонымен, оқушылардың ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мүмкіндіктері білім беру негізінде айқындалып, оның жағымды нәтиже беретініне көз жетті.

Сабақты ұйымдастыру алгортимі жасалды. Сабақ – бұл оқушының субъектілі тәжірибесіне негізделген, аяқталған, мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылқ қатынастағы оқыту үрдісінің элементі. Сабақтың мына деңгейлері ажыратылды:

Деңгей 1 – Сабақты ұйымдастыру, мақсат қою, ағымдағы күй мен жоспарланған мақсатты салыстыру. Бұнда басқа сабақтар жүйесінде өткізілетін сабақтың орны анықталып, мотивацияны тудырудың барлық логикалық деңгейлерін пайдалану жүреді. Оқушылардың тұлғалық таңдауларын, сабаққа қатысты мазмұндық және үрдістік таңдауларды, оқушы мен мұғалімнің жеке мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді зерттеу белгіленеді. Білімді қолданудың нақты контексті анықталады.

Деңгей 2 – Сабақтың негізгі кезеңдерін іске асыру. Оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, оқу үрдісіндегі таным үрдісі арасындағы және мұғалімнің жаңа материалды презентациялаудың арасындағы міндетті үйлесімділіктің сақталуы белгіленді. Педагог жаңа материалды презентациялаудың түрлі тәсілдерін (визуальды-көрнекілік, аудио-сөздік, сезімдік-процестік) пайдаланғаны жөн.

Деңгей 3 - Рефлексияны және кері байланысты ұйымдастыру, аралық нәтижелерді түзету. Мақсатқа қалай жетеміз? Педагогтың оқушылармен кері байланысты орнату бойынша жұмысы. Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және тексерудің дәстүрлі жұмыс түрлерімен қатар оқушылардың тұлғалық және оқу мақсаттарына жеткендігі жөнінде жеке және топтық рефлексияны міндетті түрде ұйымдастыру қажет. Ол диалог, полилог, кері байланыс парақтары формасында өтуі мүмкін.

Деңгей 4 - Сабақты қорытындылау, білімді болашақта пайдалануға бағытталу деңгейі болып табылады. Бұнда сабақ барысында алынған барлық мәліметтерді қорытындылау, өткен білімге шолу жасауды ұйымдастыру және әрі қарайғы «жолды» белгілеу. Алынған білімді түрлі контекстіде пайдаланудың тәсілдерін қарастыру: осы білім саласында әрі қарай оқу үшін, басқа салаларда пайдалану үшін, болашақ тұлғалық және кәсіптік мақсаттарды жэүзеге асыру. Педагогтың жағымды бағалауды (вербальды және вербальды емес) мадақтау, құптау, ауыспалы «білім кубогын» немесе грамота беру түрінде пайдалануы.

Бағалау жүйесін ранжирлеу: сапалық жағынан – жаңа тәсіл мен стратегияны меңгеруі, оқу материалын шығармашылықпен қолдану, өзінің ашқан білімі; сандық жағынан – көлемдік көрсеткіштер, бастапқы және соңғы көрсеткіштер. Баға қою жүреді.

Аталған сабақтың дәстүрлі сабақтан басты айырмашылығы – оқушының субъектілі тәжірибесіне сүйене отырып, оның өзіндік білім жүйесін құрастыруға көмектесу болып табылады. Ең маңызды кезең – үшінші деңгей, себебі оқушы өзіндегі бар білімін жаңа білммен салыстыра отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыра бастайды. Сонымен қатар, сабақ үстіндегі диалогтық қарым-қатынастар субъектілі тәжірибенің толық ашылуының негізгі шарты болып отыр.

Сізді, ата-анаңызбен бірге досыңыздың отбасы қала сыртындағы саяжайға қонаққа шақырды. Олар ең алдымен автобуспен, содан кейін аялдамадан бері қарай жаяу жүру керектігін түсіндірді. Автобус аялдамаға таңғы сағат 9.00.-де келеді.

Сіздің әкеңіз, бұл жерлерде ертеректе өзінің жұмыстарымен болған екен. Сондықтан да, ол бұл жердің сұлбасын сызып бере алады және онда жайдақ жолдар өте көп екенің, екіншіден, кішкентай өзен тасыған кезде, оны киіммен немесе заттармен кесіп өту мүмкін болмайтындығын айтты.

Ата-анаңыз, сізден досыңыздың анасынан баратын маршруты туралы сұрастырып біліп, әкеңіздің сұлбасына сол маршрутты түсіріп беруді және қонаққа шақырғандары үшін алғыс айтуды сұрады.

Досыңыздың анасымен сөйлесіңіз (оның рөлін мұғалім ойнайды).

Сөйлесуді сыпайылық ережелеріне сәйкес бастаңыз.

Қоятын сұрақтарыңыздың мазмұны сізге, маршрутты нақты салуға көмектесетіндей болсын.

Әкеңіздің планына өз маршрутыңызды түсіріңіз. Сіз маршрутты әңгімелесу барысында да сала аласыз, ал жаңылып кеткен жағдайда, сізбен әңгімелесіп тұрған адамнан кешірім сұрап, алаңдауға не себеп болғандығын түсіндіріңіз.

Қонаққа шақырғандары үшін досыңыздың отбасына рахмет айтып, жексенбіні асыға күтетіндеріңді хабарлаңыз.



Әңгімелесуші құрбыға ақпарат:


700 м.

1 км.

500 м.



Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырма үлгісі


Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың бағалау бланкасына түсінік

1. Бақылау тестінің барысында барлық топ мүшелері бірдей балл алады. Егер тапсырма қалыптастырушы бағаны анықтау үшін жүргізілсе, топты бағалау бланкасы топтың әрбір мүшесін жеке бағалау бланкасымен бірге қолданылады.

Содан соң топтың ілгерілеуі, білім алушының жеке үлесі мен әр білім алушының өсу деңгейі талқыланады.

2. Тапсырма 5 немесе 7 білім алушыдан тұратын топқа ұсынылады.

3. Сынып жағдайында мұғалім тек бір ғана топтың жұмысына бақылау жасай алады. Бұл уақытта басқа білім алушыларға өз бетімен орындайтын тапсырмалар берілуі керек.

4. Мұғалім топтық талқылау үшін нақты уақыт береді.

5. Егер топ мүшелері берілген тапсырма шартын ұстанбаса, уақыттың тең жартысына дейін сұрақты талқыламаса, мұғалім топтың жұмысына араласып, талқылауды жүргізушінің рөлін өзіне алады.

Бұл жағдайда топ «ақпараттық мәдениет шарты» бағаны бойынша 3 балдан артық алмайды.

6. Мұғалім топтық жұмыс кезінде бақылау жүргізіп, нәтижесін бланкке түсіреді.

Үздіксіз бақылау барысында мұғалім топтың жұмысы берілген өлшемдердің біріне сәйкес келетіндігін көрсе, тиесілі ұяшыққа белгі қояды.

Мұғалім А қатарындағы ұяшыққа (төмендегі кесте) мұғалім өлшемге тек топтағы бір білім алушының әрекеті сәйке келсе, Ә қатарындағы ұяшыққа – топ мүшелерінің жартысынан азының әрекеттері сәйкес, ал Б ұяшығына – топтың жартысынан көбінің әрекеттері сәйкес келеді деп тапса ғана белгі қояды.
Оқушылардың білімін бағалау бланкісі


ақпараттық мәдениеттің қалыптасу барысы (процедурасы)

ақпараттық мәдениеттің қалыптасу мазмұны

ақпараттық мәдениеттің қалыптасу нәтижелігі




А

Ә

Б




А

Ә

Б




А

Ә

Б


2.3. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуға қолданылатын дидактикалық материалдар

Бастауыш сыныптарда бала үшін –оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу һте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз. Сондықтан біздің мектепте 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап 12 жылдық білім берудің тәжірибелік орталығы ашылған болатын. Осы орталықта 2 сыныптан бастап информатика пәні оқытылуда. Оқушылармен компьютермен жұмыс жасап үйренумен қатар, алгоритм құру және команда беруге үйрету үшін «Кішкене Кря» («Утенок Кря») ортасымен сабақ жүргіземіз. Бұнда алгоритм тілінің негіздемелерімен таныстырады. Бұл ортада ойын арқылы сызықты алгоритм құруға үйренеді.

«Кішкене Кря» компьютерлік ортасымен танысайық.

Кішкентай Кря оң жақтағы экранды алып тұратын тіктөртбұрыштың ішінде орналасқан. Алаңның көлемі тігінен 15, көлденеңінен 19 қадам. Бұл бағдарлама тек 3 команданы ғана орындай алады;



  • Қадам

Утя бір қадам алға жүреді де, артында бір қадамға тең кесінді сызылады.

  • Бұрылу

Утя сол жағымен 90 градусқа бұрылады.

  • Секіру

Утя бір қадам алға секіреді де, артында із қалдырмайды.

Экранның жоғарғы жағында қызметші командалар, сол жағында бағдарлама парағы орналасқан. Қажетті командалар арқылы алгоритм жазып болған соң, нәтижені көру батырмасын басып қарауға болады.

Бастауыш сынып оқушылары оқу ортасында жоғары ынтамен жұмыс жасап, үлкен жетістікке жетеді. Өз шығармашылықтары пайда бола бастайды.

Сабақта компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтарын айтып кетуге болады:



  • оқушының дербес жұмыс жасауына мүмкіндік мол;

  • компьютер алдында оқушының еркін жұмыс істей алуына болады;

  • компьютерде сабақты пайдалану уақытты үнемдейді және оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтың өту ұзақтығын да ескеруге болады;


Бастауыш сыныпта информатикадан істейтін жұмыс құрылымы

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:


  • Математика мен орыс тілі курстарымен сабақтастығы;

  • Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастыруымен қатар, оқушылардың сыныпта және сынынтан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейтесті мәсслелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетгілігін арттыру, оларды «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1.Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану аркылы;

2.Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту аркылы;

3. Мектептерде балаларға арналган информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауаттты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Ғылым мен тсхниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел карқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын - бастауьш мектепке де өз әсерін тигізудс. Сондықган бастауыш білім жүйесініңде көздеген мақсаты - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық кабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мекгепте оқытатын басқа пәндермеи үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрдс меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғаліміге бастауыштағы оқу үрдісінің кұрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар, жаңа ақпараттык технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімсн немесе бірлескен түрдс шығармашылық жұмыспсн шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағьн жүргізудің тиімді жолдарын карастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр.

Ғалымдардың, тәжірибелі мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:


  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

  1. Қолданушылық

Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттыөтырушы бағдарламалар негізінде кқмпьютерлік сауаттылықтары өалыптасады.

Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше,баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай – ақ техникаға сауатты, ұқыпты ұарауы.

Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушылар төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиі:

    • оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;

    • программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

    • программамен жқмыс істеуге машықтану: программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу;

    • компьютерді нұсқаусыз жүмыс істейтіндігін түсіну.

  1. Ақпаратты – логикалық

Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол.

Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен - өзі туындайды.



  1. Шығармашылық

Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.

  1. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың ролі зор.Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігің арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:

    1. проблемалық оқытуды қолдану

    2. алгоритмдік оқыту

    3. оқытуды ақпараттандыру

    4. пәнаралық кіріктіру

Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал –жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:



  1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.

  2. Ойды логикалы түрде дамыту.

  3. алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.

  4. Компьютерді үйренудің оңай жолдары іздеу.

Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін жоғарғы сыныптарда бердік. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі рефлекс сиякты сияқты болып келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім кабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамыта білуге кабілетті, ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның ннтеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс. Міне, осы мақсатта бастауыш сынып үшін дербес компьютердің соңғы мүмкіндіктері пайдаланылған. Мультимедиалық аудио-визуалды электрондық оқу-әдістемелік құралдары бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына зиян келмейтіндей техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріліп, әр тақырып мазмұнына 1-сынып үшін - 10 минут, ал 2-5-сыныптар үшін - 15 минут көлемінде уақыт белгіленді, Оқу құралын сабақтың қай кезінде пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар үйде, ата-аналар баласының ой-өрісін дамытып, өз бетінше білім алуын қадағалауына мүмкіндік туады.



  • 12 жылдық мектепке көшу жағдайында қазіргі заманға лайық акпаратгык-коммуникациялык технологияларды қолдану мүмкіндіктерін жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану аркылы бастауыш білім берудің мазмұны мен технологиясын модернизациялау;

  • 12 жылдык мектеп оқушыларын бағдарлап оқытатын "жаңа сатыдағы" мұғалім даярлау проблемасын шешуге үлес қосу.

Бастауыш сынып оқушыыларын жеке тұлға етіп қалыптастырудағы

ойындардың тиімділігі

XXI ғасыр адамның шығармашылығы дәуірлеген ғасыр екені баршамызға аян. Адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер негізінде жаңалық ашу өркениеттіліктің белгісі. Осы тұрғыда қарайтын болсақ, бастауыш сыньш оқушыларын шығармашылықка баулу арқылы жеке тұлға етіп қальштастыру басты міндеттеріміздің бірі. Еліміздегі «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы негізгі бағыттарының» идеялары мен нұсқаулары жан-жақты жүзеге асырылуда.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда, баланың білімге ынта-ықыласын арттыру, баланы шығармашылыққа жетелеу ол мұғалім құзырында. Ол үшін әрбір педагог заман талабына сай жұмысты шығармашылықпен, озық педагогикалық шеберлікпен уақытгы ұтымды пайдалана отырып сабақты түрлендіріп жүргізулері керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін қажеттілік, олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін барынша ескеруден туындап отыр. Өйткені жаңа буын оқулығы мен 12 жылдық білім беру жүйесіндегі материалдар ойын қызметінен оқу қызметіне табиғи ұштастырудың негізгі әдістемесі болып табылады.

Дамыта оқыту процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әртүрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді, сабақ процесінде ой-еңбегін қажет ететін сан алуан қиындықты жеңеді, төзімділікке үйренеді. Сабақты тартымды, қызықты ойын түрінде жүргізу жас ұландардың білімге қызығушылығын арттырады. Ойын барысында орындалатын іс-әрекеттермен оқушылардың сабақ барысында өз беттерінше жұмыс істеуі өте қажет.

Алты жасар бала - бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, біріншіден, ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көп нәрсені, шаруаны тындыра да алады. Бұл ретте не істей алатынын және оның психикасы мен жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте-мөте маңызды.

Мектепке беру — баланың қандай жаста бірінші сыныпқа келетініне қарамастан, оның өміріндегі бетбұрысты сәт. Қоғамдық карым-қатынас жүйесінде бала орын алмасады. Мектепке дейінгі балалық шақ ойындарымен, аздаған қоғамдық міндеттерімен қош айтысып, ол мүлдем басқа бір дүние есігін ашады. Мектепке бару дегеніміз — бұл жаңа тұрмыс салты мен жаңа қаракет жағдайына көшу, бұл қоғамдағы жаңа жағдайға бойұсынып, бала мен үлкендер, құрбы-құрдастар арасында жаңа қарым-қатынастың орнауы, осыған орай, оның факторы, яғни баланың дамуы мен өмірін айқындайтын әлеуметтік жағдайлары да өзгереді.

Қоғамдағы жаңа жағдайдың мәні мынада: бала жайдан-жай бала-бақшадан мектепке ауыса салмайды, оның мектепке баруы, мектептегі оқуы міндетті, қоғамдағы мәні бар қызметке айналады. Ол жауапкершілікті сезінеді, яғни бала өзін-өзі басқаша бағалайды, ендігі жерде ол мектеп окушысы. Ал, мектеп оқушысы жасы төмен балаға қамқор болуы тиіс. Демек, баланың ойыны да өзгере бастайды. Бұрын тәрбиеші, сатушы, қуыршақ, машина сияқты ойындар ойнаса, мектепті көрген оқушы ретінде енді өзге балаларға ұстаз ретінде «әріп танытушы апай» ретінде қарап, өзін жоғары ұстайды. Тіпті, «сендермен ойнауға қолым тимейді, сабақ дайындауым керек. жазуым көп» — деп, балаларды өзіне еліктіре түседі.

Қоғамдык қарым-қатынастар жүйесінде орын алмастыру (бала-бақша мен үй жағдайынан мектепке ауысу) баланың психологиялық тұрғыда алғанда сыр бүкпеуіне жол ашады. Мұғалім талаптарын орындауға дайын тұратын сенгіш баланың одан ешбір де жасырын сыры болмайды. Ата-анасына, достарына айтпаған сырды мүғалімінё айтады. Тағы бір ерекшелік — бала бүл жаста сезімтал, ынталы, кабылдау сапасы мен ойлауы біршама дамыған, кеңістік пен уакытты ажырата алатын, тілі дамыған болып келеді. Мұгалім қандай болса, .оқушысы да соңдай дәрежеде болатыны белгілі, яғни оқушы мұғалім айнасы. Сондықтан да, үнемі ізденіп оқушысының ойын дұрыс түсініп, дер кезінде білім нәрін бере алған мұғалімнің ғана болашағына жарқын жол ашылмақ.

Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойын да, еңбек те, оқу да тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеңіске жетеді, дегенмен ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.

А.С.Макаренко: «Ойын-балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ кайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады» — деп балалардың ойынын жоғары бағалады.

Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы дүниені танытудың ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын —- балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық кабілетін қалыптастырады.

А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» — деп санайды.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оку процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

Тиімді қодданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге кездеседі: өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабактан гөрі ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ыкыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік талаптар койылады:

1.Ойынның максаты: нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге койылуы керек.

2. Ойынға кірісер алдында олардьң жүргізу тәртібі окушыларға әбден түсіндірілгені жөн.

3. Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

4.Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардьң ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.

Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені тусінікті. Әрбір мәдениетгі және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырған коғамда өзін қоршаган ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Табиғатты сүю үшін ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылықтарға байланысты өзгерістер болып отырғанын білу кажет.

Адамның жас ұрпағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып коятыны белгілі. Сондықтан қазіргі акпараттық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшн олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлшегі -ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетш негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.

Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттык мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:

• сезімді ынталандыру;

• білім, білік дағдыларын дамьпуға қызығушылығын арттыру;

• жауапкершігі мен міндеттерін қалыптастыру:

• есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

• логикалық жәнс ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.

Акпараттық мәдениет негіздері курсын оқытудың негізгі нәтижелері дегеніміз оқутьшың төмендегідей қасиеттерін жетілдіру болып саналады:

• ақпараттыкқ обьектілерді мұғалім ұсынган мәтіндік, бейнелік және ақпаратгың жиыны ішінен іздеп табу;

• мұғалімнің жетекшілік етуімен кез келген объектілер мен процестерді байқау, тіркеу, сипаттау және өлшеу жүргізу;

«ақпараттық объектілерді тікелей қабылдау, түсінік беру, таңдап алу және бағалау, бір-бірімен байланысын аныктау;

• қойылған талапқа сай объект мысалын тұрғызу.

Мұндай қасиеттерді оқушы бойына қалыптастыру жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметгік даярлығы үшін өте кажет.

Компьютерді оқыту және бакылау процесінде пайдалану кезіндегі негізгі әдістемелік принцип оның қалыпты оқыту және бақылау тәсілдерімен үйлесімділігі болып саналады, Сондықтан сабақты жоспарлау барысында осындай программаларды бұрынғы оқыту құралдарымен тиімді түрде араластырып пайдалану қажег. Компыотерлік программалардың өзі оқушыға керекті мәліметтерді беріп, белгілі бір кезекпен оның орындайтын тапсырмаларын анықтап, дұрыс шығарылғанын тексеріп, қажетті көмекті де беріп отырады. Мұнда оқыту ісі мұгалімнің қатысуынсыз интеракгавті режимле жүргізіледі, оқытушы тек программада қарастырылмаган жағдайлар кездескенде ғана көмек бере алады.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, бастауыш сыныпта ақпаратгық мәдениетгі қалыптастыруда "Ақпарат" оку бағдарламасын жасалды. Онда мынадай тақырыптар қарастырылған:

1. Жалпыдан жекеге өту;

2. Жекеден жалпыға өту;

3. Негізгі қасиетін белгілеу;

4. Образдық ойлау.



Жалпыдан жекеге өту тақырыбында үш сурет берілген. Оның ішінен белгілі бір нысанды айырып айту керек болады. Мұндағы мақсат нысанды топтарға бөліп, оларды белгілеріне қарай ажырата, жіктей білу. Нысанды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әр сұраққа дұрыс жауап бермесе келесі сұраққа өтпейді.


Нысан және оның қасиеттерін ажырата білу
Жекеден жалпыға өту тақырыбында белгілі қасиеттері бойынша жиын элементтерін бөліп алуды үйретіп, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Мақсаты, ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу немесе белгілерін анықтай білу.






Жиын ды анықтау.
Негізгі қасиетін белгілеу тақырыбында жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Бұл анықтамаларды балаға қарапайым мысалдармен көрсеткен.


Жиынның ортақ элементтерін ажырату
Образдық ойлау тақырыбында оқушылардың өмірде нақты түрде кездесетін немесе елестетуге болатын түрлі бейнелік нысандар нұсқасына анықтау. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. .




Образдық ойлау

Қорыта келгенде, бұл электронды оқулық оқушылармен олардың ата-аналарына қосымша көмек ретінде пайдалануға болады. Яғни, бұл злектронды оқу бағдарламасында ақпарат, нысан, нысандарды топтарға бөлу, оларды жіктеу, жиын, жиын элементтерімен танысуға мүмкіндік бар.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің негізінде мынадай түбегейлі жаңа тұжырымдамалық негіздер жатыр:

- мектеп бітірушілерінің тұлғалық сапалары ретінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау арқылы білім беру жүйесінің «шығуын» реттеу;

- мектептік білім берудің түрлі деңгейдеріндегі тұлғаның даму дәйектілігін сипаттайтын оқътудан күтілетІн нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін кұру;

- «дайын білімдерді алушы» баяу оқушыға жасалған акцентті оқушы-танымдық процестің белсенді субъектісі акцентіне ауысуын көздейтін мектептік іс-әрекетгің негізгі процесі ретінде оқудың рөлін күшейту;

- негзгі кұзыреттілікгерді, білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеру жөніндегі оқушылардьң оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім беру жүйесі мен мекгептің, оқушылардың даму динамикасын бакылауға бағдарланған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;

-жоғарғы мектепте бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының тұлғалық бағдары мен вариативтілігі;

- педагогикалық саралау мен бейіндендіру негізінде жеке білім алу траекториялары бойынша оқыту процесіндегі оқушылардың табысты

әлеуметтенуін қамтамасыз ету;

- жалпы орта білім берудің кұрьлымы мен мазмұнының білім берудің әрбір денгейіндегі психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі жаңа бағдар бұдан былай нормалаушы кұжаттар бола алмайтын жалпыға міндетті стандарттардың кұрметтеріне де өзгерістер енгізеді. Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты -білім беру процесіне қатысушылардың барлығына арналған бағдарлар жүйесі.

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын-соңды болмаған құбылыс деуге болады. Заман ағымына сай, жаңа ақпараттық технологиялардың өте жедел дамуына байланысты информатика пәнінің мазмұны өзгеруде. Осыған байланысты, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндет.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалімоларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -деп Елбасымыз атап өткендей, заман талабына үн қосатын ұлттық ұлылығын паш етер ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегіміз табысты болғай.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». 19 наурыз, 2004 жыл.//Егемен Қазақстан, 2004 жыл.

2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004.

3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. – Астана, 2006.

4 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004 жыл.

5 Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында //Егемен Қазақстан, 2005 ж., 1 наурыз.

6 Усвоение знаний и развитие младших школьников /Под ред. Л.В.Занкова. – М: Просвещение, 1985. – 185 с.

7 Овчинников Г.С. Усвоение знаний и развитие младших школьников: Учебное пособие к спецкурсу: Челябин.гос.пед.инс-т. – Челябинск, 1995. - 88 с.

8 Суворова Г.Ф. Индивидуальный подход к учащимся на уроке //Начальная школа. – М., 1987, №4. – С. 54-59.

9 Поляков Г.Б. Психолого-педагогические проблемы на учебном процессе – София: Народни просвета, 1981. – 133 с.

10 Пышкало А.М. Обучение и воспитание детей с шестилетнего возраста в школе / Под ред. И.Д.Зверева, А.П.Пышкало. – М: Педагогика, 1987. – 216 с.

11 Бантова М.А. Система вычислительных навыков //Начальная школа. – М., 1975, №10. – С. 51-55.

12 Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологияларының негіздері. – Алматы: Өлке, 2002.

13 Бидайбеков Е.Ы. Развитие методической системы обучения информатике специалистов совмещенных с информатикой профилей в университетах Республики Казахстан: автореф..., дисс..., докт. пед. наук. – М., 1998. - 34 с.

14 Қараев Ж.А. Качества образования и новые технологии обучения //Менеджмент в образовании. – Алматы, № 3(1), 2003. – С.23-28..

15 Коваленко Г.В. Подготовка учащихся к активному и сознательному восприятию новых знаний на уроках. - Харьков, 1974. – 213 с.

16 Нечкина М.В., Энштейн Д.А. Современный урок: Опыт и размышления //Советская педагогика. – М., 1980, №3. - С. 77-79.

17 Огородников И.П. Повышение эффективности урока. – М: Знание, 1990. – С. 37-38.

18 Суворова Г.Ф. Индивидуальный подход к учащимся на уроке /Начальная школа. – М., 1987, №4. – С. 54-59.

19 Санай Г.Е. Педагогические условия формирования готвности учителя к реализации инновационных технологий обучения. Дисс.к.п.н.. - Тараз, 2005. – 148 с.

20 Мухамедин М. Ойын іс-әрекеті процесіндегі бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу. Пед.ғ.к. дисс ... – Алматы, 1997. – 182 б.

21 Тургунбаева Б.А. Развитие творческих способностей младших школьников в процессе обучения. Дисс.к.п.н. – Алматы, 1998. – 148 с.

111 Обухова Л.Ф. Урок в современной школе. – М.: Просвещение, 1991. –191 с.

22 Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологий обучения: дисс...д.п.н. – Алматы, 1994.-312 с.

23 Қазмағамбетов А.Г., Кеңесбаев С.М. Білімді ақпараттандыру және оның болашақ мұғалімдерді дайындаудағы әсері //Тезисы докл. Межд. конф. «Развитие информационных технологий в высшей школе».- Алматы, 2003.

24 Казмагамбетов А.Г. Научно-педагогические основы формирования системы оценочных притязаний старшеклассников в учебном процессе: автореф...д.п.н. – Алматы, 1999.

25 Кеңесбаев С.М., Айтбаева. Ж Болашақ мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға дайындаудың мақсаты, мазмұны және принциптері //«Педагогикалық білім беру сапасы: дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» халықаралық ғ.–пр.конф. -Алматы, 2004.

26 Бидайбеков Е.Ы. Білімді ақпараттандыру жоғары оқу орындарында мамандар дайындау бағыты ретінде // «Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану» халықаралық ғ.-тәжірибелік конф.– Қызылорда: Эверо, 2007.

27 Мухамбетжанова С.Т. Устойчивое развитие образования в условиях информатизации системы повышения квалификации работников образования // Тезисы докл.межд. научно-пр.конф.стран Центральной Азии и Казахстана- Алматы, 2007.

28 Ермеков Н.Т., Ғалымжанова М.А. 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Информатика» пәні оқулығы (авторлық бірлестікте)- Алматы: Жазушы, 2007.-176 б.

29 Ермеков Н.Т. К проблеме обучения информатике в 12-летней школе // Сб. Научн.ст. IV Межд.форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ»- Алматы,2006.-С.292-294.

30 Данаев Н.Т., Балақаева Г.Т. 2-6 сыныпқа арналған тестілеу бағдарламалары // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика ғылыми зерттеу институты- Алматы, 2003.-С.

31 Джусубалиева Д.М. Теоретические основы формирования информационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения: дис... к.п.н.- Алматы, 1997.

32 Ершов А.П Программирование-вторая грамотность.- Новосибирск, 1981.-С.18-19.

33 Ершов А.П. Как учить программированию // Микропроцессорные средств и системы.-1986. -№1.-С.91-93.

34 Әмірбеков А. Оқушылардың компьютерлік-талдау ебдейліктерін дамыту: п.ғ.к... дисс.- Шымкент, 1995.-153 б.

35 Беспалько В.П. Метод.указания по программированному обучению. М.: ИКМГДТ, 1967.-128 с.

36 Сардарова Ж.И. Бастауыш сыныптарда дамытушы компьютерлік ойындарды пайдалану // КазИНТИ, 2002.

37 Ғалымжанова М.А. «Windows XP операциялық жүйесі». Әдістемелік құрал. – Алматы: Иманали,2006.- 46 б.

38 Мұхамбетжанова С.Т. Білім беру мекемелерін қызметкерлерін ақпараттық-комуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы, 2006 ж

39 Ғалымжанова М.А. Творческая работа с одаренными школьниками с использованием новых компьютерных технологий.//«Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция– Атырау,2005.-Б. 52-54.

40 Ғалымжанова М.А. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Менеджмент в образовании. -2006.-№3.-Б. 54-58.

41 «Ақпараттық мәдениет негіздері» №3 дәптер 2005ж.

42 Горячев А.В «Информатика в играх и задачах» . МЭСИ , 2000

43 Ғалымжанова М.А. Мектеп информатикасындағы іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі// «Қазіргі білім беру ауқымындағы физика-математика ғылымдарының ролі» халықаралық ғылыми-теориялық конференция– Атырау,2005.-Б. 216-219.

44 Р.Р.Камалов, И.Ю.Хлобыстова, А.А.Тутолмин. От информационной компетентности к формированию информационной культуры специалиста. Информатика и образование; 2005; №2; 109 - 111 бб.


Қосымша А
Атырау қаласындағы Сәтпаев атындағы мектептің 12 жылдық білім беру тәжірибе алаңында 2 жылдан бері информатика пәнін оқытудағы қолданылып жүрген күнтізбелік жоспар үлгісі:


Реттік №

Сабақ



Сабақ тақырыбы







2а сыныбы (12 жылдық)







І тоқсан







І бөлім. Информация.

1

1

Информация дегеніміз не?

2

2

Информация түрлері

3

3

Адам информациямен не істейді?

4

4

Қайталау. Тесттік тапсырмалар.







ІІ бөлім. Дербес компьютер.

5

5

Дербес компьютер. Құраушы құрылғылар.

6

6

Компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы.

7

7

Қауіпсіздік техникасы. Компьютерлік терминдер. Объект. Экран объектілері.

8

8

Компьютерді күнделікті өмірде қолдану. Компьютерлік желілір

9

9

Қайталау. Бақылау жұмысы







ІІ тоқсан.

10

1

Жұмыс үстелі. Маус операциялары.

11

2

Меню. Интерфейс түсінігі. Қарапайым тізім. Пиктографиялық меню. Кәдімгі батырмалық меню. Ашылатын тізім. Қабаттасқан меню.

12

3

Бас меню. Стандартты программаларды бас менюден іске қосу және олардың жұмысын аяқтау.

13

4

Программа және оның терезесі. Терезенің элементтері. Тереземен жүргізілетін негізгі әрекеттерді меңгеру.

14

5

ДК пернетақтасымен танысу.

15

6

Қайталау. Бақылау жұмысы







ІІІ тоқсан.







ІІІ бөлім. Алгоритмдеу.

16

1

Заттардың әрекеті. Әрекет нәтижесі

17

2

Адам өміріндегі суреттер. Paint графикалық редакторы программасының терезесі. Құю құралы.

18

3

Кері әрекеттер.

19

4

Оқиғалар тізбегі. Алгоритм. Қарандаш құралымен танысу. әрекетті болдырмау пернелері.

20

5

Әрекеттер тізбегін құру. Тізбектегі әрекетті іздеу және түзету. Қарындаш және құю құралдарын пайдалану.

21

6

«Алгоритм» сөзі қайдан шықты? Сызық құралымен танысу

22

7

Алгоритмді орындаушылар. «Утенок Кря» компьютерлік ортасы.

23

8

Жұмыстық тікелей және программалық режимі.

24

9

Алгоритмді орындау. Бастапқы шарт беру.

25

10

Сызықты алгоритм.

26

11

Қайталау. Бақылау жұмысы.







ІҮ тоқсан







ІҮ бөлім. Логика элементтері

27

1

«Ақиқат» және «жалған» түсініктері

28

2

Терістеу (емес) түсінігі.

29

3

«Жиын» түсінігі. Біздің төңірегімізде және табиғаттағы жиындар.







Ү бөлім. Объектілер және жүйелер.

30




Заттардың белгілерін атап көрсету. Цифрлық пернетақтамен танысу. Сызық инструменті.

31




Заттарды сипаттау. Екі және одан көп заттарды салыстыру. Суреттің үзіндісі туралы түсінік. Белгілеу құралы.

32




Зер салу, зерде және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Біздің төңірегіміздегі өсімдіктер. Қазақ халық творчествосы.

33




Жабайы аңдар. Балықтар және басқағажайып жануарлар.

34




Қайталау. Бақылау жұмысы.

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар




Реттік №

Сабақ



Сабақ тақырыбы







3г сыныбы (12 жылдық)







І тарау. Информация.

1

1

Информация

2

2

Информацияны қабылдау тәсілдері.

3

3

Информация көздері.

4

4

Информация тасуыштар.

5

5

Информацияны беру тәсілдері.

6

6

Информацияны кодтау.

7

7

Сан және информацияны кодтау.







ІІ тарау. Дербес компьютер.

8

1

ДК-дің құрылғылары

9

2

Жад құрылымы. Жад-компьютердің негізгі құрылғысы.

10

3

Мәтінді теру және редакциялау.

11

4

Менюжолы.

12

5

Мәтіннің үзінділерін көшіру және кірістіру.

13

6

Компьютерде есептеу.

14

7

Компьютерлік графика.

15

8

Компьютерлік сурет салу және редакциялау.







ІІІ тарау. Алгоритмдеу

16

1

Алгоритмдердің блок-схемасы. Алгоритмдерді блок-схеманың көмегімен жазу.

17

2

Алгоритмдердің блок-схемаларын құру.

18

3

Компьютерлік орта және алгоритмдер

19

4

Циклдық алгоритмдер.

20

5

Циклдік алгоритмдердің блок-схемаларын құру.

21

6

Алмасу буфері дегеніміз не?

22

7

Орындаушы Кішкене Кряның компьютерлік ортасындағы сызықтық алгоритмдер.

23

8

Орындаушы Кішкене Кряның компьютерлік ортасындағы процедуралар.

24

9

Орындаушы Кішкене Кряның компьютерлік ортасындағы циклдық алгоритмдер.

25




ІҮ тарау. Объектілер мен жүйелер.

26

1

Объектілердің аттары.

27

2

Объектілердің жалпы белгілері.

28

3

Жеке объектілер және жалпы атаулары.

29

4

Объектілердің құрамы және олармен орындалатын әрекеттер.

30

5

Әр түрлі жеке объектілердің айырмашылық белгілерінің мәні.

31




Ү тарау. Логика элементтері




1

Айтылымдар.

32

2

Айтылымдарды теріске шығару.

33

3

Жиын. Жиындардың қиылысуы

34

4


Графтар.

Графтардың көмегімен есептер шығару. Графтарды сипаттау.


Осы күнтізбелік жоспарға сай сабақтар сабақ берудің түрлі әдіс-тәсілдерімен оқытылады. Сабақ беруде мультимедиалық кабинет жұмыс істеп, онда бастауыш сынып оқушыларына арналған әрбір сабақтың кешенді бағдарламасы, «Мир информатики», «Компьютерлік сауаттылық» атты электронды оқулықтар қолданылады.

Сабақ барысында оқушылардың білімін тексеруде жұмыс дәптерлерімен қатар түрлі суретті тест жұмыстары жүргізіледі. Көрнекіліктер мысалы, түрлі иллюстративті суреттер, домино ойыны негізінде жасалған тест-топшамалары қолданылады. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың бір ерекшелігі, информатика сабағында тек осы пән ғана оқытылмайды, сонымен қатар, математика, орыс тілі және көптеген жануарлар дүниесі туралы да мәліметтер алуға болады.

Қосымша Ә
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы.

Компьютерлік терминдер.

Объект. Тінтуірмен жұмыс.
Сабақ мақсаты:

1. Компьютер класындағы қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысу, оларды сақтамаудың зардабы туралы мағлұмат беру, экран объектілері туралы түсінік беру, тінтуірмен жұмыс жасаудың алғашқы қадамымен таныстыру.

2. Қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтай білуге дағдыландыру, тінтуірмен компьютер жұмысын басқара білуге жаттықтыру.

3. Жауапкершілікке, сенімділікке, табандылыққа, зеректікке тәрбиелеу.



Сабақ көрнекілігі: Суретті топшамалар, суретті тест,домино, электрондық оқулықтағы «Мир информатики» бумасындағы материалдар, компьютер, дискет, компакт-диск.

Сабақ түрі: түсіндіру, демонстрациялап көрсету, ойын элементтері бар практикалық жұмыс

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өткен «Дербес компьютер» бөлімі бойынша

қайталау жұмыстары

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Қайталау материалдары

  1. Суретті тест өткізу үшін тақтаға сұрақтар ілінеді. Оқушылар сол сұрақтарды оқып, стол үстіндегі суреттер топшамаларынан сәйкес суретті қасына жапсырады.

А) Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрал (тышқан)

Б) Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрал (пернетақта)

В) Ақпаратты өңдеуге арналған құрал (жүйелік блок)

С) Адамға ақпарат беретін құрал ( монитор)

Д) Ақпаратты сақтауға, тасымалдауға арналған құрал (дискет)

Е) Ақпаратты сақтауға, тасымалдауға арналған құрал ( компакт-диск)

2. Құрал-жабдықтардың аты мен суретті сәйкестендіруге арналған домино ойынын ойнау.


  1. Электронды оқулық бойынша дискетті, компакт дискіні жүйелік блоктағы жетек құралдарына салу және қайтадан алу жолдарын көрсетіп, осы жұмысты өз беттерімен орындап беруді сұраймын.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс істеу.

  1. Қауіпсіздік техникасы

Жаңа сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатын айтып кету керек.

А) Компьютер класындағы тәртіп ережелері мен сабақтағы

қауіпсіздік техникасын сәйкес суреттер бойынша тоқталып түсіндіру керек.

Б) Тақтада суретпен көрсетілген ережелерді бір оқушының оқып беруін сұраймын.



  1. Компьютерлік терминдер.

  • Балалар, сендер компьютермен танысқан кезде қандай жаңа сөздерді үйрендіңдер?

  • Монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок

  • Бүгін біз тағыда жаңа сөздермен, яғни компьютерлік терминдермен танысамыз. Олар: колонкалар, сканер, принтер, модем, құлақшын, микрофон, джойстик, бейнекамера

Осы құралдардың қызметі туралы қысқаша айтып өту керек.

  1. Сергіту сәтінде компьютерде жұмыс жасаған кездегі көзге жасалатын жаттығудың 1-2 нұсқасын көрсету, орындату керек.

1 жаттығу. Көбелекке ұқсайтын мына суретті мен сияқты етіп

көзбен салып шығайышы. Алдымен маған қарап алыңдар, сосын жасаймыз.





2 жаттығу. Менің бұйрығым бойынша көздеріңді қатты жұмып,

сосын қатты ашасыңдар. Мен кімнің көзі үлкен екенін қараймын. Жаттығуды 3-4 рет қайталау керек.

Жарайсыңдар, көздерің өте әдемі, үлкен екен.

Қол саусақтарына жаттығулар жасау түрлерін көрсету керек.


  1. Объект туралы түсінік беру. Экрандық объектілерді көрсету.

  2. Тінтуірмен жұмыс істеуді көрсету, ұстауды, батырмаларын шерту әрекеттерін көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Электрондық оқулық бойынша оқушы кабинеттегі тәртіп

ережелерін әңгімелеп беруі керек. Ойынды ойнату.

2) №6 бағдарламалар кешені бойынша тінтуірдің екі батырмасын қолдануға арналған шарларды жою жаттығуын орындау.



  1. Тінтуір құрылғысымен жұмыс жасап жаттығу үшін «Алма жинау» ойынын ойнату керек.

  2. Жұмыс дәптерлеріндегі тестік тапсырманы орындау. Нәтижесін тексеру.

Ү. Сабақты қорытындылау.

1) – Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

- Компьютер класындағы тәртіп ережелерінің негізгілерін айтып беріңдер.

- Қауіпсіздік техникасының негізгілерін айтып беріңдер.



- Тінтуірмен орындалатын негізгі әрекеттерді атаңдар.

ҮІ. Үйге тапсырма. Оқулықтағы қауіпсіздік техникасы тақырыбын оқу, жұмыс дәптеріндегі 14 беттегі 3 тапсырма бойынша шағын әңгіме жазып келу керек.




жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау