Өрт сөндіру мақсатында диаметрі 200 мм сақиналы өртке қарсы су құбыры бар, біріншісі 20 метр ара қашықтықта, екіншісі 45 метрде, ал ушиншісі 60 метрде орналасқан. Ғимаратта диаметрі 51 мм өртке қарсы су құбыры бар, 24 өрт краны орнатылған. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары 47 дана ОП-5.
Технологиялық процесстердің өрт қауіпсіздігі (заттар мен материалдардың).
Ғимаратты пайдалану процесінде өрт себебі болуы мүмкін:
отты абайсыз пайдалану;
электр жабдықтарын пайдаланудың ережесін бұзу;
электр сымдарының қысқа тұйықталуы;
құрылыс-жөндеу жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;
өртеу.
1.4. Өрт сөндіру құралдарын таңдау.
Өрт сөндірудің нормативті параметрлері болып табылады:
берілген жанғыш заттар мен материалдарды сөндіруге әртүрлі өрт сөндіру заттарының жарамдығы;
берілген әдіспен берілген заттар мен матреиалдарды сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру заттарының үдемелі мөлшері;
сөндіру уақыты;
өрт сөндіру заттарын берудің интенсивтілігі.
Ірімшік зауытында сақталатын қоймасында жанғыш материалдарға төмендегілер жатады:
стеллаждардың ағаш төсенділері;
тауарлардың жанғыш орамасы;
тігін және жеңіл тамақ өнеркәсібінің өнімдері.
Өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру құралдарды пайдаланады. Суды және ылғалдандыру сулы ерітінділерін шатырды, көрші бөлмелерді қорғауға және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.
Қойманың аз ғана ауданында көп мөлшерде жанғыш материалдардың сақталуы, өрттің тез тараулына алып келеді. Статистика бойынша тауарлар сақталатын қоймаларда өрттің сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында.
Өртті сөндіру үшін жанып жатқан материалдар мен заттарды суыту әдісі тиімдірек. Суыту жылдамдығы өрт сөндіргіш заттың түріне, жылу қабылдау коэфициентіне және температура айырмашылығына байланысты. Сыйымдылығы өте үлкен сұйықтықтарды қолданған ыңғайлы. Осындай өрт сөндіргіш зат түріне су жатады. Су өртке қарсы қызметінде қолданылатын ең көп тараған өрт сөндіргіш б.т. су өзінің арзандығы мен жеткіліктігіне қоса жылу сыйымдылығы өте жоғары, жоғары булану жылуы, қолдануға ыңғайлылығы, суды шашыранды, жинақы және өте жінішке шашыранды ағын қылып шашуына көмектеседі. Негізгі өрт сөндіргіш қасиетіне судың жанып жатқан затты жану температурасынын төмен температураға дейін суыта алуы жатады. Су жылуды бойына сіңгірген соң, жылуды булануға жібереді. Судың жылу сыйымдылығы 4,19 Дж/кггард. Өрт сөндіру кезінде су буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу шығады), су байланысқа түсетін заттарды айырады.
Судың төмен жылуы жанып жатқан материал бетінде сенімді жылу изоляциясын жасайды. Судың өте жоғары термиялық тұрақтылығы оны (1700 Со-та бөліне бастайды) көптеген қатты заттарды өшіруге қолдануға мүмкіндік береді, аз тұтқырлықты және сығылуы да аз ғана, бу мен газдардың концентрациясын баса алады, аэрозольдарды жұтады. Өрт сөндіру мақсатында қолдануға жеткілікті, көптеген заттар мен материалдар инертті келеді.
Судың негізгі кемшіліктеріне электр өткізгіштігі, жоғары беттік тартылуы (0,07275 Дж/м2) жатады және соңғы кемшілігіне байланысты жанып жатқан материалдарды нашар сулайды. Беттік тартылуын сіңдіргіш заттарды қосу арқылы төмендетуге болады. Сіңдіргіштерді судың беттік тартылуын сіңдіргіштерді қосу арқылы 0,0364 Дж/м2 дейін төмендетуге болады. Осы түренде су жақсы сіңгіш қасиетке ие болады. Сіңдіргіш заттар араласқан су қоспалары, судың шығындалуын 30-50 %-ға төмендетеді.
Ең көп тараған сіңдіргіш ретінде КТ-1 көбіктендіргіші есептеледі, оның суға қатысты тиімді мөлшері 3,5-4 %.
Өрттің сәтті өшіруіне әсер ететін маңызды факторға судың берілу интенсивтілігі жатады. Өрт сөндіргіш заттардың берілу интенсивтілігін 0,2 л/см2 тең деп аламыз.
Қорытынды: «Ірімшік зауыты» өртті сөндіруге өрт сөндіргіш зат ретінде сіңдіргіш қосылған суды аламыз.
2.Өрт сөндіру тактикасы.
2.1.Өрт статистикасы және олардың себептері.
«Ірімшік зауыты» өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің қызметкерлері адамдардың шығынына байланысты оның пайда болу себептеріне көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:
отты дұрыс қолданбау;
электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;
электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;
құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
өртеу.
Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.
Зауыт мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызмет бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин).
Ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,2 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді, сауда кешендерінде
100 кг/м2,ал сауда кешендерінің қоймаларында және жер асты қабатында 200-300 кг/м2 құрайтын өрт ауыртпалығы куәландырады.
Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.
Өрт ең алдымен адамдарға қауіп төндіреді.
ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, адамдарды көшіру бойынша, көшіруге жататын адамдардын санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез адамдарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.
Зауыт өрттердің анализін қорытындылай келе, өрт пайда болғанда жалын тауар қораптарының және бөлмелердегі қосымша әсемдеу материалдарының бойымен тез тарайды, бөлмелер түтінге лезде толып өрт сөндірушілерге адамдарды құтқаруға және сөндіру жұмыстарымен айналысуға кедергі келтіреді.
2.2 Құрылыс конструкцияларының күйінің өрт жағдайында өзгеруі.
Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде есікті, терезені жабу-ашу арқылы газ ағындарының бағытын өзгертуге болады.
Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде жалын стеллаждар бойымен тарап, тірек конструкцияларының деформациясына, ал бұл өз кезегінде жабын конструкцияларының құлауына алып келеді.
Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында. Жану процесі ауаның көп келуінен интенсивті түрде дамиды. Өрттің даму көлеміне қарай бөлмедегі температура қатты жоғарылайды және металлды фермаларға зиянын тигізеді. Металл фермалардың қорғансыз жерлерінің өрт төзімділігі 0,25 сағат шамасында. Демек, ӨСБ-11 бірінші бөлімшесі келгенше, яғни өрт п.б. 12 минут өткеннен кейін, өрт сөндіруге жұмылдырылған оқпандармен қатар, тірек конструкцияларын мұздатуға қуатты су оқпандарын беру керек. Суытуға берілген судың берілуі 0,01-0,3 л/с м2.
Өрт кезінде бетонның қасиеттері.
Бетон — құрылыс материалдарының негізгі түрі. Оны қасиеттерін: тығыздығын, жылу өткізгіштігін, мықтылығын өзгертуге болатындығына байланысты және одан түрлі жиналмалы, құрастырмалы монолитті конструкциялар, бұйымдар жасауға болатынына байланысты өте бағалы материал б.т. Бетон құрылыс өнеркәсібінің азаматтық, өндірістік, гидротехникалық, жылу энергетикалық, жол және басқа да ірі салаларында кеңінен қолданылады.
Қарастырылып отырған нысанның тірек конструкциясы ретінде қарапайым темірбетондар қолданылады.
Бетонның жоғары температура әсер еткендегі күйі оны құрайтын негізгі параметрлер цемент тасы және толтырғыштарға әсер етуіне байланысты.
Жоғары температураның әсерінен қатып қалған цемент тасы құрамындағы барлық судың түрінен (еркін, физикалық және химиялық байланысқан) айырылады, ал бұл цемент тасының құрылысының бұзылуына, беріктігінен біртіндеп айырыла бастайды, негізінен кальций алюминаты. Одан әрі 550 °С-қа жеткенде кальций гидроқышқылының дегидратациясы жүреді және кальций оксиді түзіледі. 900 °С-қа дейін қыздырғанда цемент тасы толығымен беріктігінен айырылады. Цемент тасының қызуға төзімділігін арттыру үшін портландцементке белсенді майда құмдақ қосымшаларды қосу арқылы жетеді. Бұл қосымшалар (мысалы, шамот, цемянка және т.б.) цемент тасының қызу арқылы дегидратталған минералдарымен затты күйінде реакцияға түсе алады. Реакциялар нәтижесінде сусыз қосылыстар: анортит, ранкинит және т.б. түзіледі.
Құмдақты қосымшалардың үлестік мөлшері арласқан цемент ерітіндісінің 30 %-нан кем болмауы тиіс.
Келтірілген құмдақты қосымшалардың жоғары температурадағы күйлерін сол қосымшалардан жасалған тас материалдарынан байқауға болады.
Байқағанымыздай цемент тасы қызғанда отыра бастайды, ал толтырғыштар температураның әсерінен кеңейе бастайды. Толтырғыштың температуралық ұлғаю коэфиценті көп болған сайын, бетон ішіндегі кернеу артады, соның әсерінен цемент тасы мен толтырғыш арасындағы байланысы әлсірейді. Цемент тасы үшін ең көп тараған толтырғыштарға силикат және карбонат тау породалары жатады. Бұрын байқалған қасиеттерді бақылағанда кремний диоксиді бар (кварц) тау породалары, яғни силикат породалары 575°С-та көлемі секірмелі түрде ұлғаяды, ал карбонат породаларының, мысалы әк тастар салыстырмалы түрде температуралық деформациясы аз болады. Сондықтан әк тас арласқан бетон, силикат арласқан бетонға қарағанда өрт жағдайында температура әсеріне төзімді келеді. Бұл факт нормаларда көрсетілген. ҚР ҚНжЕ сәйкес карбонатты толтырғыш негізінде жасалған құрылыс бетондары, силикатты толтырғыш негізінде жасалған бетондарға қарағанда нормалық өрт төзімділігі 10 %-ға жоғары.
Темірдің өрттегі күйі.
Металлдардың бәріне ортақ бір қасиет бар. Ол металл қызғанда жұмсарып, суығында қатайуы. Егер де металлдар бұл қасиетінен құр болғанда, кең көлемдегі қолданысқа жетпес еді. Бірақ металлдардың бұл қасиеті өрт кезінде үлкен кемшілігі де болады. Өрт кезінде металлдар температура әсерінен деформацияланып, металлдан жасалған конструкциялар құлай бастайды.
Тірек қызметін атқаратын болат және темірбетонды конструкциялардың өрт төзімділігін анықтау үшін құрылыс болаттарының физикалық-механикалық қасиетін білу қажет.
Өрт кезінде конструкция температурасы уақыт бойынша өзгеретіндіктен mt коэфицент мәні де өзгереді. Беріктігінің өзгеруінің температуралық коэфициентінің мәні критикалық болып есептеледі, егер металлдың беріктік шегі қызған кезінде конструкция бойындағы жұмыстық кернеу мәніне дейін төмендесе, бұл жағдайда конструкция құлайды. Осындай жағдайға келтірген температура мәні критикалық мән деп есептеледі.
Өрт кезінде Т0,625 болғанда, яғни қосымша беріктік қасиеті 1,6 тең болғанда 25Г2С маркалы аз легирленген болат жақсы қасиеттер көрсетеді. Осы болаттан А-ІІІ классына жататын, асқын температурасы 570 °С арматура жасалады.
2.3 Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдар көп жұмыс жасайтын нысан – бір мезгілде жүз және одан көп адамның болуына есептелген зауыт, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның болуына есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараты, құрылысы;
Адамдар көп келетін ғимараттардағы діліздер қабат көлемінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлденең коммуникация болып табылады, сонымен қатар бөлмелерден сатыға бару жолдары.
Қөзғалыс көп ділңздңғ минималды ені 1,5 м (тазалықта) және екінші дәрежелі (ұзындығы 10 м) 1,25 м. Мысалы: оқу бөлмелерінің есіктері кіретін ділңздер ділңздерге ашылатын есіктермен ені 1,8 м кем емес етіп жасалынады.
Адамдардың өліміне немесе есінен тануына әкелетін өртте шынайы жағдайда негізгі факторлар болып табылады: жалынмен тікелей байланыс, жоғары температура, оттегі жетіспеушілігі, түтін құрамындағы көміртегі тотығы және басқа улы заттар, механикалық әсер ету. Ең қауіптісі оттегі жетіспеушілігі мен улы заттардың бар болуы, өйткені өлімнің 50-60% тұншығудан және уланудан болады.
Өрт пайда болғаннан бастап 1-2 минут ішінде жабық бөлмелерде оттегі концентрациясы төмендеуі мүмкін. Мысалы: театрларда көрермен залы мен сахнаның көлемі 25000 м3 декорация жанған кезде оттегі концентрациясы 2-3 мин ішінде қауіпті мағынаға дейін төмендейді.
Өрттерде адам өміріне аса қауіп төндіретін жану өнімдерінің құрамында улы заттар бар түтінді газдар және әртүрлі заттар мен материалдардың бөлінуі. Көміртегі тотығының концентрациясы түтінде 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда түтінді газ құрамында күкірт газы, азот тотығы, күкірт қышқылы және басқа улы заттар болады, олар адам ағзасына аз уақыт әсер еткен кезде (күкірт газы 0,05%; азот тотығы 0,025%; күкірт қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.
Адам өміріне синтетикалық полимерлі материалдардың жануы төтенше жоғары қауіпті. Қауіпті концентрациялар тіпті термиялық тотығу кезінде және синтетикалық полимерлі материалдардың аз көлемде бұзылуы кезінде де түзіледі. Осыны ескере отырып, қазіргі кездегі бөлмелердегі синтетикалық полимерлі материалдар 50% жоғары, өрт жағдайында адам үшін олар қандай қауіп төндіретіні белгілі.
Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда адам өміріне қауіп төнуі одан да жоғарылайды. Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда жану өнімдері ғимараттың қабаттары бойынша 2-3 мин ішінде тарайды. Сол уақытта адамдарды көшіру үшін, тіпті жақсы жағдай кезінде, 10-15 мин кем емес уақыт керек, кейде одан да көп.
Сонымен қатар адам өміріне жану өнімдерінің жоғары температурасыда қауіпті. Қыздырылған газдар температурасы адам денесінің температурасынан асып кетсе мұндай жағдайда жылу соққысына әкеледі. Температура 42-46оС жоғарылаған кезде-ақ суыру сезімдері сезіледі. Қоршаған орта температурасы 60-70оС болғанда адам өміріне қауіпті болып табылады, көбінесе ылғалдылық және ыстық газдарды шығарған кезде, ал температура 100оС кезінде есінен танады және бірнеше минуттан кейін өлім келеді. Жоғары температурадан кем емес адам денесінің ашық жерлеріне жылулық сәуле әсері қауіпті болып табылады. Жылуылық сәуленің интенсивтілігі 1,1-1,4 кВт/м2 болғанда адамда 42-46оС температура кезіндегідей әсер тудырады. Критикалық сәулелену интенсивтілігін 4,2 кВт/м2 тең интенсивтілігін санайды. Кестеде уақыт мәліметтері келтірілген, онда адам жылулық сәулесін қолдың қорғалмаған буынымен әртүрлі интенсивті сәулелену кезінде төзе алады.
Жылулық ағынның тығыздығы,
кВт/м2
|
Адамдар келуінің берілу уақыты, мин.
|
Адамдардың талапты қорғанысы
|
Адам терісіне жылулық әсердің дәрежесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
3,0
|
шектелмейді
|
қорғаныссыз
|
Ауыру сезімдері жоқ
|
4,2
|
шектелмейді
|
Жауынгерлік киімде және қор-
ғаныс шыны- сымен каскада
|
20 с кейін шыдамсыз ауыру сезімдері
|
7,0
|
5
|
Сол сияқты
|
Шыдамсыз ауыру сезімдері кенеттен туады
|
8,5
|
5
|
Суланған жауын-герлік киімде, және қорғаныс шынысымен каскада
|
Күйіктер 20 с кейін
|
10,5
|
5
|
Сол сияқты, бірақ шашыранды су ағнының қорғанысында
|
Тез арадағы күйіктер
|
14,0
|
5
|
Жылу шағылыстыру костюмінде сулы ағын қорғанысымен
|
Сол сияқты
|
85,0
|
1
|
Сол сияқты, бірақ жекелей қорғану құралдарымен
|
,,
|
Адамдарға тағы да үлкен қауіп жалынмен тікелей байланыста төнеді, мысалы, құтқару жолдары отпен кесілген жағдайда. Кейбір жағдайларда өрттің тарау жылдамдығы жоғары болады, бұл кезде өртке шалдыққан адамды құтқару өте қиын немесе арнайы қорғаныссыз құтқару мүмкін емес. Адам үстіндегі киімнің жаныуы да аса қауіпті. Егер уақытында киімнен жалынды сөндірмесе адам өлімге әкелетін күйіктер алуы мүмкін.
Өрттегі ең қауіптісі ол үрей, ол көп адамда болатын кенеттен, есепсіз, ұстамсыз қорқыныш әкеледі. Ол кенеттен қауіп төнгенде пайда болады. Адамдардың есі мен еркі өрт елесімен басылып қалады, содан туындаған жағдайдан тез арада шығу есігін таба алмайды. Адамдарды құтқару үшін ең алдымен қысқа және қауіпсіз жолдарды таңдайды. Адамдарды құтқару әдісі адамдар мен өрт жағдайына байланысты анықталады. Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылатындар: адамдардың өз бетімен шығуы, адамдарды өрт сөндірушілердің көмегімен шығару; адамдарды көтеріп шығару; құтқарушыларды жоғарыдан түсіру. Көп жағдайларда қауіп төнгенін байқап адамдар бөлмеден өрт бөлімдері келгенге дейін шығады. Құтқару жолдары қатты түтінденген болса және құтқарушыларға жол белгісіз болса, сонымен бірге құтқарылушылардық жағдайы мен жасы өз беттерімен қауіпті аймақтан шығуларына күмән келтірсе (адамдар қатты қобалжыған болса немесе бұлар балалар, қарттар, аурулар болса), онда құтқарылушыларды шығару ұйымдастырылады.
Адамдарды қауіпті аймақтан көтеріп шығару олар өз беттерімен жүре алмаған кезде (есінен тану немесе жатқан науқастар, төмен жастағы балалар, мүгедектер және т.б.) жасалады. Адамдарды жоғарыдан түсіру құтқару жолдары отпен қиылған жағдайда және басқа әдістерді қолдануға болмаған жағдайда орындалады. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, стационарлы, жылжымалы және тасымалы сатылар, көтергіштер, құтқару жіптері және т.б. құралдар қолданылады. Кейбір жағдайларда құтқару әдістерін комбинациямен орындайды. Мысалы, өз бетімен анықталған орынға дейін шығу және әрі қарай өрт сөндіруші көмегімен шығу; адамдарды шатырға немесе балконға шығару және тік ұшақтардың, құтқару жібінің, жылжымалы сатының және басқалардың көмегімен төмен түсіру. Шақыру орынына ӨСБ келісімен объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатуы керек және жанып жатқан бөлмедегі адамдар саны туралы мәліметтер алуы керек (кейде бұл мәліметтер өрт туралы хабарлаған кезде жеткізіледі), содан кейін түтінденген бөлмелерде жақсылап барлау жүргізеді.
Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қаупін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).
Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін
Адамдарды бөлмелерде іздеу кезінде дауыстап айғайлау керек. Үлкендерді есік, терезе маңынан, дәліздерде, яғни бөлмеден шығу жолдарында іздеу керек. Балаларды төсек астынан, пеш артынан, үстелдердің астынан, қызмет көрсету бөлмелерінен іздеу керек. Бөлмелер тексерісін барлық жағдайларда жүргізеді, оны жанып жатқан ғимаратта адамдар жоқтығына көз жеткізіп толық тексергеннен кейін тоқтатады. Өртті барлау кезіндегі алынған мәліметтер негізінде ӨСБ адамдарды құтқару бойынша шешім қабылдап қажетті бұйрықтар береді. Бұл кезде әртүрлі мүмкін бөлімдер әрекетінің нұсқалары:
Егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе және құтқару жұмыстарын жүргізу қажетті болса, ӨСБ тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға міндетті. Бұл кезде ӨСБ құтқару жұмыстарын өзі басқаруы керек, сонымен қатар өрт сөндіруді басқаруы керек;
Егер адамдарға өрт қауіп төндірсе және құтқару жолдары отпен қиылған болса адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беруге міндетті;
Егер өртке күш пен құрал жеткілікті келсе және адамдарға тікелей қауіп төнбесе, ал ӨСБ өртті өрт тарау жолдарында енгізілген оқпандармен сөндіруге сенімді болса және бұл кезде адамдар үшін қауіпіздік қамтамасыз етілсе, бөлімдердің әрекеті үрейді басуға және бір уақытта өрт сөндіруге бағытталады;
Адамдарды құтқару мен өртті сөндіру жұмыстарына бір уақытта күш пен құралдар жеткіліксіз кезде, барлық өрт бөлімдерінен келген жеке құрам құтқару жұмыстарына жіберілуі мүмкін, өртті содан кейін сөндірумен. Бұл жағдайда адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті, адамдарға өрт тікелей қауіп төндірген кезде және өрт тарау орындары мүмкін жерлерге.
Тәжірибеде өртке қарсы қызметінің бөлімдерінің жұмысы адамдарды құтқару бойынша өрттегі жағдай бойынша басқа әрекеттер нұсқасы қолданылуы мүмкін. Адамдарды құтқару кезектігі адам санына байланысты емес, ал олардың өміріне қауіптілік дәрежесінен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды өте қауіпті жерлерден құтқарады. Қауіптілік дәрежелері бірдей кезінде алдымен балаларды, науқастарды және қарттарды құтқарады. Құтқару жұмыстарын жргізген кездегі барлық жағдайларда ӨСБ күш пен қралдарды жаю кезінде сонымен бірге жедел жәрдем шақыруы керек. Өртке медицина персоналы келгенге дейін алғашқы көмекті жарақаттанғандарға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көрсетуі керек.
2.4. Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар.
Барлық зауыт кешендерінің мекемелері адамдар көп жұмыс жасайтын нысандарға жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификациясының барымен үлкен қиындық туғызады.
Көшіруге қажетті уақыт - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары. Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.
Ресей федерациясының ТЖМ МӨҚҚ Мәскеу Академиясында жарақаттанғандарды көшіру бойынша кейбір параметрлерді анықтау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді. Мобильді емес адамдарды көшіруді зерттеу бойынша эксперименттің бірінші сериясының қорытындысы бойынша (қысылмаған бос жағдайда қозғалыс параметрлері анықталды), зембілде жатқан адамдарды тасу жылдамдығы және қозғалыс жылдамдығына зембілдің адаммен мәнге сәйкес салмағының әсері туралы мәлметтер алынды.
Мақсатқа келесі мәліметтерді алу қойылды:
зембілде адамдарды тасудың шекті жылдамдығын (бұл қозғалыс жүгіріп орындалады деп жобаланды);
көшіру жылдамдығының жағдайын келтіріп зембілде адамды тасу орташа жылдамдығын;
баспалдақ бойымен жоғары қозғалу жылдамдығын;
баспалдақ бойымен төмен қозғалу жылдамдығын;
қозғалыс жылдамдығының төмендеуіне зембіл салмағының әсерін;
зембілда көлденең адамды тасуға болатын шекті арақашықтықты.
Көлденең бойынша қозғалыс кезіндегі қажетті параметрлерді анықтау үшін сәйкес түрде эксперимент өткізу үшін алаң белгіленді және таңдалды. Жүргізуші бұйрығы бойынша зембілде жатқан адамдарды тасу үшін №1 бақылау нүктесінде адамдардың қозғалысы басталды. Тасымалдау қозғалысты жалғастыру мүмкін болмағанша жасалады. Бақылау аймағында қозғалыс уақыты белгіленіп отырған бақылау бекеттері арқылы шеңбер бойымен қозғалыс болды. Шеңбер ұзындығы 100 м құрайды, пункттер арасындағы арақашықтық – 50 м, қозғалыс уақыты ұзындығы 50 м әр аймақта белгіленіп отырды. Қозғалыс уақытының мәнін алып, аймақтағы қозғалыс жылдамдығы анықталып отырды. Әр бақылау аймағындағы қозғалыс жылдамдығын салыстыра отырып жұмыс уақытына байланысты құлау жылдамдығының көлемі анықталды. Содан басқа зембілде жатқан адамды тасудың мүмкін шекті арақашықтығы анықталады. Осындай схема бойынша бір қатар эксперименттер жүргізілді.
Баспалдақ бойымен қозғалыс жылдамдығы қозғалыс уақытына жол ұзындығын бөлумен анықталды. Жұмыс қабілеттілік келесі түрде анықталды. Зембілде адамдарды көшіретін адамдар мобильді емес адамдарды 2 қабатқа (келесі циклдерде 4, содан 6 және 8 қабаттарға, басқа серияларда төмен) орналастырады және кезекті мобильді емес адамға қайтып оралады, қозғалу мүмкіндік шегіне жеткенге дейін. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан әр бақылау нүктесінде қозғалыс (жылдамдық) уақыты белгіленіп отырды. Әр шеңберде жылдамдықтарды салыстыру қорытындысы бойынша жылдамдық көлемінің төмендеуі анықталып отырды.Жүргізілген эксперимент қорытындысы бойынша келесі мәліметтер алынды:шекті жылдамдықтың (жугіру) орташа мағынасы – 140 м/мин;
адыммен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы -95 м/мин;
баспалдақ бойымен төмен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – 65 м/мин;
баспалдақ бойымен жоғары қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – м/мин;
шамамен 350 м құрайтын адамды зембілмен тасығандағы көлденең бойынша орташа арақашықтық.Алынған мәліметтердің анализі мобильді емес адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.Үзіліссіз қозғалыстың шекті уақыты – адамдарды зембілде тасу – 2-3 мин. құрайды; көп емес үзілістермен (5-10 с) – 5 мин; ұзақ үзілістермен (30 с дейін) – 10 мин.
Жұмыстың 10 минуты өткеннен кейін жұмыс қабілеттіліктің тез төмендеуі бақыланады, қорытындысында жұмыс жасауға болады, бірақ ағза функциясының бұзылуына қауіп төнуімен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі 1 мин жұмыс ішінде (адамды зембілда тасу) шамамен 10% құрайды.Жүкті тасу адам қозғалысының жылдамдығына қатты әсер етеді, осының қорытындысы болып адамдардың физикалық дайындық деңгейінен қозғалыс жылдамдығы байланыстылығы табылады.
Барлық эксперименттерді жүргізуде Ресейде МӨҚҚ Мәскеу Академиясының I-IV курс курсанттары анықтаған, сондықтан алынған жылдамдықтардың мағынасы мобильді емес адамдарды шынайы көшіру процессі үшін сипатты болмайды. Дұрыс қолданулар үшін және алынған мәліметтерді салыстыру үшін дұрыстау коэффициентін енгізу қажет.
Физикалық дайындық тәлімдемесінде келтірілген күшті кешенді жаттығуларды орындау бойынша нормативтерді қайта есептеу және анализ түсіндірілуінде, орташа (көшірілетін адам кез-келген жыныста және жаста болуы мүмкін) жылдамдықтың алынған мәліметтерін 0,58 коэффициентіне көбейту керек.
Көшіру жолдарының өлшемдері мен жарақаттанғандарды көшіру жылдамдығының арасында тікелей байланыс бар. Бұл байланыс негізінен мобильді емес адамдарды көшіру кезінде бақыланады. Коммуникациялық жолдар жолдар өлшемі мен зембілдер арасындағы байланыс меңгерілген және жобалы шешімдерде өзінің бейнесін табады, бірақ жобалау үшін және басқа тексеру шешімдері үшін мұндай мәліметтер жоқ. Бұны орындау үшін моделдеу әдісімен зерттеу жүргізілді.
Эксперименталды қондырғы өз алдына 1:25 масштабты белгі салынған жалпақ ағаш бетін ұсынады, масштабты номенклатуралардың моделі және қоршау конструкциялары орындалған.Баспалдақ маршы бойымен жолдың көлденең қозғалысы кезінде «адам – зембіл – адам» жүйесінің маневрлеу жүйесі зерттелді.Бізді қызықтыратын баспалдақ торларының жоспарлау шешімі ғимараттан ғимаратқа өзгермейді. Көлденең аймақ бойынша қозғалыс жолдарының коммуникациялық схемасы әртүрлі, бірақ барлық кездесетін схемаларды қарастыру мүмкін еместігінен барлық ғимараттардың жоспарлы схемасында кездесетін көбіне типтілер бізбен қарастырылды.
Көлденең аймақ. Ауызша баяндамада ұсынылған көлденең жол бойымен қозғалысты модельдеу кезінде алынған қорытындылар кестеде келтірілген.Зембіл 1800 айналу үшін дәліздің минималды ені 2,4 м құрауы керек.Баспалдақ бойымен қозғалу. Бірқатар құжаттардың нормативті талаптарын орындау кезінде «...баспалдақ алаңының ені марш енінен кем болмауы керек» және ҚНжЕ 2.02-05-2002 «баспалдақ марштарының арасындағы арақашықтық 75 мм кем емес» кедергісіз зембілерді тасымалдау үшін баспалдақ маршының ені 1,2 м кем болмауы керек.
Өрт кезіндегі жарақаттанғандарды көшіру уақытының есебі.
Сол мәліметтерге сүйене отырып мобильді емес адамдар шамамен 30% болады (үрей қорытындысында), көшіру уақытын есептеуге болады:
1.Көшіру жолдарының ұзындығын табамыз:
Ғимараты 2п қабатты, яғни 2 қабаттан бірінші қабатқа дейін баспалдақ маршы бойымен жүріп өту қажет, ең алысы нүктеге дейінгі арақашықтық 120 м тең.
2.Мобильді емес жарақаттанғандардың санын табамыз:
Nн.п. = (Nобщ /100)*30 = 30 адам
мұндағы: Nн.п – мобильді емес жарақаттанғандардың саны
Nобщ – жарақаттанғандардың жалпы саны.
Бір жарақаттанғанды көшіру уақыты тең:
τэ = 2*Lэ.п./ Vп.п. = 2*65/95 = 1,36 мин.
τэ – бір жарақаттанғанды көшіру уақыты;
Lэ.п – көшіру жолдарының ұзындығы;
Vп.п – жарақаттанғандарда тасымалдау жылдамдығы.
Егер 30 секундтан үзіліс жасаса, онда жұмыс қабілеттілікті 10 минутқа дейін сақтауға болады.
Он минут ішінде екі құтқарушы 7 жарақаттанғанды шығарады:
Nэ.п. = τр/τэ = 10/1,36 = 7,35
Бөлмедегі орташа көлемді температураның өсуін ескеруімен жарақаттанғандарды көшіру уақыты 4 мин-қа дейін қысқарады.
Сонда: Nэ.п. = τр/τэ = 4/1,36 = 3 оқпан
Жарақаттанғандарды көшіруді жүргізу үшін персонал санын анықтаймыз:
Nл.с. = Nн.п. / Nэ.п. = 30/3 = 10 пар – 20 адам
2.5. Өрттің дамуы және сөндіру ерекшеліктері.
Өрт – сауда кешендерінде қызмет көрсету қызметкерлер жоқ кезде пайда болады және өрт бөлімшелері жеткенше үлкен көлемді алып үлгіреді. Зауыт кешендерінің қоймаларында сақталатын материалдардың қажетін ескере өшіру заттарының және тәсілдерінің қатаң түрде дұрыс таңдалуын қажет етеді. Бөлімшелердің қимылдары темір есіктерді, ауыр жапқыштарды және темір торларды бұзудың қиындығына байланысты жиі-жиі үлкен кедергілерге тап болады.
Зауытта өрт пайда болғанда барлау жұмыстарының негізгі тапсырмаларымен қатар ӨСЖ адам өміріне қауіпті жағдайларды анықтап, қажетінде оларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жүргізу қажет және өрттің таралу бағыттарын, бағалы тауарлардың эвакуациясын, оларды орналастыру орындарын, қызмет көрсету персоналының тасу құралдарының жарамдылығын анықтау қажет.Өртке келгенде дереу қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады және барлау кезінде олармен міндетті түрде кеңеседі. Өрт дамуы кезінде барлауды бірнеше бағытта жүргізеді, яғни сауда залы беткейінен, әкімшілік және қосалқы бөлмелер жағынан жүргізеді. Егер зауытта тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында орналасса, онда барлауды екінші қабаттағы пәтерлерде жүргізеді. Жанып жатқан зауыттың бөлмелері арқылы өтіп жатқан сантехникалық коммуникация және вентиляциялық каналдарды мұқият тексереді. Қоймада өрт болғанда барлау арқылы және қызмет көрсету персоналынан сұрастыру арқылы материалдардың сақталу қасиетін, жалынның көршілес секцияларға таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдардың эвакуациялау тәртібін анықтаймыз.
Өрт автомобильдерін және жеңдердің сызықтарының жайылуын зауыт, өртті тез өшіретіндей және қоймаларды қорғайтындай етіп орналастырады.
Оқпандарды енгізетін негізгі кірістер ретінде зауыт қоймасы жағындағы терезелер, есіктер, баспалдақ торлары, ал зауыттың ауласы жағынан қызмет кірістері, стационарлы өрт сатылары болады. Жең таралу жаиылымдарын салуға резиналы жеңдер қолданылады. Өртті сөндіруге әдетте жабылмалы РСК-50 және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және конструкция жанғыш материалдан болғанда РС-70 оқпаны қолданылады.
Қоймалардағы өртті сөндіруге есіктер, қақпалар, терезелер арқылы РС-70, РСК-50 және шашыратқыш оқпандар енгізіледі. Терезедегі темір торларды арнайы қайшымен немесе өрт машинасымен алып тастайды.Өрт бөлімшелерінің өртке келгенде ең басты маңызды тапсырмаларына сауда кешенінің жанып жатқан бөлмелерінен тауарларды дер кезінде аман алып қалу болып табылады. Эвакуациялау жұмысын ұйымдастыру үшін ӨСЖ тәжірибелі командирді тағайындап, оның қарамағына күш пен құралдардың бір бөлігін береді. Материалдарды эвакуациялауға қызмет көрсету персоналын, жауынгерлік бөлімдерді және оқу орындарын тартады. Эвакуациялау кезінде барлық қолда бар транспорт механизмдерін, жүк лифтілерін, көтергіштерді, электрокарларды және т.б. қолданады.
Бірінші кезекте аса бағалы тауарларды, су тигенде жарамсыз болып қалатын заттар, жарылуға, токсигенді заттар бөлуге бейім материалдар эвакуацияланады.
Бүкіл зауыт ауласына немесе қауіпсіз орындарға көшіреді және басына күзет орнатады. Зауытта және қойма бөлмелеріндегі өртті сөндіруге су, сулатқышы бар су, ауа-механикалық орта еселікті көбік және арнайы өрт сөндіру заттары қолданылады. Су оқпандарының санын, су ағынының интенсивтілігіне қарай анықтаймыз. Ол 0,2 л/(м2с), тең. Ал ауа-механикалық генераторлар санын, көбік жасайтын ерітіндінің сумен арласқандағы көбігінің берілу интенсивтілігіне қараймыз. Ол 0,1 л/(м2с). Зауыт, бөлмелерінде және басқа да биік, көлемді бөлмелерді өшіруге компактілі су ағыны, ал дүкен қоймаларында – шашыранды су ағынын қолданады. Мата, талшықты мата, тігін материалдарын өшіргенде – суалтқыштарды, ал жеңіл тұтанғыш заттарды, аэрозольді қаптамалардағы заттарды өшіргенде орта еселікті көбікті қолданады.
Қосымша бөлмелер жанғанда негізгі күштерді жанып жатқан бөлмелерге, ал резервтегі күшті зауытты қорғауға жұмылдырылады. Ал тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатындағы зауыт кешені жанғанда негізгі күшті өрт сөндіруге, резервтегі күшті жоғарғы қабаттағы пәтерлерді қорғауға жұмсайды. Қоймалар жанғанда негізгі күшті оны өшіруге, қосымша күшті әрбір жертөледе пәтерге баратын технологиялық қуыстарға жұмсайды.
Су және көбік ағындарын стеллаждар, штабельдер және витриналар арасындағы өтпе жолдар бойымен шашады. Зауыт кешендерінде өрт сөндіргенде ескеретін жайт, судан жарамсыз болып қалатын тауарлар сақталатын бөлмеге құйылған артық су үлкен материалдық шығынға алып келеді. Сондықтан сөндіру жұмыстарына жабылмалы оқпандар, шашыратқыш оқпандар қолданылады. Жанбайтын стеллаждардағы, штабельдердегі материалдарды брезенттермен, жабындармен жауып қояды. Еденге қойылған материалдар мен тауарларды суға малтпас үшін, оларды қоршап ағаш үгінділерінен төбешік жасайды. Өрт сөндірумен бір мезгілде құйылған суды жинау жұмыстары да жүргізіледі. Ұрыс алаңдарын зауыт кешенінің зауыт бөлмелерінің жағынан, қойма, қосылмас бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда баспалдақ торларынан, көршілес жатқан ғимараттар жағынан ұйымдастырады. Қатты түтінденген бөлмелерде өртті ГТҚҚ звенолары көмегімен өшіреді және оларды ауыстырып тұруға резерв құрады. Өрт сөндіру кезінде мүмкін болатын жарылыстардан, жалын ұшқындарын, стеллаждар мен штабельдерден қорғану шараларын ойластыра білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |