10
^ Й
е х н о л о г и я
Түксіз кілем -
ГОБЕЛЕН
Дәкен Әмірқызы ӘТЕКЕЕВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы
№76 жалпы білім беретін орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы
Сабақтың білімдік мақсаты: оқушыларды
халық өнеріне қанықтыру, кілем тоқудың халықтың
тұрмысындағы алатын орны мен қазіргі өмірде
алатын мәні мен мағынасына тоқталу,
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ұлттық
бұйымдарға қызығушылығын арттыру;
Тәрбиөлілік мақсаты: үнемділікке, іскерлік пен
шеберлікке баулу.
Көрнекілік: жобалар, буклеттер, нұсқау карта.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу
енері, геометрия.
Сабақтың түрі : аралас.
Сабақтың әдісі: еңбек сабағында инновациялық
әдістерді пайдалану, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Өткен сабақты қайталау.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сынып оқушыларын түгендеу. Өткен сабақты
сұрақ-жауап арқылы еске тусіру. Жаңа сабақты
түсіндіру.
-
Кілем тоқу түкті және түксіз болады, түксіз
кілемнің екі жағы да тықыр, ал түкті кілемнің бетіне
түк шалынады. Түксіз тоқу әдісімен тоқылатын
бүйымдар елімізде
жақсы дамыған. Әсіресе,
Торғай, Қостанай, Қызылорда, Ш ымкентте кең
дамыған. Тоқу өнері ұрпақтан ұрпаққа ауысып, қадір-
қасиетін жоймаған. Тоқу өнерін қазақтың көшпелі
түрмысымен салыстыра айтуға болады.
«Үй жасауы - кілем» демекші, тұрмысымызда
кілемнің әрі төсеніштік, әрі сәндік маңызы бар.
Кілем тоқуға ең керегі жүн талшығы. Қой жүнінің жүн
талшығының жуандықтарына байланысты жіңішке,
д ө р е кі, ж а рты ла й д ө р е кі болы п б ө л ін е д і
Т алш ы қтарды ң іш інд е м ақта, капро н ж ібек
талшықтарын кілемнің негізі мен арқау жіптеріне,
ал иіріліп боялған жүн талшықтарын кілем түріне
пайдаланады. Түксіз кілем тоқылуы негіз және арқау
жібінің айқасуынан пайда болады.
Суретті кілем - гобелен өнерінің шығу тарихы XV
ғасы рдан б асталады . Ең алды мен Ф ранция,
Италия жэне Герм ания е л д е р ін д е дам ы ды .
Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ жэне Ресей
елдерінде кең epic алды. Мұнда гобелен тоқуға
негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен
иірілген жіп пайдаланылады. Балтық жағалауы
суретшілері гобелен тоқуда көбінше тоқым тәрізді
та б и ға т кө р ін іс ін б е л гіл е с е , Кавказ гобелен
тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды
бейнеледі. Ресей суретшілері тықыр кілем үлгісімен
суреттер салып тоқыды. Гобелен дегеніміз - сурет
салып тоқылатын кілем.
Бұл
ө н е р д і
д а м ы туға
ерекш е
үлес
қосқан е л ім ізд ің с ур е тш іл е р і - Қ.Ты ны беков,
Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, К. Жүбанязова,
Б. Өтепов, Ш. Қожанов, Г. Қастеева, Р Базарбаева.
Ә. Бапановтың «Саяхаттау» атты гобеленінің
композициялық құрылымындағы суретті шешімдері,
қазақ халқының тұрмыс салт-дәстүрімен сабақтасып
жатыр. Төрт түліктің бірі - түйемен дүние жүзін
аралаған қазақ өмірінен сыр шертеді. ІІІығыс пен
Батысты жалғастырған Үлы Жібек жолын айтуға
болады . Күн - әлем ш уағы н баянд аса, түйе
мойнындағы қоңырау - дархан даламызбен үндесіп
жатыр. Қазақ гоб ел ен і әрқаш анда дәстүрмен
сабақтасып, қызмет етуі тиіс.
Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде
тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен
тоқуда. Гобелен кілем інде белгілі бір тақырып
бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді,
оның жай кілемдерден айырмашылығы - суреті
мен колориттік түстерінде.
Ертеде тоқылған қызылордалық шеберлердің
кілемдеріне қарасақ, кілем гүлі, қолтықшасы шет
суы ұғымдарына түсінік береді. Байқап қарасақ,
кілемде өсімдік, мал шаруашылығына байланысты
ою-өрнектер тоқылған, яғни кілем ірі төрт гүлден,
алты кіші қолтықшадан, төрт ірі қолтықшадан, екі
түрлі шеттен тұрады. Кілемнің шетіндегі бөліп
тұр а ты н енсіз үш б ұр ы ш ты иректер «су» деп
аталады.
Қ аза қты ң тұң ғы ш пр о ф е ссио на л суретш і-
гобеленшісі Тыныш беков Құраспектің «Тау мен
Дала аңызы» атты гобеленін қарасақ, алдыңғы
планда ақ кимеш екті ана бір қырындап көлбей
қозғал ы п бара ж а тқа н д а й . Ана бейнесінен
жоғарырақ жас ұлан періштедей қалықтайды. Бұл
екі бейнеден жоғары таудың қарлы шыңдарын
алақандарымен көтеріп тұрғандай, назары өткір,
айыр қалпақты атаның кескіні ұласқан. Мұнда
автордың қазақ халқының өткен сарынын, бүгінгінің
ақиқатын, ертеңгінің алапатты рухын көрсетеді.
Төрт автордыңтоп болып тоқыған «Қазақстан» атты
монументальды гобелені «Қазақстан» қонақүйінің
залының қабырғасына зор ұлттық үйлесім беріп тұр.
Ж алпы кілем то қуд а н го б е л е н н ің мынадай
ерекшеліктері бар:
1. Гобеленш і-суретш і алдымен тоқылмақшы
гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге
сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі
гүл д е р д ің ж а п ы р а қта р ы н , та м ы рл ары н , ағаш
қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті
тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы
етіп салады.
4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша
кілемді тоқиды.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар:
1. Гобелен өнері жайлы не білесің?
2. Кілем тоқу өнері қай ғасырда дамыған?
3. Қазақстан суретшілерін ата.
Үйге тапсырма: коллаж жасау.
«Мектептегі технология. Технология в школе»
N97/2010