3. Өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша инженерлі-техникалық және жедел тактикалық шешімдерді бағалау.
3.1. Хабарлау автоматикасы.
Зауыт кешенінің ғимаратында жылулық хабарлағышымен автоматикалық өрт дабылы қарастырылған.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Құрылыс нормасы 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт дабылымен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау қажеттілігін ескеру негізінде өрт хабарлағышын орнату. Өрт хабарлағышы жануды табуға және жағдайды бақылау үшін арналған және әртүрлі ғимараттар мен имаратардағы жабық бөлмелерде түтіннің пайда болуын және «Өрт», «Шаң», «Назар сал», «Бұзылу», «Сөну» хабарларын беруге арналған.
Қамтамасыз етеді:
өртті ерте табу;
«күн-түн» түтіндену деңгейінің бағдарламалық қондырғысын;
алдын-ала «Назар сал» хабарын;
жұмыс қабілеттілікті бақылау;
шаңдануды бақылау;
түтін концентрациясының ағымды мағынасын бақылау;
екі сымды байланыс сызығы бойыша қоректену;
127 хабарлағышқа дейін екі сымды сызықты қосу;
кезекші режимнің жарықтық индикациясы, «өрт» режиміне және ақаулар режиміне ауысуын;
магнитпен жұмыс қабілеттілігін тексеру;
жәндіктерден сенімді қорғаныс;
құрылыс және жөндеу кезндегі шаңдардан қорғаныс;
қызықтыратын дизайн.
Техникалық сипаттамалары:
Хабарлағыштың сезімталдығы қоршаған ортаның түтіндеуі оптикалық тығыздығы – 0,05 кем емес және 0,2 дБ/м артық емес сәйкес келеді. Қоршаған орта үдемелі оптикалық тығыздығы шегіне жеткен кездегі хабарлағыштың жұмыс жасау инерциясы 10 секундтан аспайды. Шлейфтен хабарлағышқа қажетті тоқ - 600 мкА көп емес. Хабарлағыштың техникалық дайындық уақыты - 60 секундтан көп емес.
Жұмыс температураларының диапазоны - -10°С-ден +55°С-ге дейін.
Хабарлағыштың розеткамен бірге габаритті өлшемдері:
диаметр - 100 мм көп емес,
биіктігі - 30 мм көп емес,
хабарлағыш массасы - 0,2 кг көп емес.
Хабарлағыштардың барлық сәулелерін ППС-3 өрт дабылының пультына шығару.
ППС-3, өрт хабрлағыштарынан (ИП 105-2/1, ИП 104-1, ДИП-3, РИД-6М, ДИП-2) дыбыстарды қабылдап және өңдеу үшін арналған. ППС-3 күзетілетін нысандардан хабардың түсуін қаматамасыз етеді, өрт сөндіру қондырғыларының қосылу мүмкіндігін, түтінді жою және басқа қондырғылардың жұмыс жасауын қаматамасыз етеді. ППС-3 жұмысы дыбысты сызықтарда электрлік режимдерді тұрақты бақылауында негізделген.
Пульт 20 дыбысты сызыққа базалы құрылғыдан және сызықты блоктан тұрады. Базалы құрылғы 10 қабылдау және тіркеу блогын қосады, олардың әрқайсысына екі дыбысты сызық қосылады. Сонымен бірге бақылау және басқару блогы, қоректендіру блогы, релелі блок қосылады.
Базалы құрылғы қабырғалы шкаф түрінде жасалған. Қабылдау және тіркеу блоктары бұрылыс рамасында бекітілген.
Сызықты блок конструкциясы базалы құрылғыға сәйкес.
Техникалық сипаттама
Максималды дыбысты сызық саны, шт
|
60
|
ДИП-2 хабарлағыштарының бір шлейфте (сызықта) қосылуының максималды саны, шт
|
20
|
Бір шлейфте контактті максималды қосылатын хабарлағыштардың саны, шт
|
40
|
Дыбысты сызықтың кедергісі, Ом
|
500-ге дейін
|
Қоректендіру кернеуі, В:
ауыспалы тоқ жүйесінен
резервті тұрақты тоқ көзінен
|
220 +22-33
24±2,4
|
Кезекші резжимдегі қажетті қуат:
ауыспалы тоқ жүйесінен, ВА
тұрақты тоқ көзінен, Вт
|
40
40
|
Жұмысшы температура диапазоны, `С
|
0...+40
|
Қоршаған орта рұқсат етілетін қатысты ылғалдығы, %
|
80
|
Габаритті өлшемдері, мм
|
560х320х250
|
Масса, кг:
20 сызыққа
60 сызыққа
|
25
50
|
Жеткізу комплектіне 1...2 сызықты блоктың базалы құрылысы, ЗИП, паспорт, техникалық сипаттау және пайдалануы бойынша нұсқауы кіреді.
4. Жылжымалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру. (1-ші нұсқа)
Өрт 2-ші қабатта зауыттың бөлмелерінде коймада пайда болды, келесі өрттің даму шарттарын қабылдаймыз:
сыртқы ауа температурасы + 00;
өнімдерді сақтау бөлмесінде адамдар бар;
өрт тарауының сызықты жылдамдығы л = 1,2 м/мин;
өрт зауыттың ортасында пайда болды.
Нысанның жедел-тактикалық қатынаста меңгеру қорытындысында келесілер анықталды, ғимараттың зауыт бөлмелерінде өрт пайда болған кезде қатты түтінденуден аса қиын жағдай туындайды және ғимаратқа үлкен материалды шығын әкеледі. Өрт ауыртпалығы 100 кг/м2 дейін құрайды.
Өрттің үлкен ауданы- өрт зауыттың ортасында пайда болған жағдайда болуы мүмкін, өрт әртүрлі материалдармен максималды жылдамдықпен тараған кезде.
1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан ӨСБ-11 сөндіруге оқпандарды бергенге дейін).
tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР
мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин.;
tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;
tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;
tСБ – жиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);
tсл–өрт орнына жету уақыты.
tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин.
tСВ = 3 + 1,5 + 0,5 + 1 + 3 + 3 = 12 мин.
Vсл.
мұндағы: L - өрт бөлімінен нысанға дейінгі арақашықтық, км;
Vсл - ӨА жылдамдығының орташа жылдамдығы, км/сағ;
2. Өрттің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:
L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1,2 + 2*2 = 10 м [4.3]
мұндағы: 1 = 10 мин – 0,5Vл жылдамдығымен өрттің тарау уақыты, анықталмаған кестелі көлемінің температуралық режимінен.
Өрттің пайда болу орынынан от сауда залының барлық жағына тарады және төмендегі уақыт ішінде:
0,5Vл 0,5Vл
мұндағы: а – бөлменің ені, м;
б – бөлменің ұзындығы, м.
Оқпандарды берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.
3. Өрт ауданын анықтаймыз:
SП = а*b [4.4]
мұндағы: а – өрт шебінің ені;
b – бөлме ұзындығы.
SП = 10*14 = 140 м2
Қол оқпандарының аса эффективті сөндіру тереңдігі hm = 5 м, а лафетті опан - hm = 10 м.
4. Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз:
SТ = n*a*h=2*10*5=100 м [4.5]
5. Бөлменің өртті сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарының (су) қажетті шығынын анықтаймыз:
QТТР = Sп * JТР = 100 * 0,2 = 20 л/(м2*с) [4.6]
мұндағы, Jтр – су берудің қажетті интенсивтілігі, л/(с м2),
Jтр = 0,2 л/(м2*с)
6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз:
QЗТР = Sт * JТР/4 = 100*0,2/4 = 10л/(м2*с) [4.7]
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз:
Q = Q + Q [4.8]
Q = 40+10= 50 л/(м2*с)
8. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын анықтаймыз:
N = Q/qСТ = 24/7 = 4 оқпан. «А».
9.Көрші бөлмелерді қорғау үшін олқпандар санын анықтаймыз:
N = Q/qСТ [4.9]
N = 6/3,5 = 3 оқпаны. «Б»
Зауыттың жедел-тактикалық меңгеріп, көрші бөлмелерді қорғау үшін 2 «Б» оқпанын аламыз, яғни 1 оқпанды көрші бөлмелерді қорғауға және 2 оқпанды 2-ші қабатты қорғауға аламыз.
10. Судың нақты шығынын анықтаймыз:
Q = NТСТ * qСТ + NЗСТ * qСТ
Достарыңызбен бөлісу: |