1. 2 Аграрлық секторда өндірістің табыстылық деңгейін анықтау әдістемесі
Ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділік категориясында өндірістің нәтижесіне де сондай-ақ жұмсалған ресурстарға әсерін тигізетін көптеген факторлар мен жағдайлар жинақталады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділік көрсеткіштеріне талдау және бағалау жасағанда нәтиженің деңгейі мен өсуі өндірістің жағдайларына ғана емес, көптеген басқа да факторларға, соның ішінде топырақтың табиғи құнарлығына, климаттық жағдайларға, басқаруды ұйымдастыруға , кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың біліктілік дңгейіне де бағынышты. Нәтиженің көбеюі қолода бар ресурстарды интенсивті пайдаланудан да көрінуі мүмкін. Сондықтан өндіріс тиімділігінің барлық факторларын оларды бағалаған кезде былай жүйелеу орынды: ресурстар, өндіріс шығындары, негізгі факторлар және өндірісті интенсивтендірудің бағыттары бойынша.
Ресурстық тұжырымдама ұдайы өндіріс үдерісінде қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық нысанын пайдаланудың тиімділігін бағалауға және өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғамдық еңбекті үнемдеу қандлай ресурстардың есебінен болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Өндіріс ресурстары – қажетті тауарларды өндіру үдерісінде пайдалануға болатын табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы. Өндірістік ресурстардың 4 түрі бар:
Табиғи - өндірісте пайдалану үшін тарауы мүмкін табиғи күштер мен заттар.
Материалдық – Адам жасап шығарған барлық өндіріс құралдары.
Еңбек – еңбекке жарамды жастағы халық, ресурстық тұрғыдан оны 3 көрсеткіш бойынша бағалайды: әлеуметтік, демографиялық, кәсіби-біліктілік және мәдени біліктілік.
Қаражат – кәсіпорынның қызметін одан әрі жалғастыру және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстары.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім түрлерінің рентабельділігінің көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:
экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін олардың өзара қарым-қатынасында анықтау;
бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;
жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, аудан, облыс, республиканың ауыл шаруашлығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және бағалаған кезде тиімділіктің рентабельділік көрсеткштерін қолдану.
Рентабельділік неміс сөзінен алынған, «тиімді табыс» деген ұғымды білдіреді. Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері келесі түрде анықталады:
Кәсіпорын Таза (немесе жалпы) табыс мөлшері * 100 %
мүлкінің = Кәсіпорынның мүлкінің (актив) орт. шамасы
рентабельділігі
Меншік құралдарының Таза табыс * 100 %
рентабельділігі = Меншік құралдардың орташа құны
Баланстық табыстың Жалпы табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі
Таза табыстың Таза табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі
Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш табыс маржасы деп аталады. Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза табыстың үлес салмағы.
Рентабельділіктің 2 түрін айырамыз: шаруашылық-есептік және халық шаруашылық.
Шаруашылық есеп рентабельділігі – бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнының немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына, сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалатын шығынның көлеміне байланысты. Алайда мемелекеттік сату бағасы арқылы ауылшаруашылығында жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтық мұқтажы үщін өз қарамағына алады.
Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауылшаруашылық өнімін сақтау мен сату сатыларында жұмсалатын қосымша шығынмен салыстырып өлшесе, онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділік болып табылады.
Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.
Өлшем (критерий) – бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы белгіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапаны, басты қасиетті көрсеткішті білдіреді.
Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы – ол ішкі, түпкілікті белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық түрлі пікір айтылады.
Көрсеткіштердің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипатталады. Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін есептеу үшін экономикалық тиімділік барлық көрсеткіштерін есептеу қажет.
Біз республикада жалпы ауылшаруашылық бойынша жалпы өнім құнының анықтамасын қажетті көрсеткіш деп санаймыз. Ал кәсіпорын үшін өзінің табысы мен шығынын білу қажет, сонда қайта есеп жүргізу қажеттілігі туындамайды.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияға пайда немесе акцияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады. Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементар табыс пен шығын анықтамалары.
Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас келесідей түрде көрініс табады.
Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – имплициттік шығын
Нақты шығындыр – аралық бұйым мен өндіріс факторларының жабдықтаушының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті шығын.
Имплициттік (айқын емес) шығындарға ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығыны, фирманың иесіне тиісті (немесе заңды тұлға ретінде фирманың меншігіндегілер).
Таза табыстың (Р) мөлшері келесі формуласы бойынша анықталады:
немесе ( 12 )
мұндағы т – қосылған құн;
С+V – өндіріс шығыны
Таза табыс мөлшері өндірісітік рентабельділігнің табыстылығы мөлшерін көрсетеді.
Ауылшаруашылық өндірісінде пайды нақты-нақты суреттейтін, есеп жүргізуге өте ыңғайлы көрсеткіш таза табыстың мөлшері болып табылады (Пм):
; ( 13 )
мұндағы Ко – негізгі қордың орташа жылдық құны,
Коб – айналым қордың орташа жылдық құны.
Бұл көрсеткіш өндіріс қорларының (негізгі және айналым) бірлігінен алынған таза табыс мөлшерін сипаттайды.
Ресустарды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне: жер қайтарымы, қор сыйымдылығы және т.б. жатады.
Қорытындылаушыға – ресурстар қайтарымы, өзіндік құн, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, рентабельділік деңгейі жатады. Жеке көрсеткіштердің ішінде ең бастысы – еңбек өнімділігі.
Еңбек өнімділігі - азықтың шамасы ның жанды еңбек шығындарына қатынасы.
Жалпы өнімнің нақты және ақшалай көріністегі көлемінің сипатталуы келесі түрде болады:
ЕӨ = ЖӨ / Т ( 14 )
Орташа жылдық 1 жұмысшыға есептелінген жалпы өнім көлемінің ақшалай бағалануы:
ЕӨ = ЖӨ / Р ( 15 )
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерін атап көрсетіп кетейік:
1) ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігі – 1 адам/сағат есептегендегі жалпы өнім. Бір өнімге өнімнің еңбек сыйымдылығынан (Өес) жұмыс уақытының шығындарын алып тастайық :
Өес = Т / ЖӨ ( 16 )
2) қор қайтарымы, қор сыйымдылығы;
3) материал қайтарылымы, материал сыйымдылығы.
Егерде біз ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижесінен есептеу кезінде жерді өндірістің басты құралы ретінде, маңызды екенін ескермесек жөн болмас еді.
Бұдан жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін есепке алудың қажеттігі туындайды.
Ең бастысы-жер қайтарымы (ЖҚ) :
ЖҚ = ЖӨ / Қж ( 17 )
мұндағы ЖӨ - ауыл шаруашылығндағы жалпы өнім;
Қж – жер ресурстарының құны.
Жер сыйымдылығы (Жс) – жер қайтарымына қатысты кері көрсеткіш:
Жс = Қж / ЖӨ ( 18 )
Сонымен қатар барлық нәтижелі, қорытындылаушы көрсеткіштерді жер көлемінің бірлігіне есептеуге болады. Мысалы, жалпы, тауарлық өнімнің көлемі, жалпы табыс, таза табыс т.б. Жерді тиімді пайдаланудың натуралды көрсеткіштерінің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, өсімдік шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру (астық, қант қызылшасы, картоп т.б.) 100 га жыртылған жерге, центнермен есептегенде, сүтті ірі қара мал етін, қой етін тірі салмақпен өндіру , 100 га ауылшаруашылығына есептегендегі жүн, ц; 100 га жыртылған жерге тірі салмақпен есептегенде шошқа еті, ц; құс етін өндіру, ц; жұмыртқа, мың дана; 100 га астық дақылдары егілген жерге есептелінген.
Күріш өндірудің өзіндік құны - өндіріске жұмсалған шығындармен жалпы өндіріс көлемі. Өзіндік құнды мына жағдайда төмендетуге болады:
Егер жалпы өнімнің белгілі бір көлеміне өндірістік шығындардың сомасы азаятын болса;
Егер шығындардың белгілі бір көлеміне өндірілетін жалпы өнімнің массасы көбейетін болса;
Жалпы өнімді шығындардың көлемі шығындардың көлемінің өсуінен көбірек дәрежеде өссе.
Экономиканың нарыққа көшкен жағдайында баға белгілеу маңызды рөл атқарады, нарықтық тетіктерді игеру мен пайдалану мүмкін болады. Баға– сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетін бағдарлайтын ақпарат береді.
Ауыл шаруашылығындағы бағаның деңгейі мен серпіні.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасы 2002 ж. 2,3 %-ға төмендеді. 2003 ж.-31,7 %-ға, 2004 ж.-4%-ға өсті. Өткен жылы егіс алқабының өнімдері 1,4%-ға арзандады (2002 ж. -10%), ал 2003 ж. 498,1 %-ға қымбаттады. Мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсімі 2004 ж. 2003 ж қарағанда 1,8 пайыздық пункте озып, (2002 ж қарағанда -6,7 пунктке), 11,1 % құрады. 2004 ж. Ресейде ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасының индексі-111,4 %, мал шаруашылғы өнімдері бағасының индексі-117,2%.
2002 жылғы дәнді дақылдар бағасының 12,1%-ға төмендеуінен кейін 2003 ж. 53 %-ға өсті, ал 2004 ж. 0,2 %-ға төмендеді. Бидай өткізу бағасының бірінші жартыжылдықта 8%-ға өсуі оның 2003 ж. байқалған өсімінің жалғасы болды. Қыркүйек-желтоқсанда жаңа астық бидайы 9,7 %-ға арзандады, бұл бір жағынан мемлекеттік ресурстарғаарналған сату бағаларының төмендеуіне және елден тыс жерлердегі сұраныстың азаюына байланысты. Тұтастай алғанда 2004 ж. оны өткізу бағасы 1,7 %-ға, жұмсақ сортты бидайдың өткізу бағасы-1,8 %-ға төмендеді, ал қатты сортты бидайдың өткізу бағасы-0,3%ға өсті.
Бидайдың әлемдік бағасының серпіні өткен жылы бірқалыпты болмады. 2004 ж. 1-тоқсанында баға 0,6 %-ға өссе, сәуір-тамызда 15,4%-ға төмендеді, бұл бір жағынан негізгі экспорттаушылардағы бидайдың келешектегі өнім түрлеріне байланысты, алайда қыркүйек-желтоқсанда бидай әлемдік рынокта 13,8 %-ға қайта қымбаттады. Тұтастай бір жылда бидай бағасының төмендеуі 3,1 % құрады. (2003 ж. -0,8%), бұл Қазақстан астығымен баға сәйкессіздігін азайтты. Егер 2003 ж. желтоқсанында бидай өткізу бағасының деңгейі әлемдік бағада 59% алса, онда 2004 ж. желтоқсанында 65 % алды. Астық дақылдарының шартты бағасы 2004 ж 2,9 %-ға төмендеді, бұл олардың жартысы-елден тысқары жерлерге, төрттен бірі-ТМД елдеріне кеткенінің өзінде.
2004 ж. дәнді дақылдардың басқа түрлері бағасының өсуі өткен жылғыдан өте мардымсыз болды. Сұлы бағасы 12,3 %-ға (2003 ж.-18%), арпа-9% ға (26 %), тары – 9,7%-ға (24 %), күріш -2,3%-ға (6,3 %) өсті. Қарақұмық өндіруді арттыру (2003 ж. 1,6 есе, 2004 ж. – 13,3 %) және оның рынокта толуы оны өткізу бағасының 2 %-ға төмендеуіне әкеп соғады.
Баға серпінінің баяу қозғалуы өндіруші кәсіпорындардың және тұтыну рыногындағы астықты қайта өңдеу өнімдеріне тән, 2004 ж. отандық өндірісінің бидай ұны бағасының өсуі 2,8 % (2003 ж-36,2 %), бөлшек саудадада-10,8% (26,2%).
Кесте-1 - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің орташа сату бағалары
(1 тоннасына тенгемен)
|
2000 ж
|
2001 ж
|
2002 ж
|
2003 ж
|
2004 ж
|
2004 ж 2000 жылмен салыст. %
|
Дәнді дақылдар, с.і.:
|
|
|
|
|
|
|
Бидай
|
9812
|
11322
|
9678
|
12068
|
14565
|
+48,4
|
Қара бидай
|
9147
|
9296
|
9416
|
8911
|
11280
|
+23,3
|
Тары
|
8222
|
8197
|
7826
|
8742
|
10522
|
+28,0
|
Қарақұмық
|
32233
|
32980
|
33929
|
26635
|
28873
|
-10,4
|
Жүгері
|
9235
|
10562
|
10852
|
10205
|
12387
|
+34,1
|
Күріш
|
28362
|
30089
|
31044
|
32902
|
32495
|
+14,6
|
Майлы дақылдар
|
16789
|
18933
|
25773
|
24060
|
25123
|
+49,6
|
Картоп
|
18419
|
16481
|
15712
|
20879
|
20985
|
+13,9
|
Ескертпе – Қазақстан ауыл, орман, балық шаруашылығы ҚР статистика жөніндегі агенттігі, Алматы қ., 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |