Диплом жұмысының тақырыбы



жүктеу 2,03 Mb.
бет3/5
Дата20.05.2018
өлшемі2,03 Mb.
#14320
түріДиплом
1   2   3   4   5

Зерттеу нәтижелерін талдау кестесінде көрсетілгендей балалардың басым көпшілігінде сенситивтік және демонстративтік акцентуация түрлері анық байқалды, сонымен қатар тұрақсыздық (ұш балада), акцентуацияның басқа түрлері 2-3 баланың көрсеткіштерінен байқалды, ал акцентуацияның эпилептойдтық және экзальтациялық түрлерінің көрсеткіштері нормадан көп ауытқу бермеді, сондықтан ондай көрсеткішке ие болғандар жоқ деп есептедік.

Акцентуацияның түрін дәлірек бағалау үшін біз Кондаштың «Әлеуметтік – ситуациялы мазасыздану шкаласы» принципіне негізделіп жасалған И.Спилбергердің «Ситуативтік мазасыздану шкаласы» әдістемесін әдістемесін жүргіздік. Бұл шкала бойынша мазасызданудың негізгі көзі болып табылатын объектілерді анықтауға болады.

Келесі кезеңде И.Спилбергердің «Ситуативті мазасыздану шкаласы» тестін жүргіздік. Ситуативті мазасыздану субьективті уайымдалатын эмоциялармен сипатталады, бұл стресті жағдайларға әсер ететін эмоционалды реакция болып, интенсивті жағынан әртүрлі уақыт жағынан динамикалы болуы мүмкін. И.Д.Спилбергертің ситуативті мазасыздану шкаласы мазасыздану деңгейін дифференциалды өлшеуге мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс болып табылады. Шкала 40 тапсырмадан тұрады, оның 20 ситуативті мазасыздану деңгейі бағалауға, 20 жекелік мазасыздану деңгейін бағалауға арналған. Әдістемені топпен де, жеке де жүргізуге болады. Зерттеуші нұсқауға байланысты жауап береді. Тапсырмаларды орындау барысында зерттелінушілерге тапсырмалар номерлері қойылған жауап парақтар беріледі. Жалпы көрсеткішті анықтау үшін жиналған баллдар қосындысы шығарылады.

И.Спилбергер ұсынған «Әлеуметтік – ситуациялы мазасыздану шкаласы» әдістемесін пайдалана отырып жеткіншектердің мазасыздануы өзіндік, адамаралық, отбасы мүшелерімен тіл тбыса алмай жүргенімен байланысты немесе мектеппен байланысты екендігін анықтадық. Берілген шкала бойынша мазасызданудың мектепішілік, өзіндік және адамаралық деген үш түріге бөліп бағаланады. Мектепішілік мазасыздану баланың мұғалімдермен немесе басқа оқушылармен қарым-қатынасының қалыптасқанымен байланысты көрініс береді, өзіндік сипаты баланың алдында тұрған проблемаларды шешудегі жетекші мотивациясы табысты болу немесе сәтсіздіктен қашу болуымен байланысты, ал адамаралық – жалпы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығына тәуелді болады. Олардың деңгейі келесі шкала боынша бағаланады.

Бағалау шкаласы.



Мазасызданудың түрлері

Шкаладағы пункт саны

Мектептік


1

4

6

9

10

13

16

20

25

30

Өзіндік бағалау

3

5

12

14

19

22

23

27

28

29

Жеке адамаралық

2

7

8

11

15

17

18

21

24

26

Зерттелінушінің жалпы жинаған баллдары әр шкала бойынша бөлек-бөлек және түгелдей үш шкаланың біреуі бойынша есептелінеді. Нәтижелері мазасызданудың түрлерін және оның деңгейін көрсетті. Мазасыздану деңгейі төмендегі стандарттар бойынша анықталады.






Мазасызданудың көрсеткіші

Мазасызданудың әртүрлерінің деңгейі

жалпы

мектептік

өзіндік бағалау

Жеке адамаралық

1

норма

17-54

4-17

4-18

5-17

2


жоғары

55-73

15-20

19-25

20-26

3

жоғары

74-91

23-28

26-32

26-31

4

өте жоғары

92

31

33

31

5

Шектен тыс салмақтылық

16

1

3

3

Жеткіншектердің мазасыздану деңгейінің қаншалықты жоғары немесе төмен екендігін анықтау үшін жүргізілген психодиагностикалық әдістеменің нәтижесін келесі кестеден көреміз:




Мазасызданудың түрлері

Зерттеушілер саны

1. мектептік

15

2. өзіндік бағалау

13

3. жекеадамаралық

20

Жалпы

24

Балалардың жауаптарын талдау және ретке келтіру нәтижесінде зерттелінушілердің акцентуациясы олардың өмір сүретін орталарындағы статусына байланысты екені анықталды және мұндей көрініс осы жас кезеңіндегі балалар үшін норма деп айтуға болады. Өйткені басқа сыныптарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі осы көрсеткішке жақын болды.

Зерттеу нәтижесінде оқушылардың мазасыздануын туғызатын себетердің ішіндегі жетекшісі сынып ішіндегі қарым-қатынасқа, ұялшақтыққа, өзіне және айналадағыларға деген бейадекватты қарым-қатынасына келіп тіреледі. Бұл жағдайлар тереңдеп кетпес үшін, мазасыздану деңгейі жоғары болған оқушыларға көбірек көңіл бөліп, жеке әңгімелесу жүргізілді. Сонымен қатар, сынып ішінде, топтық іс шаралар кезінде көбіек арластырып, сабақты әр уақытта сұрап, сұрақтарды көбірек қойып, топтық әңгімелер, баланың жеке мәселесін үмыттыруға негіз болатын жеке әңгімелерді жүргізілді.
«Ситуативті мазасыздану шкаласы» бойынша зерттеу нәтижесі.




Ситуативті және

мазасыздану деңгейі



Зерттелінушілер саны

1.

Жоғары

8

2.

Орташа

10

3.

Төмен

2

4.

Норма

2

Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілгендей жетінші сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Зерттелінушілердің ситуативті мазасыздануы барлық көрсеткіштері бойынша жоғары болғандар 33 пайыз, жекелік мазасыздану көрсеткіші бойынша 51 пайыз мазасыздану көрсетті. Сонда кейбір оқушыларда ситуативті және жекелік мазасыздану қатар көрініс беретіндігі анықталды.

Мектеп оқушыларының ішіндегі жеткіншек жас кезеңіндегілердің акцентуациясын және осы ерекшелікпен ұштасып келетін мазасыздану ерекшеліктерін зерттеу олардың жалпы жағдайын анықтап, қиындық көріп жүрген баларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жүргізілді. Сондықтан зерттеудің келесі кезеңінде жеткіншектердің жас ерекшелігін ескере отырып жүргізілген психодиагностикалық жұмыстар нәтижесіне сүйене отырып балалардың ерекше мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі - оқушылардың өздері өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы және қарым-қатынас мәдениетінің төмендегі, алаңдаушылықтың басымдығы, өзіне деген сенімнің төмендігімен байланысты деген қорытынды жасадық.

Филипстің «Оқушылардың мектептегі мазасыздануын анықтау» тестімен зерттеу нәтижесі.






Аты жөні

Мазасыздану түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Айяжан

3

1

0

1

1

1

0

0

2.

Асан

15

5

3

4

3

0

3

4

3.

Айгүл

5

2

3

1

2

2

0

0

4.

Азиза

9

0

2

1

2

1

4

4

5.

Бақыт

8

5

2

2

2

3

4

2

6.

Гүлайша

6

5

3

4

0

2

1

2

7.

Газиз

11

4

4

3

4

3

5

3

8.

Даурен

6

3

6

2

3

4

3

4

9.

Данияр

5

2

1

0

2

1

2

2

10

Жазира

2

1

0

0

1

1

0

0

11

Жанна

8

3

0

2

1

5

1

2

12

Жаннұр

9

6

6

1

3

2

0

4

13

Луиза

15

5

3

4

3

0

3

4

14

Лаура

5

2

3

1

2

2

0

0

15

Нұрғали

9

0

2

1

2

1

4

4

16

Нұрсұлу

8

5

2

2

2

3

4

2

17

Маншук

6

5

3

4

0

2

1

2

18

Раиса

11

4

4

3

4

3

5

3

19

Толик

6

3

6

2

3

4

3

4

20

Тимур

5

2

1

0

2

1

2

2

21

Фатима

2

1

0

0

1

1

0

0

22

Халил

8

3

0

2

1

5

1

2

Талдау нәтижесінде бірінші фактор бойынша балалардың мазасыздану деңгейі өте жоғары екендігін анықтадық. Әсіресе Нұрғали, Асан, Гүлмира және Русланның жинаған баллдары өте жоғары болып шықты. Қосымша жүргізілген әңгімелесу нәтижесінде олардың мектеп ішілік қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кездесіп жүргендігін анықтадық. Олардың проблемалары сынып жетекшісімен тіл табысуы қиын болғанымен, математика пәні бойынша жалпы үлгерімі төмен болып тұрғанын слндықтан оларды ата-аналар жиналысында, тәрбие сағаттарында оларды жиі ұрсып отыратыны анықталды.

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауға Басса-Дарки әдістемесі пайдаланды. Оның нәтижелері 8 кестеде көрсетілген және тесте анықталған шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлар бойынша балада орын алған агрессия түрі анықталды.

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі.




Мазасыздану түрлері

Көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

1.Физикалық агрессия

2. Жанама агрессия

3. Тітіркенушілік

4. Негативизм

5. Өкпелегіштік

6. Күдіктенушілік

7. Вербальды агрессия

8. Кінәлі сезіну



Жоғары, орта, төмен

Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен

Жоғары, орта, төмен


5

4

2



6

8

6



11

6


Жеткіншектерді зерттеу нәтижесінде мектеп оқушылары арасында вербалдьдық агрессия өте жоғары дамығандығын көрсетті. Ол әсіресе ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді өте көп қолданатыны анықталды. Сонымен қатар қыздар арасында да вербалдық агрессия сирек емес.

Екінші орында өкпелегіштік пен негативизм көрсеткіштері келеді. Жеткіншектерде күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе, ол үлкендік сезімнің орын алуы және үлкендердің жеткіншектерге көзқарасындағы қайшылықтардан туындайтын проблема екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.

Айқындау экспериментінің екінші кезеңінде жеткіншектердің мінез ауытқулыры темпераментінің ерекшеліктерін онша басқара алмағандығымен байланыстылығын анықтау үшін Айзенк тестін, Собчик әдістемесін пайдаландық.

Темперамент ерекшеліктерін түсініп, оны басқаруына байланысты типологияны ұсынған Собчик. Мақсаты: Зерттелінушінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Әр тип бойынша жинаған баллдарды циклограммаға түсіріп, шеңбердің ортасынан көрсеткіштің түскен жеріне дейін штрихтап анық байқалатындай ету керек. Барлық типтер бойынша көрсеткіштерді циклограммаға түсіргенде олардың қайсысы радиуста жоғары түссе, сол қасиет анық байқалады және нормадан артық дамығандығын көрсетеді.

Собчик әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелері.







Өңдеу ережесі. Кілтке сай келген жауаптар бір балл деп бағаланады.

.




Тип атауы

Бала саны

І

Экстраверсиялық

12

ІІ

Спонтандылық

11

ІІІ

Агрессивтілік

14

ІУ

Ригидтілік

4

У

Интроверсиялық

7

УІ

Сензитивтік

9

УІІ

Мазасызданғыштық

16

УІІІ

Лабильділік

5




Жалғандық шкаласы

19




Аггравация (ятрогендік ауруға жақындық)

15

Қорытындылау кестесі:




Агрессиясы байқалғандар

Шектелгендік көрсеткендер

Ашық-жарқын

Байсалдылар

10%

10%

45%

25%

Кестеде көрсетілгендей сыныптағы оқушылардың біршамасы әлі де өзін шектелген деп сезінеді, дегенмен агрессия көрінісі күрт төмен түскені анық байқалады. Сонымен қатар, ашық-жарқындық, байсалдылық жақсы көрініс беретіндер саны көбейгені анықталады. Бұл қысқа мерзімде жүргізілген жұмыс, ал мектеп психологі психокоррекциялық әдістемелердің бірнеше түрлерін жүйелі түрде қолданып жүрсе оның оң әсері терең болатыны сөзсіз.

Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге кеңінен пайдаланып жүрген түрлері социометрия және трансактілі талдау жүргізу. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын, бос уақытты бірге өткізетін құрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы ұжымішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.

Жеткіншектерге тән мінез ерекшеліктерін зерттеу кіріс және шығыс диагностика арқылы ретке келтірілді. Кіріс диагностика барысында зерттелінген оқушылардың барлығында акцентуацияның көрінісі, олардың агрессиясының, эгоцентризмінің өте жоғары екеніні анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады.


«М және Д» әдістемесі» (мазасыздану және депрессия)

Мақсаты: жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессия жағдайларының орын алуын анықтау.

Орындау ережесі. Тапсырманы топпен немесе жеке-дара орындатуға болады. Зерттелінушілерге келесі нұсқау беріледі: «Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй-жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және барынша дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Жауаптарыңыз бес вариантта болуы мүмкін: «еш уақытта», «өте сирек», «сирек», «жиі», «өте жиі» кездеседі. Жауап парақта сұрақ номерінің тұсында берілген осы варианттардың біреуін (+) плюс деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы Сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны сұрап алуға болады». Зерттелінушілерге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.

Тапсырмалар.



  1. Сіз өзіңіздің бұрынғыдай жылдам қимылдамай, асықпай, аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?

  2. Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?

  3. Сіз өзіңіз жабырқаңқы сезімде, тұнжыраңқы болап жүресіз бе?

  4. Ешқандай себепсіз мазасызданып, бірнәрсе болатындай сезімге бөленіп жүретін кезіңіз болады ма?

  5. Достыққа және мейірмандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?

  6. Сіздің өміріңізде құаныш пен баққыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?

  7. Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтінін, көптеген нәрселерге немқұрайды қарайтындай сезінесіз бе?

  8. Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?

  9. Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді тоздырады ма?

  10. Жаман түс көресіз бе?

  11. Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданған кездеріңіз болды ма?

  12. Сізге ешкім көңіл аудармай, ешкімнің сізді түсінгісі келмей жүргендей сезімге бөленіп, өзіңізді жалғызсыраған кездеріңіз болады ма?

  13. Колдарыңыз бен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездріңізді байқадыңыз ба?

  14. Сіз өзіңіздің шыдамсыз, тұрақсыз, әбігерленгіш екеніңізді байқадыңыз ба?

  15. Өзіңіздің жалғыз қалғаңыз жиі келеді ме?

  16. Жақын адамдарыңыз сізді жақтырмайтын немесе нем құрайды қарайтын кездерін байқадыңыз ба?

  17. Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кездеріңіз болды ма?

  18. Сізге өзіңіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келеді ме?

  19. Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?

  20. Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?

Жауап парақ


Тапсырмалар номері

Жауап варианттары

Жауап белгісі

Тапсырмалар номері

Жауап варианттары

Жау

ап

белг



ісі

Тапсырмалар номері

Жауап варианттары

Жауап белгісі

1

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




8

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




15

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




2

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




9

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




16

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




3

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




10

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




17

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




4

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




11

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




18

еш уақыта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




5

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




12

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




19

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




6

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




13

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




20

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




7

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі




14

еш уақытта

өте сирек

сирек

жиі


өте жиі












Бағалау шкаласы:



  1. еш уақытта - 5 балл;

  2. өте сирек – 4 балл;

  3. сирек - 3 балл;

  4. жиі - 2 балл;

  5. өте жиі - 1 балл.


Мазасызданудың диагностикалық коэффициенті


Мазасыздынуды анықтайтын сұрақтар номері

Жауап бойынша алған баллдар

1

2

3

4

5

2

-1,38

-0,44

1,18

1,31

0,87

4

-1,08

-1,3

-0,6

0,37

1,44

8

-1,6

-1,34

-0,4

0,6

0,88

9

-1,11

0

0,54

1,22

0,47

10

-0,9

-1,32

-0,41

-0,41

1,2

11

-1,19

-0,2

1,04

1,03

0,4

13

-0,78

-1,48

-1,38

0,11

0,48

14

-1,26

-0,93

-0,4

0,34

1,24

17

-1,23

-0,74

0

0,37

0,63

19

1,92

-0,36

0,28

0,56

0,1

Егер коэффициенттер суммасы +1,28 және одан көп болса зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі. Суммасы -1,28 және одан төмен болса – зерттелінушінің мазасыздануы, депрессиясы және эмоционалдық зорлануы жоғары екенін көрсетеді. Аралық көрсеткіш (-1,29-дан +1,27-ге дейін) мазасызданудың орта мағнада екенін көрсетеді.






Балалар аты

Мазасыздану көрінісі

1.

Айяжан

-1,38

2.

Асан

-1,08

3.

Айгүл

-1,6

4.

Азиза

-1,11

5.

Бақыт

-0,9

6.

Гүлайша

-1,19

7.

Газиз

-0,78

8.

Даурен

-1,26

9.

Данияр

-1,23

10

Жазира

1,92

11

Жанна

-1,38

12

Жаннұр

-1,08

13

Луиза

-1,6

14

Лаура

-1,11

15

Нұрғали

-1,38

16

Нұрсұлу

-1,08

17

Маншук

-1,6

18

Раиса

-1,11

19

Толик

-0,9

20

Тимур

-1,19

21

Фатима

-0,78

22

Халил

-1,26

Нәтижесін талдау ережесі.

Зерттелінушінің берген жауабы бойынша оның алған баллдары кесте бойынша коэффициенттік мағнасына ауыстырылады. Сонан соң барлық коэффициенттердің арифметикалық суммасы шығарылады.

Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алуымен, өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады. Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі тітіркендіргіштерге әсерленуі төмен болады.


Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы

Мазасыздану мен депрессияны анықтауға Д.Голдбе ұсынған шкаланы пайдалануға болады.

Голдбе жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагностикалау мүмкін. Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек:


  1. Мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса.

  2. Оны ағзаның стресске дұрыс жауабы деп есептесеңіз.

  3. Егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса.

Мазасыздану шкаласы



  1. Сіз өзіңізді ашу кернеп абырдығаныңызды сезінесіз бе?

  2. Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?

  3. Тез ашуланасыз ба?

  4. Босаңсуңыз оңай ма?

Егер сіз бір сұраққа ғана «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада. Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұйқыңыз тынышсыз ба?

  2. Басыңы немесе мойныңыз ауырып, тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?

  3. Сізде келесі симптомдар байқалады ма: бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?

  4. Ден саулығыңыз сізді жиі мазасыздандырады ма?

  5. Ұйықығы бөленуіңіз қиын ба?

Нәтижесін талдау

Жоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр «иә» дегені бір баллмен бағаланады. Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады.

Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.

Қорқыныш тудыратын симптомдар:


  1. жүректің күшті немесе жылдам соғуы;

  2. тершең болу;

  3. дірілдеп, қалтырап кету;

  4. ауыздың құрғап қалуы (дәрі қабылдамай ақ).

Көкірек пен іш симптомдары:



  1. тыныс алудың қиындағаны;

  2. тұншығып қалу;

  3. көкіректің ауыруы;

  4. жүрек айнуы немесе асқазанның ашуы.

Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:



  1. бас айналуы, талып қалу;

  2. заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы;

  3. өз-өзін басқара алмай қаламын немесе жынданып кетемін деген қорқыныш;

  4. өліп қалатын шығармын деген қорқыныш.

Жалпы симптомдар:



  1. бірде дене қызып, бірде қалтырап-дірілдеу;

  2. дененің ұйып қалуы.

Ішкі кернеу симптомдары:



  1. бұлшық еттердің тартылып қалуы, ауыруы;

  2. босаңсиалмау;

  3. шамадан тыс зорлану, өзін «атылуға даяр мылтықтай» сезіну;

  4. тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұтынуға қиналу.

Басқа ерекше симптомдар:

1. күтпеген нәрселерден қатты сескену;

2. мазасызданған кезде зейінді шоғырландыруға, ойлануға қиналу;

3. ызақор болу;

4. ұйқының бұзылуы.


Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай-қайсысы сіздің психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын маманмен отырып талдаған дұрыс. Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігі соматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденеді (шаршау және қажу, бұлшық еттерге салқын тиген, невралгия т.с.с.). Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді.
Қақтығыс жағдайдан шағып кете аласыз ба?

Томас Килмен сауалнамасы

Мақсаты: мінез-құлық ерекшеліктерін, дау-дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.

Әдістемеге түсініктеме.

Орын алған дау-дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін, зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез-құлқ көрсететін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойынша келіспеушілікке алып келетін шатақ мінезді екі типке топтастыруға болады:


    • басқа адамдардың, қызығушылықтарына, тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы;

    • өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.

Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:

А) бәсекелесу, жарысу барысында басқаны жеңу арқылы өзінің мәртебесін көтеріп, өзгенің намысына тиу, ең жиі пайдаланылатын және ең тиімсіз жолы;

Б) икемделу, бәсекелесуге қарама-қарсы келетін әрекет, өзгенің пайдасын ойлап өз қызығушылығын құрбандыққа келтіру;

В) ымыраға, компромисске келу, дау-дамайдың себепкерлері бір-бірімен келісімге келуі;

Г) жалтару ( бойды аулақ салу, қашып кету) басқаның тіршілігіне де, өзінің мақсатына да ынталануы төмендігі;

Д) ынтымақтастық, екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға келуі.

К.Томастың айтуынша «а» және «б» вариант бойынша, бәсекелестік пен икемделуарқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреу ұтса, екіншісі ұтылады, немесе компромисске келу арқылы екеуі де ұтылады. Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау-дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Сауалнамада 60 тұжырымдама бар. Олардың тізімі зерттелінушіге орындау ережесі түсіндіріліп беріледі.

Орындау ережесі. Сауалнаманың әр бабы «А» және «Б» әріптерімен белгіленген екі варианттағы тұжырымдамадан тұрады.. Оның қайсысы сіздің мінезіңізге жақын болса, сол вариантты белгілеңіз.

Сауалнама.

1. А. Кейде тартыс-талас мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына алуға мүмкіншілік беремін.

Б. Біздің көзқарасымыздағы қарама-қайшылықтарды талқылаудың орнына, екеуміздің де келісетін нәрселерге көңіл аударғым келеді.

2. А. Мен компромисстік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді.

3. А. Әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.

Б. Өзгелердің қызығушылығын қарғау үшін қейде өз қызығушылығымды жанпида етемін.

4. А .Мен компромисстік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

5. А. Тарты-талас сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін.

Б. Бостан-босқа шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенің істеймін.

6. А. Өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын.

Б. Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын.

7. А. Тартыс-талас тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін.

Б. Мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларда кішіпейілділік танытуға болады деп есептеймін.

8. А. Өз дегеніме жетуге әбден тырысамын.

Б. Бірінші кезеңде барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын.

9. А. Қарама-қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлаймын.

Б. Өз дегеніме жету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

10. А. Өз дегеніме жетуге тырысамын.

Б. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

11. А. Ең бірінші қандай өзекті мәселе тартыс-талас тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.

Б. Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа шақырамын.

12. А. Ұрыс-қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын.

Б. Егер маған қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

13. А. Мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын.

Б. Өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін .

14. А. Өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын.

Б. Өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.

15. А. Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын.

Б. Ауыртпалық болмауы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын.

16. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

Б. Өз ұстанымымның артық екендігіне басқадың көзін жеткізуге тырысамын.

17. А. Өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.

Б. Қолайсыз жағдайдан аулақ болу үшін бар күшімді жұмсаймын.

18. А. Егер біреу бақытты болатындай жағдай болса, мен оған мүмкіндік беремін.

Б. Егер ол маған қарсы болмаса, мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік беремін.

19. А. Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын.

Б. Тартыс-талас сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана шешуге болатынына сенемін.

20. А. Қарама-қашы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын.

Б. Екеумізге де тиімды болатын үйлесімділікті табуға тырысамын.

21. А. Әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын.

Б. Мен әрқашанда мәселені тікелей талқылауға бас бұрамын.

22. А. Менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын.

Б. Өз ұстанымымды қорғаймын.

23. А. Әр адамның тілегін қанағаттандыруды мақсат етемін.

Б. Кейде тартыс-талас сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуға мүмкіндік беремін.

24. А. өзгенің ұстанымы ол үшін өте маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.

Б. Оны компромиске бару керек екеніне көзін жеткізуге тырысамын.

25. А. Менікі дұрыс екеніне нандырамын.

Б. Әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын.

26. А. Мен әдетте орта позицияны ұсынамын.

Б. Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан талпынамын.

27. А. Тартыс-талас жағдайларды болдырмауға тырысамын.

Б. Егер осы жағдай біреуді бақытты ететін болса, мен оған өзінің ұстанымын сақтауға мүмкіндік беремін.

28. А. Өз айтқанымнан қайтпауға тырысамын.

Б. Шиеленіс мәселерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын.

29. А. Мен ортақ ұстанымды ұсынамын.

Б. Дау-дамайға бола толғанудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

30. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

Б. Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірлесіп жетістікке жететіндей ұстанымда боламын.


Бағалау шкаласы

Келіспеушілік жағдайдағы мінез-құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады: «бәсекелес», «ынтымақтас», «ымырашыл», «жалтарғыш», «бейімделгіш». Осылардың қайсысы (қандай дәрежеде) Сізге тән екендігін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.

«Бәсекелес»: 3 «А», 6 «Б», 8 «А», 9 «Б», 10 «А», 13 «Б», 14, 16 «Б», 17 «А», 22 «Б», 25, 28 «А».

«Ынтымақтас»: 2 «Б», 5 «А», 8 «Б», 11 «А», 14 «А», 19 «А», 20 «А», 21 «Б», 23 «А», 26 «Б», 28 «Б», 30 «Б».

«Ымыралышыл»: 2 «А», 4 «А», 7 «Б», 10 «Б», 12 «Б», 13 «А», 18 «Б», 20 «Б», 22 «А», 24 «Б», 26 «А», 29 «А».

«Жалтарғыш»: 1 «А», 5 «Б», 6 «А», 7 «А», 9 «А», 12 «А», 15 «Б», 17 «Б», 19 «Б», 23 «Б», 27 «А», 29 «Б».

«Бейімделу»: 1 «Б», 3 «Б», 4 «Б», 11 «Б», 15 «А», 16 «А», 18 «А», 21 «А», 24 «А», 25 «Б», 27 «Б», 30 «А».

Нәтижесін талдау.

Дау-дамайдағы мінез-құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады. Дау-дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін бір-бірімен ұштастырып пайдаланған стратегия тиімді болады. Олардың әрқайсысы 5-тен 7 баллға дейінгі аралықта болғаны қарым-қатынаста сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады.

Егер мінез-құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5-тен төмен, ал басқалары 7 баллдан жоғары болса (барлық баллдың қосындысы 30-ға тең) - сіздің көрсететін мінез-құлқыңыз тиімділіктен алыс.

Өз мінез-құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканың көрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни жоғары ұпайдағы мінез-құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады.



Дау-дамай мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы: бәсекелестік, тіл табысушылық, ынтымақтастық, жалтарушылық және жол берушілікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.

4. «Стресс тесті»

Мақсаты: оқушының стреске берілгіштігін айқындау және талдау.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

  • ешқашан (1 балл)

  • кейде (2 балл)

  • жиі (3 балл)

  • әрқашанда (4 балл)

  1. Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.

  2. Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады.

  3. Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын.

  4. Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін.

  5. Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін.

  6. Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.

  7. Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.

  8. Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін.

  9. Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.

  10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.

  11. Еш себепсіз жиі қамығамын.

  12. Таңертең өзімді нашар сезінемін.

  13. Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын ойымды басқаға аудара алмаймын.

  14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін.

  15. Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар.

  16. Менің арқам және мойыным ауырады.

  17. Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын.

  18. Өзгелердің мойындамағанын армандаймын, менің жасағанымды мақтауын қалаймын.

  19. Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.

  20. Мен диета сақтаймын.


Бағалау шкаласы:

30 балл және төмен. Сіз туындаған мәселелерді шешіп, тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ. Бұл адамдар бәріне жақсы жағынан ғана қарап, кемшілігін ескермейді.

31-45 балл. Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы, стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізіді. Сіз өміріңізді өзгертпейсіз, дегенмен де өзіңізге де уақыт бөліңіз.

46-60 балл. Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды, сондықтан да үнемі стресте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз, дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет емес, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге әкетуге тырысыңыз. Уақыт-уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.

61 балл және одан артық. Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмірсүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз, денсаулығыңыз және болашағыңызға қауіп келтіреді.




Аты

Нәтижесі

1.

Айяжан

42

2.

Асан

39

3.

Айгүл

43

4.

Азиза

52

5.

Бақыт

47

6.

Гүлайша

39

7.

Газиз

43

8.

Даурен

52

9.

Данияр

47

10

Жазира

39

11

Жанна

43

12

Жаннұр

52

13

Луиза

47

14

Лаура

39

15

Нұрғали

43

16

Нұрсұлу

39

17

Маншук

43

18

Раиса

52

19

Толик

47

20

Тимур

39

21

Фатима

43

22

Халил

52

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей балалардың басым көпшілігінің өмірі іс-әрекет пен арпалысқа толы, сондықтан стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізетіндігі анықталды. Олар өз өмірін өзгертуге онша көңіл бөлмейді, дегенмен оларға өздерінің өмір салтын құруға уақыт бөлу қажет екендігі туралы кеңес берілді.



2.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.

- Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.

- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді.

- Өзіне деген сенімі нығайады.

- Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады.

- Ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.

- Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

Бірінші талап - тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қаныт, май, шәй» тәрізді нәрселер). Тотағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.

Екінші талап - қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:

а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;

б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;

в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.

Үшінші талап - шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтармен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. Қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті - адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:


  • қатысушының интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;

  • интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.

Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

Алтыншы талап - клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)

Жетінші талап - әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.

Оқушылардың психологиялық проблемаларын шешуге көмек көрсету жолдарын нақты анықтау үшін жетінші сыныпта оқитын 24 оқушыны жан-жақты зерттеп нәтижесі бойынша психологиялық кеңес беру және коррекциялық іс-шаралар жүргізлді. Қарым – қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғаны байқалды. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар жеткіншектермен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді деп айта аламыз.

Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында, біріншіден, топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте коррекциялық мәселелер шешіледі.

«Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы» деп атадық.

Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға болатындығына сенімін күшейеді.

Бұл топ жұмысына сынып оқушылары түгел қатынасып келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

А) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.

Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).

Б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).

Бұл тәсілдің негізгі мақсаты – қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кіналы екенін түсіндіріп, қай жерде, қандай қателік жібергенін, оның мән мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.

В) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру.

Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі, жанашырлығы қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауын, барлық адамдарды өз туысқанындай қабылдауын қалыптасуы керек.

Г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.

Түсінген мәселердің ішінде отбасында қалыптасқан, еркеліктің қалдығы деп есептеуге болатын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптері екенін оқушылармен бірге анықтап алдық.

Коррекциялық ойын әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.



  1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.

  2. Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.

  3. Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.

  4. Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.

  5. Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.

  6. Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.

Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.

Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.



Жағымсыз (ұнамсыз) стереотинтерді бұзу тобы.

Мақсаты: ұнамды мінез құлықты қалыптастыру, балаларды басқаларға ыңғайлы болуға үйрету.

Бұл топтың ерекшелігі келесі екі көрініспен сипатталады.

А) Жағымсыз мінез – құлыққа қарсы әрекет арқылы тосқауыл қою.

Психолог баланың жағымсыз мінез көрсетуіне тосқауыл қойып, агрессия (басқыншылдық мінез, басқаларға толық тиым салу) көріністерін басып тастауы. Бұл тәсіл клиенттің елермелігін, желікпелі қызулығын шақырып, барлық теріс мінезін толық, аффект жағдайында көрсетуге мүмкіндік беруді талап етеді, клиентке барлық эмоциясын шығаруғы мүмкіндік береді. Бұл жағдайда клиент психикасын жарақаттандырған оқиғаларды анықтап алуға мүмкіндік туады. Тосқауыл қою келесі іс- әрекет арқылы жұргізіледі: қолынан ұстап отырғызып қою, қағып жіберу, мықтап ұстап орнынан тұрғызбай қалу т.с.с.

Б) Жағымсыз мінезін сөз арқылы қоршауға алып баламен одақтасу. Қатысушыға қарым–қатынасының басқаларға өте ыңғайсыз жағдай туғызып отырғанын айқын көрсетіп, оның басқа позицияға тұруы қажет екенін, шыдамды, байсалды болуы қажет екенін көрсету. Өз-өзін өзінің мінез құлқы арқылы қорғауы қажет және мүмкін екенін анық байқату. Сонан соң ақиқатқа сай келетін, басқалар оны қабылдайтын мінез-құлық көрсетуге үйрету.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталады. Осыған орай келесі негізгі міндет – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу және оның нәтижесін талдап, баланың психологиялық көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Жеткіншек жасындағы оқушылардың мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, өзімшілдік, акцентуация және агрессия екендігін барлық мектептерде жүргізген психодиагностика дәлелдейді. Ал эгоизм (өзімшілдік, дарашылдық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлығымен, өз кемшілігін жасырғысы келуімен және баланы қоршаған көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталды. Коррекциялық топ құрмас бұрын, оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткізген дұрыс болады. Бұл фазада қатынасушылар арасында емін-еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады:

1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;

2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

3. Топтағылардың ішкі қайшылығын, эмоционалдық зорлануын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып, бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топ қалыптастырып, бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып, топтағылар адаптациядан өтеді. Осы адаптациядан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір топқа жинақтаған дұрыс. Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы ішкі қарама-қайшылықты жоюға бағытталды.

Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме.

Психокоррекциялық тренингтерді жүргізуде «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі алдымыздағы мақсатқа жетуге негіз болады деп таптық.

Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы – ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз құрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекцияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі.

Ойын барысында қатынасушылар талап ететін тұлғааралық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы мәдениетін көтеруге мүмкіндік туды. Топтағы балалардың бір-біріне сенімі артып, қарым-қатынастағы кеңістіктің маңыздылығын жете түсінуге көмек көрсетіледі және серіктерстік қатынас барысында кеңістікте орналасудың өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.

Коррекция барысында пайдаланылған жаттығулардың біраз түрлерін осы жерде басндап өткенді дұрыс көрдік.

1. «Кімде қандай қасиет бар» ойыны.

Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлк і және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т.б.

Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

2.«Сүйіспеншілік» ойыны.

Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.

Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол өзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.

Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.



3. «Сәлемдесу» ойыны.

Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып, бір-бірімен сәлемдесуі қажет.

Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?

Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін.?

«Өзің жалғастыр...»

Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты...

Айнұр досын ренжітп алғандай болды...

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті...

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өздерінше бетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.

4. «Бір-бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.

Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді . Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді!, Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т.с.с.) Соңында балалар бір-біріне жақсы көңілі мен пікіріне рақмет айтады.



5. «Түспен ажырату» ойыны.

Ойынның мақсаты адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиеттін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанынын өзі түсіндіріп береді.

6. «Баға беру» ойыны.

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білу келбетін дамытады, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.



7. «Пантомима» ойыны.

Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі.:

- ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аймалайды;

- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек.

- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады.

Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша әңгімелер құрастырады.

Коррекциялық ойындар әр адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, пай даланылған ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің батылдық, ұстамдылық, мейірмандық, сыйысымдылықжәне ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне азық етуге тырысады.

Осы тренигтерден балаларды ата-аналармен бірге өткізгенде балалық және ата-аналық боршты атқаруда тілтабысу, ізгілікке бағытты болу, кішкентай баланы да азамат деп санап, олардың жақсылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу қажеттілігін үлкендер түсінді. Нәтижесінде көптеген сұрақтар туып, психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін талдау ата-аналарды қызықтырды және болашақ отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен көңіл аудару қажеттілігін түсінді.

8. «Құпия» ойыны.

Жүргізуші қобдишадан әр балаға «ешкімге көрсетпе» деп құпия затты алақанына салып береді. Қобдишада түйме, ескі сағат, значок, скрепка, болт, винт, машинаның дөңгелегі, моншақ, түйрегіш, прищепка т.с.с. майда заттар болуы керек. Әр бала басқаның «құпиясы не» екенін сұрап білуі керек. Барлық құпиялар ашылғаннан соң әр бала өзінің жүргізген зерттеуінің нәтижесімен басқаларды таныстырады. Таныстыру барысында ол «құпияны» қай жерде және қалай пайдалануға болатынын айтып беруі керек.

Баланы заттармен таныстырады және олардың тіл байлығын дамытып, көрген-білгенін басқаларға әңгімелеп беру дағдысын қалыптастырады.

Психодиагностикалық әдістемелердің ішінде балаларды мектеп режиміне адаптациялау мақсатын көздейтіндері де бар. Осындай әдістемелердің бірі «Жануарлар мектебі» деп аталады. Бұл әдістеме әлі қазақ тіліндегі басылымдарда орын алмағандықтан біз оны орындату ережесінтолық келтіргенді дұрыс көрдік.

9. «Тұсаукесер» ойыны.

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз"- деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі. Психолог келесі сұрақтарды қояды:

- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?

- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

- Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?

- Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?

- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?

Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.

10. «Көпір» ойыны.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық - тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі".

Талдау:

- Тапсырма ненің көмегімен орындалады?



- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

- Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

- Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

11. «Елсіз арал» ойыны.

Психолог ойынның шарттарымен қатысушыларды таныстырады: «Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз екені анықталды».

Ойынның шарты: «Сіздер елсіз аралда қалдыңыздар. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздыр. Енді үш топқа бөлініңіздер».

Топтардың әрқайсысында бір ұлттың халқы. Ұлттарын шек тастап анықтап алуға болады. Ойынның аяғына дейін ұлт өкілдері басқа топтағылардың ұлтын білмейді және өздерінің ұлтын басқаларга айтуына болмайды.

Жиырма жылдың аралығында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заттарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылықтары мен салт-дәстүрі тағы сондай ерекшеліктерін мейрам-тойлар өткізіп, басқаларға өздерін таныстыруы керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарандаш, фламастер, желім және тағы басқа заттармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сагаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ қай ұлт өкілдері екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды көп мөлшерде дайындайды. Көрермендер олар қай елдің және қай ұлттың өкілдері екенін анықтайды.

Талдау:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтауға мүмкіндік болды?



- Аралды «мәдениеттендіру» мәселесі қалай шешілді?

12. «Көзқиық» ойыны.

Қатысушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады. Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-ауызын қисайтпай, тыжыраймай карап тұруы керек. Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, қатысушылар өз орындарына отырады.

Ескерту: Жаттығу көптеген жеке түлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мсүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады:

А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

Б) шеңбер құрып, барлыгы бірге тебінуі, бір мезетте қолы жұдырықтап сілкуі;

В) Барлығы бірге бар дауысымен а-а-а деп айқайлауы.

Талқылау:

Қатысушыларға келесі сәттерді еске түсіру ұсынылады:

а) жаттығудың басында және аяғында өзінің күй-жағдайы қандай болғанын;

б) не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін;

в) бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын;

г) серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.

Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.

«Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қатаюынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Уақыты: 15 минут.

Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: Алдарыңда топтамалар жиынтығы жатыр.

Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп алады. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.



Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлансам...

Шынымды айтсам тест, емтиханға дайындалып жатқанда...

Шынымды айтсам, мен алдағы тест емтиханда болатын стресті ұмытқанда...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның

қобалжуын ойлағанда...

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда...

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда...

Шынымды айтсам мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде...

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде...

Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда...



Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңдер ме?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

Барлық коррекциялық ойындардың және жаттығулардың нәтижелері жан-жақты талданды. Балалар психокоррекциялық тренингтер барысында өздерінің эмоционалдық жағдайларын талдап, оны басқару жолдарын үйренді. Сонымен қатар агрессиясын керегі жоқ заттарға шығару, ойын барысында агрессивтілікті жеңілдету әдістерін меңгерді. Жалпы эмоционалдық жағынан өздерін үйлесімді сезінгенін өздері де анық байқады.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу барысында келесі қорытынды жасадық.

1. Үйлесімсіз психоэмоционалдық жағдай бала өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жеткіншек жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.

2. Эмоционалдық үйлеспеушілік, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.

3. Эмоционалдық үйлеспеукшілік күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.

4. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің жеткіншек жас кезеңінде жий орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

5. Зерттеу барысында жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Эмоционалдық үйлеспеушілік басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды.



Эмоционалдық үйлеспеушілігі байқалған жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.

  1. Жеткіншектермен психокоррекция жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.

  2. Психокоррекция барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:

- жеткіншекті әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;

  • баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;

  • мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.

  • жеткіншектің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану;

  • психокоррекция нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан оқушылардың ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.

Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге, ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын ұйымдастыруға және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халққа жолдаған «Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 1999.

  4. Балалар құқығы туралы Конвенция, 1995.

  5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.

  6. Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы тіралы» Заңы, 2002.

  7. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. – Алматы: 2004.

  8. Абрамова Г.С. Практическая психология. - М.: 2001.

  9. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.

  10. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. - М.: 1981.

  11. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.

  12. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. - М.: 1984.

  13. Афанасьева Т.М. Семья. Жоғары сынып оқушыларына арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1985.

  14. Айзенк Т.Дж. Проверьте свои способности – М., 1972.

  15. Аткинсон Р. Человеческая память в процессе обучения – М.,1980.

  16. Альманах психологических тестов – М., 1995.

  17. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойындағы гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі. – Алматы: 2000.

  18. Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.

  19. Брунер Дж. Психология познания – М., 1977.

  20. Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.

  21. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. - Алматы: 2005.

  22. Битянова М.Р. Практическая психология. - М.: 1997.

  23. Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991.

  24. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. - С-Пб.: 1998.

  25. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. - М.: 1991.

  26. Веккер В.К. Психические процессы – Л., 1981.

  27. Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека – М., 1990.

  28. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. - М.:, 1967.

  29. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. - М.:, 1982.

  30. Введение в психологию /Под ред. А.В. Петровского – М., 1995.

  31. Голубева Э.А. Способности и индивидуальность – М., 1993.

  32. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию – М., 1996.

  33. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. - М.:, 1997.

  34. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М.:, 1991.

  35. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. - М.:, 1992.

  36. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. - Киев: 1989.

  37. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. - М.: 1989.

  38. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. - М.: 1996.

  39. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы: 2004.

  40. Жарықбаев Қ., Калиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: 1995.

  41. Зейгарник Б.В. Патопсихология. - М. : 2000.

  42. Зинченко В.П., Смирнов С.Д. Методологические вопросы психологии. - М.: 1983.

  43. Ениколапов С.Н. Некоторые результаты исследования агрессии. - М.: «Наука», 1979.

  44. Иванников В.А. Психологические механизмы волевой регуляции – М., 1991.

  45. Изард К.Е. Эмоции человека – М., 1980.

  46. История зарубежной психологии. Тексты. /Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан – М., 1986.

  47. Кроник А., Кроник Е. В главных ролях: вы, мы, он, ты, я – М., 1989.

  48. Калиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы, Рауан: 1990.

  49. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.- Алматы, Рауан: 1990.

  50. Квимен В. Прикладная психология. - С-Пб.: 2001.

  51. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.

  52. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.

  53. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. - М.: 1989 – 184 б.

  54. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. - Питер: 2001.

  55. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.- М.: МГУ: 1981.

  56. Лучшие психологические тесты /Под. ред. А.Ф. Кудряшова – СПб., 1992.

  57. Малашкина М.М. Популярная история психологии – М., 2000.

  58. Маркова А.К. Психология профессионализма – М., 1996.

  59. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность – М., 1975.

  60. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики – М., 1972.

  61. Миренский Б.А. Семья и подросток. – Ташкент: Уқитувчи, 1991.

  62. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет.- Алматы: 2004 – 122 б.

  63. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: 1994 – 230 б.

  64. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.

  65. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.

  66. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. І т. – Шымкент: 2006.

  67. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология.ІІ т. – Шымкент: 2007.

  68. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой.- М:, 1998.

  69. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. - М.: 1996.

  70. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.

  71. Общая психология /Под. ред. А.В. Петровского – М., 1986.

  72. Общая психология /Сост. Е.М. Рогов – М.,1995.

  73. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь.- М ., 1990.

  74. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.

  75. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.- Алматы: 1987.

  76. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10т. Алматы, «Баспалар Үйі» АҚ, 2006.

  77. Промова О.Н. Конфликтология Москва 2000ж.

  78. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: 1996.

  79. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология.- М. : 1990.

  80. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. В 2 т. – М., 1989.

  81. Словарь практического психолога /Под. ред. С.Ю. Головина. – Минск: изд. Харвест, 1997. – 660 с.

  82. Столяренко Л.Д. Основы психологии – М., 1996.

  83. Столяренко А.М. Психология и педагогика – М., 2001.

  84. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - . Ростов-на-Дону: 2002.

  85. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина.- М.: 1999.

  86. Снайдер Д. Практическая психология для подростков - М.: 1999.

  87. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: 1988.

  88. Тихомиров О.К. Психология мышления – М., 1957.

  89. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.

  90. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.

  91. Фрейд З. Введение в психоанализ – М., 1991.

  92. Фресс П., Пиаже Ж. Экспериментальная психология – М., 1975.

  93. Фромм Э. Душа человека – М., 1992.

  94. Франки В. Человек в поисках смысла – М., 1959.

  95. Хекхаузен X. Мотивация и деятельность. В 2 т. – М., 1986.

  96. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов.- Киев: 1991.

  97. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. - М.: 1995.

  98. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.

  99. Юнг К. Психологические типы (Психология индивидуальных различий) – М., 1982.




жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау