Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, ауызымызды ашамыз. “Бір-екі” деп санап тілімізді жоғарғы, төменгі тістерге кезек-кезек тигіземіз. Астыңғы иек қимылдамау керек.
“Тостақшы”
Мазмұны: Езуді тартып күліп аузымызды ашамыз, тілімізді жалпақ етіп астыңғы ерінге қойып, екі жағын тостақтың ернеуі сияқты иеміз. 5-ке дейін санап тұрамыз. Астыңғы ерін тістерге тимеу керек.
“Барабан”
Мазмұны: Езу тартамыз, аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады. Аузымызды жаппаймыз. Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек. Осы жаттығуларды жасау барысында баланың тілін дамытуға болатыныны көреміз. Ең бастысы мүгедек балаларды сəби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, əр баланың қабілет–қарымын анықтап, дұрыс бағыт–бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мəн берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің əлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тəжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай жəне арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осыған орай мəселелерді шешу жолында əр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен жəне мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Əр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тəжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған əрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің объектісіне əлеуметтік психологиялық жəне педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу əдістерін меңгерулері керек. Дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамытумызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |