I.2 Фашистік биліктің алғашқы кезеңі
Осындай қиын-қыстау кезінде халықтың көңіл-күйін аңғарған Муссолини саясат сахнасына қайта шықты. Ол 1914 жылы социалистік партия қатарынан шығып қалған болатын. Соңында Муссолини көптеген бұрынғы интервенционистерді, футуристерді және синдикалистердің басын қосып өз ұйымын құрып алды. 1919 жылдың 23-наурызында Миланда Сан-Сеполькро алаңындағы ғимаратта осы «Фашо ди комбаттименто» атты жаңа ұйымның құрылтайшы жиналысы өтті. Жиналыс бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен ынтымақтастық аясында өткенімен негізгі назар сыртқы саясат мәселесіне бөлінді. Соңында қабылданған шешім «Фиум» мен «Далмацияны» мәжбүрлеп қосып алу еді. Бірақ 1919 жылдың сәуірінде Италияның «Фиумға» қатысты бұл ойын одақтастар қарсы болып жақтамағаннан кейін Бенито Муссолини «бұл қаланы қалай да күшпен тартып алу қажет» деп қорытты. Фашистердің «Пополо дИталиа» газеті «үкімет әлсіздік танытып отыр» деп мақалалар жариялап, социалистік партияға жұдырығын түйе бастады. Осылайша фашистер милитаризмге қарсы шыққан социалистік партияның идеологиясынан патриотизмге жат күшті аңғарғандай болды. Социалистер ұйымдастырған пролетариат көтерілістері «әлемдік аренада ұлт беделін түсіреді» деп шешті. 1919 жылдың 15-сәуірінде фашистер бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен бірге Миландағы «Аванти» социалистік газетінің редакциясын өртеп жіберді. Артынша фашистер революциялық жұмысшылар демонстрациясына шабуыл жасап, социалистік партияның және кәсіподақ белсенділерін ұрып-соға бастады.
1919 жылдың маусымында қымбатшылыққа қарсы жаппай көтерілістер басталды. Бұл көбінесе күтпеген жерлерде және уақыттарда орын алып жүрді. Аяқ астынан жиналған адамдар дүкендерді тонап, сауда жасаушылармен өздері сот ұйымдастыра бастады. Осы кездің өзінде социалистер мүмкіндігінше қызыл гвардия отрядтарын және реквизиция бойынша тиісті комитеттер құрып күнделікті тұтыну тауарларының бағасын мәжбүрлеп төмендете бастады.[10]
Сыртқы саясаттағы бірнеше сәтсіздіктерден кейін (мысалы, Италияға Фиумды қосып алуға одақтастардың қарсы болуы т.б.) «Орландо» үкіметі құлады. 1919 жылдың 23-маусымында Нитти басқарған жаңа үкімет басшылыққа келіп ішкі саясат мәселелерін шешуге басты назар аударды. Қымбатшылыққа қарсы көтеріліс кең етек жайып бара жатқандықтан ең алдымен нанның бағасын төмендету туралы үкім шығарды.
Қазан айында Неаполдегі «Сан-Карло» театрында фашистердің съезі өткізіліп, оған делегат ретінде елдің түкпір-түкпірінен қырық мың фашист қатысты. Съезді Муссолини ашты. Түстен кейін осы қырық мың фашист мінбеде тұрған Муссолинидің алдынан өткенде Муссолини : «Мен сіздерге хабарлаймын, қазіргі кезде талап мынадай: бізге билік береді немесе біз оны Римге барып өзіміз аламыз» дегенде фашистер «Римге, Римге ! » деп бірауыздан айқайлаған. Осыдан кейін Муссолини «Везучий» атты мейманханаға барып өз әріптестерімен фашистік шабуылдың нақты шешімін қабылдайды.11 Фашистерді ел бойынша жинақтау қазанның жиырма жетісіне, ал негізгі орталықтарға шабуыл жасау – қазанның жиырма сегізіне деп шешілді.
Неаполдан Муссолини шұғыл түрде Миланға аттанып, ал Римге шабуыл ұйымдастыру бойынша фашистердің штабы Перуджеде орналасты. Король Муссолиниді Римге келіссөзге шақырғанда «маған жаңа үкімет құрамын құруға тапсыратын болса ғана барамын» деді.
29 қазанда түске жақын корольдың адъютанты генерал Читтадини Муссолиниге телефон арқылы корольдың осы ұсынысты айтқанын жеткізді. Отызыншы қазан күні он сағат қырық екі минутта Муссолини Римдегі вокзалда поездан түскен. Бұл кезде Рим қаласына жан-жақтан фашистердің жасақтары жаппай жақындап шабуылға дайын келе жатты. Фашистер қалаға келіп жеткенде ешқандай қарсылықты кездестірмесе де өздерін тура соғыста жүргендей ұстады. Муссолини да корольға бармас бұрын әскери фашист киімін киді. Корольмен бір сағаттай сұхбаттасқан Муссолини король екеуі балконға шыққанда қара көйлек киген фашистер легі саппен өтіп жатты.
Келесі күні 31-қазанда Муссолини басқаратын жаңа үкімет құрылды. Бұл үкімет бір партиялы фашистік үкімет болды. Муссолини өзі премьер және шетел істері бойынша министр болса, он үш министрдің үшеуі фашист болды.
Фашизм өз қатарларын күшейте бастады. 1923 жылы сәуірде үкіметтен Халық партиясының өкілдерін шығарып тастады. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңы «Ачербо» сенаттан қолдау тауып, оған король қол қойды. Парламентке сайлау 1924 жылдың 6-сәуірінде өтіп фашистер жеңіске жетті. Осы сайлау кезінде алаяқтық жасады деп парламентте сөз сөйлеген депутат социалист Маттеоттиді фашистер өлтірген. 1924 жылдың 10-маусымында Маттеотти із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал кейіннен оны Думини басшылық жасаған фашистер тобының өлтіргені егжей-тегжейлі әшкереленді. Алғашқы кезден бастап-ақ елдің бұл іске фашистердің тікелей қатысты екендігіне ешқандай күмәні болмаған. Осы кезден бастап елде фашистердің жағдайы күрделене бастады.
1925 жылдың 5-қарашасында фашистер «Біртұтас социалистік партияның» қызметіне тиым салды. Осы кезде коммунистер белсенді қимылға көшті. 1925 жылдың 16-қарашасында ішкі істер министріне фашистік федерация ауданының хатшысы Лациале Сабина былай деп мәлімдеген болатын: «5-қарашада қалаға түгел коммунистердің үнпарақтары желімделіп таратылған. Тергеу барысында қалада үлкен астыртын коммунистердің ұйымы бар екендігін анықтадық....».12
Осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан жағдайда Кеңестік Ресейді қорғау үшін күшті қозғалыс жүре бастады. Италиядағы социалистік партияның ұсынысы бойынша 1919 жылдың 20-21 шілдесіне Кеңестік Ресей мен Венгрияны жақтап халықаралық көтеріліс тағайындалған болатын. Осы көтеріліске Англияның, Францияның және Италияның еңбекшілері қатысуы керек болатын. Көтерілістің басты мақсаты Ресейдегі революцияға қарсы күштерге қару-жарақ жөнелтпеу және жабдықтамау болатын. Грузияға жөнелтеміз деген әскери Италия күштері Нитти үкіметі билікке келген соң тиым салынды.
1919 жылдың қыркүйегінде жазушы ДАннунцио өзі басқарған легионерлер отрядымен бірге Фиумды басып алды. Бірақ ол бұл әрекетін үкіметтің келісімінсіз жүзеге асырды. Оның осы әрекеті парламентаризм негіздеріне кері әсерін және Италияға конституциялық мемлекет ретінде беделіне нұқсан келтірді.
Осы кезде күзгі егін егу басталарда шаруалар өз бетінше әлі өңделмеген мемлекет жерін басып алып иемдене бастады. Партиялар парламент сайлауларына қатысатын кез келді. 1919 жылдың қарашасында сайлау науқаны өтіп, ресми деректерге сәйкес парламенттегі 499 орыннан социалистік партия 154, Халықтық партия – 99, либералдардың әртүрлі топтары – 181, басқалары - 65 орын алса, фашистер бірде бір орын алмады.13
Социалистік партия қалың көпшілікті тығырыққа тіреген соң коммунистер революциялық әрекеттерді насихаттаумен қызу айналыса бастады. Қайта құрушыларға қарсыласа отырып коммунистер социалистік партия туғызған сенімсіздікті сейілту мақсатында пролетариатты революцияға үгіттей бастады. Коммунистік партияның құрылуы италия пролетариатының ұрысқа қабілетті бөлігіне ықпал етуге бірден ұласты. Бірақ Италияда коммунистік партия пайда болған кезде елдегі таптық және саяси күштердің қатынасында жалпы күрт өзгеріс басталды. Дәл осы кезде фашизм пайда болды. Себебі 1920 жылдың қыркүйегіндегі оқиғалардан кейін италия буржуазиясының басым көпшілігі либералды мемлекетке және парламентаризмге сенімін жоғалтты. Италия буржуазиясының арасында еңбекшілердің революциялық қозғалысын қарулы күшпен басып-жаншуды қолдайтындар көп болды.
I.3. Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиғалар және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы
1921 жылы жалпы шаруа ортасынан соғыс кезінде байып шыға келген меншік иелерін бөлу процесі өтті. Жағдайын жақсартып алған шаруалар аграрлық бірлестіктер құра бастады. Өздерінің жерін қорғау үшін өзін өзі қорғау отрядтарын жасақтай бастады.
Жерді өңдейтін адам алу керек деген лозунгымен фашистер саяси, кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдарды тонап өртей бастады. 1921 жылғы деревняларды қирату аграрлық фашизм деп аталды. Ал қалаларда фашистерге пролетариаттардың ұйымдасқан көпшілігі қарсы тұра бастады. Соның өзінде оларға да фашистер тарапынан қиянат жасалынды. Атап айтсақ, 1921 жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде фашистер еңбекшілер ұйымының 726 ғимаратын (социалистік және коммунистік партиялардың секцияларын, кәсіподақтарды, кооперативтерді, газет редакцияларын т.б.) талқандап тонады. Бұрыш-бұрышта фашистердің адамдарды өлтіріп кетуі, демонстрацияларға шабуыл жасау, қорқытып-үркіту т.б. жаппай орын ала бастады .
Фашистердің алғашқы кезден бастап пролетариатқа және революцияға қарсы сипаты анық аңғарылып тұрды. Сонымен қатар ол бүкіл жариялылық тәртібіне қарсы бағытталған болатын. Фашистік шабуылдың объектілері тек ғана социалистік және коммунистік партиялардың жергілікті ұйымдары емес, сонымен қатар жергілікті буржуазиялық партиялардың, республикалық және либералдық ұйымдардың ғимараттары да болды.
Әрине, фашистердің осындай шабуылдары басқарып отырған либералды буржуазияның саяси ортасының қорқынышын пайда қылды. Осының нәтижесінде фашизм жайлы түрлі пікірлер қалыптасты. Олардың кейбіреулері фашизм арқылы реакциялы мемлекет құруға болады десе, екіншілері революциялық қозғалысқа күресуде таптырмайтын құрал деп шешті. Соңғы пікірді жақтаушылардың бірі премьер-министр Джолитти болды.
Осындай жағдайда Италияда фашистерге қарсы күрес ұйымдастыру ең қиын мәселенің бірі болатын. Фашистерге қарулы қарсылық ұйымдастыру кейде мүмкін бола қоймайтын. 1921 жылдың алғашқы айларында фашистердің қоқан-лоққысына қарсы тұрудың кең тараған түрі ол қарсылық ретінде көтеріліске және демонстрацияға шығу болатын. Осындай көтерілістің бірі 1921 жылдың 25-қаңтарында «Дифеза» газетінің баспаханасын фашистер талқандағанда Флоренцияның жұмысшылары қарсылық ретінде жаппай көтеріліске шыққан болатын. Сол кезде фашистердің террорына қарсы ең ірі көтерілістер Вивенцеде, Болоньеде, Верчеллиде, Пизеде, Мортареде, Ливорнода орын алды.[14] Турин қаласында фашистер еңбек Палатасын өртеп кеткенде сәуір айының соңында үлкен көтеріліс болып, жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Көтерілісті басу тек ғана қалаға ауыр артиллериямен әскери бөлімдерді енгізгенде ғана қол жеткізілді.
Жұмысшылардың фашистерге қарулы қарсылық көрсетулері жиілей бастады. Ең маңызды деген оқиғалардың бірі Флоренциядағы фашистерге көрсетілген қарсылық десек болады. 28-ақпанда фашистер бұл жерде теміржолшылардың тоқсаныншы секциясының хатшысы коммунист Спартако Лаваньиниді өлтіріп кеткен.[15] Осыған наразылық ретінде теміржолшылар кәсіподағы көтеріліс ұйымдастырып, оған қаланың көптеген халқы қатыстырылды. 1-наурыз күні Флоренцияда нағыз көтеріліс басталды. Фашистер мен жұмысшылардың арасындағы қақтығыстар Сан Фредианода, Порта дель-Пратода, Кавура алаңында орын алды. Көптеген көшелерде тосқауылдар қойылды. Қалаға атты әскерлер енгізіліп, броневиктер мен артиллерия әкелінді. Әскер күшімен жұмысшылардың қарсылығы жаншылды.
Осыдан бастап Италияда фашистер мен антифашистердің қарулы қақтығыстары күндегі үйреншікті нәрсеге айналды. Фашистер жақсы қаруланған болғандықтан және полиция оларды жақтағандықтан үнемі жеңіске жетіп жүрді.
Фашистерге қарсы көтерілістер ұйымдастыруда кәсіподақ ұйымдары – еңбектің жалпы конфедерациясы, Италияндық кәсіподақ бірлестігі, теміржолшылар одағы үлкен рол атқарды. Бірақ олар тек ғана күресудің кәсіподақтық жолын ғана таңдайтын, ең негізгісі көтеріліске шығу болды. Кеңірек алатын болсақ еңбекшілердің фашистерге қарсы күресі тек пролетариаттың саяси партияларымен – социалистік және коммунистік партиялар арқылы ұйымдастырыла алатын еді.
Қатардағы социалистер мен коммунистер еңбекшілердің фашистерге қарсы күресінде ерекше рол атқарды. Бірақ бұл партиялардың ең негізгі кемшілігі фашизмге қарсы күресудің ортақ саяси жолын таңдап ала алмағандығында.
Социалистік партияның жетекшілері фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың тиімділігіне сенбеді. 1921 жылғы 18-ақпандағы шешімдерінде олар біздің жолдастарымыз ешқандай арандатушылыққа көнбесін, мүмкіндігінше социализмге және партия дәстүріне тән әдістермен күрессін деген болатын. Олар фашизмге мүмкіндігінше кәсіподақтың күшін қарсы қою керек деп шешті. Парламент пен үкімет фашистердің басқыншылық әрекетіне тосқауыл қою керек деп ұйғарды. Фашизмге қарсы бұл әрекет бәсең қарсылық деген атқа ие болды.
II-тарау. Фашистік Италияның импералистік жағдайының күшеюі.
II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердің ішінде жеңілген мемлекет» болып қала берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны - 46 млрд. лир, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт кемітті. Егістік қысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды, инфляция күшейді. Жұмыссыздық жайлап, халықтың жағдайы тым нашарлап кетті.16
Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы күрделенді. Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.
1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555 мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.
1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобының арасында бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура жүйесінде дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Әскер мен полиция елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жылдың қаңтарында Халық партиясы құрылды. Оның бағдарламасы: помещик иеліктерін сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т.б.
Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып жіберген Бенито Муссолини «күрескер топтар», ал жазушы Габриэле Д'Аннунцио легионердердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері қаржыландырды. Олар 15 сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет «Аванти» («Алға») редакциясына террорлық шабуыл жасады.17
Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады. Екі лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат; екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.
Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды. Лидерлерінің бірі – Соннино, кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді, Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесін шешуді, Орталық және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткен болатын. Муссолини «Пополо д Италия» (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға ие болуы керек дегенді насихаттады.
Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны аннексиялауға қарсы шықты.
Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармен туған қақтығыс Орландо үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкаға кетуге мәжбүр болды. Нитти бастаған жаңа кабинет Грециямен кұпия келісім жасасты. Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фиуме, Далмация мәселесі бойынша қанша талпынса да келісімге келе алмады.
Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл сыртқы саясаты ұлтшылдар мен фашистердің ашу-ызасын тудырды. Ұлтшылдар «Фиуме немесе өлім!» деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы Д'Аннунцио өзінің «легионерлер» отрядымен Фиумені басып алды. Итальян генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық көрсетпеді. Фиумеде Д’Аннунцио “республика” жариялады. 16 қараша 1919 жылы парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық
жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді (5,6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді. Оңдаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат). Алғаш рет сайлау күресіне қатысып, халықтың арасында әр түрлі уәделер бергенімен ол толық жеңіліс тапты.18
Дегенмен парламенттік сайлау аяқталса да саяси күрес тоқтамады, өрши түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерін құқықтарын шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Туринде жалпы ереуіл болып өтті. Турин жұмысшыларының күресін солшыл социалистер Грамши, Тольятти басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың бүкіл жұмысшылары қолдады. Бірақ он бір күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920 жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті. Кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Бұл Италия фабрика завод жұмысшыларының үлкен бас көтеруіне түрткі болды. Жұмысшы қозғалысы көп ұзамай-ақ Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялық дағдарыс жалпыұлттық сипатқа ие болды.
Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың маусымында өкімет басына келген Джолитти үкіметі мен кәсіпкерлер қарулы күш қолдануға батылы жетпей, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын енгізу, жалақыны 10-20% көбейту туралы уәде берді. Жалпы еңбек конфедерациясының Д'Арагон бастаған реформистері бұл уәделерді жұмысшылардың үлкен жеңісі деп түсіндіріп, буржуазияның Италия тарихындағы жүмысшылардың наразылығын басып тастауға көмектесті. Халықтың қозғалысынан үрейленген социалистік партияның басшылығы қозғалысты басқаруға дәрменсіз болды және Джолитти мен Д'Арагонның келіскендігін де ашып көрсетпеді. Халық алданды, қымбатшылық өсті, жұмыссыздық көбейді.
1920 жылдың күзінде Джолитти үкіметі Серб-хорват-словен корольдігімен даулы мәселелерді уақытша реттеді. 1920 жылдың 12-қарашасындағы Раполль бітімі Фиуме өзінің маңайындағы жерлерімен «Фиуме ерікті мемлекетіне» айналуы керек деп көрсетті. Италия Далмациядан Царь портын, Адриат теңізінен бірнеше аралдарды иемденді. Д'Аннунцио Фиум жөніндегі келісімді мойындамады, тек итальян үкімет әскері бомбылайтын болған соң ғана оны тастауға мәжбүр болды. Он алты ай өмір сүрген Д'Аннунцио «республикасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.
II.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс
1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жұмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жұмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитет сайлау солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді.19 Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың калыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.
Фашизмге қарсы барлық жұмысшылар қауымы бірлесіп күресуге бел буды. Осы кезде пролетарлық қорғаныс комитеті құрылды. Осындай комитеттің бірі Генуде жылдың шілдесіндегі фашизмге қарсы манифестацияда рим пролетариатының қорғанышы ұйымын құруда үлкен рөл атқарды. Олар Италияның көптеген қалалары мен аудандарында фашистерге қарсы қарулы қақтығыстарға қатысты.
Социалистік және коммунистік партиялардың өрескел қателіктеріне қарамастан еңбекшілердің фашизмге қарсы күрестері 1921 жылдың жазында өсе бастады. 1934 жылы Италияның комунисттік және социалисттік партияларының арасында қимыл жасауда бірігу пакт жасалды. 1937жылы бұл пакт жалпыға таратылды. Жалпы саяси бағдарлама жасалды. Италияндық фашизмге қарсы қимыл біркелкі өте жарқын көрінді. Италиян-германдық фашистік интервенцияда, Испаниядағы ұлттық-революциялық соғыс кезінде италиян антифашистерінің саны мың жеті жүзге жетті.
Ұлттық- демократиялық республика үшін күрестің бағдарламасы Италияның коммунисттік партиясы жасаған, соның негізінде жасалған 1938жылы Италияның өзінде антифашистік ұйымның құрылуында маңызды рол атқарды. Бұл резолюцияның негізгі элементтері ИКП-нің бағдарламалық құжаттарында жазылды.
Коммунисттік және социалисттік партиялар қозғалысындағы жаңа хартия.
1937жылы 26 маусым
Италияның комунисттік және социалисттік партиясы Испанияда да фашизммен соғысқа қарсы куресе білетінін көрсете білді. Толық, нақты бірігіп жасалған шешім жеңіске жеткізді.
Келесі пунктер жаңа хартияны құрайды.
Италияның комунисттік және социалисттік партиясы байланыстарды
күшейту шешімін қабылдады, яғни оларды біріктіретін жалпы саяси қозғалыста және күнделікті практикалық жұмыста олар байланыстардың бір-бірімен нақтылығын екі партия арасындағы біріккен фронт формасын антифашистік күштің италиядағы бірігу жағдайын қарастырды.
Кластың және саяси күрес екі партияның да бірігуіне жол ашады яғни бұл партиялар халықты бостандықтары үшін күресуге, демократиялық республика орнатуға шақырды. Халықты нанмен қамтамассыз етуге тырысты. Фашизмнің жойылуына бірігіп шаралар жасайды.
Бұл мақсаттар орындалу үшін партиялар фашизмге қарсы барлық антифашистерді партиялар мен ұйымдарды бір орталыққа жинады.Олар бір уақытта Италияда италияндық халықтық фронтты қабылдады.
Фашистік күрестің ішкі және сыртқы саясатына қарсы бұқаралық соғыс фашистік режимді жоюға бағытталды. Екі партия да фабрикаларда, қала кварталдарында , жастар орталығында, ауылдарда мектептерде, армияда өздерінің яғни экономикалық және саяси талаптарды орындатуға мойындарына үлкен жауапкершілік алды. Осы мақсатты пайдалана отырып фашистік режимнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. Екі партия да Испан республикасының көмегіне сүйенді оның халқымен, армиясымен, үкіметімен тығыз байланыста болды. Олардың алдында бір ғана мақсат тұрды, барлық күштерді фашистерге қарсы жұмылдыру. Муссолини саясатына қарсы шығу, Берлин –Рим белдеуін жою мақсаты тұрды. Екі партияда әлемнің халықаралық саясатына сүйенеді, яғни Ұлттар лигасын нығайтатын жүйе негізінде агрессияға қарсы саясат ұстанды. Олар Совет Одағына қорғауға бірігуге және барлық елдердегі халық қозғалысының өрлеуін қолдауға, ұлттар лигасының уставын қабылдауға, фашист агрессорларына қарсы күреске, Испан республикасын фашистерден қорғауға бірікті.
Бұл екі партия бірдей социалистік интернационал жұмысшылары арасындағы қимыл бүлігін бақылап отырады. Олардың комунисттік интернационалмен , провсоюзды интернационалмен бүлігін қамтамассыз етеді. Бұл бірігуді әлемдік масштабта және әрбір жеке елдерде дамуын, фашизмге қарсы күрес тапсырмаларының бәрімен келісуі тиіс.
Екі партия да жұмысшы кластың бүлігін жауапкершілікке алды және оның фашизм мен капитализмге қарсы күресін ойдағыдай етуіне жағдай жасады. Жұмыс екі партия қызметкерлеріне жүктелді.
Екі партия да ұйымдағы секілді толық автономия сақтайды сол сияқты теоретикалық қатынаста да олардың әрбірі өздерінің қызметтерін жалғастырады, құқықты пайдалана отырып ой-пікірді, ұсыныстарын теориялық және тактикалық түрде ашық айтады.19
Фашистердің ұстанған қағидасы: барлық жеке және топтық мүдделер нәсілдің мүддесіне тәуелді болуы керек. Фашизм дегеніміз саяси, әскери және экономикалық ағза деп өз бағдарламаларында көрсетті. Алғашқы съезін өткізе салып олар осы аталған үш бағыт бойынша әрекеттерін күшейте бастады. 1922 жылдың қазанында социалистік партияның он сегізінші съезі өткізіліп, максималистер мен реформистердің фашизмге қарсы күресудегі партияның ұстанған саясатына баға беруде пікірталастар туындады.
1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы Де Никола фашистер мен социалистер арасында «ымырласу пактісін» (Пакт умиротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. Муссолини және Социалистік партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы құрылған) бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің дұрыстығын Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра берді. «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де жоқ. 20
Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағын (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанымен, оның реформистік бағыттағы жетекшілері пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы Еңбек Одағы фашистік террорға қарсы жалпы саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді. Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса да, кейбірі ереуілді тоқтатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен арасын алшақтауға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.
Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына жол ашты. Финанс капиталының үстем болуы өнеркәсіп конфедерациясы, әскердегі басшылық король сарайы, Ватикан -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық көрсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрылды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мыңға дейін), жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауына алынды. Фашистер жұмысшыларды, коммунистерді аяусыз қудалап, террор ұйымдастырды. Мәселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистер Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан.[21 Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.
Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелік диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылды. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық кауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «заңдылық», «заңсыздық» деген ұғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым құру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті. 22
1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты. Ол автордың атымен Ачербо заңы деп аталды. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол койды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокқа - 4.5 млн., қалған партияларға - 3.5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандаттарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар – 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішінде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына заңды түрде үшінші рет келуі:
бірінші - корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі;
екінші - парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі;
үшінші - сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.23
Достарыңызбен бөлісу: |