ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«ҚӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ»
Алматы 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30
2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52
3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65
Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ 73
Кіріспе
Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.
Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.
Айқындылықты жоғарылату үшін, “Тікелей инвесицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, инвестиция көлеміне сай салықтық жеңілдіктерді беру мерзімдері мен көлемін заңды түрде бекіту қажет. Осыған орай чиновниктердің жеңілдіктер көлемін реттеу мүмкіншіліктері заңмен қатаң шектеледі, сәйкесінше – осы саладағы корумпирлік төмендейді.
Нарықтық қатынастарға өту инвестицияларды қосымша тарту мен пайдалану есебінен ұлттық экономикаға инвестициялық процесті жеделдетудің нақты алғышарттарының пайда болуының қажеттілігін ескертті. Инвестиция – бұл әртүрлі формадағы қаржылық және материалдық құндылықтарға бос ақша қаражаттарын салу. Экономикадағы инвестициялау процесі ақша қаражаттарын оларды иемденушіден қажетсінетіндерге қайта бөлу формасында жүзеге асырылады.
Өтпелі экономиканың өнеркәсіптік өндірісіне инвестициялық салымдардың жеткіліксіздігі оның құлдырауының алғашқы себебі болып, инвестициялаудың потенциалды каналдарын іздестіру қажеттілігін өршітті.
Соңғы жылдары өңдеуші салалардағы, ауыл шаруышылығындағы ұзақ және қысқа мерзімді сипаттағы инвестициялық жобаларға ақша ресурстарын бағыттауға және халық тұрмысының әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін, 2/3 бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін, экспортты шикізаттық салалардың даму арқасында, инвестициялық арнаға отандық капиталдың біртіндеп қайтарылу процесі байқалады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдап, кәсіпорындардың инвестицияны пайдалануын арттыру жолдарына тоқталдым. Дипломдық жұмыс объектісі болып “Либелла Ботлерс” ЖШС –гі табылады.
Міндеттері ретінде:
нарықтық экономика жағдайында инвестицияның алатын орнын анықтау;
инвестициялық саясаттың маңызын ашу;
“Либелла Ботлерс” ЖШС –ке жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
Серіктестіктің инвестициялық жағдайы мен пайдалану тиімділігін талдау;
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдарын анықтау;
Бірінші тарауда инвестицияның теориялық мәселелері қарастырылды. Оның тартымдылығын арттыруға әсер ететін факторларға және реттеййтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз.
Екінші тарауда сусындар шығару саласында көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан “Либелла Боттлерс” ЖШС –ке жалпы сипаттама беріліп, қаржылық–экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорынның инвестициялық жағдайы анықталып, талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануына тоқталып, талданды. Сонымен қатар, оның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін инновация туралы да сөз болды.
Зерттеудің методологиялық негіздеріне ҚР заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, теориялық бөлімінде ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистерді және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.
Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Бұл проблемаға ортақ көзқарас П.Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.
Инвестицияны “Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінің капиталды меншік құндылығының ағымдағы өсімі” ретінде, немесе, “тұтыну үшін қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол бөлігі” ретінде анықтайтын Дж.Кейнстің жұмыстарында инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған.
Экономикалық теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді өрістетумен сипатталады.
В.Фельзенбаум, “капитал жұмсалымдары” және “қаржы” (портфельді) инвестициялар түсінігіне мазмұны бойынша жақын, инвестиция түсінігі нақты инвестицияларды қамтиды деп белгілейді. Яғни, меншіктен табыс табуға құқық беретін, меншік иесінің титулымен байланысты акция, облигация және тағы басқа құнды қағаздарға салынған салымдар.
Инвестициялаудың негізгі этаптары:
капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;
инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;
табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.
Инвестициялау инвесторлардың қолдану үшін іздейтін, қаражатты тұтынудан кейінгі кейбір артықтардың қорлануының (жиналуының) нәтижесі болып келеді.
Жоспарланатын шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық тепе–теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп көрсетеді.
Бұлардың әр қайсысының көлемінің өсуі шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді. Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар тепе–теңдігінің проблемасына классикалық мектептің көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып – жинақ ақшаға және оған несиені қоспай – механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай, кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді. Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс заңының күші капиталдың тек бір түріне және бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау дәлме-дәл кескіндемейді”.
Инвестициялар, төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет шаруашылықтың нарықтық жағдайында кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады.
Инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай–ақ пайда (табыс) алу мақсатында иевестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған меншікке құқық.
Шетелде қызмет ететін, шығарылатын, әкелінетін капиталды жекеменшік, мемлекеттік және сыртқы деп бөлуге болады. Ол ақшалай және тауарлы нысанда, қысқа және ұзақ мерзімді, ссудалық және кәсіпкерлік бола алады.
Кәсіпкерлік капитал (және ішінара ссудалық) тікелей және портфельді инвестициялармен ұсынылған.
Тікелей инвестициялар – тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы – тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.
Портфельдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.
Портфельдік инвестициялау арқылы қор нарығының әр түрлі секторларындағы барлық инвестициялық қызметтің түпкі нәтижелерін жоспарлауға, бағалауға және бақылауға болады.
Портфельдік инвестицияларды жүргізу нарық дамуын сипаттайды. Қазіргі кезде, портфельдік инвестициялаумен клиенттердің екі типі қызығушылықта. Біріншілеріне, уақытша бос қаражаттарын орнықтыру проблемалары барлар (мысалы, ірі корпорациялар). Екіншілеріне, айналым қаражаттарын қажетсінетін, портфель идеясын “приманка” ретінде ұсынатындары жатады (мысалы, аса ірі емес банктер, қаржы компаниялары т.б. ).
Сонымен қатар, инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Ануитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Сонымен қатар, инвестицияларды жұмсау сипатына қарай мынадай түрлерге бөледі:
өндірістік–материалды салаға қаржы жұмсау. Экономика тепе-теңдігінің бұзылуы және осы салалардағы капитал айналымдылығының төмендеуі, сол кезеңдегі барлық ұлттық шаруашылыққа сипатты, жағымсыз нәтижеге әкелді. Мұндай жағдайдағы өндірістік жұмсалым ролі өседі.
өндірістік емес–материалды емес салалардағы капиталды игеру, қызмет көрсету саласын қоса. Өндірістік салалармен салыстырғанда өндірістік емес салаларға инвестиция үлесі елеулі жоғары. ЖІӨ құрылымында халыққа қызмет көрсету, сауда–делдал үлесі өскен. Қызмет көрсету саласында капитал ресурстарының жоғары айналымдылығы белгіленген. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласының дамуы елдің экономикалық өсуіне елеулі әсер етпейтінін айта кеткен жөн.
Инвестициялау мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді – бірнеше айға қаржы беру. Қазақстанда қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер кеңінен қолданылады. Олардың қолайсыз жақтары: біріншіден, жоғары пайыздық мөлшерлеме; екішіден, кепілдіктің болуы; үшіншіден, көлемдерінің аздығы.
ұзақ мерзімді – бірнеше жылға қаржы беру.
Инвестор санаты бойынша инвестициялардың бөлінуі:
жеке – Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдің жеке және заңды тұлғалары инвестиция қызметінің өкілдері бола алады. Мысалға, ондай инвестицияларға несие желісінің ашылуы, қарыздар, гранттар мен техникалық көмек берулер жатады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жасалынатын қорытынды – елімізде бар инвестиция көлемінің жетіспеушілігі анық. Бұл, республикаға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайсыз режиммен байланысты деген ой тудырады. Қаржы Министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның 3 млр. АҚШ долларын құрайтын, несие ресурстарының қайтарылатындығына кері әсер ететін және инвесторлар үшін белгілі бір тәуекел білдіретін сыртқы қарыздары бар екенін де айта кеткен жөн.
Мемлекеттік – капиталды мемлекеттік несие–банк мекемелер жағынан инвестициялау. Ауыр экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік банктердің қаражаттары шектелген.
Инвестиция көздері бойынша:
ішкі – республиканың банктік институттарымен несиелеу.
Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.
Сыртқы – шетел жақтарынан капиталды тарту.
Сонымен, әр түрлі формадағы және түрдегі инвестицияларды республикаға тарту үшін жағымды жағдайлар жасалу керек
Жұмсалымның жоғары тиімділігіне жету үшін фирма басшылығы инвестициялаудың базалық қағидаларын ескеру керек.
Инвестициялаудың шекті тиімділік қағидасы. Кез–келген кәсіпорын өндірілетін өнім бірлігіне шығынды минимальды болатындай өндірісті ұйымдастырып, максимальді табыс табуға тырысады. Өндірістің жеткен деңгейіндегі табыс өндіріс шығындарынан асатын жағдайда кәсіпорын өз қызметін жалғастырады. Тауар сатудан түскен жиынтық табыс өндіріс шығындарынан аспаған жағдайда ғана ол өз қызметін тоқтатады.
Ал, егерде тауардың бір қосымша бірлігінің өндірісі оны дайындауға кеткен шығындарды асса кәсіпорынға өнім шығаруын кеңейтуге тура келеді. Өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болса, кәсіпорын өндірісін кеңейтпейді. Кәсіпорын өндірісін жалғастырған кезде, шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болатындай өнім көлемін шығару керек. Бұл екі шарттың әмбебап сипаты бар кез – келген нарық құрылымына, меншік формасына қолданылады.
Инвестициялаудың оңтайлы көлемі - 5 млн бірлік. 6 млн бірл. салымы тиімсіз болады.
Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:
өндіріс шығындарының өсу қарқыны;
өндірісті монополиялау деңгейі;
“Замазка” қағидасы. Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялау замазкамен жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.
Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек , оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады.
Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.
Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:
шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді – мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.
тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.
тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.
Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары – бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады. Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез – келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да басқа керек.
Ағымдағы табыстылықтың тез арада азаюы үйрену үшін төлем болып отыр. Тіпті акция мен облигацияның өздерін де, бағамы төмендеген кезде, тез арада тиімді қайта сату мүмкін емес. Уақыттың өтуі капиталдың құлдырауын, оның табыстылығының төмендеуін білдіреді. Ал, өндірістік инвестициялаудың биімделу шығындары бұдан да көп. Мысалы, қол еңбегін машиналыға алмастыру орынды. Бұл әйгілі биімделу шығындарын (тікелей және жанама) қажет етеді. Соның ішінде: кадрларды қайта дайындау; ескі жабдықты сатып жаңасын орналастыру; қысқарту нәтижесінде жұмыссыз қалған жұмысшылар мен қызметшілерге өтемақыларын төлеу; өз күшін сақтайтын ескі келісімшарттар бойынша тұрақсыздық төлемдері және т.б. Кәсіпорын жаңа өнімін сататын бағасына биімделу шығындарын да қосу керек. Бұл баға өндіріс үшін шикізат, материалдар, технологиялар ұсынысының бағасынан қаншалықты асса, соншалықты бұл вариант капитал жұмсалымына артықшылықты. Өнімге деген сұраныстың көп болуы, кәсіпорын өзіне рұқсат ете алатын биімделу шығындарының көп болуына әсер етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан қаншалықты көп әрі ұзақ болса, биімделу шығындарына қарамастан соншалықты инвестициялау тиімдірек болады.
Мультипликатор (көбейткіш) қағидасы. Мультипликатор қағидасы салалардың байланысуына сүйенеді. Бұл айтарлықтай автомобильге деген сұраныстың өсуі технологиялық ілеспе тауарларының: металл, пластмасса, резина және тағы да басқаларының өсімін туғызады. Мультипликатор, салалар арасындағы нақты бар байланысын тұлғалайды және осы байланыстарды санды түрде сипаттайды.
Мультипликатор алдын ала нақты ықпалдың уақыты мен экономикалық қуатын білуге, осы ақпаратты тиімді пайдалануға: тиімсіз инвестициялауды тоқтату және коньюнктураны оза отырып, уақытылы жаңа бизнеспен айналасуға мүмкіндік береді. Осындай уақытылы әрекет акцияларды қайта сату және өндірісті қайта профильдеу формасында жүзеге асуы мүмкін.
Мультипликатор әсері саладан – сұраныс пен табыстылық қуат көзін (генератор) жоюына байланысты әлсіреп, өседі. Сонымен қатар, мультипликатор әсері уақытылы да өшеді. Кейін басқа сала алға шығуы мүмкін, мұнда, қайтадан инвестициялау стратегиясын түзету керек.
Q – қағида. Q – қағида – бұл қор биржасындағы активті бағалаумен оның нақты қалпына келтіру құны аралығындағы тәуелділігін анықтау. Бұл тәуелділік көрсеткіші – Q – қатынас:
Q=Материалдық активтердің ұдайы өндірісін биржалық бағалау / Осы активтердің орнын басудың ағымдағы шығындары
Егер, бөлшек бірден жоғары болса, онда инвестициялау тиімді. Қанша көп болса, сонша тиімді.
Инвестициялау тиімділігі сұраныс бағасы мен ұсыныс баға ара қатынасына бекітіледі. Бүкіл кәсіпорынды сатып алуды инвестициялағанда былай анықтаймыз
Q=Бүкіл фирманың биржалық бағасы / Оның материалды бөлігінің орнын толтыру шығындары
Бұл қағиданың қолданылуына қарағанда, оны мемлекеттік реттеу деңгейі көбірек.
Тәжірибе көрсеткенде, Q – қағида келесі салаларда қолданысқа жақсы. Олар: көлік, автомобиль жасау, түсті металлургия, резинотехникалық өнеркәсіп, пластмасса өндірісі, бірақ ол мемлекетпен реттелетін салаларда қолданылады: мұнай шығару, газ саласы және тағы да басқа.
ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары
Мемлекет, инвестициялық ресурстар нарығындағы жағдайды реттейтін, негізгі операторлардың бірі болып бой көрсетеді, ал оның шетел инвестицияларына деген саясаты көбіне елдегі инвестициялық ахуалдың күйін анықтайды, әлеуетті инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді.
Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновоциялық – инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы – инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.
Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы–несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.
Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі – аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді.
Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.
Индустриалды–инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауашаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, жоғары техникалық және технологиялық деңгейді сақтаған, салалар мен өндірістің экспорттық және импорттық орнын алмастырушы, бәсекеге қабілетті салаларды қолдау табылады.
Дүниежүзілік тәжірибені талдау, құрылымының қайта құрылуының шешуші шарты болып қарастырылатын, экономикадағы инвестициялық үрдістерді мемлекетпен қолдау экономика өсуінің тұрақты қарқындарын қолдау және жетістік түріндегі нақты нәтиже береді. Қазақстанда инвестицияларды ынталандырудың заңды және экономикалық негіздері 2003 жылы 8 қаңтарда қабылданған ҚР–сының “Инвестициялар туралы” заңында анықталған. Бұл заң ҚР–дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР–да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвестициялардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
Қазіргі технологияларды пайдаланатын қолданыстағы өндірісті жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл – ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.
Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл–ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы – сапалы экономикалық өсуге.
Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып келетін, жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР – сының артықшылықтарының бірі болып табылады. Салық тәртіптемесінің тұрақтылығы, қоғамның демократияландырылуы, нарық реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әлеуетті инвесторлар алдында тұрған проблемаларды мемлекетпен ұғыну қажет.
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігуі шетел инвестициялары үшін қалыпты инфрақұрылымды және құқықты жағдайларды қалыптастырусыз мүмкін емес. ҚР-ның экономикасын жаңғыртуда шетел капиталы маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімді саясаты бар жаңа іскерлік ахуал жасау міндетті түрде қажет. Тек осы жағдайда ғана ҚР артықшылықтары, табиғи ресурстарды, транзиттік геополитикалық жағдайды, ғылыми–техникалық әлеуеті мен білімі бар халықты қосқанда, капитал тартудағы ҚР–ның бәсеке қабілеттілігінің маңызды шарттары болады. Республиканың дамыған инфрақұрылымдағы өмірлік қажеттілігі кең территориялы–орнықтырушылық базамен және экономикалық шаруашылық–салалық құрылымымен анықталады. ҚР–сы қысқа мерзімде негізгі өндірістік қорларға капитал түсімін қамтамасыз ету қажет және базалық салалар мен өндірістерді сақтау мен дамыту мақсатында шикізат ресурстарын экспортқа бағдарланған қайта өңдеуді ұйымдастыру керек. Болмаған жағдайда, экономика құрылымын қайта құру міндеттерін шешпейтін, экспорттың тауарлы – шикізаттық бағдарлануы ҚР – на көптеген жылдарға бекітіледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты экономикалық өсуге жету үшін үлкен көлемдегі инвестициялық салымдарды талап етеді. Капитал салымдары, тұтыну деңгейінің ары қарай төмендеуін тудыратын, ішкі көздер есебінен қатаң биімделуді талап етеді, ал, бұл саяси-әлеуметтік түсініктемелерге қолайлы емес. Негізгі өндірістік қорларға сыртқы тікелей инвестицияларды тарту баламалы таңдау болып келеді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей шетел инвесторларына тек салықтық, кедендік және тарифтік жеңілдіктер жасау жеткілікті тиімді емес. Инвестордың операциондық территориясын кешенді инфрақұрылымдық жайғастыру шетел капиталын тартудағы өте қажетті шарты болып табылады. Біріншіден, жол және көлік жүйесін, теңіз порттарын, әуежайларды, сумен және энергиямен жабдықтауды, телекоммуникация жүйесін, қоймаларды, логистикалық жүйелерді, тұрғын үй секторларын дамыта бастау керек.
Дамыған және тез дамушы елдер, әсіресе Азиатты – Тынық Мұхиттық аймақ, соңғы 30 – 40 жылда өз елдерін инфрақұрылымдық жайғастыру үшін келісім шарт түрлері бойынша шетел инвестицияларын тез қарқынмен тартқан. Несиелік қарызға алумен ұштастырылған жеке тікелей салымдар жетістікке жету кілті болды. Шетел инвестициялары ҚР–сы үшін сыни болып келеді. Мәселе экономиканы жаңғырту үшін жинақ ақшаның жетіспеушілігінде ғана емес.
Инвестициялық ахуал нарық реформаларының жетілуінің, жеке меншік құқығының тұрақтылығына және елдегі жағдайға деген дүниежүзілік капиталдың сенім білдіруінің өлшемі болып келеді.
Сонымен қатар, ұлттық шаруашылықтың ең ірі объектілеріне ВОТ тұрпаты бойынша (Build – Operate - Transfer) – салу (құрылыс) – эксплуатациялау – беру стратегиялық инвесторларды тарту дүниежүзілік нарыққа тез биімделуді қамтамасыз ету. Тек ақшалай салымдарды тарту ғана емес, сонымен қатар, сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі, нарық білімі, елеулі ресурстарымен және әртүрлі елдердегі кәсіпорындарды басқару бар стратегиялық инвесторларды тарту маңызды. ЖҰӨ қалыптастырудағы нақты өндірістің салалық салымын қамтамасыз ететін, негізгі өндіріс қорларына салынған капиталдар ғана стратегиялық инвестициялар болып саналуы тиіс. Мысалы, пепси–кола өндіретін завод ҚР–ның макроэкономикалық дамуына салым салмайды, себебі, шетелде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді және шетел шикізат концентратының өндірісін, тұрлаулы валютаға сатып алып, қаржыландырады. Сонда да, кіріптарлық заводқа салынған инвестициялар пайдалану, өңдеу және отандық мыстың экспортына стратегиялық болып келеді. Сонда, Қазақстандық түсті металлургияға және өңдеуші өнеркәсіптерге капитал салымдары қаржыландырады және ЖҰӨ -ге салым қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, үкімет концессияға (келісім шартқа) табыстау үшін жеке консорциумға белгілі бір уақыт кезеңіне жоба береді. Консорциум бұл жобаны салып, бірнеше жылдар бойы пайдаланады және өз шығындарын өтеп отырып, жобаны пайдаланудан табыс алып отырады. Консцессия мерзімі аяқталған соң консорция жоба активтерін үкіметке береді.
Бірақ инвестициялар қарыздар мен несиелерден тұратын болса, үкімет міндеттенбейді және қайтарымдығына кепілдік бермейді.
Қайтарымдылығы тек операциондық табыстарға байланысты. Сонда, үкіметтен бюджет қаражатын тарту қажеттілігі алынады да, барлық тәуекел жеке секторға жатады.
Шетел инвестицияларының жоғары деңгейімен дамыған нарық экокномикасына негізделетін экономикалық өсу ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі екендігі Қазақстан – 2030 стратегиясында анықталған. Батыс Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестициялар өте қажетті, бірақ, өмір сүру деңгейінің төмендігіне орай халықтың ақша жинауға және олардың нвестициялауға мүмкіндігі жоқ.
Шетел және жергілікті инвесторлар қолайлы инветициялық ахуалды қажет етеді: саяси өкіметтің тұрақтылығы, бизнес туралы тұрлаулы заңдар, тізбекті және ашық салық тәртіптемесі мен үкіметтің бизнеске аз араласуы. Шетел инвестицияларының түсімі Қазақстандағы демографиялық жаңғыртуды жалғастыру және нарық реформаларын дамытуды, аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында, мемлекет экономикаға, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан әлеуметтік поцесстерге әсер ету құралы ретінде пайдаланатын салық негізгі реттеушілердің бірі деген мәнге ие болады. Солай, кәсіпкерлердің бөлек категорияларына жеңілдіктер жасай отырып, қоғамдық өндірістің түрлі салаларына мемлекет әсер ету шамасында, және керісінше, белгілі бір салаға жоғары салықтарды енгізіп, мемлекет ондағы кез–келген кәсікерлік белсенділігін төмендете алады, тіпті өнідірісті тоқтатуға дейін.
Инвестициялық ресурстар ұлттық экономика дамуының алдыңғы қатарлы көздері және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ұстанымға ие. Технологиялық капитал салымдарының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету ең басты проблема болып отыр. Жалпы, бұл проблема шешілмеген. Ұзақ уақыт бойы қаржыландырудың төмен деңгейі экономиканың нақты секторындағы инвестциялық процестің ұдайы өндірісінің өзгеруіне алып келді. Негізгі құралдар тозуының деңгейі жоғарылады.
Машина жасауда конверсиялық шаралар жүргізу үшін инвестициялар қажет. Проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі – жиынтық сұранысты біршама арттыруға бағытталған макроэкономикалық шаралар көмегімен ішкі нарықты кеңейту. Оған, жеке табыстар мен халықтың сатып алу қабілеттілігін жоғарлату, инвестициялар құрылыс үшін тауарларға өсіп жатқан сұранысты көтермелеу, мемлекетпен отандық тауарларды тікелей сатып алуларды жоғарлату арқылы жетуге болады.
“Халықтың нақты табысын жоғарылату әлеуметтік мәселені шешеді және экономикалық сұраныстың маңызды шарттары ретінде тұтыну сұранысын көтереді. Қаржы саласын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті көтеру, мемлекетке сенімшілікті күшейту халықтың жинақ ақшаларын өсіру үшін қажетті және сенімді негіздерін және қорлануға олардың трансформацияларын қалыптастырады” – деп есептейді В.К Гуртов.
Халықтың жинақ ақшаларына инвестициялық процесстерді тарту үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалануға болады. Ол үшін, меншік иелері үшін инвестицияның табыстылығы мен қайтарымдылық сенімділігін қамтамасыз ететін, отандық өнеркәсіп дамуына зейнетақы қор активтерін инвестициялау механизмдерін әзірлеу керек.
Өтпелі кезеңдегі халықтың жинақ ақшаларына жасалған мемлекеттік эксперимент банктік салаға және мемлекетке деген халық сенімін үзді. Сондықтан, халықтың жинақ ақшаларының максимальді қауіпсіздігіне кепілдік беру қажет.
Қазақстандық банктер мен мемлекеттік бюджеттің тартылған қаражаттарын және кәсіпорындар мен халықтың жеке инвестицияларын салғанда ғана өнеркәсіп тауарларының отандық өндірісінің өсуі мүмкін болады.
Табыс инвестицияны жүзеге асырудың ықыластандырғыш уәждері болып табылады. Кәсіпкерлер өндіріс қаражаттарын, мұндай сатып алулар табысты болады дегенде ғана бір компонент бар, ол – процент мөлшерлемесі.
Өнерәсіптік және де инновациялық сектордың өңдеуші салалары жеке инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Мұнда, өңдеуші өнеркәсіпке жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау мемлекет міндеті болып табылады.
Қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген активтеріне салымдар салатын инвесторларға, жеке инвестицияларды тарту процессін ынталандырушы экономикалық тұтқа ретінде “ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңына ” сәйкес берілетін инвестициялы салықтық және кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік натурдық гранттар және көптеген кепілдіктерді пайдалану қажетті. Бірақ, заңмен қарастырылатын преференсиялар, берілген салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берілетін жеңілдіктердің салыстырылымсыздығы түрінде, индустриалды–инновациялық сектор салаларының дамуына қажетті әсер етуге мүмкіншілігі жоқ. Мұндай жағдайда, оларды фискалды саясат шараларымен толтыру қажет.
Экономикалық тұтқаларды пайдалану ұйымдастырушылық сипаттағы шаралармен толтырылуы керек. ҚР мен оның аймақтарының инвестициялық мүмкіншіліктері туралы берілетін ақпараттың көлемі мен сапасы еліміздің экономикасына капитал салымдары туралы инвесторлардың шешім қабылдауына үлкен әсер етеді. Осыған орай, инвестициялық мүмкіншіліктердің призентациясы бойынша жасалып жатқан жұмыстарында индустриалды–инновациялық сектор салаларын дамытуға ерекше көңіл аударылуы керек. Перспективті жобаларды іздеу бойынша әлеуетті инвесторларға және жеке инвесторды қызықтыра алатын, инвестициялық жобаларды әзірлеу мен идентификациялау бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсететін, аймақтардағы ақпаратты–консультативтік орталықтарды құру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы керек.
Ақпараттық–презентациялық шараларды жүзеге асырудан басқа инвесторлармен тиімді диалог жүргізуге көшу керек, әсіресе, трансұлттық компаниялармен, индустриалды–инновациялық дамудың ірі инвесициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, басымды өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекетпен шаралар қабылданады, бағытталған:
акционерлер құқығын қорғауды күшейтуге және корпоративті басқарудың тиімділігін жоғарылату;
тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін тездетуге;
Индустралды–инновациялық даму айналасында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар көзі – республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, сонымен қатар, мемлекет басқаруындағы кәсіпорындардар (дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары, ұлттық коипаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаржалары болады.
Басымды бюджеттік инвестициялар арасында, индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалды және инфрақұрылымды негіз құратын салалар қалу керек. Яғни, бюджетті инвестициялар, жоғары технологиялық өндірістердің қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын және аймақтардағы іскерлік және инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасайтын, қажетті басымды және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталуы қажет.
Индустриалды–инновациялық секторлар салаларына бюджеттік инвестициялардың бағытталуы – негізгі қызметі несие капиталының ішкі және сыртқы нарығында қаражаттарды, сонымен қатар, экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін институционалды инвесторлар қаражаттарын тарту болып табылатын – дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Әр өндірістің әлеуетін анықтаған соң, инвестициялық саясат өз күшін Қазақстан экономикасының шикізат секторының кішірек участігіне тоқтату керек. Тек осы жағдайда ғана, өндіруші сектормен бірге ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканың негізін құра алатын, бірнеше жаңа қуатты салалардың пайда болуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкімшілік ресурстары шектеулі, немесе барлық ресурстарды көптеген салаларға тарату тек жоғары қосылған құны бар орта дамыған салалардың пайда болуына алып келуі мүмкін, бірақ, халықаралық ауқымдағы бәсеке қабілеттілігінің жоғары емес деңгейінде.
Индустриалды–инновациялық дамудағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің басқа құралы – ұлттық компаниялар. Мемлекет осы компаниялардың иесі ретінде экономиканың стратегиялық салаларында олардың ресурстарын, шикізат емес секторында жоғары технологиялық өндірістердің дамуына, инвесторлар ретінде және өнімді тұтынушылар ретінде де тарту керек.
Мұнай мен газ салаларына салынатын инвестициялар табиғи байлықтарды табуға, мұнай мен газ өндіруге және сатуға мүмкіндік береді, ал, мемлекет бюджеті бұл сатулардан қаражат алады. Бірақта, экологияның нашарлауына, қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Сонымен қатар, бұл салаға ҚР – ның еңбек ресурстары жеткіліксіз мөлшерде тартылады.
Шетел инвестицияларын пайдалана отырып, мемлекет реттеуінің дұрыс жүйесінде тек мұнай саласын ғана емес, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптерді, құрылыс, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларын, ғылым, мәдениет және білімді де жоғарылатуға болады.
Дүние жүзі экономиканы тез ғаламдану жағдайында дамушы елдер арасында шетел инвестицияларын тарту бойынша бәсеке қалыптасты.
Шетел инвестицияларын пайдалану, кәсіпкерліктің еркін салаларына капиталды халықарлық еңбек бөлінісінде ел экономикасының қатысу жүйесімен шартталған, объективті қажеттілік болып келеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, капиталдың құйылуынсыз дүниежүзілік шаруашылық қызмет ете алмайды. Дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлану мақсатын қойып, Қазақстаннан капиталды шығару және оның Қазақстанға импорт процессінің объективтілігін мойындамауға болмайды. Шетел инвестициялары үшін тартымдырақ салалар – жақсы экспорттық потенциалы мен кең монополияланбаған ішкі нарығы бар, табиғи ресурстарды эксплуатациялаумен байланыстылар жатады. Инвестицияны ең көп қажетсінетін салалар: электр энергетикасы мен машина жасау – минимум инвестиция ресурстарын алады. Жинақтау дифициті жағдайында барлық салалар қосымша қаржыландыру көздерінде қажетсінеді, бірақ шетел инвесторларының жанар–жағармай және шикізат салаларына бағытталуы экономика құрылымының қайта құрылуын және экономика өсімін тоқтаттырады.
Мұндай “құрылымдық қиылыс” жайдан–жай болмаған – ол, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің еліміздің нақты жағдайын біршама бейнелейді. Біздің еліміз халықаралық экономикалық сахнада, біріншіден тұтыну сұранысына есептелген, шикізат ресурстары мен алғашқы өңдеуден өткен өнімдер экспортері ретінде және шетелдің жоғары техникалық өнімдері мен қызмет көрсетулерінің импортері ретінде, шығады. Шетел капиталы ұлттық шаруашылықтың дамуына ешқандай әсер етпей, қазір шетел сұранысына бағытталған өндірістің тек бірнеше салаларына “өсу катализаторы” ретінде әсер етеді.
Инвестициялық саясатты өмірге келтіру, салалардың басымды бағыттарын талдау - өте қиын, себебі, нарықтық механизмдер әрдайым жүзеге аса бермейді. Мұнда, мемлекет жағынан қатаң бақылау қажет; және де экономикалық перспективалармен байланысты салалармен аймақтарға бағытталған инвестицияларды қолдау үшін жақсы саясат; шетел инвестицияларын тарту бойынша ғылыми тұрақталған, өлшенген, белсенді мемлекеттік саясат та қажет.
Шетел инвестицияларының көлемі өндірістік секторға ҚР–дың экономикалық саясатына және елдегі саяси жағдайға байланысты болады деген көзқарас бар. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, шетел капиталын тарту бойынша ойластырылған саясат – дағдарыстан шығудың ең тиімді әрі тіке жолы, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету тұтқасы.
Біздің ел дамуының инновациялық үлгісі фундаменталді ғылымға және ғылыми кадрларды дайындауға көп шығындарды қажет етеді. Өндірістік білімдер (ноу–хау) мен технологиялық прогреске бағытталатын, ел дамуының белгіленген инновациялық жолы ғылым мен білімдегі және олардың реформалауындағы инновациясыз мүмкін емес. Қазақстанда бұл салалар тез дамушы дүниежүзілік ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге, ғаламдану мен ақпараттануды қосқанда, әсер ете алатын дамушы болу керек.
2015 жылға дейінгі инндустриалды–инновациялық даму программасында ғылымды дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары нақты белгіленген: оның стратегиялық әлеуметтік–экономикалық артықшылықтарының бірі ретінде анықталуы; ғылыми сиымды, ресурс сақтаушы және экологиялы таза өндірістердің өңдеуге бағытталған зерттеулерін дамыту; ғылыми жетістіктердің іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ететін; механизмдер мен ынталар жүйесін құру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны тұрақтандыру. Бұл мақсаттарға жету үшін ғылым саласында сапалы адамдық капитал қажет. Сондықтан, мемлекет саясаты кадрлық потенциалды сақтау және дамыту, жоғары біліктілігі бар мамандарды дайындау және аттестациялау, оларды әлемдегі ең жақсы ғылыми орталықтарда оқыту, жас талантты ғалымдарды қолдау сияқты бағыттарды өзіне қосады.
Мемлекеттің ғылыми–техникалық және инвестициялық саясатының құрылымдық бөлігі аммортизациялық саясат болып келеді. Амортизация нормасын, оның салыну тәртібі мен пайдалануын белгілей отырып, мемлекет ұдайы өндіріс қарқыны мен мінезін және негізгі құралдардың жаңару жылдамдығын реттейді.
Амортизациялық саясатты дайындағанда мемлекет келесі қағидаларды ұстану керек:
негізгі құралдардың қайта бағалауын жүргізгенде уақыттылық және дұрыстылық, әсіресе, инфляция жағдайында;
амортизация нормалары негізгі құралдардың функционалды белгіленуіне байланысты және олардың моральді, физикалық тозуын объективті ескеріп, дифференсацияланған болу керек;
амортизация нормалары тек қарапайым үшін жеткілікті болу керек емес, сонымен қатар кеңейтілген ұдайы өндіріске мүмкідік туғызады;
Меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындарда және шаруашылықтың ұйымдастырушылық формаларында амортизациондық аударымдар олардың функционалдық белгіленуінен қолданылуы керек;
барлық кәсіпорындармен тездетілген амортизация жүргізілу мүмкіншілігі;
амортизациялық саясат негізгі құралдардың жаңаруына және ҒТП –ның тездетілуіне себепші болу керек.
Дұрыс амортизациондық саясатты жүргізе отырып, мемлекет кәсіпорындарға негізгі құралдардың қарапайым және белгілі түрде кеңейтілген ұдайы өндірісі үшін жеткілікті инвестициялық қаражаттарды иемденуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы инвестициялық қызметті белсендіру үшін экономикалық, ұйымдатырушы–құқықтық және методикалық сипаттағы шаралар жиынтығын жүзеге асыру қажет.
Экономикалық сипаттағы шаралар:
импорт алмастырушы бәсекеге қабілетті салалар мен өндірістің әлемдік технико–технологиялық деңгеін сақтаған салаларды қолдау;
тұрып қалғандарды тиеу және барлық өндірістік қуаттарды толықтай пайдалану арқылы өндірістің капитал сиымсыз өсімінің мүмкіншіліктерін қолдану, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнім шығаратындар;
нақты сектор кәсіпорындарының салықтық жүктемелерін төмендету және салықтық жеңілдіктерді реттеу;
инвестицияларға жинақ ақшаларды трансформациялау механизмдерін жетілдіру, осы негізде нақты сектордағы инвестициялық қызметті ынталандыру;
негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде олардың нарық құнын анықтау, пайдаланылмаған өндірістік жабдықтарды инвентарлау, меншікке аммортизация мен салық салу кезінде кәсіпорын балансынан оны босату, оның тиімді бөлігін шығару және оны пайдалану механизмін дайындау;
инвестициялық қызметтегі бәсеке ортасын дамыту, капиталдық құрылыс тиімділігін арттыру;
экономиканың нақты секторына несие ресурстары бағыттауды ынталандырушы деңгеңге дейін банктік пайыз мөлшерлемесін біртіндеп төмендету;
корпоративті қағаздар қазақстандық нарығын қалпына келтіру және оның қатысушыларының санын кеңейту;
Ұйымдастырушы – құқықты сипаттағы шаралар:
инвесторларға мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту мемлекеттің, фирмалардың, жеке тұлға қаржылық құралдарын біріктіруші, кепілдемелік және кепілдік (залог) қорларды құру арқылы ;
қаржылық лизинг пен ипотекалық несиелеуді дамытуды тездету;
банктердің арнайы шоттарындағы амортизациялық қорлар құралдарын аккумуляциялау механизмін құру және осы негізде амортизациялық аударымдар пайдалануын бақылауды күшейту;
инвестициялық сайыс арқылы кәсіпорындар акцияларын сатып алған инвестициялардың міндеттемелерін орындауды инвентарлау, олардың орындалуын бақылау;
инвестициялық қызметтің қажетті заңды базасын қалыптастыруды жандандыру;
приватизацияланған үйлер мен ғимараттар арқылы жерге деген меншік туралы сұрақтарды шешу негізінде кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Методикалық сипаттағы шаралар:
корпоративті қағаздардың қазақстандық нарық қызметінің құқықтық қамсыздандыруын жетілдіру;
бағытты программаларды дайындау, қарастыру және мақұлдау процесстерін реттеу, олардың жүзеге асырылуының қаржылық қамтамасыздығы бойынша талаптарын қатаңдату;
инвестициялық шешімдерді оптимизациялау үшін кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын бағалау бойынша методикалық ұсыныстарды дайындау және пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |