Дипломдық ЖҰмыс 6В01101 Педагогика және психология Шымкент, 2022 Мазмұны


Инклюзивті білім беру саласына арналған бағыттары



жүктеу 58,61 Kb.
бет5/10
Дата29.09.2022
өлшемі58,61 Kb.
#39444
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Инклюзивті білім беруде шет елдік озық тәжірибелерді қолдана отырып сабақ берудің сапасын жақсартудың жолдары

1.3 Инклюзивті білім беру саласына арналған бағыттары

  • Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.

  • Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.

  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.

  • Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.

  • Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.

  • Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.

  • Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;

  • Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.

  • Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.

  • Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.

  • Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.

  • Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларғаарнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы. Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады. Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары:

  • мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;

  • қатарластарымен қарым- қатынас;

  • толыққанды білім беру;

  • қоғамға кіріктіру және бейімделу;

  • мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.

  • даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;

  • балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;

  • әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.

  • даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.

  • даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау;

  • ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру;

  • инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке.Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Заңнамалық және нормативтік негіз. «Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы. «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 20.11.1989 ж. қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың 8 маусымындағы №77 қаулысымен ратификацияланған. «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 жылдың 30 наурызы. Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім берудегі Саламанка Декларациясы мен іс-әрекеттердің Шеңбері:Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім беру туралы дүниежүзілік конференция-Испания -1994ж.
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 Заңы. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы. «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар» Санитарлық талаптар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 10275 болып тіркелді). «Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысы. «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы.



жүктеу 58,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау