Диплом жұмысының тақырыбы: «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері.»


II.3. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#23078
түріДиплом
1   2   3   4   5

II.3. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим

Сол кезеңдегі «Маттеотти ісіне» және фашизмнің «екінші толқынына» тоқталатын болсақ, Думини бастаған фашистер 1924 жылы 10 маусымда парламентте фашистердің сайлау барысында іс-әрекетін әшкерелеп сөз сөйлеген депутат-социалист Маттеоттиді өлтірді. Парламентте фашизмге оппозициялық топтар өкілдері Маттеотти өлімі туралы өзара кеңесуге жиналды. Оған үш жұмысшы партиясының парламенттік УСП, ИСП, КПИ сияқты топтары, Халықтық партия, Республикандық партия, «Конституциялық оппозия» және «Әлеуметтік демократия» топ мүшелері қатысты. Олар 14 маусымда өздерінің Маттеотти ісі анықталғанша палата жұмысына, парламент ісіне араласпайтындығын көрсеткен резолюция қабылдады. Бұл Авентин оппозициясының бастамасын салды. Фашистік емес топтардың парламенттен кетуі Муссолиниді парламент сесиясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.24

Елде абыржу туды. Өйткені фашистер жөнінде шындықты айтқан парламент депутаты өлтірілді. Қала көшелері мен алаңдарында митингілер өтіп жатты, көптеген кәсіпорындарда стихиялы ереуілдер бұрқ ете түсті. Үкімет не істерін білмеді. Муссолини төңкерістің алдын алып, жағдайды қалпына келтіруге тырысты. 16 маусымда ішкі істер министрі етіп, әділеттілігімен әйгілі Федерцониді тағайындады.

Осы кезеңде буржуазиялық оппозициялық топ өкілдері үкімет саясатының бағытында халықтың араласуынсыз түбірлі бетбұрыс жасауға ұмтылды. Либералдар революциялық партиялардың үгіт-насихатына берілмеуге, тыныштық сақтауға шақырды. Ал коммунистер үш жұмысшы партиясын біріктіріп, жалпыхалықтық ереуілге үгіттеді. Коммунистерді жұмысшы партиялары қолдаған жоқ. Оның өкілдері 18 маусымда Муссолини үкіметінің кетуін, оппозициялық депутаттардың Құрылтай жиналысын шақыруын талап етті, жаңа үкімет кұру талаптарын көрсеткен резолюция қабылдаған жүмысшы партияларының мәжілісіне қатыспады.

Авентин оппозициясында КПИ орнын ИСП басты. ИСП мақсаты: Муссолини үкіметін құлату; басқа оппозициялық партиялармен бірге болу; кейбір мәселелерде компромиске келу. Осылайша олар КПИ жариялаған 24 сағаттық ұлттық ереуілге қатысудан бас тартып, ВКТ 27 маусым күні таңертеңгісін жұмысты 5 минутке тоқтату жөніндегі ұсынысына келісті. Сол 27 маусымда парламент үнінде «Авентин ассамблеясы» деп аталған оппозициялық партиялардың ассамблеясы өтті. Оның декларациясы: фашистік милиция мен заңдылық қалпына келтірілгенше барлық оппозициялык партиялар парламент жұмысына қатысудан бас тартады деп көрсетілген.[25] Олар корольдің, Ватиканның көмегімен Муссолини үкіметін отставкаға жібере аламыз деп ойлап, калың көпшіліктің қозғалысын ұйымдастыруға ұмтылмады. Бұл Муссолиниге маневр жасауға мүмкіндік берді.

3 қаңтар 1925 жылы Муссолини парламентте сөйлеген сөзінде үкімет пен оппозиция арасындағы күрес күш арқылы шешіледі деп көрсетті. Сөз іске көшті. Фашизмнің екінші толқыны басталды. Демократиялық ұйымдар және оппозициялық газеттер талқандалды. Үкімет таза фашистік сипатқа ие болды. 5- қараша 1925 жылы фашистер реформистік Унитарлық социалистік партия қызметіне тыйым салды. Бұл Дзанибони партиясы мүшелерінің Муссолиниге жасаған қастандығына жауап еді. 24 желтоқсан 1925 жьлы мемлекеттік аппаратты «ұлттық мүдде туралы ойламайтын элементерден» тазарту жөнінде заң қабылданды. 1926 жылы 31 желтоқсанда саяси мигранттардың италъян азаматтығын жою жөнінде процедура қабылданды. Дәл сол күні атқарушы үкіметке заң нормаларын шығару құқын беру жөнінде заң қабылданды. 4 ақпан 1926 жылғы заң бойынша сайланатын муниципалитеттер орнына король декретімен 5 жылға тағайындалатын «подеста» (старшин) институты енгізілді. 6 сәуір 1926 жылғы заңмен провинциядағы префектілердің билігі кеңейді және күшейді. 3 сәуір 1926 жылы «ұжымдық еңбек қатынасын ұйымдастыру құқы жөнінде» заң қабылданды.26

1926 жылы ақпанда Муссолиниге төртінші рет қастандық ұйымдастырылды, алайда сәтсіз аяқталды. Ол жаппай репрессия күшейтуге себеп болды. 6 қарашада Муссолини ішкі істер министрі Федерцониді отставкаға жіберіп, өзі осы орынды басты. Осының артынша демократиялық бағыттағы партиялар мен ұйымдардың қалдықтары түгел талқандалды. Парламентте авентиндіктердің депутаттық мандаттарын жою жөнінде шешім қабылданды. Антифашистік баспаға тыйым салынды. Антифашистерді эмиграциялау тоқтатылды, барлық шекара өткелдеріне «шекаралық милиция» орнатылды. «Король, королева немесе үкімет басшысына қастандық жасағаны үшін» өлім жазасы енгізілді. «Мемлекетті қорғау бойынша ерекше трибунал» кұрылды. 1926 жылы қарашада фашистік үкімет алғашқыда 5 жылға арналған, кейін ұзартылып отырылған, күшін фашистік режим соңына дейін жоймаған «ерекше заңдар» қабылдады.[27] «Ерекше заңдардың» енгізілуімен Италияда фашизмге қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды.

Антифашистерді жаппай тұтқындау толқыны басталды. Алғашқы тұтқындалғандардың ішінде компартия басшысы Антонино Грамши да бар. Көптеген антифашистер «төтенше заңдар» шығара салысымен шетелге, әсіресе Францияға кетті. Францияда Италия социалистік партиясы және Социалистік итальян еңбекшілері партиясының басқарушы органдары орналасты. 4 қаңтар 1927 жылы ВКТ атқарушы комитеті өзін-өзі жою жөнінде қаулы қабылдады. 1927 жылы наурыздың соңында иммигрантық ВКТ, ИСП, ПСЛИ, республикандық партия және имигрант-масонлармен бірге жаңа блок кұрды. Ол «Антифашистік әрекеттер концентрациясы» деп аталды. Олар басты мақсат фашизмге қарсы күрес жүргізу деп мәлімдеді. Шетелде итальян антифашистері арасында фашизмге қарсы күрес принциптері туралы талас жүріп жатқан кезеңде, Италияда Муссолини өз «қағидаларын» орнықтырған болатын. Үлкен фашистік кеңес 21 сәуір 1927 жылы Еңбек хартиясы деп аталатын құжат жариялады. «Жаңа фашистік мемлекет» негізіне өндіріс салалары бойынша кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіретін корпорация жататын болды. Бір мамандық шеңберінде кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіру, оларды мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты мүмкін болмады. Сондықтан бұл хартия көп жылдар қағаз бетінде қалып койды.

Италияда фашистік диктатураның нығаюында фашизм мен Ватикан бастаған шіркеудің ара-қатынасы үлкен рөл атқарады. Шіркеудің Италияда ыкпалы өте үлкен. Шіркеу мен мемлекеттің жақындасуына олардың социализм мен финанстық-монопалистік капиталдың дамуына қарсы күресіндегі ортақ мүддесі әсерін тигізді. Муссолини шіркеумен мәселені тез шешуге ұмтылды.

Ватикан өз тарапынан оның диктатурасының күштілігіне сенген соң ғана Муссолинимен келіссөз жүргізу туралы ұйғарды. Оның үстіне Муссолини либералдар сияқты Италия мемлекетінің зайырлы сипатын сақтауды талап еткен жоқ. Осылайша 1926 жылғы тамызда басталған келіссөз қолайлы жағдайда өтті. Шіркеу мен мемлекет арасындағы ынтымаққа келу келісіміне Муссолини мен Папаның жеке өкілі кардинал Гаспарри 1929 жылы ақпанда қол қойды. Бұл «Латеран келісімі» деп аталды. Келісім үш құжаттан тұрады: «Саяси трактат», «Финанс конвенциясы» және «Конкордат».[28] Саяси трактаттың басты бабы Рим территориясында дербес Ватикан мемлекетінің өмір сүруін мойындау болып табылады.

1929 жылға қарай Италияның экономикалық жағдайы фашистік режимнің алғашқы жылдарына қарағанда едәуір жақсарды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін өндіру ұлғайды, электроэнергиясы, болат, жасанды жібек және химиялық өнімнің барлық түрі бойынша өнеркәсіп рекордтық көрсеткіштерге жетті. Алайда соңғы айларда жағдай күрт өзгерді. Нью-Йорк биржасында бағаның кұлдырауы Европаның барлық елдеріне, оның ішінде Италияға да өз әсерін тигізбей коймады.

Сатып алу мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты сыртқы сауданың рыноктарында экспорт көлемі күрт азая бастады. Елде шетел тауарларын сатып алуға қаражат жетпеді, осы үш жылда ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп саласында қажеттіліктің жетіспеуіне байланысты импорт көлемі 21-ден 8 млрд. лирге түсті. Тоқыма өнеркәсібі зардап шекті. 1932 жылы 2939 өнеркәсіп компаниясының 1216-сы банкротқа ұшырады. 1933 жылы жұмыссыздардың саны миллионнан асып кетті[29]. Халықтың жағдайы нашарлады. Жалақы азайды.

1931 жылы дағдарыс финанс саласын жайлады. Банктердегі жинақтар алынды, өздерінің ақша қорын толықтыру үшін шетел банктерінің көмегіне сүйене алмады. Ірі финанстық бірлестіктердің күйреу қаупі туды. Фашистік мемлекет финанс монополиясына көмекке келді. Ерекше финанстық орган - Италия қозғалмалы мүліктер институты /ИМИ/ кұрылды. Оның міндеті өнеркәсіпке ұзақ мерзімге несие беру, осы міндеттен жеке финанстық бірлестіктерді босату болып табылады. 1933 жылы мемлекеттің қаражатымен ірі өнеркәсіп комплекстеріне ұзақ мерзімге кредиттер беру және барлық құлдыраған банктерді жою операциясын жүргізетін өнеркәсіпті қайта кұру институты құрылды.

Экономикалық дағдарыс итальян финанс және өнеркәсіп капиталының шоғырлану процесін тездетті. Осы процесте фашистік мемлекет белсенді роль атқарды. Үкімет коммерциялық қоғамдардың бірігуін жеңілдететін бірнеше заңдар қабылдады. 1929 жылдан кейін ұсақ қоғамдардың кедейленуі монополистік бірлестіктердің әлсіз бәсекелестерін жұтуын жеңілдетті. Оның дәлелі кедейленген қоғамның 12661 кәсіпорыннан 121 акционерлік қоғам құрылды. Үкімет экономикалық салада қатаң иерархия орнатуды жоспарлы түрде жүргізіп отырды. 1931 жылы өнеркәсіп министрі тәуелсіз компанияларды консорциумға «ерікті» бірігуін талап етті. 1932 жылы өзінің саласында өндірістің 70%-ын иемденетін компаниялар өз мүдделеріне сәйкес өз саласында өндірістік тәртіп орнату мақсатында мемлекеттің араласуын сұрай алатындығы жөнінде заң қабылдады. 1929-1934 жылдардағы дағдарыстың нәтижесі елде монополистік бірлестіктердің едәуір көбеюі болып табылады.

1930 жылы наурызда үкімет декретімен Ұлттық корпорация кеңесі қайтадан құрылды. Бұрынғы кеңес пен корпорация министрлігі ешқандай жұмыс жүргізген жоқ. Декрет корпорация кеңесін фашистік мемлекеттің маңызды органдарының біріне айналдырды. Алғашқы 7 корпорация кұрылды: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, банк, ерікті мамандар, өнер, теңіз және басқалай көлік. Оның төрағасы министрлер кеңесінің басшысы болды. Корпорацияның ұлттық кеңесі жұмыс беретіндермен және жалданушы жұмысшылардың тең өкілдерінен құрылды. Оған сондай-ақ министрлер және олардың орынбасарлары, фашистік партияның өкілдері, экономикалық және кәсіподақ сарапшылары, барлығы 120 адам кірді. 1934 жылға қарай Италияның барлық жұмыс істейтін халқы корпоративтік жүйемен қамтылды. Оны енгізушілердің ойынша бұл жүйе еңбек пен капитал үндестігін туғызып, ұлттың мүддесін қорғайды. Кәсіподақтың мемлекеттік жүйеде араластырылуы Италия коғамдық өмірін фашистендірудің маңызды кезеңі болып табылады. Муссолини корпоративтік системаны орнату итальяндықтарды фашизм маңайына топтастыруға әсерін тигізеді деп есептеді.

1934 жылы Италия дүниежүзілік дағдарысқа байланысты қиындықтардан шыға алды, мемлекеттік финанс қалпына келтірілді, корпоративтік жүйе әрекет ете бастады. 1934 жылы мамырда депутаттар палатасының алдында сөйлеген Муссолини сөзінің мәнері де бұрынғыдан да өзгерді. 1934 жылы фашистік партияның алғашқы сайлаудағы 5 жылдық өкілдігі бітті. Партия және кәсіпорын органдары депутатқа ұсынған жаңа кандидаттардың тізімін Үлкен фашистік кеңес бекітті. 1934 жыл наурызда жүргізілген сайлау «Үлкен фашистік кеңес белгілеген депутаттар тізімін қолдайсыз ба?» деген формула бойынша өткізілді. Бюллетеньде «иә» жауабы үш түрлі бояуда көрсетілген. Депутаттар палатасының жаңа төрағасы болып, Муссолинидің кызына ұлы үйленген Костанцо Чиано сайланды.

Осы жылдары «бәрін білетін», «алдын ала болжайтын көсем» Италияны «ұлы болашаққа апаратын Муссолини культі қалыптасты. Муссолини премьер-министр, соғыс министрі, әскери-теңіз флоты және әскери-әуе күштерінің министрі қызметін өз қолына алды. 1932 жылы қабылданған фашистік партия жарғысында партия мен «көсем» былай анықталынады: «Национальная фашистская партия является гражданской боевой организацией, действующей по приказу дуче и находяшейся на службе фашистского государства».30 Барлық ресми сөздерде дучені мақтау оның сөздерінен цитаталар келтіру, қоғамдық мекемелердің және жеке үйлердің қабырғаларына сөздерін әсемдеп жазу міндетке айналды. Фашистік режимнің 10-жылдығына байланысты сөйлеген сөзінде Италияның бас прокуроры көсем бейнесі Рим империясының ұлылығын еске түсіреді деп аяқтады.

Муссолинидің өзі өзін-өзі көтермелеуге ат салысты. Ол 1932 жылы неміс жазушысы Э.Людвигпен әңгімесінде өзінің Юлий Цезарьмен ұқсастығын, Дантемен рухани жақындығын атап көрсетті. Фашистік доктринаның негізі мемлекет концепциясы, оның мәні, міндеті, мақсаты болып табылады. Фашизм үшін мемлекет абсолют ретінде саналады. Муссолинидің тезисі: «Ұлттар мемлекетті құрмайды, мемлекет ұлтты құрайды». 1927 жылы ресми түрде «фашистік эра» енгізілді. Барлығы да, әнұран, күнтізбеге дейін фашистендірілді. Екі палатаның жұмысы «Жасасын көсем!» деген ұранмен басталатын болды. 1934 жылы фашистік партия мүшесі 1.5 млн. адамға жетті. Әсіресе жастарды фашизациялауға ерекше көңіл бөлінді. Бастауыш мектеп мүғалімдері қызмет кезінде қара көйлек киіп жүруге тиіс болды. Муссолини 1934 жылы дүние жүзіне «Италия XX ғасырда барлық қара көйлектіктерге» деп мәлімдеді.31

1934 жылы Муссолини Италияда антифашизм жойылды деп әйгіледі. Бұл тек сыртқы көрініс еді. Шын мәнісінде елде 30-жылдардың басынан екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм жеңілгенге дейін-ақ итальян фашизмін саяси күйреткен процестер басталған еді. Италияда коммунистік партия, әр түрлі социалистік топтар, 1929 жылы Парижде эмигранттар арасында кұрылған «Әділеттілік және бостандық» және тағы басқалары фашизмге қарсы аянбай күресті. Бірақ та басқа да партиялар, ұйымдардың арасында бірліктің болмауы оларды фашизімге қарсы күрестің жемісіне жеткізе алмады.

1930 жылы Германияда Гитлерлік партияның жеңісі итальян фашизмінің агрессиялык көңіл күйін өсірді. Фашистік баспасөз Версаль жүйесін қайта кұруды талап еткен немістік ұлтшылдардың үніне қосылды. 1933 жылы Муссолини Англия, Франция, Гсрмания және Италия -Европалық ірі төрт мемлекеттің тығыз ынтымақтастығы жөніндегі пактіге қол қоюға шақырды. Пталия мен Германияның арақатынасы Гитлер өкімет басына келген кезде әлі анық емес еді. Бір жағынан партиялық мемлекеттік делегацияларды алмасу күшейді, екінші жағынан, итальян баспасөзі гитлерлік нәсіл теориясын ашық сынады, Пий XI Германияда жүргізіліп жатқан зорлық саясатын айыптады. Әсіресе Италияның Германиямен қатынасы Австрия мәселесі бойынша шиеленісті. Өйткені Муссолини Австрияны тікелей мүдделі зонамыз деп есептеді. Канцлер Дольфус Австрияда Италиядағы фашистік режимнің көшірмесін орнатты. Дольфустің өлтірілгені жөніндегі хабар Римге жетісімен-ақ Муссолинидің Австрия шекарасына әскерді шоғырландыру жөнінде бұйрық беруі тектен-тек емес еді. Муссолини Австрияның тәуелсіздігін сақтап қалуға жанталасты.

Италия мен Германия қатынасының шисленісуі Италияның Франциямен жақындасуына әкеліп соқты. 1935 жылы қаңтарда Лавааль-Муссолини келісіміне қол қойылды. Оның құпия мәліметінде Африканы бөлісу, Италияның Эфиопияда еркін әрекет етуіне жол беру көрсетілген. Бұған көп ұзамай-ақ Англия қосылды. 1935 жылы сәуірде Стрезде үш жақты конференция өтті. Оның мәлімдемесінде: Орталық Европадағы тұрақтылықты өршіту, Германия әрекетін айыптау және т.б. көрсетілді.

1935 жылдың көктемінде Муссолини Эфиопия проблемасын толық шешу кезеңі туды деп есептеді. 1935 жылдың басында итальян Бас штабы бекіткен жоспар Эфиопия территориясын 8 ай ішінде басып алуды көздеді. 1936 жылдын наурызында Эфиопиядағы соғыс қимылдарының барысында түбегейлі өзгеріс туды. Авиация мен газды пайдалана отырып, моторланған итальян колонналары 5 мамырда Аддис-Абебаға енді. 9 мамырда Үлкен фашистік кеңес мәжілісі өтті. Муссолини онда: Италияны империя деп жариялап, итальян королі титулына Эфиопия императоры деген титулды қосып, ол: «Он бес ғасырдан соң Римнің мәңгілік жоталарында империя қайта туды», - деп жария салды. Бір таңқаларлығы, Рим империясы Жерорта теңізінің барлық территориясын қамтыса, Муссолини империясы тек Эфиопиядан тұрды.

Эфиопияда соғыстың аяқталуы Италия өмірін фашистендірудің жаңа кезеңінің бастамасы болды. 1936 жылдың маусымында фашистік партия басшылығының арнайы қаулысы «фашизм елдің барлық саласында фашистік стильдің болуын талап етеді» деп көрсетті. 1937 жылдың наурызында фашистік партия мүшелерінің саны 2 млн-нан асты. «Муссолини әр уақытта да дұрыс айтады» деген фашистік насихат өріс алды.32

1936 жылдың 18 маусымында испан генералдарының республикандық Испания үкіметіне қарсы бүлігі басталады Бүліктің алғашқы күнінен ақ халықаралық фашизм өз күштерін көрсету мен шоғырландыру үшін бұл оқиғаны пайдаланатыны айқын болды. Бұның инициаторы Б.Муссолини еді. Италияның әскери самолеттері бүлікшілдердің әскерлерін Мароккодан Испанияға тасымалдауға көмектесті. 18 қарашада итальян үкіметі Франконы Испанияның «Ұлттық үкіметінің» басшысы ретінде таныды. Фашистік мемлекеттердің Испаниядағы азамат соғысына араласуы дүние жүзі халықтарының күресіп жатқан испан халқымен ынтымақтастығын тудырды. АҚШ, КСРО, Италия сиякты елдерден еріктілер келді.

Фашизм мен соғысқа, нан үшін, әлем мен азаттық үшін күрес. Италияндық комунистік партияның орталық комитеті резолюциясы.

Италияндық интервенттік әскердің Испаниядан тез арада кетуіне шешім.



  • ашаршылыққа қарсы жұмысшы класын және халық бұқарасын жұмылдыру, жағдайдың түзелуі үшін оларға қарсы солдаттар, ұшқыштар испанияға әскери материалдарды жеткізу, италиян солдаттарының қайтуын талап ету, яғни Испанияда жүрген және катострофалық абиссиндік афантюраға нүкте қою олардың парыздары болып саналады. Испания жасасын! Абиссиния жасасын!

Соғыстың фашистік саясаты

-бұл халыққа қарсы ұйымдастырылған саясат, ұлтты жоятын, халықты жоятын саясат болып келді. Италияндық жұмысшы класы өзінің функциясын түсіне білді, сондықтанда италияда ұлттық қызығушылық туа бастады.

Мұндай катастрофадан Италия халқын сақтау үшін жұмысшы топтары мен халық бұқарасы фашист үкіметіне қарсы күреске кіргізу керек., яғни Италия халқының ең нағыз жауы болғаны үшін жеңуге тырысу жөн. Фашистік үкіметтің жеңілуі, Италия халқын ар-намыстан, жаудан құтқарады және режим фашистік емес халықтық болады, әлем мен азаттық үшін күреске бетбұрыс болды. Яғни фашистік режим құласа онда барлық ұлттық мәселелер халық көзқарасымен шешіледі.

Испаниядағы әскери фашизмге қарсы күрес барлық халық бұқарасы мен жұмысшы топтарды, соғысқа және аштыққа қарсы біріктіреді. Қарулы күштердің бірігуі солдаттардың халықтармен достасып италиян солдаттарының қаруы мен халықтық республикалық армия, испан армиясына өтуіне қимыл жасады.

Орталық комитет Гарибальды бригадасын қосып алды . Өйткені олар италиян халқының намысын қорғап, Испанияның тәуелсіздігі үшін болып жатқан күресте италиян халқына өте үлкен қолдау көрсетті. Бұл күрес Италия халқы үшін әлем үшін болған соғыспен бірдей еді.

Ашаршылыққа қарсы, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту, жалақыны жоғарылату, салық жүйесін түбірімен өзгерту.

Халықтық фронттың құрылуы жұмысшы топтардың бірігуін керек етеді. Коммунистер жұмыстарын халықтық фронттың айтуымен өзгертеді,яғни жұмысшы-фашистер одағы үшін, католиктер, фабрикалардағы фашистік оппазиция, провсоюздар үшін «Біріміз бәріміз үшін , Бәріміз біріміз үшін » ұраны жарияланды.

Италияндық халықтық фронттың құрылуы және дамуы ол кедей жұмысшы топтары ауыл шаруашылық пролетариятының талаптарын қорғау үшін іске кірісуі, ұсақ және орта кәсіпорындар, интелегенция өкілдері, жастар, ірі капиталистер мен фашистік режимге қарсы күреске дайын тұру керек.

Комунистік және социалистік партиялар арасындағы қимыл комунисттер мен социалисттер жұмысшылары арасында құрылуы тиіс және барлық жұмысшылардың бірігуін қамтамассыз ету.

ИКП-нің орталық комитеті жұмысшы комунисттер мен социалисттердің қимыл бүлігін ИКП мен ИСП арасындағы пакт бүлігін қолдану, комунисттер арасындағы жолдастық, туыстық байланыс ұстау және барлық әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.

Жұмысшы топтар мен Италия халқының одағын құру үшін комунисттер католиктермен бірікті. Әлем үшін, ұлт-азаттық үшін, варварлық бөлісу үшін бір қолға бірікті.

Демократияны жаулау үшін: Италиян комунистік партиясы : өзінің саяси қызметінде фашистік режимнің пайда болуы мен демократиялық режимнің орнауын жариялады.

Демократиялық құрылыс, яғни біздің күресіп жатқан, бізді фашизмге алып келген жағдай болып табылмайды, оның мықтылығы оның әлеуметтік мазмұнымен байланысты және оның жетекші күші әлеуметтік және саяси жұмысшылардың күші болып табылады. Біздің Италияға орнықтыратын демократиялық режим ол халықты қолдау керек, яғни елдің дамуы халықтың қызығушылығынан туу керек. Комунистер қалаған демократиялық құрылым жұмысшы топтарын, қол өнершілерді, шаруалардың қажеттілігін қамтамассыз ету керек. Бұл демократиялық режим үшін ірі банктік және өндірістік, экономикалық және саяси үстемдіктерді жою керек, себебі олар халықты өздерінің жеке пайдасы үшін қанағаннан басқа пайдасы жоқ. Жаңа демократия яғни біздің италиян халқы үшін бірігіп отырған, ашаршылықты жою үшін, ауылдардағы кедейлікті, ірі жер иелерінің экономикалық және саяси үстемдігін жою, феодалдық қатнасты жою блып табылады. Феодалдар деп отырғанымыз- италия деревнияларында сақталған бұрынғы кристияндардың қалдықтары.

Біздің комунисттер жаңа италияндық демократияның халық үшін жұмыс істеуі үшін күресуіміз керек. Иеліктерді халық үшін кәмпескеленгенін қалаймыз.

ИКП орталық комитетінің айтуынша бұл одақ фашистке қарсы одақтардың және республикалық күштермен дәстүрлі түрде бірігіп қимыл жасау керек деп шешті.

Халықты жұмылдыру партиясының жұмысы: орталық комитеттің ұйғарымы бойынша комунисттердің қызметі болып- олардың жұмысшылар арасында жүргізген істері әсіресе профсоюздар және жастар арасында жүргізген істері кездеседі.

Италияда комунисттік партия келесі жүйеде құрылды. Ұлы октябрь революциясының әсері және 1917-1920 жылдардағы революциялық қозғалыс испан жұмысшы тобының алдына жаңа партия құруды, революциялық күреске жетекшілік етуді алдына қойды. 1919 жылы желтоқсанда испаниядағы социалисттік партияның конгресінде III интерноцияналға Испанияның кіруі туралы сұрақ қозғалды. 1920 жылы 15-сәуірде Испанияның социалисттік жастар одағы комунисттік партияның бағдарламасы туралы шешім қабылдады. Соғыстың нәтижесінде жаңа комунисттік партия –Испанияның комунисттік жұмысшы партиясы құрылды. 1921 жылы бұл екі партия Испанияның комунисттік партиясына бірікті. 33

Фашистік Италия мен Гитлерлік Германияның Испаниядағы интервенцияға қатысуы екі елді бір-бірімен жақьндастырды. Германия Италияның Эфиопияны басып алуын мойындады. 1937 жылы қыркүйекте Муссолини Германияда болды. Ол соғыс маневрларына қатыстыi және әскери заводтарды аралады. 6 қараша 1937 жылы Италия бұдан бір жыл бұрын Германия мен Жапония арасында жасалған антикоминтерндік пактіге қосылды. Империалистік мемлекеттер арасында одақтың құрылуы аяқталды. Италия сыртқы саясатын Германия мен одағының алғашқы нәтижесі Гитлердің еш кедергісіз Австрияны басып алуы болды. 1937 жылдың күзінде Германия сырткы істер министрі Риббентроп Римді Муссолинидің, Австрияны Гитлердің басып алуына көзқарасын білуге келді. Муссолини Гитлер енді еш ескертпей әрекет етпейді деп үміттенді. 1938 жылы мамырда Гитлер Муссолинидің шақыруымен Римде болды. Бұл екі режимнің жақындығының және олардың бірлігінің мызғымастығының символы еді. Мюнхен конференциясында Муссолини өзін Европа тағдырын шешуші ретінде көрсетті.

Фашистік Италия мен гитлерлік Германияның одағы нығая бастады. 1938-жылдың мамырында Гитлер ресми сапармен Италияға келді. Осы жыл барысында екі мемлекеттің өзара делегацияларының алмасуы шектен шықты: ұлттық-социалистік және фашистік партиялар, қаруланған күштердің барлық түрлері, қара көйлектілер мен эсэстер, жастар, әйелдер және басқа да көптеген ұйымдар. Бұл екі режимнің жақындығын және олардың біртұтастығының мызғымас екендігін көрсету мақсатында жүзеге асырылған еді.

1939 жылы Италияның мемлекеттік құрылымын едәуір өзгерткен заң қабылданды. Депутаттар палатасының орнына Корпорацияның Ұлттық кеңесі құрылды. Жаңа палата мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органына айналды. Мұнан соң көп ұзамай-ақ Италия Албанияға шабуыл жасады. Муссолини Германиямен одаққа сүйеніп, басып алу жолына ашық түсті. 22 мамыр 1939 жылы Берлинде екі фашистік мемлекеттің әскери одағы «мызғымас пактіге» (стальной Пакт) қол қойды. Екі держава соғыс қимылдары басталған жағдайда екіншісі жағында соғыска дереу кірісетіндігі туралы міндеттенді.

Италияда фашизмнің пайда болуының және фашизмге қарсы қозғалыстың тарихы жиырмасыншы жылдардың басында фашистердің билікке келу себептеріне байланысты түрлі саяси партиялардың, фашистік режимге қарсылардың пікірталастарынан кейін пайда болды. Ол көбінесе сол кездерде публицистика ретінде жүрді. Өздеріне сын көзбен қарай отырып бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі пролетариаттың жеңілісіне не себеп деген сұрақтарға италиялық коммунистер А.Грамши, П.Тольятти жауаптар іздеді. Италиялық марксистердің көзқарастары 1926 жылы өткізілген Италия коммунистік партиясының 3-съезіндегі ақпараттарда ашып көрсетілді. Олар кейіннен фашизмге қарсы күресті тактика мен болашақты айқындап берген революциялық көтеріліс кезінде пролетариат партиясының әлсіз тұстарын зерттеумен айналысты.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау