Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы



жүктеу 1,75 Mb.
бет8/8
Дата08.03.2018
өлшемі1,75 Mb.
#11881
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;

qст – оқпандағы су шығыны, л/с;

nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға);

Qф = 42 л/с Qтр = 25 л/с

Сәйкесінше, өртке бірінші келген өрт бөлімі өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.

Бірінші келген өрт бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдайы және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер барлау барысында анықталды:

жанып жатқан сауда кешенінде адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;

өрт ауданы 180 м2 құрады;

өрттің тарау жылдамдығы 1,2 м/мин.

Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз етту үшін жұмсалады.

Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:

АЦ-40, АЦ-40, АЦ-40.

Өрттегі жағдайды және ӨСБ-11 жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге үш РС-70 оқпаны берілді. 11-ші ӨСБ КҚЖБО-на қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарылатылған номерін хабарлайды.

№ 2 жоғарылатылған шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу сәтіне дейінгі өрттегі жағдайды анықтау.

1. №2 шақыру бойынша келген өрттің пайда болуынан соңғы бөлім оқпандарын бергенге дейінгі өрттің даму уақытын анықтаймыз:

τсв2 = τсв1 + τсл2 + τбр = 11 + 3+ 5 = 19 мин.

2. №2 шақыру бойынша келген ӨСБ-11 оқпандарды беру сәтіне дейінгі өрттің ауданын анықтаймыз.

Зауыт кешенінің және көрші бөлмелердің қабырғаларының отқа төзімділік шегі 0,75 сағ. тең, яғни 45 мин, ал қосымша күштер мен құралдар өрт пайда болғаннан 19 минуттан кейі келеді, сонда өрттің дамуы өзгермейді, сондықтан:



Sт = 180 м2 Qтр = 25 л/с

. Күш пен құралдардың орналасуы.


Өрттегі орташа көлемді температураны анықтаймыз.

Жылу алмасу беткі қабатын анықтаймыз:

S = Sпол + Sпер + Sст,

мұндағы, Sпол , Sпер , Sст - еден, аражапқыш және бөлме қабырғаларының ауданы, м2.

Sпол = 240 м2

Sпер = Sпол = 1800 м2

Sст, = (18 * 3,5)*2 = 126 м2

S = 240 + 180 + 70 = 490 м2

Жылулық ағын тығыздығын анықтаймыз;

мұндағы, - химиялық толық жанбаған коэффициенті;

Vм – материалдың жаппай жану жылдамдығы, кг/( м2 ч);

Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;

Qнр - жанудың төмен массалық жылулығы, кдж/кг;

0,97, Vм = 0,48 кг/( м2.мин);



Qнр = 31206,0 кдж/кг; Sп = 240 м2;

q = 0,97*28,8 *240 *74880 = 340137,2 вт/м2



3,6* 410
Газ алмасуда қатысатын қуыстар бір деңгейде орналасқан, сәйкесісінше ақпалы қуыстар ауданын S1 қуыстар ауданының 1/3 тең аламыз.

S1 = 45 м2

Алынған мағыналар бойынша S1 және V0

S

кестеге сәйке (қосымша 7 /14/), табамыз



мұндағы, V0 = 4,20 м3/кг- жануға ауа шығыны.

S1 = 45 = 1

S 410 2
Sпола = 240



Жылулық ағын тығыздығын ауа шығынының коэффициенті және өрттің мүмкін даму уақытын біле отырып «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетулер номограммасы бойынша өрттің ортакөлемді температурасын анықтаймыз.

Есептеулер көрсеткендей өрттің ауданы бірінші келген бөлім сәтінен соңғы келген сәтіне дейінгі мезгілде өзгермеген, сонымен бірге ағу қуыстары мен жылу алмасу беттерінің ауданы өзгермеген. Сәйкесінше орта көлемді температураны тек қана келесі уақыт аралықтарында анықтаймыз:

бөлімнің келу уақыты tср13 = 350оС; tср19 = 375оС.

Түтіндену дәрежесі:

Өрт сөндіруге күш пен құралдар көрші бөлмелер жағынан есік қуысы арқылы енгізілгенін ескере отырып және олардың саны уақыт аралығында өзгереді. Сәйкесінше газ алмасуға қатысатын қуыстардың ауданы өзгермейді.

Есік қуыстары 1/3 жұмыс жасауын, ал жану өнімдерін жоюға 2/3 жұмыс жасауын ескере отырып бейтарап аймақтың орналасу биіктігін анықтаймыз.

Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі болады:

Өндірістік бағдарламаны жоспарлау

Соңынан жабдықтауға арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әртүрінің жалпы өнім көлеміндегі үлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және өндірістен алынып тасталынған өнімдердің үлес салмағы, экспорттық өнімнің үлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге жеткізілген бірақ әлі төленбеген өнім көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен тұтынушылардан алынған  тауарға дер кезінде төлемеу себептері, тапсырыс портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік, салықтық төлемдер мен түсімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер ететін факторларды қалыптастырады.

   Маркетинг қызметінің жасаған талдауына сүйеніп барлық қызығушылығы бар мамандар қоржынды өткізу жөнінде қорытынды жасайды және ол кейіннен өндірістік бағдарламаның қалыптасуына септігін тигізеді. Тапсырыстар қоржыны бойынша нақты тиімді шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынның басты мамандарынан әртүрлі талдау зерттеу бөлімдерін құрған жөн.Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда үлкен орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі, техникалық қайта қарулану қажеттілігі анықталады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – бұл белгілі уақыт мерзімінде шығарылған өнім бірліктерінің саны немесе көлемі. Белгілі уақыт мерзімінде алынған кәсіпорындар қуаттылығы тұрақты көлеммен есептеледі. Сондықтан өндірісті өзгерту шаралары бойынша өзгертулерді енгізу және бұйымдардың номенклатурасы өзгерту қажеттілігі туады.Қалыпты жетістік қуаттылығы – бұл бір жыл ішінде анықталған жағдайларда өндірілген өнім бірліктерінің саны, ол нарық конъюктурасын зерттеу кезінде қарастырылып сұраныс көлеміне қатысты болу керек.Қалыпты жетістік қуаттылығы қалыпты жұмыс жағдайларында жүзеге асады, ол құрал – саймандарды орнату есебінен, кәсіпорынның техникалық ережелерді сақтау (жұмыс кезінде қалыпты үзіліс уақыты, тоқтатулар, мейрам күндер;техникалық қызмет көрсетуге бөлінген уақыт; жұмыс ауысымы құрылымын талап ететін құрал – сайман ауыстыру; негізгі құрал – саймандарды бөлшектер бойынша қолдану еместігі) және басқару жүйесінде қолданылады.



Номиналды максималды қуаттылық – бұл техникалық қол жеткізілетін қуаттылық – ол негізінен орнатылған құралдың қуаттарына қатысты болады және жеткізушімен кепілденеді. Өнімнің максималды шығаруына қол жеткізу үшін мүмкіншілік шектеріндегі жұмыстарды орындау керек, өндірісті қамтамасыз ету құралдарын жоспардан тыс қолдану, регламенттелген жұмыстар үшін өндіріс шығындарын қалыпты деңгейінің көшірілуіне алып келетін материалдар, детальдар, қор бөлшектері және көмекші құралдар қолданылады. Өндірістің минималды рентабельді өлшем көрсеткіші көптеген өндіріс кәсіпорын және жобалардың үлкен бөлігі үшін қолданылады, ол өндірістің минималды көлемін береді, яғни шығындау көлемі анықталады. Мысалы: күніне 300 тонна өнім шығарушы цемент зауытының қуаттылығы рентабельді емес деп саналады, өйткені мұндай өндіріс үшін вертикалды шақта пештері қажет. Олардың өнімі айналмалы пештерден алынатын нарықта бәсекеге түсетін өніммен бәсекелесе алмайды.Дамыған елдердің өнеркәсіптік экономиканың көптеген секторларында кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тез өсу тенденциясына ие болған. Ол өндіріс масштабының тиімділігімен шартталады. Үлкен және қуаттылығы инвестициялық шығындарды талап етеді. Олар кері төмен болады. Өйткені өнім көлемін ұлғайту өндіріс шығындарының төмендеуіне алып келеді.

Фирманың минималды рентабельділігінің өлшемін анықтау кезінде әлемдік тәжірибеге сүйену керек, өйткені өндіріс шығындары арасында оның бизнес жоспар және аналогтық шығындар басқа да кәсіпорындар осындай өнімді шығару кезінде өзара байланыса анықталады. Егер осындай аналогия ресурстарының шектелуіне байланысты немесе сұраныс көлеміне байланысты қолданылатын болса өнім бағасы және өндіріс шығындары көтеріледі, ол мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі және ішкі нарық бәсекелестігін жоғалтады.Басқа да негізгі фактор анықталған қуаттылығы бар өндіріс бірліктерінің жұмысы үшін жиі қолданылатын технология және құрал – саймандар болып табылады. Әрине технология және құрал – саймандарды қуаттылығы төмен кәсіпорындардың жұмысы үшін қолдануға болады, бірақ мұндай өзгертулерге шығындар жоғары болып кетеді. Осы себепке байланысты әртүрлі саладағы жобалар өндірістің анықталған минималды рентабельді өлшеміне қатысты болу керек. Бұл шарт құрал – саймандар, машина жинау бойынша кәсіпорындар үшін оңтайлы, өйткені сериялық өндіріс үшін өнімнің сериялық шығару үздіксіз немесе жартылай үздіксіз өндіріс үлкен деңгейіне жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар тұтынушының көзқарасы бойынша өндірістің қажетті, тиімді өлшемін толығымен анықтауға болады және қолданылатын технологиялар мен құрал – саймандарды да анықтауға болады.Кәсіпорынның қуаттылығын таңдаулы нұсқауларын анықтау барысында кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын және жобаланған сату көлемін жете бағалау қажет. Бірнеше өнімдер үшін бірінші шығарушы немесе бірінші нарық үшін жаңа өнім, сұраныстан жоғары және бірінші кезеңде сату көлемі бірнеше жыл бойы өсетін сұранысты қанағаттандыру керек. Бірақ та мұндай жоспарлау өндіріс қуаттылығын аяғына дейін қолданбау деңгейінен төмен болмауы тиіс. Өйткені сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болады тағы сол сияқты рентабельділік деңгейі де тең болады. Шығынның өсуі және сату көлемінің өсуі бойынша кәсіпорынның қуаттылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сұраныс және өндіріс арасындағы өсімі айырылыс ең соңында өндірістің кеңейуінің себепшісі болады. Егер өндірісті тез арада кеңейту жоспарланса онда белгілі уақыт мерзімінде нарыққа ену кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын орнату қажеттілігі тууы мүмкін. Бұл жағдайда сату өсімін кәсіпорынның қуаттылығын кеңейтуді болашақпен байланыстыру керек. Кәсіпорынның қуаттылығы және сату көлемін болжау арасындағы өзара байланыстылық, бағалар бойынша сұраныс икемділігі немесе шығындалу арақатынасы қуаттылық, нарықтық конъюктураны болжау сенімділігіне тәуелді болады. Әртүрлі өндіріс деңгейлері кезінде техника – экономикалық зерттеу компоненттері бір – біріне әсер ету қажеттілігін есептеу қажет. Сонымен қатар әртүрлі құралдардың баламалы нұсқаулар ағымын дайындау қажеттілігі тууы мүмкін. Өндірістің инвестициялық және өндірістік шығындарын екі немесе үш балама деңгейі үшін анықтау керек. Сонымен қатар өнім бағасына әсер етулерді анықтауымыз қажет, ал өнім бағалау кезінде өндіріс қуаттылығы негізінде жоспарланады және сату болжамы құралады. Кәсіпорынның жетістік қуаттылығы таңдалған болса, онда әртүрлі зерттеу компоненттерінің тиімді ара қатынасын анықтайды және коммерциялық тиімділігін көзқарасы бойынша қарастырады. Әртүрлі жобалар үшін өндірістің анықталған стадиялары кезінде үлкен шығындалған қуаттылықты болжау керек. Мұндай жағдайда шығындар ара қатынасы – қуаттылық жақсы әсер етеді және сұраныс өлшемімен анықталған стадиялар. Осындай әртүрлі комбинациялар мүмкін болады және ең керектісіне тоқталуымыз қажет.Кәсіпорынның қуаттылығы туралы ой нақты жобада мүмкін болатын өндіріс интеграция деңгейін анықтау, өндірілетін тауар санын өзгерту кезінде өзгереді. Инвестициялық шығындарға интеграцияға тәуелді болады, интеграция деңгейі төмен болса, инвестициялық шығындар төмен болады.

Кәсіпорынның қуатын есептеу үшін арнайы формулалар жоқ.

Құрастырушы техника – экономикалық зерттеулер өндіріс саласына тәуелді әртүрлі мағына береді. Бірақ та техника – экономикалық зерттеу кезінде компоненттердің ара қатынасы, оны ұлғайту бойынша әртүрлі іс -  шаралар өндіріс қуаттылығының икемсіздігіне әсер ете алады. Қалыпты жетістік қуаттылығын таңдаумен қатар оның ортақ құндылығын есептеу және өндірістің әртүрлі құрастырушысы жете сұраныстарын есептеу қажеттілігі негізінде пайда болуы мүмкін. Жобаны тұтынушыларын жұмыс күші кезінде анықтау қажет. Бұл нақты сұраныс тек технологияның және құрал – саймандарды анықтаумен анықталады. Бірақ та өндіріс технологиясы квалификацияланған персоналды болуына тәуелді болса, көптеген жобалар үшін сұраныстың жұмыс кезінде анықтау кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығы анықталады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты дегеніміз – номнеклатура мен ассортимент бойынша, кәсіпорындардың құралдары мен өндіріс алаңын прогрессивті технологияның, еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыра отырып, өнімнің максималды көлемін өндіруді айтады. Нақты және жоспарлық қуатты айыра білу қажет. Олардың сәйкес келуі оны меңгеру деңгейіне байланысты. Жоспарлы қуатты меңгеру деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады: меңгеру ұзақтылығымен жоспарлық қуатты меңгеру деңгейімен, қуатты пайдалану ұзақтығымен, меңгеру кезеңіндегі шығарылған өнім көлемімен, өзіндік құнның жоспарлы өнім деңгейіне жеткенде еңбек өнімділігі мен рентабелділігі.Жобаланған қуатты меңгеру кезеңінің ұзақтылығы деген – оны қабылдау актіге қол қойған күннен бастап, тұрақты өнім өндіруге дейінгі уақытты айтамыз. Меңгеру кезеңіндегі обьектілердің өнім өндіру көлемі осы көрсеткіштерді ескеру негізінде анықталу қажет. Меңгеру деңгейі – бұл белгілі мерзімде жобадағы қуаттың меңгерілуі. Ол белгілі кезеңдегі өнім өндірудің жобалық қуатының қатынасымен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу әдісін қарастырайық. Оны есептеу үшін келесі мәліметтер қажет: бір стоноктың жұмыс істеу қоры, стонок саны, құрал – саймандардың өнімділігі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты ондағы басты цехтардың, учаскелердің, құралдардың қуаты арқылы анықталады. Өндірістік қуатты есептеудің екі әдісі бар:

- құралдардың өнімділігі бойынша;

- тауарларды жасаудың еңбек сыйымдылығы бойынша.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі барысында өнім өндіруді бірнеше жылға болжайды. Ол ұзақ мерзімдік стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың бір жолы өндірістік бағдарламаны жасау болып табылады.Өндірістік бағдарламаны жасағанда көбінесе нарық сұранысына келіп тіреледі, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы басқа әсер етеді.Кәсіпорын шығарған өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемінің ең тиімді деңгейі анықталады. Кәсіпорын белгілі бір жылға өндіріс бағдарламасын жасайды және ол көп уақытта орындалмай тұруы немесе  аз уақыттың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабельділік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және тағы басқа өнім өндіру мен өнім өткізу бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімді өткізуге әсер ететін факторлар көп. Олардың негізгісі тауар бағасы мен тауардың сапасы.Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім шығаруға тырысады. Оған жетудің бірден бір жолы ол жоғары технология мен техниканы тиімді пайдалана отырып өнім өндіру, бірақ та шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасы туралы ұмытпауымыз қажет. Сонымен өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді.

Қазіргі заман талабына келсек, өнімде көптеген қасиеттердің болуын қажет етеді, ол пайдалылық, төзімділік, жұмысының тиімділігі, эстетикалық талаптараға сай болуы, бағасының арзан болуы, тағы басқа. Біздің мысалымызда сүт өнімдері болғандықтан, мұнда пайдалылық жүрмейді. Оған жұмысының тиімділігі, төзімділік деңгейі, жекелеген жағдайдаларда эстетикалық талаптар қойылады.

Өндірістік бағдарламаның құрылымын талдағанда 2015 жылдың өнім өндіру жоспары мен оның нақты орындалуын салыстыра отырып анықталады. Оны келесі “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС 2015 жылға арналған бағдарламасы мен нақты шығарылған өнім көлемін салыстыра отырып көре аламыз.

“Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның 2015 жылға арналған өндірістік бағдарламасы.





Өнімдер

Өлшем бірлік

2015 жыл

Соммасы мың теңге













бағасы

жоспар

нақты




1.

Малыш 3.2%

тонна

75

100

97

7275,0

2.

Малыш 3.6%

тонна

80

100

86

6880,0

3.

Малыш 2.2%

тонна

72

100

92

6624,0

4

Малыш 6%

тонна

85

100

98

8330,0

5

Любимое 6%

тонна

85

100

96

8160,0

6

Любимое 3.2%

тонна

80

100

100

8000,0

7

Любимое 2.2%

тонна

73

100

91

6643,0

8

Любимое 1%

тонна

65

100

92

5980,0

9

Любимое %

тонна

60

100

50

3000,0

10

Барлығы

Береке 2.2%



тонна

тонна


58

900

150


802

145


60892,0

8410,0


11

Береке 3.2%

тонна

62

170

160

9920,0

12

Береке 3.6%

тонна

64

100

98

6272,0

13

Особый майсыз

тонна

65

180

175

11375,0




барлығы:           тонна

600

723

35977,0




14

Алдиша 2.1%

тонна

70

120

110

7700

15

Алдиша 6%

тонна

73

140

135

9855,0

16

Қаймақ 15%

тонна

40

150

150

6000

17

Қаймақ 36%

дана

62

200

200

12400

18

Қаймақ 20%

дана

57

200

200

11400

19

Қаймақ 6%

дана

60

150

150

9000

20

Қаймақ 36%

дана

45

150

150

6750

21

Қаймақ 20%

дана

60

100

100

6000

22

Қаймақ 15%

дана

43,8

100

100

4380

23

Қаймақ 

дана

47,5

200

200

9500

24

Жүзім сүзбесі

дана

36

150

150

5400

25

Бумер сүзбесі

дана

57

150

100

5700




Барлығы:







1810

1745

94085,0

Барлығы: 3000 190945,0




Бұл өндіріс жоспарын қарасақ өнімнің 25 шығаруға бағытталған және оның құны 190945,0 мың тенге. Ал ендігі кесте бойынша бұл өндіріс жоспарының күрделі бұзылғанын көреміз

“Меркі ірімшік зауыты”ЖШС 2015 жылға арналған өндірістік бағдарламасы.

    2015 жылы жоспар бойынша дана өнім өндірілмек, ол 2004 жылғы өніммен салыстырғанда 16,4%-ке артық, сонымен бірге өнімдер бағасы 3%-ке өседі деп жоспарлануда.

Сонымен кейде тиімді жұмыс істеудің алғышарты болып өндірістік бағдарламаны құру болып табылады. Оны жасау үшін көптеген факторларды ескеріп нақты маркетингтік зерттеулермен қатар, экономикалық көрсеткіштерді анықтап, содан соң шешім қабылдау қажет.

Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құрылымы бойынша кейбір кәсіпорында тауарлық өнім мен жалпы өнім сәйкес келеді.

Өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төлеумен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болды. Өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. Өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оның шығарылу көлемі де анықталады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымыз тамақ жасау саласындағы Қазақстанда сүт өнімдерін өндіретін өндірістік бірлік болғандықтан оған сұраныс өте жоғары, оның негізгі тұтынушылары Қазақстанның және басқа елдердің негізгі өндіруші және өңдеуші саласындағы компаниялар болып табылады. Сондықтан да кәсіпорындағы өнім көлемін өндіру сұранысқа ғана емес өндіріс қуатына да сүйенеді. Қазіргі кезде шет елдерден техниканың жаңа түрлерін алуға көптеген алғы шарттар жасалды. Талдауды өндіріс пен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасын талдаудан бастасақ:

Кесте 3 -Өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын талдау.




Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2014ж

2015ж

%-к өсу қарқыны

+,- ауытқуы

1

-

-



Өндіру көлемі

Құндық түрінде

Натуралды түрінде


мың тг

тонна


190945,0

3000,0


257274,0

4285


134,7

142,8


+66329

+1285


2

-

-



Өткізу көлемі

құндық түрінде

натуралды түрінде


мың тг

тонна


189267,5

2850


193946,6

3100


102,4

108,7


+4679,1

+250


  Өндіру көлемі құндық түрінде 2014 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 134,7 – ке көбейіп отыр, ал өткізу көлемі 102,4– ке орындалып отыр. Айтып кететін жайт 2014 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада жатып қалған өнімді өткізумен байланысты. Өнім өндіруде Қазақстанда машина жасау нарығын қамтамасыз етудің бірден – бір жолы ол осы саладағы барлық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан күрделі қаржылар бөліп, шетелдік инвестицияны тарту қажет. Әрбір кәсіпорын өзінің шығаратын өнімдерінің ішінде негізгі және қосалқы өнімдері болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымызда негізгі өнімдері көп, алайда олардың ең негізгі түрінің барлық өнім шығарудағы үлесін талдасаймыз.Өнімді өткізу әр кезде келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты болған, әрбір кездерде міндеттемені орындамаған жақ табыстың төмендеуімен, айыппұл төлеумен сипатталған және экономикасы дамыған елдерде келісім шартты бұзбай қалыпта сақтау әдеп – ғұрыпқа айналған, кез келген үлкен компания өз міндеттемелерін тұрақты түрде орындайды, сонымен бірге міндеттемелерін орындамаған компания тұтынушылардан айырылып, өткізу нарықтарын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады.

Кәсіпорын үшін үлкен орынды мемлекет тарапынан тапсырыстарды орындау жатады, яғни ол өз кезегінде уақытылы төлем, несие бойынша жеңілдіктер, льготалармен ұштасып жатыр.

Тауарды өз уақытысында жеткізбеу осы кәсіпорынның ғана жұмысына зиянын тигізіп қана қоймай, ол сонымен жұмыс істейтін серіктес фирмаға да және басқа да бірліктерге зиянын тигізуі мүмкін. Шаруашылық іс - әрекеттің қорытындыларынан өнімнің ассортименті, өндіріс құрылымы мен өнімді өткізу үлкен әсер етеді.

Кәсіпорынның өнім ассортименті мен өнім шығару құрылымын жасағанда бір шетінен өнімге деген сұранысты, екінші жағынан еңбек, шикізат, техникалық, технологиялық, қаржылық және басқа ресурстарды тиімді үйлестіре білу қажет.


5. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.

Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.


Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:

K1,2 – капиталды шығындар,

l1,2 – экономикалық шығындар,

I1,2 - өрттен болған шығын.

ҚҮ өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде №2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады. Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:

l1=1ам+lгсм+lзп+lос+lтрто

мұндағы:

lзп – төлем ақыға шығындар;

lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;

1ам – аммортизациялық есептеулер

lос - өрт сөндіру заттарына шығындар;

lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.

Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.

Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.

Qобщ = 28 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) су шығындалады:

1 м3 судың құны – 31 теңге.

W=Qобщ * Tтуш * 60 = 0,028 * 30 * 60 = 50,4 м3

Со.свод. = W * 31 = 50,4* 31 = 1562,4 теңге.

Өрт сөндіруге 1 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 3 «А» оқпанын, қорғауға 2 «Б» оқпанын беру қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 6 бөлімшесі қажет.

Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-4-40 бір автомобиль және басқа арнайы техника жұмыс жасайтын болады. Жанар-жағар майдың шығынын анықтау үшін кесте құрамыз.

Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:

Сгсм = С * 1,25 = 1683*1,25 = 2103,75 тенге.

Стр. то=1562,4 теңге әр автомобильге -

қорытынды 1345*11 = 17186,4теңге.

Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:


  1. 2-ші бөлімшедегі қарауыл бастығы 92000 теңге

  2. Бөлімше командирі 75000 * 2 = 150000 тг.

  3. Жүргізушілер 65000 * 2 = 130000 тг.

  4. Өрт сөндірушілер 60000 * 4 = 240000 тг.

Қорытынды: 520000 теңге

Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:

520000 : 30 =17333,3 теңге;

Бір сағат жұмыс үшін:

17333,3 : 8 = 2166,6 теңге;

30 минут жұмыс үшін:

2166,6 : 2 = 1083,5 теңге;

6 бөлімше жұмыс жасаған кезіндегі төлем ақыны анықтаймыз:

1083,5 * 6 = 6498 теңге;

Пайдалану шығынын анықтаймыз:

С1 = 17333,3+ 2166,6 + 1083,5 + 6498 = 27081,4 теңге.

Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. Зауыт қымбат тұратын қондырғылармен әртүрлі заттармен жабдықталған.

Анализ көрсеткендей, жану ауданы 100 м2 құрайды, яғни сауда залы толық отпен алынған.

Өрт туындау қорытындысындағы шығын 3000000 теңгені құрайды, сонымен қатар қымбат тұратын қондырғылардың жойылуы 160 мың теңгеден аса шығынды құрайды.

Өрттен жалпы шығын құрайды:

Y1 = 3000000 + 160000 = 3160000 теңге.

Зауыттағы өрттер 3 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:

П1 = C1 + Y1/3 =27081,4 + 3160000/3 = 1062360,47теңге.


II нұсқа.

Нысанды өртке қарсы қорғау бойынша ұсыныстарды тудыру мен енгізу өрттің туындау мүмкіндігін және материалды шығын мөлшерін төмендетеді.

Түтінденбейтін саты торын құруға капиталды шығындары 1250000 теңгені құрайды.

Бірінші нұсқа кезіндегі шартты өрттен шығын құрайды:

П1 = 1062360,47теңге.

Саты торында ауаны сору құрылысы кезінде адамдарды кедергісіз көшіру эффектін жақсартады.

Анықталған тиімділік негізінде қорытынды жасай аламыз, егер сауда кешенін автоматты өрт дабылымен өрт туралы хабарлау адамдардың кедергісіз көшірілуіне көп мүмкіндік береді және оларды пайдалану тиімділігін көрсетеді. Сонымен бұл 2015 жылға дейінгі стратегия күткен көлемде орындалған жағдайда елде өңдеуші кәсіпорындар көтеріліп, елдегі және сыртқы нарықтардың өзінің бәсекеге қабілетті өнімдерімен қамтамассыз етуі анық. Әрине тұрақтанған, қалыптасқан экономика кезінде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын болжау әлде қайта оңай болуы бәріне түсінікті. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру тек қана ел аумағында ғана емес халықаралық нарықтар да өз орнын табуы қажет, сонда елдегі импорт алмастыру саясаты тиімді жұмыс жасайды. Тағы бір жайт Қазақстан Ресеймен бірлескен кәсіпорындар ашып әлемдік нарықта бірігіп шығулары қажет.

Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі дамуы жалпы өнімнің өсуімен сипатталады. 2001 жылы экономиканың негізгі болып өндіруші саладағы өндірістік қуатты өсу қарқыны 75 % болып отыр. Бұл көрсеткіштер тек қана экономиканың өсуін ғана емес, елдің қуатты келешегін сипаттайды. Сонымен қатар президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа жолдауында елдің инновациялық-инвестициялық дамуы қарастырылып отыр, яғни оның басты мақсаты болып елде ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету біздегі инновациялық жолды таңдауды, өндірісті интенсификациялау мен технологиялық қайта жаңартуды талап етеді.

Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін қомақты жұмыс жасауды талап етеді. Өйткені бүгінгі таңда өндірістік-техникалық фактор өндірістік күштің негізгі элементі болып саналады және ол жоғарғы деңгейде қажет болып отыр. Бұл деңгей «Экономикалық өсуге шикізат негізінде» және «Әлемдік шикізат нарықтарында оңтайлы жағдай негізінде қол жеткізілгені» де дәлелдеп отыр.

Сонымен президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Үшінші мың жылдықтың ғылымы» атты конференцияда айтқандай: «Жаңа ғасырда тұрақты дамудың стратегиясы болып, ғылым сыйымды өндіріске өтіп, бәсеке қабілетті өнімді экологиялық таза технологияларды мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, өңдеуші өндірісті дамытуымыз қажет. Өз кезегінде кәсіпорын деңгейінде өндірістің тиімділігін мемлекеттің тұрақты экономикалық даму барысында өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда жатқанын бәрі біледі, ол үшін тек қана үкімет пен басқа да кіші-гірім бірлестіктер ғана емес бүкіл Қазақстан халқы атсалысуы қажет деп білем.»     Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстан Республикасының экономикасының негізі болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері өнеркәсіптің дамуы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасты, ал ол реформалар мен сала жағдайына мардымсыз әсер етті.Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономиканың барынша жоғары қарқынына қол жеткізу міндетіміз болып табылады.

Бұған біз өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарына сай қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізетініне баршаға мәлім. Біз бұл жағдайда мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізу, екінші жағынан-инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.

6. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар нысан мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.

Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.

Өртке қарсы қызмет бөлімдерінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінде №355 15.10.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.

Конструкциялардың, сөрелердің құлау қаупі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.

Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.

Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.

ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек. Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада ірімшік зауытында қойманың және бөлмелердің және өнімдерді сақтау бөлмелерінде өрт қауіптілік анализі жүргізілген, ғимараттарының өрт анализі жүргізілді. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Нысанның жалпы сипаттамсы берілген. Өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.

Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман қиын нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді. Өрт сөндіру нұсқаларын, бірінші бөлім келу уақытын, өрттен мүмкін шығынды және адамдар жаппай келетін нысанға жататынын қарастыра отырып автоматты өрт дабылын хабарлау жүйесімен жаңартып автоматты-электрлі «ШЫҒУ» есіктерін көрсететін таблоларды қарастырған дұрыс. Хабарлау құрылғысымен өрт дабылын қолдану және түтінденбейтін саты торы адамдарға уақытында кетуге мүмкіндік береді және өрттен материалды шығыны мен мүмкін болатын адамның мерт болуын, төмендетуге өрт сөндіруге өрт бөлімдерінің ерте келуіне мүмкіндік береді.

Ұсынылған шаралар өртті мағыналы аз материалды шығынмен жоюға мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан –2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы.

  2. Пожарная тактика. Я. С. Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 жыл.

  3. УПТ справочник. Я. С.Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.

  4. Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы.

  5. Эксплуатация установки пожарной автоматики Н.Ф. Бубырь, В. П. Бабуров және басқалар. Москва: ВИПТШ МВД СССР 1986 жыл.

  6. Установки пожаротушения автоматические. Справочник С. В. Собурь. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.

  7. Заттар мен материалдардың өрт жарылыс қауіптілігі және оларды сөндіру құралдары. I және II бөлім. А. Я. Корольченко. Москва: Ассоциация «Пожнаука» 2001 жыл.

  8. Ройтман М.Я. Противопожарное нормирование в строительстве, М/С 1985 г.

9. Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары. ҚР ҚН 2.02-11-2002 Астана, 2002.

10. «Пожарная автоматика» 2007, Журнал-каталог.



11. Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002. Астана, 2002.

12. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік Жарғысы». ҚР ТЖМ 14.11.2009ж., шыққан №267 бұйрығы.

13.«ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамдарын даярлау Ережесі». ҚР ТЖМ 12.07.2010ж., шыққан № 245 бұйрығы.

14.ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауыпсіздігі және енбекті қорғау жөніндегі Нұсқаулық. ҚР ТЖМ 15.10.2010 ж., № 355 бұйрығы.

15.«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Қызмет Жарғысы». ҚР ТЖМ 14.11.2009ж., № 266 бұйрығы.

16.«ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ГТҚҚ қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдеме». ҚР ТЖМ 22.12.2010 ж., № 446 бұйрығы.

17.Повзик Я.С. Клюс П.П. Матвейкин A.M. «Пожарная тактика». М. Стройиздат 1990г.

18.Повзик Я.С. «Пожарная тактика» М.,ЗАО Спецтехника. 2001г.

19.Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник РТП». М. Стройиз­дат1987г.

20.Повзик Я.С. «Справочник РТП» М., ЗАО Спецтехника. 2001г.

21.Кимстач И.Ф., Девлишев П.П., Евтюшкин Н.М. «Пожарная тактика». Стройиздат 1984г.

22.«Қатты заттар мен материалдарды, мұнай мен мұнай өнімдерін сөндіру бойынша күш пен құралдарды есептеу анықтамасы». Бұлқайыров А.Б. Көкшетау 2007 ж.

23.ӨСД Тәлімдемесі, Астана 2006 ж.

24.Теребнев В.В. «Управление силами и средствами на пожаре». М. 2004 г.

25.Теребнев В.В., Теребнев А.В., Подгрушный А.В., Грачев В.А. «Тактическая подго­товка должностных лиц органов управления силами и средствами на пожаре» М. 2004г.

26.Теребнев В.В., Грачев В.А., Теребнев А.В. «Организация службы начальника ка­раула пожарной части» М. 2006 г.

27. «Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын жасау және толтыру Нұсқамасы». Астана., ҚР ТЖМ № 140, 26.04.2010ж.

28.Приказ № 245 МЧС Республики Казахстан от 12 июня 2010 года Программа подготовки личного состава.

29.Пожарная тактика Ч. Булкаиров, Р.С. Баймаганбетов.- Кокшетау -2010.1 «Основы пожарной тактики, особенности управления силами и средствами на пожаре». С.Ж. Тураров, А.Б.



30.Справочник РТП «Тактические возможности пожарных подразделений». В.В. Теребнев, Екатеринбург -2007.


жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау