2015 жылы қол жеткізген жетістіктер мен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Барлық білім беру ұйымдары – 790



жүктеу 68,91 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі68,91 Kb.
#14014

2015 жылы қол жеткізген жетістіктер мен

атқарылған жұмыстар туралы

ақпарат
Барлық білім беру ұйымдары – 790, олардың ішінде:

  • 420 мектепке дейінгі ұйымдар, олардың ішінде: 175 мемлекеттік, 189 жекеменшік балалар бақшасы және 56 жекеменшік шағын орталық;

  • 244 мектеп, олардың ішінде 201 мемлекеттік және 43 мемлекеттік емес;

  • 84 колледж, олардың ішінде 22 – мемлекеттік, 62 – жекеменшік;

  • 15 интернаттық білім беру ұйымдары;

  • 27 қосымша білім беру ұйымдары, олардың ішінде 25 мемлекеттік, 2 жекеменшік.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

Қазіргі уақытта қалада 420 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 54 401 бала барады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын тапшылығын азайту мақсатында 2015 жылы төмендегі балалар бақшасы салынып, қолданысқа енгізілді:

- 2440 орындық 17 мемлекеттік балалар бақшасы;

- 216 орындық 1 балалар бақшасы (инвесторлардың есебінен).

Сонымен қатар, 1612 орындық 33 жекеменшік балабақша мен 632 орындық 10 шағын орталық ашылды.

Барлығы 4900 жаңа орын енгізілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамтылғандар - 48,0%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамтылғандар - 70,0% құрайды.



Орта білім

Қалада 244 жалпы орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, олардың ішінде:

- 201963 оқушымен қамтылған 201 мемлекеттік мектеп;

- 10603 оқушымен қамтылған 43 мемлекеттік емес мектеп.



2015 жылы Алматы қаласының оқушылары республика бойынша бірінші командалық орынды жеңіп алды:

  • 13 жыл қатарынан ғылыми жобалардың республикалық конкурстарынан;

  • 10 жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардан;

  • 2 жыл бойы 11-сынып оқушылары арасынан математика-физика-химия-биология бойынша Президенттік олимпиададан.

- 2015 жылы халықаралық, республикалық олимпиадалардан, оқушылардың ғылыми жобалар конкурсынан Алматы қаласының оқушылары 331 жүлделі орынға ие болды, соның ішінде:

- халықаралық деңгейде – 188;

- республикалық деңгейде – 143.

2015 жылы әлемнің 83 елінен 326 оқушы қатысқан информатикадан өткізілген 27-ші Халықаралық олимпиадаға Қазақстан Республикасынан 4 оқушы қатысып, олардың ішінде Алматы қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің екі оқушысы Өмірзақ Мейрамбек пен Маминов Данияр күміс және қола төсбелгі алып, жүлделі орындарға ие болды.

2015 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері - 86 оқушы «Үркер» белгісімен марапатталды.

2015 жылы республика бойынша Алматы қаласы келесі білім сапасының көрсеткіштері бойынша бірінші орынды иеленді:

- үш жыл қатарынан ОЖСБ-дан;

- орташа балдық нәтиже бойынша төрт жыл қатарынан ҰБТ-дан.

Қала бойынша орташа балл 92,1 құрады, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 12,7 балл жоғары екендігін көрсетеді.

Ең жоғары 125 балды №90 мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушысы Яковлева Анастасия алды (республика бойынша барлығы 5 мектеп бітіруші).

100 балдан жоғары балл алған мектеп бітірушілердің үлесі - 34,6% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 17,2% жоғары.

2015 жылы 225 (80%) мектеп бітіруші «Алтын белгі» белгісін растап, өздерінің үздік білімдерін дәлелдеді, бұл республикалық көрсеткіштен 26% жоғары.

Білім беру ұйымдарына жас мамандарды тарту және орналастыру, үздік мұғалімдерді ынталандыру және оларға материалдық қолдау көрсету мақсатында 2015 жылы қала әкімі креативті әрі шығармашыл 1000 жас мұғалімнің әрқайсысына 150 мың теңге көлемінде, 500 үздік мұғалімнің әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады.

2015 жылы «Үздік орта білім беру ұйымы» қалалық конкурсының нәтижесі бойынша қала әкімінің 17 млн. 091 мың теңге көлеміндегі Грантын М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы жеңіп алды.

«Үздік педагог» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша мектептің 3 мұғалімі және колледждің 1 оқытушысы жеңімпаз болды. Олардың әрқайсысына 1 млн. 982 мың теңгеге сертификат берілді.



Техникалық және кәсіптік білім беру

Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 84 колледж жұмыс істейді, олардың ішінде – 22 мемлекеттік, 62 жекеменшік.

Онда 61616 адам білім алуда, олардың ішінде мемлекеттік колледждерде – 22 776 адам, мемлекеттік емес колледждерде – 38840 адам білім алуда.

63 мамандық және 97 біліктілік бойынша маман даярлау жүзеге асырылуда.

2015-2016 оқу жылында Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жоспары 8400 адамды құрады, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен – 7600 адам, республикалық бюджет есебінен – 800 адам қабылданды.

32 ТжКББ ұйымдары 1908 адамды қамти отырып, дуалды оқыту жүйесін енгізді. Білім алушыларды кепілдендірілген жұмысқа тұрғызу жөнінде 48 кәсіпорынмен 69 келісім-шартқа қол қойылды.

2015 жылы Сан-Паула (Бразилия) қаласындағы Әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатына туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенті Белоносов Сергей қатысып, «Үздік ұлттық конкурсант» төсбелгісінің иегері болды, ал автомеханикалық колледжінің оқытушысы Қазбеков Арман «Халықаралық сарапшы» титулына лайықты деп табылды.
Қосымша білім беру

Алматы қаласында 25 мемлекеттік және 2 жекеменшік қосымша білім беру ұйымы 31 768 оқушыны қамти отырып, жұмыс істеуде.

2015 жылы жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 190 млн. теңге бөлініп, 3744 оқушы қамтылды.
Арнайы білім беру ұйымдары

Алматы қаласының білім беру жүйесінде 19 арнайы ұйым жұмыс істейді:

- 10 мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымы, онда 1025 бала қамтылған;

- 8 арнайы білім беру ұйымы, онда 2200 оқушы білім алып, тәрбиеленуде;

- 1 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы ұйым.

64 мектепте логопедиялық пункттер жұмыс істейді.


Алматы қаласының әкімі жыл сайын мүгедек және жетім мектеп бітірушілерге жоғары оқу орындарында білім алу үшін арнайы білім грантын тағайындайды. 2015 жылы білім грантына 34 мектеп бітіруші ие болды.


  1. жылға қойылған міндеттер:

1.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектептерде орын тапшылығын төмендету үшін:

- «Ақкент» және «Алғабас» ықшамаудандарында салынып жатқан 120 және 140 орындық мемлекеттік екі балалар бақшасының құрылысын аяқтау;

- жекеменшік инвесторларды тарта отырып, 24 балалар бақшасын салу;

- 40 жекеменшік балалар бақшасын және шағын орталықтар ашу;

- жекеменшік инвесторларды тарта отырып, 1200 оқушыға арналған бір мектеп салу;



- №26 және №157 мектептерге жалғастыра салынған әрқайсысы 900 орындық ғимараттың құрылысын аяқтау.
жүктеу 68,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау