1 – тәсіл. Ғарыштық сәулелердің таралу бағытан бас телефон көмегімен анықтау.
Керекті құрал – жабдықтар: 2 – дана лабораториялық иондаушы сәулелер индикаторы, штатив, бас телефон, секундамер, зениттік бұрышты өлшегіш құрал.
Телескоп ретінде қолданылатын екі индикаторды олардың түтікшелері параллель орналасқандай екі демонстрациялық штативке бекітеміз. Бас телефонның әр бірін дербес жұмыс істейтін етіп ажыратып алып, оларды жеке индикаторларға қосамыз. Бұл жағдайда бас телефонның әрбірі бір – біріне тәуелсіз жұмыс істейді яғни әрқайсысы өзі қосылған иондаушылардағы СТС – 5 түтікшелерінен өткен иондаушы бөлшектерді тіркейді. Егер иондаушы бөлшек екі индикаторлардың түтікшесінен де өтетін болса, бас телефонның екуінднгі дыбыс бір мезете шығады, ал иондаушы бөлшек тек түтікшенің бірінен ғана өтетін болса уақыт бойынша сәйкес келетін дыбыстар санын анықтаймыз. Зениттік бұрыштың шамасын өзгертіп, дыбыстан санының оған тәуелділігін байқаймыз.(11-сурет)
2 – тәсіл. Ғарыштық сәулелердің таралу бағытын осциллограф көмегімен анықтау.
Керекті құрал – жабдықтар: 2 – дана лабораториялық иондаушы сәулелер индикаторы, штатив, осциллограф, секундамер, зениттік бұрышты өлшегіш құрал.
Екі лабораториялық иондаушы сәуле индикаторын. Санауыш түтікшелері бір-біріне параллель орналасқандай екі демонстрациялық штативке бекітеміз. Индикаторлардың шығыс нүктелерін осциллографтың х және у ауытқушы пластинкаларына қосамыз. (13,14-сурет). Иондаушы сәуле әрбір индикатордан өткенде импульс тудырады. Ол импульс осциллографтың пластинкасындағы кернеуді өзгертіп, осциллограф экранында сигнал тудырады. Егер иондаушы сәуле х пластинкаға қосылған индикатор арқылы өтсе осциллографтың экранда х осі бағытында, ал у пластинкаға қосылған индикатор арқылы өтсе – у осі бағытында сигнал тудырады. Ал егер сигнал екі индикатор арқылы өтетін болса сигнал х және у осьтерінің биссектрисасы бойымен бағытталған болады.
3.3.2. Ғарыштық сәулелердің таралу бағытын анықтау.
Керекті – құрал жабдықтар: Лабораториялық иондаушы бөлшектердің индикаторы – 2 дана; радиотехникалық жиынтықтың алынған төменгі жиілікті күшейткіш; тағанаға орнатылған электрондинамикалық дыбыс зорайтқыш; ВУП универсал түзеткіші; кедергісі 1-1,5 МОм тағанаға орнатылған радиотехникалық потенциометр; ұштығы бар жалғағыш проводтар; универсал штатив.
Ғарыштық сәулелердің таралу бағыттарын екі индикатордың көмегімен анықтауға болады, ол үшін оларды дәлме-дәл келуі бойынша электр тізбегіне қосу керек. Ол үшін қондырғыны 13 – сурет бойынша құрамыз. Демострациалық штативтің тіркеуішіне әр түрлі биіктікке лабораториялық екі индикаторды, оларды есептегіш түтіктерінің қысымдары параллель болатындай етіп, бекітеміз. Телефондарды қосуға арналған индикаторлардың шығыстағы ұяларын тізбектей жалғап, төменгі жиілікті күшейткіштің кірістегі қысқыштарын қосады. Күшейткішке дыбыс зорайтқыш және универсал жартылай өткізгішті түзеткішті жалғастырылады.Реттеліп отыратын тұрақты кернеу түспейтін түзеткіштің қысқыштарын кедергісі 1 – 1,5 МОм реостат арқылы күшейткіштің қысқыштарынмен қосады және «-«таңбасымен белгіленген қысқышты кіріс лампа торының шығысымен, ал «+» таңбасы бар қысқышын осы лампы катодының шығысымен қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |