Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары»



жүктеу 1,25 Mb.
бет2/4
Дата21.12.2017
өлшемі1,25 Mb.
#5344
түріДиплом
1   2   3   4

Балалар оқуы: мәселелері мен шешу жолдары.

Францияның белгілі жазушысы Марсель Пруст оқуды сиқырлы кілт деп атап, кітаптың маңызын тура анықтап берді. Бұл балаға өзін қоршаған әлемнің есігін, және ең бағалысы өзінің ішкі әлемін, яғни өзін - өзі тануға көмегін тигізетін сиқырлы кілт.

Кітаптың қабылдануын толық қарастыру қажет.

Оқушы мәтін, мазмұнын қабылдайды, оқып отырған мәліметті өзіне алады, оның мазмұнын миына сіңіреді. Оқып отырған мэтін мазмұнына өз көзқарасымен қарайды: келіседі немесе келіспейді, өзі бейнесін жасайды, салыстырады және бағалайды. Жазушы оқырманды жетелейді, фантазия, эмоцияға бағытталған «күш линияларын» құрады.

Осылайша, қабылдау объект көлемінен ауқымды болады.

Балаларға білім берудегі кітапханалардың ролі.

(Шымкент қаласының оқушыларына жүргізілген микрозерттеу бойынша)

Қанша адам сонша пікір.

Біз кітапты тілге тиек еткенде бір ғана нәрсе ойға келеді. Даналықпен біліммен және тәжірибемен танысу және оқу қажет. Бұған ешкім таласпайды. Ал шындығына келгенде қалай?

Алынған жауаптар тақырыпқа ауқымды қарауға мүмкіндік береді.

Бірінші сынып оқушылары. Бұл ерекше топ. Балалар енді — енді өздігінен оқуды үйреніп жүр, бірақ кітапханаларға келеді. Олардың 20 % -сабақ тапсырмасын орындауға, 10 % - өздігінен білім алуға, 40 % - үйдегі кітаптың жетіспеушілігінен, 30 % - басқалай себептермен кітапханаға барады. Бұл балаларды зерттеуде кітапханалардың тек қана плюстері, қажеттілігі айтылады, бірақ біз оқырман залдарында отырған кішкентайларды көрмейміз. Негізінен олар көркем әдебиет пен тарихи кітаптарды оқиды. Бірақ «кітапханадағы Интернет» нұсқасы бос қалады. Және соңғысы балалар кітапхана мен Интернеттің кемшіліктерін неге көрмейді? Бұл тәжірибенің жоқтығынан, яғни кішкентайлар үлкендердің мәселелерін соңына дейін түсінбейді.

Екінші топқа 2 - ші және 4 - ші сынып оқушылары жатады. Бұл топтың балалар мен қыздарының арасындағы жауаптардың азғана айырмашылығы бар. (тақырып таңдауы: қыздарда - поэзия, балаларда - автомобильдер мен энциклопедиялар). Кітапхананың плюстері мен минустарын салыстырғанда бұл топта әлі де болса кітапхананың плюстері басым (жұмыс уақытының қолайлығын, кітаптардың көп түрлілігі, қызықты кітаптар).

Үшінші топ - 5 - ші, 6 - шы сынып оқушылары. Жауаптарды таңдауда оларда мұқияттылық сезіледі, олардың анкеталарында барлығы бар: мәселені бала ретінде қабылдау да, және кемшіліктерді ересек көзбен қарауда. Бұл жастағылар - кітапхананың нағыз оқырмандары.

Және ең соңғысы төртінші топ жоғары сынып оқушыларын біріктіре (7 - ші класстан бастап). Бұлардың кітапханаға келу себебі «үй кітапханасындағы кітаптың жетімсіздігі», әсіресе бітіруші түлектерде.



Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.

Бүгінгі күні балалар кітапханасы жан-жақты дамыған, мүмкіндіктері кең, көп салалы құбылыс.

Біз кітапхана жұмысының іс-тәжірибесіне көбірек, тереңдеп ой жүгірткен сайын, олардың жан-жақтылығы таңғалдырады. Бұл заңды құбылыс. Бүгінгі кітапханасы бұдан 7-8 жыл бұрынғы монолиттер емес, бүгінгі кітапханалардың жұмыстарының негізгі ерекшеліктері мен белгілері олардың:

- іздемпаздығы

- жаңашылдығы

- біліктілігі болып отыр.

Міне бүгінгі Ы.Алтынсарин атындағы ОБК-ның уақыт талабына үндесе отырып кітапханаға, кітапқа деген балалардың қызығушылығын арттыру арқылы кітапханаға тартудың түрлі жолдарын қарастыру мақсатында жүйелі іс-шаралар ұйымдастыруда.

Кітапханаға баланы кітап оқуға тартудың әдістері бүгінде күрделі комплексті, көп аспектілі өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде жүйелі әдісті қолдану тиімді.

Жүйелі әдістер деп отырғаным кітапханада балалардың кітап оқуын ұйымдастыру, олардың кітапханаға жүйелі келуін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды шарттары мен бағыттары. Біздің кітапхана бұл бағыттар мен шарттарды мынандай бірнеше блоктарға бөліп қарап, іске асырып отыр:

1. Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени дамуы көрсеткіштері (логикалық ойлау, көңіл бөлу, есте сақтау қабілеттері, шығармашылық мінез-құлық, қарым-қатынас қабілеті т.б.)

2. Балалармен жұмыс істейтін кітапханалардың негізгі қызметтері (ақпараттық, білімділік, тәрбиелік, бос уақытын тиімді пайдалану т.б.)

3. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.

4. Кітапханалық жұмыстың түрлері (жеке және көпшілік, көрнекілік, реклама т.б.)

5. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық мақсатта жұмыс істеуі.

6. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс.

7. Ата-аналармен жұмыс.

8. Жүйелі тұрғыда кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.

Енді кітапхана қабырғасында атқарылып жатқан түрлі бағыттағы жұмыстарды пайдалана отырып, қазіргі таңдағы баланы кітап оқуға тартудың жоғарыдағы аталған әрбір блоктарына тоқталайық:



1. Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени даму көрсеткіштері.

- бұл баланың кітап оқу мүмкіндігін қарастыра отырып, қызығушылығын білу.

Біз баланың өсу жолына, қоршаған әлемді тани білуге, азаматтық және өнегелік көзқарасын қалыптастыруға көркем әдебиеттің маңызы зор екенін білеміз.

Соңғы жылдары кәсіби басылымдарда айтылып жүргендей психологиялық зерттеу жұмыстары мынандай қарама — қайшы құбылыстардың орын алып отырғанын көрсетті:

- мектептегі оқу процесінде берілген білімнің іс-жүзінде пайдалану кезінде балалардың ақыл-ойының дамуында баяулық бар екені байқалды. Әрине, мұндай жағдайда оқу мен дамудың арасында қарама - қайшылық пайда болады. Осы мәселені шешетін жол табу мақсатында кітапхана қабырғасында «ОБК - оқырман көзімен» атты зерттеу жұмысы жүргізілді.

Зерттеу базасы кітапхананың қызмет көрсету бөлімдері болды.

Жалпы сұранысқа 319 оқырман (1,5%) қатысты. 319 респонденттің 67% кітапханаға жиі келетіндер. 228 респондент, бұл 70% кітапханамен қатынасын жақсы дәрежеде көрсеткен, 8 - қиналады, 30 - бейтарап, ал 53 - і бұл сұраққа жауап бермеген. Бұл әрине ойланатын нәрсе болды.

Респонденттің 57% сүраныстағы әдебиеттердің барлық уақытта орындалатынын, 8% сирек, қалған 34% көпшілігінде орындалады деп атаған.

200 респондент өздерінің қызықтыратын әдебиеттердің жеткілікті екенін, ал 37% толыққанды емес екенін көрсеткен.

161 респондент (50%) біздің іс-шараларға қатысқан, 104 (32%) іс-шаралар туралы, олардың болатынын да білмейді екен.

Ал кітап көрмелерінің маңыздылығы мен мақсаттылығы туралы сұраққа 193 респондент (61%) олардың пайдалы екендігін, 56 респондент (17%) оларға мән бермейтіндігін көрсеткен.

Кітапхана несімен ұнайды деген сұраққа - қызмет көрсетуі, жайдың ыңғайлы әдемі екендігі, ксерокстің қызметі, кітап қорының жиі жаңартылып тұратындығы, кітапханашылардың жақсы көмек ететіндігі, тазалығы.

Ұнамайтындығы: - оқу залындағы орынның аздығы, кезектің көп болатындығы;

- фантастикалық жанрдағы, абономенттегі мектеп бағдарламасына көмекші әдебиеттердің, және жасөспірім қыздарға арналған көркем шығармалардың әсіресе қазақ тілінде аздығы.

Келесі бір осындай зерттеу жұмысы өткен 2006 жылы облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен облыс тұрғындары арасында ауылдық кітапханалардың қажеттілігі, жаңа заман талабына орай оның міндеті мен ролі туралы сұраныс жүргізілді. Сұраныс Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Бэйдібек аудандарында өткізіліп, оған 2278 ауыл тұрғындарынан респондент тартылды.

Сұранысқа қатысқандардың 87% пайызы ауыл кітапханаларының оқырмандары.

Барлық респонденттер ауылға кітапхананың қажеттілігін көрсете келіп, кітапхана бүгінгі таңдағы бірден - бір ауылдағы мәдени - ақпарат ошағы екенін айтады.

Кітапхана жұмысындағы не ұнайды? - деген ашық сұраққа негізінен:

- кітапханашының жауапкершілігі

- кітап таңдаудағы көмегі

- көпшілік іс-шаралар өткізуі деп жауап алынған Не ұнамайды? - деген сұраққа

- кітапхананың материалдық - техникалық базасы

- жаңа кітаптардың аздығы

- қазақ тіліндегі көркем және сала бойынша әдебиеттердің, балалар әдебиетінің, мектеп бағдарламасына көмекші әдебиеттердің, жергілікті және республикалық басылымдардың жоқтығы делінген.

Бұл зерттеудің нэтижесінен біз жергілікті тұрғындардың ауылдағы бірден — бір мәдени ошақ — кітапханаға деген қызығушылығының, қажеттілігінің артқанын көреміз.

Ал кітапханада өткізілген зерттеу жұмысын тұжырымдай келе, бұл мәселені меңгеруді жүйелі түрде іске асыру көзделіп отыр.

Атап айтатын болсақ:

- кітапхананың кітап қорын жетілдіру,

- кітапханада насихат жұмыстарын жандандыру,

- жарнама жүйесін дамыту,

- оқырмандар сұранысын қанағаттандыру жолдарын жетілдіру. Мұнымен қоса кітапхана оқырмандарға ғылыми - танымдық және көркем әдебиеттермен насихаттау мақсатында бірнеше қызығушылық клубтар жұмыс істейді. «Өркен», «Балапан», «Музыкальный перекресток», «Академия юных художников» клубтарының мақсаты әдебиеттерді дәріптеу арқылы балалардың бойына әуесқойлық, қызығушылық, байқағыштық қабілеттері жетілдіруі.

2. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану деп – 4 бағытта қарауға болады.

Ақпараттық қызметті - бұл балаларға ең қажетті ақпараттарға -энциклопедия, ғылыми-танымдық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, жеткізу мүмкіндігіне ие болу. Бұл жерде қордың да атқарар ролі үлкен.

Ақпарат көздерін кеңінен дамыту оқырмандардың ақпараттық іздену әдістері маңызды саналатыны сөзсіз. Іс — тәжірибеде байқағанымыздай бүгінгі күні кітапханашыларға күнделікті мәселе саналып отырған балардың баяндама, реферат, шығарма т.б. дайындаудағы өз мүмкіндіктерін аша алмауы кітапханашыларға міндеттерді жүктейді. Бұл дегенім оқырмандардың кітаптардағы ақпарат жүйелерін, соңғы технологияларда қолдануының маңыздылығын атаған жөн, бұл жерде кітапхананың да ролі үлкен.

Міне осылайша кітапхананың негізгі қызметінің бірі білім-беруге өтеміз.

Білім-беру қызметін іске асыруда балалардың көркем әдебиетке қызығу белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұл оқырман есейген сайын күрделене түсетіні белгілі. Бұл жерде кітапхананың басты көмекшісі әрине – кәсіби әдебиетшілер, жазушылар, көркем-сөз шеберлері, өнер саңлақтары.

Кітапханада соңғы 4 жылдың көлемінде «Алтынсаринның қонақжай шаңырағында» атты айдардың кездесу кештері өтіп тұрады.

Қонақжайға жергілікті ақын-жазушыларымыз, өнер қайраткерлері шақырылады.

Бұл жөнінде толығырақ кітапхананың шығарған «Алтынсаринның қонақжай шаңырағында» - шығармаларынан білесіздер.



Тәрбиелеу қызметі.

Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын рухани тәрбие жұтаңдығы психологиялық білімнің және әдістемелердің жетіспеушілігі бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да кітапханашыға көркем әдебиеттегі және өнердегі үлгі өнегелерді тани біліп балалармен жоғары эстетикалық және этикалық қарым-қатынас жасай білуге қол жеткізуі өте маңызды саналады.

Кітапханада өткізілетін әрбір іс-шара тәрбиелік тұрғыдан орын алатыны белгілі. Кітапхана табалдырығын аттаған әрбір оқырманмен кітапханашы арасындағы тіл табысу, түсінушілік әңгімелері: «олардың ықыласпен күтіп алып, көмек көрсетуге әзірлігін білдіру» кітапхананың басты ұраны.

Бұл біздің - кітап таңдауға көмегіміз

- көрмелермен таныстыру

- бірлесіп кітап таңдау және талдау жұмыстары.

Келесі бағыт кітапханада «бос уақытты тиімді пайдалану» қызмет. Кітапхана өз іс —тәжірибесінде «бос уақытты тиімді пайдалану» қызметін 3 бағытқа бөліп қарайды.

1. Бос уақытта баланың еліктейтін әдебиеттерін оқытуды көздеу.

2. Оқырмандар арасында қызықты және пайдалы шығармаларды, қолөнер жұмыстарын коллекция және т.б. жасауды дамыту.

3. Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысу көздеу (клуб жұмысы, көрмелер, түрлі сабақтар т.б.)

4. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.

Жасөспірім оқырмандардың және балалардың кітап оқуын ұйымдастыруда кітапхана мүмкіндіктерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені, соңғы жылдары балалар кітапханасының оқырман аудиториясы кеңейтіліп отыр. Тіпті кітапханаға 1,5-2 жастағы балалар да келетін болады. және 10-11 сыныптың оқушылары да балалар кітапханасынан пайдаланады. Бала-бақша жасындағы балалардың психикасының дамуына әдеттегіден тыс айқын әсерлер, фактілер қатты әсер ететіні белгілі. Осыған орай, қазіргі баспалар балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін кітапханашыларға мол мүмкіндіктер беруде. Қазіргі шығып жатқан балаларға арналған танымдық әдістемелік «аяқты кітаптар», «көз бар кітаптар», «жастықша кітаптар», «театр кітаптар», «алып кітапшалар» балаларды қызықтырмауы мүмкін емес.

Ең бастысы осындай кітаптар кітапхана қорынан орын алып балаларға ашық пайдалануға берілгені дұрыс. Балабақша жасындағы оқырмандардың ой - танымын дамыту маңызды болғандықтан кітапханашылар олармен белсенді және сезімтал жүрекпен жұмыс істейді. Балалардың осы кезеңде алған білімдері мектеп қабырғасындағы алғашқы жылдардағы сыртқы дүниені қабылдауға және есте сақтау қабілетін арттыруға, ой — танымын дамытуға негіз бола алады.

Бастауыш класс оқшыларымен жұмыс істеуде олардың әдебиет жанрларына қызығушылығын қолдау да маңызды. Мұны ашық кітап сөрелеріндегі көрнекіліктер және түрлі - түсті кітап көрмелерінің көмегімен іске асыруға болады.

Бастауыш класс оқушыларының кітапқа құмарлығын ояту олардың алдағы өмірде жақсы дамуына жол ашады.

Сондықтан, бастауыш класстардан бастап балаларды түрлі ақпарат көздерін пайдалануға үйрету өте маңызды. Мектеп жасындағы балалардың ой-танымын қалыптастыру үрдісі олардың болашақ өмірінде үлкен роль атқарады. Сондықтан да, кітапханада жасөспірімдердің кітап оқуын ұйымдастыруда өзі оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерге баға беру, пікір айту, оларға үлкен әсер етеді. Жүйелі ықпал етуді қолдану жоғарыда қарастырылған әдістемелерге, формаларға және жұмыс бағыттарына қайта назар салуды мойынға жүктейтінін айта кету керек.

Әдістемелерді қайталау жүйенің тікелей ерекшеліктеріне және олардың өзара тығыз байланысына тікелей қатысты.

4. Кітапханалық жұмыстың түрлері: (жеке және көпшілік, көрнекілік, реклама т.ж.)

Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.

Кітапханада әрбір ұйымдастырылатын іс-шараны бастамас бұрын оны төмендегідей бірнеше басты кезеңдерге бөліп аламыз. Сөйтіп бағыттарды негізгі ала отырып іс-шаралар ұйымдастырылады.

1. Мақсаттылықты көздеу.

2. Жоспарлау.

3. Ұйымдастыру және даярлау.

4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.

5. Күтілетін нәтижелер.

Бүгінде біздің оқырмандарымыздың өздері қабылдауына бағытталып жүргізілген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде қатыстыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс — шараны түрлендіре өткізу.

Кітапхананың іс - тәжірибесіндегі жандандырып түрлендіре отырып өткізіп жүрген көпшілік іс - шаралар олар оқырман бенефисі, аукцион, идеялар жәрмеңкесі, кітап премьерасы, саяси сайыс, әдеби музыкалық қонақжай, дебат, ойын түрінде өтікізілетін түрлі байқаулар, сайыс ойындар. Мен соның бір - екісіне тоқталайын.

Ы.Алтынсарин кітапханасында соңғы 3 жылдың көлемінде «Болашақ тұтқасы - бүгінгі үландар айдарымен», «XXI ғасыр майталманы» - атты интелектуалды шоу дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мұндай интелектуалды шоу ұлттық салт - дәстүр тәрбиесін жас ұрпақ санасына дарытуды мұрат тұлып, өнердің қайнар көздері: шешендік, білімділік, ақынжандылық, тапқырлық, имандылық, әдептілік, ақыл-парасатты қалыптастыруға сәтті қадамдар жасайды. Бүгінгі жас ұрпақтарымыздың білім саласын тексеру бағытында ұйымдастырылып жүрген бұл сайыстың маңызы зор. Бұл шоуға қала мектептерінің барлық талапкерлері шақырылады. Сайыс төменгі шарттардан тұрады:

1. Бәйге.

2. Полилот.

3. Көкпар. (тіл проблемасы)

4. Егер мен .... (белгілі бір тақырыпта, әкім болсам т.б.)

5. Ғажайып 7 пән (пән аралық жарыс)

6. Шешендік өнер (қоғамның өзекті мәселесін тақырыпқа алу) Кітапхана іс-тәжірибесінде белсенді орын алған келесі бір іс - шара

«СуперОқырман» байқауы. Байқаудың мақсаты оқырмандар арасында озатта, белсенді, іскер оқырманды табу.



5. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық мақсатта жұмыс істеуі

Балалардың кітап оқуын ұйымдастырудағы тағы бір өзекті мәселе кітапхана құрылымдық бөлімдердің бір-бірімін тығыз байланыста жұмыс істеуі.

Оқу залы - ақпараттық - библиография бөлімі;

- кітап сақтау және өңдеу бөлімі;

- көпшілік іс-шаралар секторы.

6. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс

ОБК - схемаға сипаттама беру. (схема тарату)

1. Мектептер, лицейлер, гимназиялар, пансионаттар. Мектептермен арнайы келісім шарт бойынша жұмыс жасалынады. Мақсаты:

- Оқушылардың іс-шараларға қатысуларын қадағалау.

- Мұғалімдерге көмек.

- Арнайы оқу жылына арналған іс-шара.

- Кітапханашылармен байланыс.

2. Балабақша:

- көшпелі кітап беру пунктері;

- тәрбиешілермен;

- іс-шараларға қатыстыру.

3. Жергілікті басылымдар, телестудиялар, реклама жүйесі.

4. Оқушылардың шығармашылық үйлері:

- обл., қалалық оқушылар сарайлары;

- обл., қалалық сауықтыру орталықтары;

- обл., экологиялық орталық;

- Ассо. Юнных лидеров (жас лидерлер ассосациясы);

- Дебат орталығы.

Барлығы балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға көзделінген.

5. - Арнайы жабық балалар мектебі;

- Қалалық кәмелеттік жасқа толмаған балалар инспекциясы.

6. Ұлттық мәдени орталықтар;

- қаладағы мәдени орталықтармен байланыс

7. Қаладағы кітапханалар

- мектеп және т.б. кітапханашылар;

8. Кітап сататын ұйымдар

- қорды жетілдіру, жаңарту;

9. Жергілікті әкімдер.

- қалалық, облыстық әкімдер жұмысы,

- бұл әсіресе ауылдық жерде маңыздырақ.



7. Ата - аналармен жұмыс істеу

- Баланы құрсақтан тәрбиелеу (кәсіби басылымдарға сүйене отырып)

- Л.Н.Лукзенің «Ата - аналарға арналған» статьясына тоқталу. М.К. 2004 №3

«Ата-аналарға арналған кеңес» - буклет:

- балалар поликлиникасы

- балалар - бақшасы

- перзентхана.

Әсті осылардың нәтижесі болу керек соңғы кезде жас ата - аналардың, сәби күтіп жүрген аналардың кітапханаға келуі жиі байқалып жатыр.

«Театр киім ілгіштен басталады» демекші, баланы кітап оқуға баулу ананың құсағынан басталады. Кейінгі кезде қалыптасқан «Білім мектептен тасталады» деген көзқарас қайта ойлауды қажет етеді. Бұл үрдіс отбасынан басталуы керек. Мектеп тек оқуға және жазуға үйретеді. Менің айтайын деп отырғаным, кітапқа деген сүңіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүруге алмауға баулу. Бұл мектептің негізгі міндеті болып саналмайды. Керісінше нағыз «отбасылық қызмет». Барлығы ерте балалық шақтан басталуы тиіс.

8. Жүйелі тұрғыда кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.

Бүгінгі таңда кітапханашылардың кәсіби шеберлігіне, білік өрісіне, зиялылық және танымдық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Күрделі және қырлы тапсырмаларды шешу сияқты балалардың кітап оқуын ұйымдастыру бағдарламасын іске асыру және табысты жоспарлау кәсіби дайындығы дамыған мамандардың ғана қолынан келетіні сөзсіз. Балалардың кітап оқуын ұйымдастыру проблемасын шешуде соған лайықты эмоциялық көңіл-күй түзу және кәсіби сауаттылықты көтеру үшін кітапхана қызметкерлері ең алдымен өз кәсіби шеберліктерін көтеруге ұмтылуы қажет.

Біздің кітапханада қызметкерлердің білім жетілдіру жүйесі төменгі бағыттарда жүргізіледі:

- ғылыми әдістемелік кеңес;

- кәсіби шеберлік мектебі;

- әдеби дастархан (кітапханашының ой-өрісін кеңейту);

- компьютерлік сауаттандыру мектебі;

Бұнымей қоса (Эффективный библиотекарь) «жігерлі кітапханашы» курсы келесі 3 бағатта жұмыс жүргізеді:

- қызметкерлерді басқару;

- басқару және жоспарлау;

- өзін-өзі басқару;

- кәсіби мобильдік (кітапхана қызметкерлерінің инновациялық және жаңа өзекті мәселелер төңірегінде дер кезінде хабардар болуы, жаңашылдығы, білімділігі, жылдамдығы).

Уақыт өзгерген сайын кітапхана саласындағы қызметте оның әдістері мен бағыттары да түрлене алға басуда. Демек біздің кітапханашыларымыздың да өз қызметіне деген таза сезімі, көрген көз айшықты еңбектері — жаңашылдығымен, біліктілігімен, іздемпаздығымен, білімділігімен алға басуы шарт. Ал бұл дегеніміз - мыңдаған жас оқырмандарымыздың кітапқа және кітапханаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Егемен еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ киелі шаңырақ білім ордасының табалдырығында шынығып, шыңдалатыны ақиқат.

Бүгіндегі атқарылар әрбір іс-шара бүгінгі күннің уақыт талабымен сабақтасып, заман ағынымен үндесіп жатса біз шығар меже де осы емес пе?

2. Балалар кітапханасындағы бұқаралық жұмыстардың түрлері.

Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың еншісінде. Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мағым тірегі болсын десек - XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі - кітапхана.

Баланы бастан десек кітапхана саласында әсіресе, балалар кітапханасына көбірек көңіл бөліну қажет. өйткені жастайынан кітап оқуға ынталанған бала - ертең жасөспірім оқырман. Ал келешекте көпшілік кітапхана оқырманы.

Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда да үлкен роль атқаратын жұмыс тәсілінің бірі - бұқаралық іс шаралар.

Бұқаралық іс-шаралар барлық көрнекті және баспа құралдарының жиынтығы арқылы, оқырмандардың белгі бір тобына ықпал етеді, яғни оқырмандарымыздың білімін, ой-өрісін байытатын әдебиеттермен қауышуына елеулі үлес қосады.

Кітапханада әрбір нақтылы жағдайға байланысты оқырмандар аудиториясының белсенділігін, кітаптарды насихаттауды тиімді тәсілдері мен түрлерін, әдістерін ұштастыра отырып әр түрлі өткізген жөн: мысалы, ауызша журнал, оқырмандар конференциясы, пікірталас, ауызша насихат, дөңгелек үстел т.б. түрлерін түрлендіріп өткізу қажет. Өйткені бүгінгі оқырмандарды өздері енжар қабылдауына бағытталып жүргізген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде ұйымдастыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан оқырмандарымыздың рухани жан дүнмесін байыту үшін «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар» - деген халық нақылын ескеріп, бүқаралық іс-шараларды түрлендіріп өткізіу қажет. Жалпы бұқаралық іс-шараларды 2-ге бөліп қарауға болады:

1. Ауызша насихат түрлері

2. Көрнекті насихат

Мен соның ауызша насихат түрлеріне тоқталайын. Алдымен ауызша өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың дәстүрлі түрлерін айтатын болсам. Олар:

1. Ауызша журнал.

2. Дауыстап оқу.

3. Ерлік сағаты.

4. Кітап премьерасы.

5. Портреткеші.

6. Кездесу кеші.

7. Ақпарат күні.

8. Библиография күні.

9. Мүдделестер клубы.

10.Поэзия сағаты.

11.Оқырмандар конференциясы.

Ал енді соңғы кезде жандандырып, түрлендіріп отырып өткізіп жүрген бұқаралық іс-шаралар түрлері:

1. Оқырман бенифисі.

2. Аукцион.

3. Әдебиеттер кафесі.

4. Идеялар жәрмеңкесі.

5. Дебат.

Ал ойын түрінде өткізіліп ңсүрген бұқаралық іс-шаралар:

1. Саяси сайыс.

2. Әдеби сот.

3. Дискотека.

4. Көңілді тапқырлар клубы

5. Әдеби музыкалық қонақ жай.

Кітапхана тәжірибесінде осы бұқаралық іс-шаралардың кез келген түрін өткізуге болады. бірақ олардың тиімділігі, нәтижелігі әр кітапхананың өз жағдайына және ұйымдастыру қабілетіне тікелей байланысты.

Жоғарыда айтқан бұқаралық іс-шаралдың кіші топта да, орта топта да жоғарға топтағылармен де өткізуге болады. Бірақ әр топта өткізу ерекшеліктері бар. Мысалы, кіші топта өткізілетін ауызша журналды жоғарғы топта өткізілетін ауызша журналмен салыстыруға болмайды. Жас ерекшеліктеріне қарай кіші топта өткізілетін ауызша журнал өте түсінікті, өткізілу уақыттысы жарты сағат немесе 45 минуттан ұзақ болмауы керек. Қолданылатын құрал тақырыбы өздеріне жақын болуы қажет.

Ал енді осы бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан төмендегі кезеңдерді алып қарауға тура келеді.

1. Мақсаттылықты көздеу.

2. Жоспарлау.

3. Ұйымдастыру және даярлау.

4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.

5. қол жеткізген нәтижелер.

Міне, осы бағыттарды негізге ала отырып іс-шаралар ұйымдастыр қажет.

1. Балалар мен көпшілік жұмысын өткізуге ең негізгі тек іс-шараны өткізу керек деген мақсат болмау керек. Керісінше өткізілетін кез келген іс-шара оқырман мен қарым — қатынас, күнделікті жұмыс әңгімесінің жалғасы сияқты, балаларға арналған ең жақсы кітаптар өзінен өзі насихатталатындай ойлануға, сезінуге мәжбүр ететіндей, сауатты сөйлеуге үйрететіндей болуы тиіс.

2. Бұқаралық іс-шараларды жоспарлаған кезде сол кезеңнің әлеуметтік жағдайын ескеру қажет. Яғни еліміздегі және әлемдегі:

- қоғамдық оқиғаларды;

- мемлекеттік мерекелерді;

- мерейтойлық күндерді;

- өкімет қаулыларын;

- қоғамдық мәні бар идеяларды негізге алу қажет.

Мысалы үшін біздің 2003 жылғы бұқаралық іс-шаралармыздың негізгі бағыттары:

- «Қазақстан 2030»

- «2003-2005 ауылды қолдау жылы»

- «Өткен тарих жолымыз»

- «Отанды сүю - Отанға қызмет ету»

- «Заң және біз»

- «Адамдар арасында өмір сүру де өнер»

- «Жер келер ұрпақ мұрасы»

- «Дені сау үрпақ - қоғам болашағы»

- «Біз және бізді қоршаған әлем»

- «XXI — ғасыр білім мен ғылым ғасыры»

- «Рухани мәдениеттік таным»

Міне, біз осы бағыттарды негізге ала отырып жоспар жасадық. Осы бағыттарымыздың біреуінің мазмұнын ашып беретін, бір ғана «Қазақстан 2030» бағытын жүзеге асыруүшін екі тарауға бөліп қарастырдық.

1. «Болашақ сендердің қолдарында» атты тарауда:

- «Жастай алған білімің, тасқа басқан таңбадай». (шығармалар байқауы).

- «Білім мен байлық, қайсысы артық?» (пікір талас).

- «Замандас, заман талабына лайықтысың ба?» (кәсіпкерлермен кездесу) жоспарланды.

2. «Қоғам мен жастар» тарауында:

- «Жастар мен билік» (әкімшілік адамдарымен кездесу).

- «Кәсіпкерлер мен фермерлерге сенің көзқарасын?» (дөңгелек үстел).

- «Қазақстанның жаңа ғасырдағы қадамы» (ел туралы толғаныс жоспарланған.

Яғни бұқаралық іс-шаралардың тақырыбы оқырмандарды ынталандыра түсетіндей актуальды болуы қажет. Сонымен, бұқаралық іс-шаралар түрлерін жоспарлау, дайындау барысында мектептермен, оқушылар сарайымен және басқа мәдени мекемелермен, творчестволық бірлестіктермен өз жұмыстарымызды үйлестіре отырып жүргізу тиіс. Және әр өткізілген іс-шараны кеңінен насихаттау мақсатында жергілікті мерзімді басылымдармен, телеарналармен тығыз байланыс орнату қажет.

Міне, мен балалар кітапханасындағы бұқаралық іс - шаралардың түрлері мен ұйымдастыру тәсілдерін айтып өттім. Ал енді өз іс тәжірибеде актуальды тақырыпта өткізген іс шарама тоқталып және бұқаралық іс шараны ойын түрінде өткізетін жаңа бір түрін ұсынсам деп тұрмын.

Ең алдымен «Ауылым алтын бесігім» бағытында өткізілген іс-шарадан бастаймын. Мүмкін, сіздер де өз жұмыстарыңызға пайдаланарсыздар.

Өздеріңізге белгілі Елбасы 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында алдағы кезеңді «2003-2005 ауыл жылы» деп жарияланған еді.

Ауыл туралы жазу да, ауыз толтырып айтуда оңай емес. Өйткені Кеңес өкіметі кезінде де, нарыққа көшу кезінде де бар ауыртпалықты жан терісімен сезінген ауыл. Біздің қай-қайсымыз болмасын түп тамырымыз сол ауылдан бастау алады. Ал енді сол аулымызды дамыту үшін, көркейту үшін Елбасының жолдауында көрсетілген бағыттарға сәйкес, әр мекеме өз міндеттерн атқаруда.

Бұл тұрғыда біздің кітпхана «2003-2005 ауылды дамыту жылдарына арналған бағдарлама» жасады. Біз сол бағдарламаны негізгі ала отырып, «Ауылдан шыққан дарынды бала» атты айдарымен «Ауылды ойлағаның -алдыңды ойлағаның» деген тақырыпта қазіргі айтыс түрін өткіздік. Айтысымызға қала мектеп оқушылары емес, ауданнан ауылдан шыққан дарынды балаларды қатыстырдық. Ол үшін облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп интернатымен, Қүрсай ауылдық №49 орта мектеппен және жас ақындар және аңыз жыр айтушы импровизаторлардың мемлекеттік мектебімен келісімге түрып, бірлесіп өткіздік. Айтыскер балаларымыз айтыс атты ұлтымыздың қүдіретті өнерінің қыры мен сырын оқырман жүрегіне терең себе отырып, ауыл тақырыбын жан-жақты ашты. Олар айтысу кезінде ауыл - қаланың асыраушысы, ауыл оңбай, қазақ оңбайды дей келіп, ауылды дамытудың жана сипаттарын айтты.

Бұл айтысты ұйымдастырудағы түпкі мақсатымыз, түп тамыры ауылдан бастау алған жастарымыздың рухани білімдердің толығуына жағдай жасау дарындарын ашылуына ықпал ету.

Бұл кітапхана ішінде өткізілген жаңа іс - шараның бір түрі. Ауыл, аудан балалары айтыс өнері ұшқырлай түссін деген мақсатпен және бүгін өздеріңіз көрсін деп «Буырқанған халықтың дауылпазы» атты Махамбет Өтемісүлының 200-жылдығына арналған кешімізге арнайы шақырып отырмыз.

Сонымен бірге биыл ана мен баланы қорғау проблемасының маңыздылығы өкімет тарапынан көтерілуде. Бізде облыс тұрғындарының 66 пайызын ауыл адамдары құрайды. Олардың жартысынан көбі әйелдер мен балалар. Сондықтан біз Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ана мен баланы қорғау бөлімімен бірлесіп «Ананың тән саулығы - ұрпақтың жан саулығы» деген тақырыпта деңгелек үстел ұйымдастырдық. Дөңгелек үстел басында оқырмандарымыз Азияның барысымыз, Еңселі егеменді ел болдық деп көкірек қағамыз. Елімізді алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына қосатын болашық ұрпақ десек, ал болашақ ұрпағымызда көбелек қыздар көбейіп, тастанды балалардың саны артуда. Оқырмандардың неліктен деген сауалдарына ОСӨСҚО - нің маманы ана мен балаға тиісті қамқорлық өз дәрежесінде болмауынан, тәрбиенің де өз дәрежесінде өтпегендігінен деді. Және бұл қазіргі таңдағы ең актуальды мәселе екенін айта келіп, болашақта ана мен балаға қандай қамқорлық жасалатыны туралы мәліметтер айтты. Гүлсім Өркенқызы былтырғы семинарда, өз сөзінде осындай денсаулықты нығайту мәселесі жөнінде насихат жүргізетін орталық әр бір аудан орталығында бар деп еді. Осы орталықтар бүгін 7 сәуірден 17 сәуір аралығында «Ана мен бала, бала және оны қоршаған орта» атты апталық насихат жұмысын жүргізбекші. Сіздер де

өз аудандарыңызда осы орталықпен байланысқа түсіп бүгінгі таңның актуальды мәселесі ана мен бала болашағы туралы оқырмандармен бірлесіп «Сау бала сау анадан туады», «Бала біздің болашағымыз, ана оның тірегі» деген тақырыптарда іс - шаралар өткізсеңіздер болады. Яғни бұл біздің кітапханамыздағы актуальды тақырыптар бойынша ұсынылып отырған іс -шаралар. Ал енді мен ойын ретінде өткізілген жаңа іс - шараның бір түрін сіздерге ұсынсам деп отырмын.

Балалар табиғаттан — ақ ойынға өте құштар. Ол тек ойын үстінде ғана өз мүмкіндіктерін еркін көрсетіп, ашық пікір алысуға кіріседі. Сондықтан кітапханадағы бұқаралық іс - шараларда ойын әлементтерін барынша қолдану керек. Ойнауды ұнататын бала - оқырман тартыс жарыс ретінде ұйымдастырылған кітапхананың әрбір іс - шарасына ешқандай мәжбүр етусіз өз еркімен белсенді қатысады. Осындай ойын ретінде ұйымдастырылған, оқырманды жеке тұлға ретінде танытатын - «Тосыннан сөйлеу әдісі» атты ойын ұйымдастырдық.


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау