43
2.5 Объекттердiң үлгiлерiнiң өрнектеу немесе түрлендiруi
Қазіргі таңда сызбалық редакторлардың бір-біріне жақындасу
тенденциясы байқалуда. Көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді
фон ретінде пайдалана алады, кескіндерді векторлық форматқа қосымша
орнатылған құралдар (трассировка) арқылы айналдыра алады.
Сызбалық деректер форматтары.
Есептеулік сызбада кескіндерді сақтайтын қапшық форматтарының
отыздан аса түрлері бар. Солардың ішінде жиі пайдаланатын түрлерін
қарастырып көрелік.
TIFF (Tagged Image File Format). Бұл формат жоғары сапалы растрлық
кескіндерді сақтауға арналған (қапшықтардың расширениесі - .TIF). Бұл
формат өте кең таралған. Ол IBM PC немесе Aple Macintosh платформаларының
екеуінде де пайдалана береді. Көптеген сызбалық, үлгілік бағдарламаларда
пайдасын тапқан. Түс диапазоны өте кең – монохромды қара-ақ түстен
бастапCMYK 32-разрядты түсті бөлу моделіне дейін.
PSD (PhotoShop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының меншікті
форматы (қапшықтардың расширениесі .PSD). Сызбалық деректерді сақтау
жағынан ыңғайлары өте көп, кең тараған формат. Әртүрлі түстік пішімдер, түс
бөлу, түсті 48-разрядтық кодтау қамтамасыз етіледі.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Бұл формат та растрлық
кескіндерді сақтауға арналған (қапшық атының расширениесі .JPG). Қапшықты
қысу дәрежесі мен кескіннің сапасы арасындағы қатынасты өзгерту мен
басқаруды қамтамасыз етеді. Мұнда пайдаланатын қысу әдістері «артық»
деректерді жоюға негізделген. Сондықтан бұл форматты көбіне электрондық
кескіндер үшін ұсынады.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстің белгілі бір тұрақты саны бар
(256) қысылған кескіндерді сақтауға арналған (қапшық атының кеңейтілімі
GIF).
2.6 Жарықтың күйге келтiруi немесе түсiру камералары
Проекция терезесі. Мах көрінісінің барлық объектісі аумақты (World)
координаталар жүйесінде орналасқан. Шартты түрде бұл жүйенің Z өсі тік
жоғары, Х өсі оң жаққа, У өсі бақылауыштан шығатын бағытқа бағытталған деп
есептеуге болады. Мах 2.5 проекциясының ортосызбалық терезелері – аумақты
координаталар жүйесінің қатысына байланысты Тор (төбесінен қарағандағы
түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left (сол жағынан қарағандағы түрі) т.б
деп аталған. Мах жүктелгеннен кейін проекция терезелерінде көрінетін
координаталар – бұл аумақты координаталар жүйесіне сәйкес келетін
жазықтықтың торы.
Аумақты
жүйенің
координаталық
жазықтықтары
бастапқы
координаталық тордың (home grids) атымен аталады. Мах аумақты
44
координаталар жүйенің жазықтығынан қандай да болсын бұрышпен орналаса
алатын қосымша объект - тор (Grid Objects) жасауға ыңғай береді. Мұнда Мах
объект
торлардың
координатты
жазықтығына
параллель
болатын,
жазықтықтағы объектілер көрінісінің ортосызбалық проекциясын құруға ыңғай
береді.
Мах 5 проекция терезелерінің келесі типін қолдайды:
- Тор (төбесінен қарағандағы түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left
(сол жағынан қарағандағы түрі), Back (артынан қарағандағы түрі), Right (оң
жағынан қарағандағы түрі),Button (астынан қарағандағы түрі) - сәйкес аумақты
координаталар жүйесінің жазықтығының параллель болатын, жазықтықтағы
объектілердің ортосызбалық проекциясының 6 терезесі.
-Perspective- (Перспектива) - орналысуын пайдаланушы өзгерте алатын
белгіден қарағанда көріністің түрін сипаттайтын, орталық проекция терезесі.
- Белгі қоятын съемкалық камера сызығына параллель болатын,
жазықтықтағы көріністің орталық терезесі. Мұндай терезелер көріністі
камераның орналасу белгісінен көруге ыңғай береді немесе камераның атымен
сәйкес аталады, Яғыни үнсіздік бойынша Camera # (камера #) мұнда # -
камераның реттік нөмері (01,02 т.с.с).
-
Жарықтың көзінің сәулесінің өсіне перпендикуляр болатын
жазықтықтағы көріністің орталық проекциясының терезесі. Мұндай терезелер
көріністің әр бағытталған жарықтың көзі орналасқан белгіден көріністі көруге
ыңғай береді немесе жарықтың көзіне сәйкес атпен аталады, Яғыни үнсіздік
бойынша Spot # (Прожектор #) немесе Direct # (Бағытталған #) мұнда #-
жарықтың көзінің реттік нөмері (01,02, т.с.с).
-User (арнайы түр) – көріністі пайдаланушы өзгерте алатын бұрышпен
көрсететін, аксонометриялық проекция терезесі.
- Grid (Top) (Top(төбесінен қарағандағы тор)), Grid (Front) (Top (алдынан
қарағандағы түрі)),Grid (Left) (Top(сол жағынан қарағандағы түрі)), Grid Back
(Top (артынан қарағандағы түрі)),Grid Right (Top (оң жағынан қарағандағы
түрі)), Grid Button (Top (астынан қарағандағы түрі)), Grid (Display Planes) (Top
(жазықтықтарды көрсету))- объект - тор координаталар жүйесінің
жазықтықтарына параллель болатын жазықтықтағы объектілер проекциясының
6 ортосызбалық терезесі немесе Display бөлімінде таңдалған объект тор
қосымша параметрлерінің жиыны болатын, объект тордың конструкциялық
жазықтығын суреттелетін терезе.
- Shape (Пішін)- ерекшелінген екі өлшемді объект пішіндердің жергілікті
координаталық жүйесін Х,У жазығына параллель болатын жазықтықтағы
ортосызбалық проекцияның терезесі.
Проекцияның терезесі ретінде Мах типі қолдайтын терезелердің қандайы
болса да болады. Проекцияның кез-келген терезесінде Track View (Терезелерді
қөру) терезесі орналасуы мүмкін. Бұл көріністің анимациясын жөндеу кезінде
ыңғайлы. Бұл жағдайда Track View(Терезелерді көру) терезесінде бір әрекетті
орындау проекцияның белсенді терезесінің ауысуына әкеледі. Проекция
терезесіне Track View (Терезелерді көру) терезесін орналастыру кезінде