3. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту.
Біз балаларымыздың дені сау болып өсуін, бақытты болуын қалаймыз. Келешекте үлкен табыстарға қол жеткізуін тілейміз. Бұл үшін ең алдымен, жас ұрпақ жазуды және кітап оқуды үйренулері, яғни білімді меңгерулері керек. Ол білім - отбасынан басталуы керек. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсіз өмір сүре алмауға баулу.
Барлығы ерте балалық шақтан басталуы керек. Ұйқы алдында әр түрлі әңгімелер, ертегілер айту және көптеген сұрақтарға жауап беру тек қана ата - анаға тән. Сол себепті балалық шақ баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамытудың ең қолайлы кезеңі. Сондықтан осы бағытта кітапханашылар мен психологтардың мынадай кеңестерін қолдану керек:
1. Балалармен бірге өлең айтып, ойнап әңгімелсіңіздер
2. Күнде кітап оқуға уақыт бөліңіз
3. Кітапты байқап таңдаңыз.
4. Оқуға қажетті заттармен баланың айналасын қоршау
5. Мәнерлеп, асықпай және рахаттана кітап оқыңыз
6. Бірнеше рет қайталап оқыңыз
7. Әр уақытта және барлық жерде кітап оқыңыз
8. Балаға кітапты күштеп оқытпаңыз
9. Баланың оқығанына қызығушылығыңызды көрсетіңіз.
Ата - аналар осы кеңестерді пайдалана отырып баланы тәрбиелесе, нағыз оқырман тәрбиелейсіздер. Балаңызға кітап оқу анағұрлым жеңіл болады. Өзінің бос уақытын қалай өткізуге керек екенін біледі, керегін тез тауып және әр ақпараттарды шығармашылық тұрғыда түсіне алады.
Кітап оқу - өнер. Әр адам өз мамандығына орай, жалпы қызығатын, құмартатын тақырбына, талғам - талабына, қабілетіне орай баспалар толассыз шығарып жатқан қыруар өнімдер тізбегінен қажетті кітаптарын таңдай білуінің өзі-өнер.
Кітап оқуды неліктен өнер дейміз? Оқудың да түр-түрі бар. Қолға түскенді, табылғанды оқу бар. Әдетте мұндай оқырман көп оқиды да, өзінің ішкі рухани қажетіне жарайтын, танымын кеңейтетін, сезімін әрлейтін көркем ойдың үстімен қалқып өте шығады. Мұндай оқығыштар қалың -қалың томдарды бір-екі күннің ішінде «жұта беруге» бар. Нәтижесі қана уақыт өлтіру болып шығады. Оқудың өнер ретіндегі сипатын анықтайтын басты нәрсе - оқырманның өз алдына мақсат қойып оқуы. Бұл тану, түсіну, ой тұжыры мақсаты. Мұндайда кітаптың әрбір сөйлемі, әрбір беті ойдан таса, көзден таса, көзден таса қалмайды.
Бір кітапханада орта есеппен 20000-дай кітап болады. Ал осынша көп кітаптың ішінен керектісін қалай таңдап алуға болады. Кітапханашыдан сұраға болады, бірақ оның да кітапханадығы барлық кітапты жатқа біле беруі мүмкін емес. Әрине, керекті кітапты өзің іздеп тапқанға не жетсін. Ол үшін саған қолұшын беретін көмекшің бар, ол - каталог.
Балалар кітапханасында алфавиттік каталог, 8-9 жастағы балаларға арналған жүйелі каталог және каталогпен жұмыс жасаудың үлгісін көрсететін жайма буклет бар.
Оқырмандарымыздың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны-белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері. Кейбір жас оқырмандар романтик болса, кейбіреуі тарихқа көп үңіледі, ал енді біреуі бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады. Уақыт талабы болып отырған кітап оқусыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Оқырмандардың кітапты қызығып оқитын мезгілі жастық шағы екені де белгілі . ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін ақын - жазушыларымыздың шығармаларыннан топтап жасалып жүрген кітап көрмелеріміз - кітапты насихатау жұмысының өңі бір тамаша көңіл. Әр саладағы кітап көрмелері арқылы оқырмандарымыздың білімін ой өрісін байытуға, рухын көтеріп, қиялына қанат беретін әдебиеттермен қауыштыру, балаларды тәрбиелеу жұмысының******
Кітапхананың жоғарғы және төменгі сынып оқушыларының қызмет көрсету бөлімдерінде балалрға арналған «Алтын табиғат аясында». «Мәдени мұра мәңгілік», «Жасыл дэріхана», атты кітап көрмелері ұйымдастыратын.
Оқу мәдениетінің маңызды тұстарының бірі-кітапхананың библиографиялық сауаттылық, яғни кітапхана қызметін пайдалану ережелерін білу, кітап қорында дұрыс бағдар ұстау, керекті басылымдарды каталогтан таңдау, жаңа басылымдырдың шығуын қадағалап отыру кітап пен анықтамалық әдебиетті қолдана білу, реферат, конспект құрастыру ыңғайын меңгеру.
Кітап алған білімнің баянды болу үшін оны оқып шығуына Кітаппен жұмыс істеу оқығанды мұқият жазып жүруді талап етеді. «Жазылмаған ой-жолған байлық»-деген Дмитрий Иванович Менделеев. «Конспект белгілі бір шығарманың, лекцияның, сөйлеген сөздің қысқаша жазылатын мазмұны. Конспект жазу оқығаныңа сын көзбен қарауға, ойыңды өсіруге, материалды терең түсінуге пайдалы, оқығанды түгел жаза бермей мына қағидаларды есте ұстаған жөн.
Жазудың ең күрделі әдістерінің бірі - реферат. Рефераттың конспектіден айырмашылығы, онда оқыған материалыңа өзіңнің айқын көзқарасының болуында.
Рефераттың мақсаты тек оқып білу ғана емес, сонымен қатар өз ойыңды қалыптастыру. Міне, кітаппен жұмыс істеудің негізгі әдістерінің бірі. Мұндай әдістер көп-ақ. Солардың қайсысын қолдансаң да ең негізгісі оқыған кітабының не жайлы екенін түсініп, есте сақтай білу.
Кітап оқудың бес тәсілі:
1. Зер сала оқу. Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.
2. Тез оқу. Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.
3. Таңдап оқу. Мәтінің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.
4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу. Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.
5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез шығу.
Аталған әдістерінің эрқайсысын меңгеру тез оқу
дағдысын қалыптастыру сияқты өте маңызды. Ал кітап оқу өнері эр кез оқу мақсатына, мэтін сипаты мен уақыт мөлшеріне байланысты тиісті таңдауға мүмкіндік береді.
Оқырмандардың жүйелі, жан-жақты және терең
оқуының қалыптасуы, кітап таңдап алуда белгілі бір әдістерінің қолданылуы, оқу мәдениетінің қалыптасу дэрежесін білу үшін кітапханашы жеке жетекшілік жұмыстарымен қамтылған оқырмандардың оқу барысына бақылау яғни зерттеу жүргізеді.
Осы мақсатпен кітапханада «Сіздің балаңыз қандай бағытта оқиды»? оқушылар оқылымың талдау жүргізіледі.
- Оқушылардың 79 пайзы шытырман әңгімелерді оқығанды ұнатады.
- 20 пайзы компьютер туралы оқиды
- 56 пайзы оқушы кітап таңдап алуға қиналады, ал
- 44 пайыз оқушы көмекті керек етеді.
- Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 98 пайызы қаншалық балалар кітапханасымен қалғандары таныстарының және мектеп кітапханаларын қолданады.
- Кітап таңдауда қатысқан 60 оқушының 39-ы кітапханашының көмегіне сүйенеді, қалғандары ата-аналарьшың, мұғалімінің, достарының және бауырларының көмегіне сүйенеді.
- Кітапханада өткізілетін көпшілік шараларға 60 оқушының 42 сі қатысады.
- Клуб мүшелері тек 5 оқушы - 99 % оқушылар "Кітапхана" сөзін естігенде қуаныш сезімінде болады.
XXI ғасырда кітапханада әр түрлі саладағы кітаптар мен газет-журналдар көп болса және компьютер залы болса ойлайды.
Кітапхана-библиографиялық ілімнің негіздерімен барлық жастағы балаларды күнделікті жұмыс барысында жүйелі түрде, сонымен қатар арнайы "кітапханалық сабақтарда" таныстырып отыруы қажет. Кітапханада балалардың оқу мәдениетін дамыту мақсатында айына бір рет төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Жас кітапханашы" мектебінің сабақтары және "Кітапхана-кітап үйі", кітап үйі, "Кітап қалашығына саяхат"-1 сыныптар апталығы, "Балғьшдарға - кітап әлемі " шаралар айдары. "Кітап патшасында қонақта" шоу, "Білім патшасы-ақпарат мемлекеті", "Кітап теңізінің лоцманы", "Дымбілместе қонақта", "100 кеңес - 100 жауап" библиографиялық сабақтар өткізіліп тұрады.
Осы бөлімде: "Негештің клейдаскопы" атты библиографиялық сабақтың жүргізіледі, тақырыптары:
1. Негіштің кітаптары
2. Бұл кім? Ол не? Энциклопедиясы бойынша
3. Каталогтарға шолу 1-4 сынып Оқырмандарды кітапханамен таныстыру мақсатында қала мектептерінің таныстыру мақсатында қала мектептерінің сыныптармен экскурсиялар, театрландырылған экскурсиялар өткізіліп отырды. Кітапханалардың ашық кітап қорларының әр сөресінде сілтеме, түсініктер берілген.
Ашық кітап қоры - әрбір кітапханаларының бет пердесі деуімізге болады. Ол алдымен оқырман үшін жасалады. Оның ұйымдастырылуы мен безендірілуі, оқырманның оны қалай қабылдайтынына, оларға бұл жерде қолайлы ма, өздеріне керек әдебиетті олар еркін таба ала ма соған байланысты болады.
Оқырманмен әңгіме-кеңес өткізу кітапханалық шаралардың ең жетік түрлеріне жатады. Оқырманды кітапханаға жазу, сұранамын анықтау, кітаптарды ұсыну, кітапханалық - библиографиялық білімді насихаттау, оқу мәдениетіне баулу, оқыған кітабы туралы өз ойын ортаға салуға үйрету тәрізді және басқа әңгіме кеңестің түрлері оқырманға қызмет көрсету жүйесінің түрлері оқырманға қызмет көрсету жүйесінің барлық буынында қолданылады.
Кітапхана үшін кітапханаға келген оқушы жәй адам емес, ол кітап оқып, өзінің білімін көтеруге ұмтылған адам болып есептеледі.
Кітапханаы оқырмандарына кітапты дұрыс ұсына білсе, балалардың оқуға деген ынталығын және кітапты өз бетімен пайдалана білуге тәрбиелей алса, онда кітапхана жұмысының дұрыс жолға қойылғандығы білінеді. Кітапханаға жаңа келген балаларға кітапты мұхият біліп ұсыну керек, өйткені балалардың арасында көп оқыған, талаптары күшті оқушылармен қатар, кейде аз оқыған балалар да кездеседі.
Ұсыныс әңгіме өткізудің әр түрі бар, кейде бұларға кітап ұсынғанда кітапханашы олардың ынтасын қайтарып тастауы мүмкін. Сондықтан оқушыға мәдениетті жұмсақ түрмен ғана ғылымның әр саласынан оқуды және жеке жазушы шығармашылығынан, немесе бір мәселе жайында түсіпдіру ксрек.
Осы мақсатта кітапханада 2-ші сынып оқушылармен "Кітап патшалығы
- данышпан мемлекет" ертеңгілі; "Бала, Кітапхана, Кітап " әңгіме - сұхбаты; "Жануарлар элемінде" ойые саяхат; "Міне, ең ғажайып - оқу" ойын - сайыс; "отбасымен ғажайып" оқырман болу; "Кітап-білім бұлағы" мақал мәтел және жұмбақ шеңбері. Актив мүшелерімен:
- «Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?»;
- «Кітапты қалай таңдау керек?»;
- «Әңгімені калай өткізу керек?»;
- «Окырманға қалай қызмет көрсету керек?»:
- «Қарыз оқырмандармен қалай жұмыс істеу керек?» деген тақырыптарда сабақтар жүргізіледі.
- Балалар кітапханасы жұмысының негізгі бағыт-мақсаты балаларға қызмет көрсету, сол оқырмандарға арналып жинақталған әдебеттерді насихаттау, кітап қорын сақтау және балаларға арналған мерзімді басылымдарға жазылу. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға оны ұйымдастырута және тәрбие ісіне көмек көрсету, балалардың ақпаратқа қолы еркін жету құқығын қамтамасыз ету. Кітапханадан балалр тіршілікке қажет. Балаларға жан-жақты тәрбие беріп, мінез мен сезімінің, өмірге деген көзқарасының қалыптасуына көңіл бөлу - әрбір кітапханашылардың міндеті.
Ғылым мен техниканың дамуы өрлей түскенімен кітап адамзат баласының рухани, жан дүниені кеңейтіп бірден бір қазына ретінде қолданыла берері сөсіз.
Бердібек Соқпақпаев, Сапарғали Бегалин, Марат Кабанбай, Музафар Әлімбаев, Астрид Лингрен, Корий Чуковский...
Біздің бабаларымыз да осы бір қайталанбас, ғажап балалар әдебиетінің нәрімен сусындап, бойына сіңіріп өссе екен дейміз. Бірақ, қазіргі заман бабаларының кітаптан басқа да ермегі толып жатыр; көгілдір экраннан таңертеңнен кешке дейін көрсетілетін әсерлі мультфильмдер мен қырғын төбелес туралы фильмдер, түрлі компьютер ойындары. Бұл «Бәсекелестіктер» бала назарын кітаптан гөрі өзіне неғұрлым көбірек аударуда. Сөйтіп, бала мен көркем әдебиеттінің арасы алшақтап, баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететін мүмкіндіктер ескерілмей қалып жатыр. Неліктен балаға қоршаған ортаны кітап арқылы емес, көгілдір экран арқылы таныған қызығырақ?
Өйткені, кітапты қолына алған баланың назары алдымен эріптерге түседі. Кітапты оқып, өз ой елегінен өткізген, мазмұнын жете түсінгенде ғана бала ондағы оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп, сезінеді. Кітап оқу барысында кейде бір сөйлемді не біз үзіндіні бірнеше рет қайталап оқитында кез болады. Ондай жағдайда кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігерімен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала үшін бұл өте күрделі процесс. Ал , көгілдір экранда бэрі дайын: түрлі-түсті бейнелер де, дыбыстар да. Еш эрекеттенбей - ақ отыр да көре бер ! Әрине, бала дайын нәрсеге ұмтылады. Бірақ теледидардан көрген нәрсенің бәрі бірдей бала ойында, қиялына сала бермейді.
Кейбір окиғалар, бейнелер балаға әсер еткенімен де ол бала есінде уақытша ғана сақталады. Уақыт өте келе мүлде ұмыт болады. Сөйтіп, бала мектеп бағдарламасы бойынша оқығанымен шектеліп қана қояды. Әрине, мектепте берілетін тапсырманы орындау үшін де оқушы кітапханаға барады, ізденеді, оқиды, кітапханашының көмегіне сүйенеді. Белгілі пәндер бойынша ілім-білім алады. Бірақ оньщ ақыл-ойының, шығармаылық қабілеттерінің дамуы мен бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін мұндай оқу жеткіліксіз.
Д. Дидро «Кітап оқымаған ештеңе ойламайды», - деген екен. Бұған менің қосарым: Көркем әдебиет оқымаған немесе нағыз өнер туындыларында деген қьтзығушылығы жоқ адам өзінен басқаның жан дүниесін түсінуді, сезінеді, басқаға жаны ашу сияқты эмоцияналдық - эстетикалық қасиеттерден арылады:
Сондықтан да С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы баланщ кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылып, баланы кітап оқуға еріксіз жетелейтін жұмыс түрлерін өткізіп отырады. Соның бірі - қазақ тілінде түңғыш жарық көрген «Кітап ұстап тұңғыш жолға шықтым» мектеп жасына дейінгі балалар жеке 1-4 сынып оқушылары үшін және «асыл қазына» 5-9 сынып оқушылары үшін / атты оқу бағдарламалары.
Оқу бағдарламасының мақсаттары.
1. Балалардың кітапдеген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, оқу мәдениетіне тәрбиелеу.
2. Балалардың бос уақтын тиімді ұйымдастыру кітаптан қол үзбей, жүйелі түрде оқу дағдысын қалыптастыру.
С. Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасында қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген. «Кітап ұстап жолға шықтым » және «Асыл қазына» атты оқу бағдарламалары осы игі істің алғашқы қарлығашы. Түрлі қиындыктар мен кедергілерге қарамай «Тәй-тәй басқан» осы бағдарламаның алғашқы қадамы оқырмандар жүрегінен тауып отыр. Балалар әдебиеті мәселесіне үкмет тарапынан көңіл бөлініп, шешуін тапса келешек оқу бағдарламасында қатысушы оқырмандар саны арта түсер еді. Бүгінгі бала -еліміздің ертеңгісі тұтқа ұстар азаматы. Сондықтан да кітап кітап оқу арқылы балаларды өмір сүруге, қиындықтарға мойымай, төтеп беруге үйрету - біздің негізгі міндетіміз.
Кітап оқу мәселесі - бүкіл ұлтты талғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сау болуы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер бойынша мынадай жағдайлар анықтаған: кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер бойынша мынадай жағдайлар анықталған кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі; шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізіп, еркін жаза алатын, елмен жақсы қарым қатынас болып, сыңарлары ойлай алатындығымен ерекшеленеді екен.
Сондықтан да балалар әдебиетіне қамқорлық жасаған, дер кезінде қолға алмасақ, келешекте қоғам сауатсыздық дертіне шалдығып мәңгүрттік жайлайды.
Бүгінде қазақ мемлекеттерінің білім деңгейі орыс мектебінен төмен деген сөздері жиі естейтін болдық. өйткені, орыс тілінде балалардың жас ерекшелігіне сай, әдемі, әсем, безендірілген энциклопедияның неше түрі бар, әр баланың ой-өрісін кеңейтетін танымдық кітаптар қаншама! Ал қазақ тілінде, «Ол кім, Бұл не?» Энциклопедиясынан басқа оқушылар не оқиды. Осының бәрін біліп тұра «балалар ана тілін құрметтеуі керек, елін, жерін шексіз сүюі керек» деген құрғақ сөздерді айтуға үлкендердің қалай ғана дәті шыдайды.
Ана тілінің байлығын меңгеретін, өз елінің, жерінің сан ғасыр тарихын, асыл мұрасын үйрететін барлық білім - кітапта екенін ұмытпайық деп ұран тастағым келеді.
Білім іскерлік пен дағды ата - аналармен, құрбы – құрдастарымен қарым - қатынастарымен, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игерімді.
Оқу іс - әрекетінің белгілі бір құрылымы болады.Оның құрамдас бөліктері мыналар:
1) оқу ситуатциялары (немесе міндеттері)
2) оқу әрекеті
3) бақылау
4) бағалау
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктерімен сипаталады.
Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдарының қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы — практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді.(Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болар) Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді.
Оқу ситуацияларының мазмұны мен формасы педагогикалық психологияның дидактикалық және жеке методиканың бірлескен кұрлымдары мен анықтайды.
Зерттеу көрсетіп отырғандай, көпшілік жағдайда сол кластың нақтылы-практикалық міндеттерін шешудің тек жалпы тәсілін үлгі түрінде табу және беру өте қиын.
Сондықтан психологиялық негізгі талаптарының бірі - бастапқы оқуға тартудын. ирограмасының көпшілік тақырыптары мен бөлімдерін балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе белгілі бір оқырманың міндеттерін шешудің жалпы бір тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын оқу ситуациялары негізінде ұйымдастыру.
Оқу ситуацияларында балалар, оқырмандардың жұмысы түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Солар арқылы ақпарат тұтынушыларының міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және жеке олардың қолдану шарттарын шынықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып, игереді. Оқу ситуацияларында толық жарамды жұмыс әрекетердің тағы да бір типін -бакылау әрекетін орындауды талап етеді. Оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады.
Оқу балаларының басқа істерімен айналасумен шек қоймайды.
Ел призедентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында XXI ғасырда білімсіз өмір сүру түрін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағытауымыз керек деген сөздерді бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханиет ордасы -кітапханалар кеңістігінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше.
Ол оқу прцесін қажетті құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге міндетті оқу кітапханашысы.
Мектеп кітапханашыляры педагогтары қызмет көрсете отырып, арнаулы кітапхана қызметін атқарса, оқушыларға сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапханашысы болып табылады. Сонымен бірге, мектеп кітапханашылары өз жұмысын қазіргі заманғы мектептердің оқыту - тәрбие беру процесіндегі талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізетін мектептің құрлымдық бөлімшесі болып табылады.
Балаларыңыздың кітап оқуға сүйіспеншілігін дамытып өрістетуге көмектесетін практикалық тәсілдер.
Тәлім - тәрбие саласының мамандары бала көңіліне оқуға деген махаббатты дамытып өрістетуге жене бұл оған күнделікті шұғылданатын әдетке айналу үшін баланы оқуды сүйетін етіп тәрбиелеудің аса маңыздылығын баса айтқан әрине мамандар бұны оқудың аса маңызды екенін білгендеріне кейін ғана айтқан. Негізінде ғылыми зерттеулер оқуға деген шама мен оқудың жетістіктері және ойдың жетілуі арасында мықты байланыс бар екенін анықтады.
Ғұламалардың оқудың маңыздылығы туралы айтқан бірнеше сөздердің келтіргіміз келеді:
- «Білімді адамды жеңу қиын.»
- «Өзімнің ерікті түрде оқығаным мектепте үйренгенімнен мың есе артық үйретті.»
- «Менің дарындылығым мен табысқа жетуімнің себептері: мен жүректен кітапты қалай сурып алуды білдім.» Бір кеменгер ғұлама адам: «неге көп оқисыз?» деп сұрағанда, ол кісі: «өйткені, бұл үшін бұл өмірдің өзі жеткіліксіз ! »,- деп жауап берген екен.
Құрметті оқырман ! Шын мәнінде оқу баланың өміріне көп пайда береді. Өйткені ,ол баланың білімін арттырады., оған мәдениет есіктен ашады, оған ұнамды және пайдалы уақыт өткіздіруіне мүмкіндік береді, тіл байлығын дамытады. Сауаты сөйлеп жазатын болады. Сондай - ақ оқу балаға ұшқыр ойлау, терең назар аударып, зерделеу қабілеттерін береді. Әрі оның пікір түсіиік деңгейін өсіреді. Оқу баланың өзін танып қалыптастыруына кездесетін қиыншылықтардың шешімін табуына шама береді. Оқуға және кітапка деген сүйіспеншілік бала бойында тағы басқа қажетті және өте жақсы нәрселерді қалыптастырады.
Негізінде бала бойына оқуға деген сүйіспеншілікті егу отбасынан басталады. Отбасы бала көңілінде бұл сүйіспеншілікті оятуға тиісті. Егер сіз балаларыңызға оқуды сүюді үйретсеңіз оларға өмірлерінде басқа нәрседен гөрі көбірек пайдалы жеміс беретін сыйлықты берген боласыз. Бірақ бұған жету жолы қандай? Әсіресе, балаларды бірнеше сағаттар бойы үзілісіз шұғылдандыратын етіп қойған, Сиқырлап алушы ойындар мен әртүрлі әртүрлі көңілге жағымды қызықты сауықтар көбейген мына заманда бұның және қандай жол болмақ?! Сұраққа жауап беруден бүрын «Оқып беруші ана» атты өлеңнің аудармасын екінші жолын келтіре кетпепіз:
«Негізінде, сенде сандықтарда алтын - күміс, гауһар тастар болуы мүмкін. Алайда сен, ешқашан да менен көрі бай бола алмайсың. Өйткені, менің оқып беруші анам бар» Баланың оқуға қызықтыру тәсілдері.
1. Оқушы үлгі - өнеге. Үйде егер шағын болсада әртүрлі қызықты кітап журналдарды қамтыған кітапхана болса, сондай — ақ отбасы мүшелері әсіресе эке оқуды жақсы көрушілерден болса, онда бала да, оқуды және кітапты жақсы көруші болып өсіп қалыптасады өйткені әкесінің отбасы мүшелерінің оқып жатқандарын көрген бала өзін соларға ұқсатып, қолына кітап алып, парақтап жақындай бастайды. Осы жерде әлі мектепке бармаған балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз. әрі «Бала мектепке барғанан кейін ғана оқулық керек пе?» деген сауал қойамыз: Тәрбие және оқу психологиясы саласының мамандары мектеп жасына дейінгі балаларға кітап ұстатып парақтауға жаттықтырудың қажетті екенін айтады. Сондай — ақ отбасы мүшелерінің ойын түріндегі және суреттері көбірек балаларға арналған кейбір кітаптарды бала үшін алып беру қажеттігін айтады.
2. Балаларға арналған кітап - журналдарды беру. Көптеген кітапханалар мен баспаханалар балаларға арналған және оларға қажетті болған кітап журналдарды және ертегі кітаптарды шығаруға көңіл бөле бастады, алайда бұл көбінесе дамыған елдерде. Ал кейбір елдерде бұл әлі де болса сирек кездеседі. Дегенмен азда болса, медет. Бұл жақсылықтың жаршысы. Сондай - ақ балаларға арналған кітап журналадар мен ертегілердің өзіндік бірнеше шарттары бар. Сол шарттардан:
а) Олар педагогикалық және тәрбиелеу жағынан қолайлы материалдаран тұрып және мазмұнын бала өмір сүріп отырған ортаға сай болуы.
ә) Баланың жасы мен санасына сай болуы.
б) Баланың оқырмандық қажетіне сай болуы керек.
в) Балаға сай түстер, тартымды суреттер, үлкен әріптермен ерекшеленуі.
Кейбір баспаханалар бұл салада аса шеберлік танытуда. Олар үлкен әріпті кітаптар, ойын түріндегі кітаптар, ашылғанда хайуан дауысы шығатын алуан түрлі т.б. көптеген кітаптар шығаруда. Әрине бұның барлығы баланы оқуға қызықтыруға көмектеседі.
3. Баланы өзіне арналған шағын кітапхана ашуға қызықтыру.
Ол түрлі түсті бояумен безендірілген кітаптар тартымды ертегілер, хикаялар қызықты журналдарды қамту керек. Сондай — ақ балаңызды кітап дүкендеріне алып барып оған әр түрлі кітап журналдарды алып беруді ұмытпаңыз. Әрі таңдау құқығын баланың өзіне беріңіз. Оны бірер кітапқа немесе журналды сатып алуға мәжбүрлемеңіз. Себебі, эке балаға тек қана көмек және кеңес беруге тиіс. Бұлардың барлығы баланы оқуға және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны кітаппен болған байланыс деңгейін өсіретін жағдайда өмір сүретін етеді.
4. Оқуда баламен сатылап жүру. Бала көңіліне оқуға деген махабатты егуіміз үшін өте сабырлы болуымыз қажет. Мәселен алғашқыда тек қана суретті кітап, сосын суретке қоса бір сөз бар, сосын екі сөзі , сосын бір қатар сөзі бар кітап т.б. осылай саталауымыз керек.
5. Баланың оқуға қызығуға барысындағы қалауына көңіл аудару. Баланың оқуға қызығуы барысындағы қалауына көңіл аудару – оны оқуға қызықтырудағы маңызды орын алатын тәсілдерден. Өйткені , бала мысалы хайуанаттар туралы ертегілер мен аңыздарды ұнатады. Біраз уақыт еткеннен кейін батырлар туралы қилы ертегілер мен аңыздарды ұнататын болады сондықтан сіз балаңыздың оқуға қызығу барысындағы қалауын орындауға ат салысыңыз. Балаңызды өзі ұнатпайтын тақырыптарды немесе ертегілерді оқуға мәжбүрлемеңіз
6. Үйде оқу үшін ыңғайлы орын болуы.
Балаңыз оқуды және оқитын орнын жақсы көруі үшін, үйде арнайы жарығы бар ыңғайлы орынды арнап қойыңыз.
7. Балаңызға өзіңіз оқып беретін арнайы уақыт белгілеу. Әке немесе шеше егер баланың өзі оқи алатын болсада оған кызықты бір ертегіні оқып беруге уақыт бөлсе, онда бала көңіліне оқуға деген махаббатты егу тәсілдерінің ең жақсысын қолданған болады. Балаңызға оқып беруде ескертетін кейбір кеңестер:
а) Балаларыңызға өздеріңнің ұнататын кітап немесе ертегілерін, егер ол қызықты емес немесе қайталаған болса да, оқып беріңіз.
Мүмкін сіз оны қайта - қайта оқудан жалыққан боларсыз бірақ олар естіп
рахаттанулары үшін сабыр етіңіз.
ә) мәнерлеп, мазмұн мағанасын оқыңыз дауыс ырғағымен интонация мен кейіпкер бейнесіне кіріп оқыңыз балаларыңыз үшін бұл сәт демалу, қуану сәтті болсын .
б) Балаларыңызбен оқып берген ертегіңіз туралы пікір таластырыңыз. Оларға сұрақтар қойыңыз олармен қарапайым жолмен әңгімелесіңіз. Бұлай оқып беруіңіз жалғасын тауып, кем дегенде аптасына екі рет болсын жиналған балалрдың сіз оқып берген ертегі кейіпкерлері мен бейнесін көрсетіп берулеріне де болады. Оқылып берілгенді бұндай түрде тыңдау балалардың демалып, қуанышқа бөленулеріне және кітап тілін түсінуге септігін тигізеді
8. Мүмкіндіктер мен қолайлы уақыттарды пайдалану.
Баланың оқуды және кітапты жақсы көретін болу үшін мүмкіндіктер мен қолайлы уақыттарды пайдалану - кітап оқуға сүйіспеншілікті дағдыландыруда әке білуі қажет болатын маңызды істерден. Негізінде отбасының қолайлы сэттері көп. Солардың кейбіреуін аттап өтейік:
а) Айт мереке кездерін пайдаланып, балаларға бірер кітап сыйлау. Сондай - ақ, оқуында үздік болып, табысқа қол жеткізген кезінде қолдануға болады.
ә) Қажылық, ораза, құрбан айт сияқты т.б. діни мерекелер пайдаланып, мерекелерге байланысты болаған қызықты да тартымды кітаптарды беру. Әрі оған ол кітапты оқып беріп, онымен қарапайым түрде әңгімелему және оның сұрақтарына жауап беру.
б) Қыдыру, серуендеу, саяхатқа шығу сияқты шығу сияқты мүмкіндіктерін пайдалану. Мысалы; хайуанаттар бағына барғанда балаға хайуандар туралы ертегі кітап беру, онымен бұл туралы сұхбатасу, одан ұнатқан хайуандардың сұрау т.б. Сондай - ақ ауруға шалдыққанда, тіс ауруында және т.б. сол сияқты мүмкіндіктерді пайдаланып сол аурулар туралы үлгі аларлық кітаптар сыйлау.
в) Демалыс күндерін және сапарды. Пайдалану. Бала тіпті демалыста немесе сапарда болса да, оқудан қол үзбеуі керек. Өйткені, біз баланың кітапсыз өмір сүрмеуіне ықпал етуіміз керек. Демалыс кездерінде оқуға тіпті көбірек қызықтыруға болады. Мысалы, отбасы, Мекка, Мединаға және басқа бірер қалаға сапарға шықпақшы болғанда, әке сол мүмкіндікті пайдаланып кішкентай кітапшалар және бара жатқан қалалары туралы мәліметтерді алып беру немесе өзі дауыстап оқып беру мүмкін. Өйткені, дауыстап оқыған бала үшін әсерлі эрі оған есіктерді ашады және отбасы мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтады. Әр бұл сәттер бала үшін ба.іалык шағынан естелік жадында сақталады.
9. Баланың оқуға деген махаббаттын нығайтуға қызығуын пайдалану. Әрбір баланың автоматтық ойындар, кейбір ойыншықтарды шешіп, құрастыру, вилосипед айдау, сурет салу, компьютер, доп ойнау сияқты т.б. қызығатын нәрсені және сол нәрсеге дарыны болады. Сондықтан сіз оларды қызықтыратын кітап - жануарлармен қамтамасыз етіп беруіңіз керек. Оларды оқуға балаларыңыздың ұмтылатынына сене беріңіз. Оларды оқуға балаларыңыздың бұл туралы әңгімелесуіңізге, тағы да қалайды ма, жоқ па сұрауыңызға болады. Егер ол кітаптар сіздің наразылығыңызға қызықсыз болып көрінсе де, әбіржімеңіз. Өйткені, бұл жерде басты мақсат -баланы оқуға үйрету әрі қызықтыру.
10. Баланың оқуы және теледидар. Егер үйде бірнеше теледидар болса, бұл баланы көп уақытысын өз бағдарламаларын көрумен өткізуге үндейді. Ал, егер бір ғана теледидар болса, бала кітап оқумен айналысуға мәжбүр болады. Әсіресе өзі ұнатпаған бірер бағдарламаны отбасы мүшелері көріп отырса. Балаңыздың жататын бөлмесіне телидидар қойып беруден өте сақ болыңыз. Өйткені, бұндай жағдайда бала ұйықтар алдында кітап оқудың орнына теледидар көрумен шұғылданатын болады. Баланың өскен сайын жұмыс көбейіп, бос уақытты азаяды. Оның ұйықтар алдында ғана кітап оқуға уақытысы болады. Сондықтан баланы осыған эдеттендіруге тырысыңыз.
11. Балаларыңызбен кейбір оқуға қызықтыруға байланысты ойындарды ойнаңыз. Баланы оқуға қызықтыратын, сіздің ойнауыңызға да мүмкін болған ойындар өте көп. Солардың ең қызықтарын таңдап алыңыз. Мысалы: кейбір сөздерді теріс жазыңыз, балаңыз дұрыс оқысын. Және балаңыздың есімін теріс жазыңыз, ол дұрыс оқысын. Мысалы: «Асқар -рақса» т.б. Сондай — ақ көшедегі жол белгілерін оқуын талап етуіңізге болады.
12. Мектеп және балаңыздың оқуы. Балаңыздың оқуы қандай екенін үнемі қадағалаңыз. Мектебіне барып, мұғалімімен танысыңыз. Әрі балаңыздың оқуына мэн беретіндігіңізді және қолданып жатқан тәсілдеріңізді мұғаліміне айтыңыз. Сондай - ақ ол кісілен мектепте оқытылатын жатқан бағдарламалары мен тәсілдері туралы сұраңыз. Балаңыздың мектеп кітапханасымен байланысын сұраңыз. Кейде мұғалім сынып жұмысына үлгере алмай, толықтыра алмай қалуы мүмкін. Жалпы сондай кездерде мұғалімге көмектесіңіз. әрі ол кісінің атына мектеп басшысының атына алғыс хат жолдап тұрыңыз. Сонымен қатар сынып кітапханасы үшін кітаптар сыйлаңыз. Өйткені, бұны естіген басқа мұғалімдер мен ата - аналар да осындай істеуге ұмтылады.
13. Балаңыз, мектеп әкскурциялары, достары және оқу. Егер балаңыз мектепте әкскурцияға шығатын болса, оған қызықты кейбір кітаптары беріп жіберіңіз, оқитын бос уақыт болып қалар немесе достарына көрсетер. Бірақ алдымен мұғаліміне көрсетіп алған дұрыс. Сондай — ақ сіздің балаңыздың достарына кітап сыйлауыңызға болады және балаңыздың кітаптарын достарына оқуға бере тұруына болады.Осылайша инша Аллаһ балаңыздың достары да оқуды жақсы көретін болады.
14. Көлік және балаңыздың оқуы. Көлігіңізде балаларыңыз үшін қызықты кітап - журналдар болуына қызығыңыз. Әрі балаңызға ұсыныңыз. Әсіресе ұзақ жолдарға шыққанда. Сонда ол оқумен шұғылданып айқай - шуға колы тимейді. Бұл да бір пайдалы ісі!. Көбінесе көпшіліктің көлігі жууда, жөндеуде немесе басқа да себептермен ұзақ уақыт тоқтап қалды. Сонда олар сол уақытты пайдалы кітап - журнал оқуға жұмсайды. Балаңыздың өскенде сондай адамдардан болып қолуына жол қоймаңыз !
15. Балаңыз және ұнатқан тұлғалар және сіз ұнататын етіп қоя алатын тұлғалар. Балаңызды өзі ұнатқан тұлғалар туралы немесе ұнатып қалуы мүмкін болған тұлғалар туралы және Расулуллаһ (с.ғ.с.)-ның өмірі, мұғжизалары, сахабалары және Ислам тарихындағы батыр тұлғалар туралы кейбір кітаптармен қамтамасыз етуіңіз аса маңызды. Бұлардың аса қызықты да тартымды етіп жазылғандары бар. Бұларды әсіресе, балаңыз қиял ертегілерінде емес, өмірде болған батырлар туралы белгісі келген беріңіз.
16. Балаңызды алынған заттардың сипаттамасы оқуға әдеттендіріңіз. Мысалы: егер дэрі-дэрмек сатып алыңыз, құтысында сипатамасында болады. Немесе бірер жиналмалы ойыншық (конструктор) сатып алсаңыз, оның құрастыру кітапшасы болады т.б. Сондай кезде баланьпдын әуелі сипаттамасын оқып алуын талап етіңіз. Әлде өзіңіз лауыстап окып беріңіз. Қысқаша айтқанда, оны қандай да бір зат сатып алса, қолданудан бұрын кітапшасын оқуға әдеттендіріңіз.
17. Қызықты ертегілер журналдар және балаларды бақылау. Балаларыңыз болатын орындарға оларға арнап қызықты ертегі кітап -журналдарды қойып, оларды бақылаңыз. Теледидар алдына, ойнайтын бөлмелеріне, төсектерінің қасына т.б. орындарға қызықты кітаптар мен журналдарды қойып қойыңыз. Бірақ, ешқашан да балаңызды оқуға мэжбүрлеңіз !
18. Отбасы мүшелері және кітап. Отбасы мүшелеріне өзіңіз оқыған мақалалар мен кітаптар туралы айтып беріңіз. Бұл туралы етуге бір уакыт белгілеңіз. Әрі бұл балаларыңыз бар кезде болсын. Оларды да әңгіме қатыстырыңыз. Осылайша оларды оқуға әрі естігендері туралы өздерінің жеке дәптерлеріне жазып алуға қызықтырыңыз!
19. Бала және оқу сахнасы. Балалар оқып жатқан нәрсені түсіне, оңай, жеңілдікпен оқиды. Сондықтан оларға оқыған ертегісіндегі кейіпкерлерден таңдап беріңіз. Балаңыз сол кейіпкерлердің бірінің рөлін сомдасын. Бұл «Оқу сахнасы» деп аталады.
20. Сіз ешқашанда (Балаңыздың оқымай жатқандығынан) үмітсізденбіңіз. Өйткені, олар неше жасқа келулеріне қарамай, оқуды жақсы көріп кетулері мүмкін. Бірақ оларды қажетті кітап-журналдармен қамтамасыз етуіңіз аса маңызды. Оларға сай келетін кейбір журналдарға жазылуыңызға да болады. Әсіресе, олардың жасөспірім кезінде оқуға деген қажетіліктерін толықтай толтыра білуіңіз керек.
5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым - қатынастар Қарым - қатынас психологиясы Тұлғаның әлеммен қарым — қатынасы әрқашанда психология майталмандарының қаперінде жүретін мәселе. Белгілі психолог әрі психиатр В.Н.Мясищевтің көзқарасынша, тұлға өзегі болып оның шындыққа деген субъективті — бағамдық, саналы — таңдаулық қатынасының жеке — бірыңғай жүйесі танылады. Атақты совет педагогы А.С.Макаренконың ойынша, адамды тәрбиелеу дегеніміз, ең алдымен, оның болмыстық қатынастарын тәрбиелеу. Американдық эксперт Пауль Вацлавиктің коммуникациялық фундаменталды принципіне сәйкес, адамдар арасындағы қатынас негізгінен екі деңгейде жүреді: мазмұндық деңгейде және қатынастық деңгейде, сонымен бірге соңғысы алғашқысын айқындап береді.
Кітапханашы мен оқырманның қарым — қатынасында осы 2 деңгейді пайымдай білу - бұл олардың қарым - қатынасын жақсартудың жолы. Графикке жүгінейік.
X - осіне мазмұндық деңгейді, ал у - осіне - қатынастық деңгейді белгілейік.
Бірінші ширекте кітапханашы мен оқырман арасында жақсы қатынастар, бұл мазмұнды қарым - қатынасқа жағдай жасайды; қарым - қатынас жасаушылар бірін - бірі тыңдауға қабілетті, хабарламаларды қабылдауға дайын және т.с.
Екінші ширекте кітапханашы мен оқырман арасындағы қатынастар жайсыз, жағымсыз, сондықтан да олар диалог мазмұнын адекватты (дұрыс) қабылдауға талпынбайды. Қатынас фрагментті түрде: оқырман бір нәрсені естімей қалады, кітапханашы бір нәрсеге мән бермей қалады. Нәтижесінде оқырман сұранысы квалификациясы түрде (кәсіби түрде) орындалмайды, бұл олардың қарым - қатынасын одан әрі шиленістіре түседі.
Үшінші ширекте кітапханашы мен оқырман арасындағы жайсыз қарым - қатынастар оларды шешу деңгейіне ауысады, олар өзара мазмұнды диалог (сұхбат) жүргізе алмайды. Кейде сұхбат мынамен аяқталады: кітапханашы «Егер сізге ұнамаса, басқа кітапханаға баруыңызға болады» деп оқырманға кітапханадан шығып кетуді ұсынады, ол оқырман өз - кезегінде «Мұндай кітапханаға енді келмеймін» деп сұхбатты дөрекі тамамдайды (бұл жерде біз дөрекіліктің жұмсақ түрін көрсеттік).
Төртінші ширекте кітапханашы мен оқырман арасында - жылы, жағымды қарым - қатынас; алайда бұл жерде диалог болмайды, қарым -қатынас жасаушылар мазмұндық деңгейге көтерілмейді, оларды бір - бірімен байланыс қызықтырмайды, байланыстыратыны тек құжаттарды толтыру: кітаптарды өткізу, таңдаған әдебиетті жаздыртып алу.
Психологтардың айтуына қарағанда, тұлғаның бір нәрсеге немесе біреуге қарым - қатынасы жайлы алғашқы ақпаратты біз вербальды тіл арқылы, ал шынайы, терең мағынасында вербальды тіл арқылы, ал шынайы, терең мағынасында вербальды емес белгілер арқылы ала аламыз.
Төменде кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым - қатынастың әркандай түрлері көрсетілген (кітапхана түріне байланысты емес); Осылай түр - түрге бөлуге көптеген бақылаулар негіз болды.
Кітапханашының оқырманға деген қарым - қатынасы жылы шырайлы, бұл қатынастың негізінде кітапханашының оқырман қажеттілігін дұрыс пайымдай білуі жатыр (ол оны тұлға ретінде қабылдайды). Осының бәрі қарым - қатынас мазмұндылығын қарастырады. Қатынас типі -қызығушылық.
Өзімен тең деңгейде жүретін оқырманға деген қарым - қатынас, оқырман құқықтарын сақтау барынша тиімді (оптималды) диалогты тудырады. Қатынас типі - сыйластық.
Оқырманға деген немқүрайлы қарым - қатынас, сондықтан да диалог мазмұны нәтижесіз болады, бұл кикілжің жағдайларға экеп соғуы мүмкін. Қатынас типі — немқұрайлы.
Оқырманға деген тәкаппар қарым - қатынас. Оқырман шамданып қалып, мазмұндық деңгейге шықпауы мүмкін немесе ара қатынасты шешіп алу, т.б. деңгейіне шығуы мүмкін. Қатынас типі — шамдану.
Оқырманға деген жағымпаздық қарым - қатынас. Оқырман не кітапханашыны моральді тұрғыдан қолдап, екеуі мазмұндық деңгейге көтеріле алады, не болмаса, кешірімді ата - ананың ұстанымын қолдана алады, оның нәтижесінде оқырманның кітапханашыға деген сенімі жоғалады әрі қарым - қатынас деңгейі тиімсіздікке ұшырайды. Қатынас типі -оқырманды жоғалту.
Оқырман деген байыпсыз, жауапкершіліксіз қарым — қатынас, диалог мазмұнына арақатынастарды шешу мәселесі енуі мүмкін; оқырман кітапханашыны әдебиеттерді өз уақытында таңдап эпермегені үшін айыптауы мүмкін. Қатынас типі - жеңілтектік. (шолақ ойлаушылық).
Кітапханашының қарым - қатынасы сырттай жақсы болып көрінуі мүмкін, бірақ оқырман «жылы сөздердің» арғы жағынан қызметкер кім екендігін сезіп қоюы ықтимал (ол «жылы сөздер» мазмұндық деңгейдегі көріністе болуы ғажап емес). Қатынас типі - манипуляция (өз ырқына көндіру).
Кәсіби деңгейдегі манипуляциялық қарым - қатынастардың тағы бір типін келтіруге болады.
Жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызушылығын қалыптастыруда кітапхананың қызметі өте зор.
Яғни мектеп кітапханасында, балалар кітапханасында тіл мерекесіне байланысты жиі шаралар ұйымдастырулар болса нұр болар еді.
Сонымен қатар оқу қабілетін дамытуға арналған ұсыныстар яғни жадынамалар берілсе.
Қазіргі таңда осы ұсыныс қатты қолға алынуда дейді. Облыстық жасөспірім балалар кітапханасының директоры.
Кітапхана - бұл уақыт толқынында тербеліп, өзінің асыл қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ой кемесі. Кітап байлығын сақтап — қорғап қалу кітапхана мамандарының тұрғылықты қамқорлықтарының бірі. Баршаға мәлім, әрбір кітапхананың негізі - оның қоры.
Қазақстанда бүгінгі таңда біздің Министрлік жүйесінде осындай 3217 кітапхана, оның ішінде 11 - 1 дербес жасөспірімдер кітапханалары қызмет етеді. Олардың қызметін 1 миллионнан астам 15-21 жас аралығындағы жасөспірім қыздар мен жігіттер пайдаланады. Олар бүкіл оқырмандардың — - бөлігін құрайды.
Кітапханалар; әсіресе жасөспірімдерге арналған кітапханалар бүгінде жастарды көптеп тартуға ғана емес, сонымен қатар оларды өзіне тән ерекше жағдайда ұстап алуға қабілетті болып отыр. Енді кітапхана қорларын басқарудың түрлі аспектілеріне нақтылай және жеке тоқтала кетейін. Ең алдымен, қорды қажетті басылымдар және басқа да материалдармен толықтыру, оны үнемі жаңартып отыру. Әр заманда кітапханаларды кітаппен қамтамасыз ету олардың қызметтерінің өзекті міндеттері болып табылады.
Кітап рыногы сонымен бірге елеулі тақырыптық қылықтар жіберіп отыр, басылымдарды қайталап басып шығарумен ғана айналысады. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңының 22-бабында көрсетілген республикалық және облыстық кітапханаларды баспа өнімдерінің міндетті даналарымен қамтамасыз ету мәселесі де әлі күнге дейін шешілмей отыр. Осы жағдайда кітап қорын толықтырудың бағдарлы процестері бұрынғыдай тұрақтылықты жоғалтып, стихиялы түрде болатын болды. Сондықтан жасөспірім оқырмандардың оқуына, ақпарат алуына, бос уақытын қызығушылықпен өткізуіне бұл мәселе нұқсан келтіріп отыр деуге болады.
Әділдігін айта кетейін, өткен жылы кітапхана қорын толықтыру жағдайы біршама жақсарғанымен де, оны сақтық сеніммен ғана атап өтуге болады. 2005 жылы жасөспірімдер және балалар жасөспірімдер кітапханаларының қорына 2001 жылын салыстырғанда 10 есе артық, яғни 24,5 мың данаға жуық кітаптар мен басқа да басылымдар түскен. Қарағанды және Оңтүстік облыстық жасөспірімдер, Қостанай балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қорлары едәуір жаңартылды; Ақтөбе, Атырау облыстық жасөспірімдер мен Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының қорлары аз да болса толықтырылған. Біздің профилімпдегі кітапханалар қорының жаңартылуы жаңа түскен басылымдардың бар қорға қатынасын алғанда 1,9 пайызды құрайды. Әлемдік стандарт бойынша көпшілік кітапханалар қорында басылымдардың соңғы жылдардағы басылымдардан 5-10 пайызын тағыда жартылай соңғы 5-10 жылдардағы кітаптарды құрауы тиіс. Яғни, бізге ЮНЕСКО мен сараптылары даярлаған рецепке жету элі де алыс. Ал, Ресейдегі қордың тек 1,2 пайызын құрайтыны, сәл де болса қатардан қалмайтынымызды көрсетеді. Ал, қазақ тіліндегі жаңа басылымдар қордың 5 мыңға жуық данасын құрайды. Жалпы түскен басылымның 21,5%. Дара көрсеткіште бұл кітаптарды Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау алған.
Жастар біздің болашағымыз. Келешекте қоғамға білімді, жоғары зерделі жастар кажет.
Адамның рухани байлығы - ең алдымен оның білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық жағынан дамыған жеке танымдық ой - өрісі.
Рухани байлық әдет - ғұрып пен дәстүр, сана мен намыс, отан сүйіспеншілік және интернационализммен байланысты, ұлттық сезімдерді дамытуға жәрдемдеседі.
Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға құмарлығын қанағаттандыру мақсатында күнде қажетті білім мен тәртіп алып отырады. «Бала бақыты - білімде», Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. Ал, білімнің бас құралы - кітап, дейді оқымысты А.Байтұрсынов.
Баланың қоршаған ортаға бейімделуі, өзін - өзі тануы, өзіндік тануы жетілуі, өзіндік әлпеті тек аула, отбасы, теледидар, бейнефильмдер ғана емес көбіне кітап оқуменен байланысты.
Кітап оқу - кітапхана үшін ең жақыны, ең қызықтысы және ең әсерлісі. Балаларды кітап оқуға тарту — жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой - өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады. Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас ажырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан - азығы кітапқа деген қызушылығын арттыру, қадір - қасиетін ұғымдыру. Кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігермен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала кітапты оқып, өз ой елегінен өткізіп мазмұнын жеке түсінгенде ғана ондағы оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп, сезінеді.
Оқу жылы ішінде балалар кітапханаға негізінен мектеп бағдарламасы бойынша тапсырмалар (реферат не болмаса мектеп бағдарламасы бойынша әдеби кітаптар) орындауға келеді. Бұл кітапханамызда өткізген «Кітапты таңдау себептер» атты зерттеудің қорытындысын дәлелдей түседі. 58 пайыз оқырмандарымыз кітапханаға үй тапсырмасын орындау үшін келеді екен. Әлбетте, оқушының кітапханаға келуі жаман емес. Бұл кітапхана оқушының сенуіне дәлел. Кітапхана мектеп үшін үй тапсырмасын тез әрі шапшаң орындайтының қосалқы мекеме болмауы керек. Әрине, мектепте берілген тапсырманы орындау үшін де оқушы кітапханаға келеді, ізденеді, оқиды, кітапханашының көмегіне сүйенеді. Белгілі пәндер бойынша ілім – білім алады. Бірақ, оқырманның ақыл - ойы, шығармашылық қабілетінің дамуы өз еркімен кітап таңдап алып, оқуынан басталады. Дегенмен, кітапхананың негізгі қызметі мен міндеті бұдан ауқымдырақ:
1. Баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;
2. Баланың кітап оқу мүмкіндіктерін арттыру, кеңейту;
3. Оқырман қызушылығын қалыптастыру.
Біз қашанда бала оқуының шығармашыл және мұқиятты болуын естен шығармауымыз қажет. Бұл жерде кітапа оқу мәдениетіне тәрбиелеу маңызды роль атқарады: оқырманның кітапты өздігінен дұрыс таңдай білуінен оны сауатты игеруіне дейін, оқыған кітабына талдау жасау білуі, мектепте, өз қатарластарымен, үлкендермен қарым - қатынас жасағанда қолдана білуі.
Кітапхана үшін келешек саналы оқырман ақпаратты сауатты, білікті маман, өз ойын еркін жеткізе білетін, зерделі азамат және саналы ата - ана.
Кітапхананың ең жақсы жарнамасы да оқырман! Белсенді немесе самарқау, окымысты не ізденуші, талапты немесе жай ғана бала. Олар қашанда кітапханашыға шығармашылық бағыт беріп, шабыт беріп, жұмыстың жаңа түрін ойлап табуға, үнемі ізденісте болуға мэжбүр етеді.
Оқырман кітапханға ең алдымен кітап оқу үшін келеді. Заман талабына сай балалар кітапханалары да кітапханаға оқырмандарды тарту, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатымен жаңа жұмыс түрлерін ұйымдастыруда. Отанын туған жерін сүюге, білімді болуына, мінезі мен сезімнің калыптасуына айрықша көңіл бөліп, оқырманның бос уақытын тиімді ұйымдастыру - әрбір кітапхана қызметкерінің міндеті. .
Кітапхана мен кітапханашының бүкіл жұмыстары оқырман игілігіне бағытталатынын эр кітапханашы түсінеді. Оқырманның жеке басының даму өрісі көп қырлы, бір сырлы. Кітапханашы оның өмір өрісін кітаппен, информациялық ізденістермен байланысты яғни баспасөз шығармаларын оқуы жағынан ғана біледі. Сондықтан, оқырман туралы сөз болғанда кітапханашы оның кітапқа және кітапханаға байланысты ғана іс - әрекеттерін ескереді. Ол іс - әрекеттерге кітапханадан кітап алу дағдысы, баспасөз шығармаларына деген сұранысы, іздестіру жолдары және ашық қормен, анықтама - библиографиялық аппаратпен пайдалану әдістері көпшілік шараларына қатысқан кездерінде айтқан пікірлері және басқа әрекеттері жатады.
Әр адамның оқырмандық қызметі қазіргі қоғамның қажеттіліктерімен және жеке өзінің талаптарымен бірге қайнасып, оны қоршаған әлеуметтік ортамен жеке басының оқуға деген талап - тілектеріне қарай дамиды.
Оқырман оқуына жетекшілік ете отырып және олардың оқуға деген қажеттіліктеріне қанағаттандыра отырып - кітапхана идеологиялық, мәдени - ағарту, ғылыми - информациялық мекеме ретінде өз рөлін жүзеге асырады. Кітапхананың біздің қоғамымыздың негізгі мақсаты - әлеуметтік -экономикалық өркендеуді жеделтетуге, балалардың жан - жақты дамуына, әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектеседі, оқу мәдениетін қалыптастырады.
Оқу мәдениеті дегеніміз жеке бастың мәдени дәрежесінің бір бөлігі. Оқу мәдениетіне оқырманның жүйесі оқуы, кітап оқуға деген ынтасы, оқу мақсаты, кітапты іріктеп алуда және кітапты жүйесі оқуда игерген шеберліктері, дағдысы яғни осы салада жинақталған білімнің барлық комплексі жатады. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі кітапханалық -библиографиялық білімді игеру.
Қоғам талаптарына сәйкес кітапхана оқырмандарынан жұмыс жүргізу барысында жеке бастың адамгершілік тұрғысынан дамуын көздейді. Жеке адамның, қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет қағидаларды, ережелерді рухани байлықтар жүйесін меңгеруіне көмектеседі.
Оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін мынадай үш топқа бөліп қарауға болады.
1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары, оқырман туралы мәліметтер алу, оқу мақсаты оқу ынтасының мазмұны, оқу жүйесі, кітапханалық - библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.
2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген қажеттіліктері мен құлптарлықтарын қалыптастыру, оқырман бойында күнделікті оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп, жан - жақты дамыту, көркемдік талғамын ұстау т.б.
3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық библиографиялық құралдарды, каталогтар мен карточкалары кітап көрмелерін т.б. оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін және тиімді оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету.
Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен жұмыс жүргізу іске асырады. Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді. Сондай - ақ оқу мәдениеті жоғары оқырмандар үшін жақсы ұйымдастырылған кітапхананың ашық қорының, анықтама — библиографиялық аппараттарының, кітап көрмелерінің алатын орны ерекше, балаларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында балалар кітапханасында кітапханалық — библиографиялық сабақтар жүргізіледі.
Мәдениет - халықтық сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан - ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім - болмыс, жалпы халықтық дамудың іргетасы. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұлтты мәдениетті дамуға, олардың прогресшіл ұлттық дәстүрлері мен рухани қазыналарын қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктерін сақтауына кең жол ашылуда.
Қазіргі уақытты облыс бойынша кітапханалар сан - 202, оның 154-і ауылдық кітапхана. Балалар кітапханасының саны - 6100. бұл тек ғана цифр емес. Бұл - Қазақстан Республикасының ертеңгі мыңдаған азаматтарын рухани тұрғыдан тәрбиелеп, өркениет сабақтарын беру үшін ондаған адамның тиымсыз еңбегі, мыңдаған кітаптың үздіксіз өмірі деген сөз.
Кітапханадан балалар тіршілікке қажетті рухани қазынаның бәрін табу қажет. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерді түсініп, талдап үйрену және өз пікіріңді дәлелдей, қорғай білу - осының бәрін балалар кітапханадан үйрену керек.
Осы жолда балаларға жан - жақты тәрбие беріп, адамгершілік, имандылық қасиеттерін дамытуда, кітап оқудың маңызын көтеру міндеті жыл санап арта түсінуде. Отанын, туғанын жерін сүюге, олардың білімпаз болуына, мінезі мен сезімінің қалыптасуына айрықша көңіл бөліп, оқырманның бос уақытысын тиімді ұйымдастыру - әрбір кітапхана қызметкерінің міндеті. Баланың тәрбиесі тек жан - ұялық жеке іс болуымен қатар ол бүкіл қоғамымыздың терең шұғылданатын ісінің бір тұтас бөлігін айналды.
Қазіргі таңда балалар кітапханалары мүмкіндігінше жаңа талаптарға, сұранымдарға сай жұмыс істеп келеді.
Оқырманның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, мәңгілік жан азығы, білімінің қайнар бұлағы кітапты насихаттау мақсатында балалар бөлімінде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Кітапханаға келген балалар оқырманның көп орындарының бөлімі. Бөлімге келген балалар ертегілер еліне түскендей болады. Осы жерде балалар бір - бірімен танысып, кітап, журналдар оқып, керек анықтамаларын алып, уақыттарын өткізеді. Бөлім қызметкерлері де әр уақытта оқырмандарға дайын.
Бұл кітапханашылар оқырмандарды білім нәрімен суарып қана қоймай, олардың жүрегін жақсылықтармен ізгі ниеттермен, қасиеттермен толтыруға тырысамыз.
Психологтардың тапсырмасы бойынша оқырманның алғашқы келуінде саяхат өткізген дұрыс, себебі алғашқы алған әсер, әр уақытта қызық әрі мол болады. Олар мысалы: «Көңілді поезбен», «Кітап оқу» қаласының кітаптар қорына саяхат жасайды. Бұл «Оқу қалашығында», «Ертегілер елі», «Өлеңдер үйі» бар. Содан соң біздің «библиобус - экспресс» мектептерді аралап балаларды салтанатты түрде оқырмандыққа қабылдайды.
Бұл рәсім «Қош бол, Әліппе!», «Сәлеметсіз бе, кітап» мерекесінде жүргізіледі. Мереке барысында кітапханашы балаларға «Оқу қалашығына шақыру қағазын» тапсырады.
Бөлімнің танысу «ойлан, ізден, жасап көр» деген көрмемен басталады. Көрмелегі заттарды біз әр тоқсан сайын өзгертіп отырамыз. Кейбір қызықты жұмыстарды қайталап көрмеге қоямыз. Көрмеде оқырманның қолымен жасалған бұйым ғана емес, оны жасау кезінде жас шебердің затты дайындауға көмектескен кітабы да қойылуы керек. Балалар кітаптар әлемін көріп, автор жолдауын оқып бірден кітапты аударыстырып қарауға кіріседі.
Ал кітапханашы бул кезде балаларға кітапхана және кітапхананың адам өміріндегі маңызы жайлы әңгімелейді. Бұл тиімділігі балалар кітапханаға қайтадан келіп, оқырман болып жазылған кезде айқындалады.
Балалар бөлімі мектептермен тығыз байланыста. Мектепте өтетін түрлі іс - шараға қатысып, көрме, шолу жасауға көмектеседі. «Әдебиет және балалар шығармашылығы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың өздері кітаптарға шолу жасайды. Бұл олардың дарындылығын дамытуға көмектеседі.
Балалар бөлімінде жыл сайын «Балалар мен жасөспірімдер кітап апталығы» өткізу керек. Мұндай жұмыстар жүргізу үшін кітапхананы сауатты, окырманның рухани жан — дүниесін байытуға дәнекер тұлға болып, көпшіліктің талғам — талабынан жоғары тұруға міндетті. Біздің басты мақсатымыз елдің ұрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет ету.
Қазіргі таңда балалардың кітапханаға келу саны 50,4%, ал қазақ тілінде оқып жүргендер 40,5% көтерілгені мәлім.
Көбіне (кітапханашылар) кітапханаға 70-і 15-21 жас аралығындағылар, олардың 63,2% орта мектеп, гимназия оқушылары, 22,3%-і студенттер екен. АҚШ кітапханатанушысы Д.Х.Шира: - «оқу ...» дегеніміз тұтас қоғам, сондыктан ел тұтас адам қалыптастырады. Ал кітапхананың құндылығы бірлестіру арқылы, жинақталған кітаптар арқылы оқырманға әсер ету: - жеке тұлғаны жан - жақты дамыту өмірдің дамуы мен қоғамның даму ерекшеліктеріне және адам талғамына, талабына байланысты қоғамда — жұмыскер, коғам қайраткері, адамгершілік қасиеті мол жоғары мәдениетті эстетикалық құндылықтарды, қадірлейтін адамдарды қажет етеді. Кітапханашылардың міндеті: - жеке тұлға қалыптастыруда саяси эстетикалық, адами, мәденң, ғылыми көзқарасын, өздігінен ойлай білетін интеллектуал оқырман тәрбиелеу.
Бүгінгі балалар кітапханасы - жас ұрпақ үшін үздіксіз қызмет атқарушы. Көптеген балалар жақсы сөйлегеніменен, белгілі бір мәселе төңірегінде өз ойын ортаға салу, пікірталасу кезінде ойын толық жеткізе алмай қиналады. Баланың сөздік қорын молайту, шешендік өнерге баулу мақсатында «Өнер - алды қызыл тіл» байқауын ұсындық. Онда қазақ халқының би - шешендердің аталы сөздері тапсырмалар берілген.
Қазіргі таңда ең басты мәселенің бірі кітап шығару мәселесі. Ата -аналардың пікірі балаларға, арналаған кітаптардың мұқабасы әдемі, әсем безендірілген болса екен. Қазақ тілінде балаларға арналған көркем әдебиеттер өте аз. Кеңес үкіметіндегі кезеңіндегі пионерлер өмірі туралы әңгімелер, казіргі балалар үшін қызықсыз. Сондықтан жазушылар балаларға арнап заман талабына сай әдебиеттер, қызық ертегілер жазса нұр үстіне нұр болар еді - дейді аналардың жауабы. Кітап дүкендерде қазақ тіліндегі кітаптар саусақпен санарлық. Ал орыс тіліндегі кітаптар Ресейде балаларға арналған кітаптардң көптігі сондай, олар «балаларды өзіне керегін ғана таңдап алуға үйрету керек» деген мәселені көтеріп отыр.
Ал біздің елімізде .өкінішке орай, балаларға арналған көркем туындылар жоқтың қасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша балаларға 33 кітапхана қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
- облыстық балалар кітапханасы - 1;
- орталықтандырылған балалар кітапханасы - 15;
- балалар бөлімшелері -17;
- балаларға қызмет көрсететін ауылдық кітапханалар - 50.
2003 жылы Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылдық балалар бөлімшесі ашылды.
Облыс бойынша негізгі көрсеткіштерді өткен жылмен салыстарғанда:
Көрсеткіштер
|
2004
|
2005
|
Оқырмандар
|
89161
|
86520
|
Кітап берілімі
|
1775553
|
171070
|
Келушілер
|
877397
|
8
|
Кітап қоры
|
983848
|
811902
|
|
|
965386
|
Кітапханашылар балалармен жұмыс істеу кезінде балаларға, балалар үшін тест сұрақтары жүргізілген. «Балалар үшін қандай кітапханашы керек және ол кандай болуы керек?» деген сұраққа жауап ретінде 100% - 84%-і кітапханашысының жылы қас — қабақпен жақсы жауап (қайтарылғандығын) қайтарғанын қалаған.
Кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір кітапханашының борышы. «Жастарымыздың салт — дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс» - деген Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтасам түсінікті болары сөзсіз.
Әлеуметтік және мэдени дифференциация оқуда көрінбейді. Ол адамдардың әлеуметтік жағдайына көптен - көп байланысты.
Егер мектеп балаға тек бір үші мен автор мен шығарманың бір ғана бөлегін, бір ғана оқырман дамуының жолын ұсына, онда балалар кітапханасы жекелеген сұраныстарға, қажеттіліктер мен бейімділікке сәйкес келетін көптеген жолдары мен үлгілерін ұсынады. Шын және шексіз мүмкіндіктер кітапханадағы оқырман дамуына әсер етеді. Бұл жағдай - біріншіден оқырман қызметіне толығымен тоқталу қажет, екіншіден, оқушының әлеуметтік ролі емес, оның жеке тұлғасына тоқталу.
Кітапхананың психолого - педагогикалық ролі баланы қарым -қатынасты дұрыс жолға қоюда ерекше көрінеді, яғни ол оқырман әрекетінің калыптасуына эсер етеді.
Кітапхана балалар сұранысының ерекшелігін неғұрлым тереңірек білсе, соғұрлым ол өзіне берілген рольді нәтижелі орындайды. Бұл мәселе кітапханашылардың арасында шешімін таппайынша және қызметтің басты мақсаты етіп қойылмайынша оқырманның сұранысы да дұрыс қалыптаспайды. Қарым — қатынас кезіндегі кедергі, диалогтың дұрыс жүргізілмеуі теріс нәтижеге алып келеді. Өзекті емес немесе өзіне қажетсіз ақпарат алған оқырман кітапханашылардың кәсіби деңгейін төмен бағалайды немесе өзінің осалдығын сезінеді. Мұның барлығы оқырманды кітапханадағы бөлектейді.
Кітапхананың ақпарат қызметі ереже бойынша 3 бағытты қарастырады:
- біріншіден, оқуға үгіт - насихат жүргізу;
- екіншіден, бос уақытты қызықты, пайдалы, дамытушы формасында өткізуді оқырман арасында насихаттау, тарату;
- үшіншіден, кітапхананың ішінде әр түрлі кештер, ойындар, мерекелер өткізу, балалардың қолынан шыққан заттармен көрме, клуб, үйірме, балалармен шығармашылық сабақтар ұйымдастыру. Осы аспектіні қарастырғанда маңызды орынды балаларға жазғы оқу бағдарламасын құру алады. Осылайша «оқырман үшін кітапхана» бұл;
- пайдаланушыларға ақпарат алуға құқығын сенімді түрде өз алдына мақсат етіп қоятын және осы құқықты жүзеге асыруда оқырман қажеттіліктерімен санаса отырып, іске асыру механизмін құрушы;
- Оқырмандардың қажеттіліктерінің үнемі өзгеріп отыруына бейімделу механизмін құрушы және осыған байланысты өз қызметін реттеуші;
- бұл механизмді нормативті, ұйымдасқан және технологиялық түрде реттеуші;
Оқуды дамытудағы кітапхананың ролі.
Балалар кітапханаларды тек қана ақпараттың орталықтар ретінде ғана емес, сонымен қатар оқуға жұмылдыратын және әрбір баланың оқырмандық кабілетін дамытуға ықпал етеді, яғни:
• кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады;
• барлық жастағы оқырмандардың оқуына жағдай жасайды, оқу ауқымын кеңейтеді;
• баланың ерте жастан оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді;
• Оқу - өмір бойынша қажетті маңызды құрал деген түсінік қалыптастырады;
• Оқырмандық қабілетін дамытуға көмек теседі;
• оқырман кай жерде болмасын: ауруханада ма, түрмеде ме, балалар үйінде ме бәріне бірдей оқуға мүмкіндік жасайды;
• ата — аналарды, тәрбиешілерді, оқытушыларды балалармен бірге кітап таңдауға дайындайды.
Оқуды дамытудағы кітапханалардың ролі:
Балалардың өмір стилі мен бағыттары өзгеруде. Көпшілік кітапханалары мұндай өзгерістерді назардан тыс қалдырмауы керек. Осыған байланысты кітапханашылардың алдында екі өткір мәселе туындайды:
■ Балалардың өмірі мен бағыттары қалай өзгерді және бұл мәселеге балалар кітапханалары қалай жауап беруге тиіс?
■ Осы өзгерістерді есепке ала отырып балаларға арналған кітапханалар қандай жолмен жүруі керек?
Ешқандай жаңалығы жоқ, бірақ дәлел жетерлік. Біздің уақытымызда «ақпарат» және «кітапхана» сөздері синоним болса, балалар кітапханалары өзге кітапханалардың ішінде ерекше роль ойнайды: олар балаларға өз білімін дамытуға мүмкіндік береді және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беред. Ал бұл - бүкіл өмір бойына жалғасатын оқу мен сауаттылыққа апаратын бірінші баспалдақ.
Балалар үшін сауаттылық пен дамудың қайнар көзі ретінде қалу үшін кітаптың маңызы мен кітаптардың дұрыс ұсыну, міне осы балалар кітапханасының басты қызметі болып табылады.
Манифесте келісілгендей кез - келген кітапхана өмірге енгізетін негізгі, басты қызметтерінің арасында білім алуға көмектесу, сауаттылық пен мәдениеттің қылаптасуына көмектесу үшін жұмыс жасау ерекше аталады.
Балалармен жұмыс істейтін кітапханалар үшін бұл келесі жағдайларды білдіреді:
Кішкентай жастағы балалардың арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру;
■ Балалардың қиялы мен белсенділігін дамыту;
■ барлық деңгейде өзіндік білім алуды қолдау;
■ барлық жастағы топтардың қызметтері мен бағдарламаларына қатысу.
Балалар үшін кітапханалар сервисті өзгертік, мейлінше жетілдіріп отыруы тиіс. Және балалармен кітапханалық жұмыс істеуде ең маңыздысы кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оқырман қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық технологияны балалар біздің көмегімізсіз - ақ игере алады. Кітапханалар тек қана барлық ақпарат көздерін пайдалануға мүмкіндік бере алады. Ал баланың оқырман болып қалыптасуы Сәбидің кішкентай кезінен бастап өміріне балалар кітапханасының белсенді араласуынсыз жүзеге аспайды.
Осылайша, балалардың оқуды мен ақпараттық сауаттылығын дамытуды колдауда кітапханалардың алар орны ерекше.
Балалар кітапханалары - бұл бәрінен бұрын әрбір келушіге көмектесуге дайын, мейірімді қызметкерлері бар ыңғайлы жер.
Қазіргі таңда кітаптың басты жетекшісі ретінде балалар кітапханашысы өз қызметін орындау үшін ерекше маман болуы қажет.
Егер кітапханашыға қажетті білімі мен сапасын айтар болсақ, онда келесі жағдайларды айта кеткен жөн:
Жеке сапасы:
• Өзінің әлеуметтік роліңді сезіну;
• Жұмыстың басты мақсаты - оқырман екенін сезіну;
• Бейімділік;
• Жаңаға қарай өзгеру, үйрену, бейімделу қабілеті;
• Жаңа білім мен тәжірибеге ұмтылу;
• Адамдарды ажырата алу қабілеті
Кітапханашылардың ақпараттық қоғамдағы білімі, қабілеті
• ақпарат көздерін білу
• Ақпараттық технологияларды пайдалана алу
• Ақпараттық лидер және менеджер болу қабілеті
• ақпаратқа деген қажеттілікті сезінуді қалыптастыру
• ақпарат көздеріне сәйкес мәліметтерді анықтап, таба білу
• ақпаратты тарата білу
• ақпаратты нақты және шығармашылықпен пайдалану.
• Пайдаланушылардың ақпараттық білімін қалыптастыра білу
• коммуникабельді болу
• басқаларға үйрете білу
• Кәсіби қабілеті:
• Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау
• Лидер мен ұйымдастырушылық қабілетін игеру
• Тез үйрену және өзгеру
• Бейімделгіш және жағдайға тез үйрене білу
• Білімді жеткізе білу
• Шығармашыл және зеректік
• Зерттеушілік қабілет
• Экономика негіздерін білу
Осының барлығы балалар кітапханашысы үшін жеткілікті ме ? Жауап берейін: жоқ, жоқ және жоқ!
Осы қабілеттерденбөлек кітапханашыға кітап пен оқуды сүйетін Оқырман қалыптастыруға көмектесетін арнайы білім қажет. Ол — сәби окырман бола ала ма, кітапты тек ақпарат көзі ретінде ғана көреме, жоқ әлде оқу - бәрінен бұрын: эмоция, сезім, тіл, шығармашылық бастау адамдарды және өзн кез келген жағдайда тану екенін мэңгіге түсіне ме, міне осының бәрі байланысты басты адам.
Сондықтан біз, балалар кітапханашысының арнайы білімі мен қабілетіне кіретін қосымша біліктілікке тоқталамыз:
• Әдебиетті жақсы білу.
• Жас ерекшелік психологиясы мен педагогикасын білу.
• Оқырмандарды: олардың ерекшелігін, қабілеттерін, мәселелерін білу.
• Кітапты насихаттай білу, оқырманды өзіне тарту:
• Әңгімелесе білу
• Тыңдай білу
• Кітапты оқырманға «жақындата» білетін адам
Тек қана осындай кітапханалық кадрларды дайындау арқылы біз оқу мен кітап әрқашан балалардың, оқытушылар мен ата - аналардың назарынан тыс калмайтынына сене аламыз.
Қорытынды
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең ұрпақтардың талабын қанағаттандыру, рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орыннның бірі балалар кітапханасының орны ерекше. Оқырман балалардың рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда балалар кітапханасының маңызы зор.
Сондықтан кітапхана ағарту және ақпарат мекемесі, балалар кітапханалары мен баспа шығармаларын сақтайтын, оны насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы қорыта айтатын болсам, жалпы балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдарын айқындап талдадым. Кітапхашы мен окырман арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясын талдап зерттедім. Сондай-ақ кітапханада ақпараттық процестерді компьютерлендіру мәселесіне басты назар аударылуда.
2000 жылдан Республикалық А.С. Бегалин атындағы кітапханаларындағы электронды каталог бойынша жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ жаңа ақпаратты енгізумен бірге оқырман балаларға қызметін көрсетуде электронды поштаның иңтернет жазғы демалыс оқу интернеті жолға қойылған.
Біз балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері балалар кітапханаларындағы бұқаралық жұмыс түрлеріне карап шықтық. Дәлірек айтсақ, баланың оықрман болып қалыптасуы мәселелерін қарастырып оларды, шешу жолдарын атап өттік. Кітапхана оқыпмандарына кітапты дұрыс ұсына білсе, балалардың оқуға деген ынталығын және кітапты өз бетімен пайдалана білуге тәрбиелей алса онда кітапхана жұмысының дұрыс жолға қойылғандығы білінеді.
Кітапханаға жаңа келген балаларға кітапты мұқият біліп ұсыну керек, өйткені балалардың арасында көп оқыған талаптары күшті оқушылармен катар кейде аз оқыған балаларда кездеседі.
Ұсыныс әңгіме өткізудің әр түрі бар, кейде бұларға кітап ұсынғанда кітапханашы олардың ынтасын қайтарып тастауы мүмкін. Сондықтан окушыға мәдениетті жұмсақ түрмен ғана ғылымның әр саласынан оқуды және жеке жазушы шығармашылығының, немесе бір мәселе жайында түсіндіруі керек.
Балалар кітапханасының жұмыс негізгі бағыт мақсаты балаларға қызмет көрсету. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға оны ұйымдастыруға және тәрбиесіне көмек көрсету, балалардың ақпаратқа қолы еркін жету құқығын қамтамасыз ету. Балаларға жан-жақты тәрбие беріп мінезі мен сезімінің, өмірге деген көз-қарасының қалыптасуына көңіл бөлу -әрбір кітапханашылардың міндеті.
Ғылым мен техниканың дамуы өрлей түскенімен кітап адамзат баласының рухани, жан дүниені кеңейтіп бірден бір қазына ретінде қолданыла беретіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асылбекова, Ш. Жаңа кезең. // Кітапханасы элемі. - 2003. №3. Б. 36.
2. Әділбекова, М. Жастардың қазақ тілінде кітап оқуының жағдайы //
Мектептегі кітапхана. - 2004 №2. Б. 11-14.
3. Бегалинские чтения «Чтения детей проблемы поиски и решения».
- А: 2003. С. 2-130.
4. Бегалинские чтения. «Дети как читателей» после расписание детская
- библиотека им. С. Бегалина А: 2003. С. 8-22.
5. Бегалинские чтения: библиотека, книга и чтения и оброзования детей.
[Государственная Республиканская Детская Библиотека им. С.Бегалина ]. А: - 2004. Б.1-133. Бердіғалиева, Р. Жас ұрпақ және кітапхана // Қазақстан мұғалімі.- 1998.
№75. 11 желтоқсан. Б.10.
Бердіғалиева, Р. Кітапхана ісі туралы заң. // Егемен Қазақстан. - 2003. -25 қаңтар- Б 4.
6. Бақытқызы, Р.Ұлағат — ұлттық тәрбиеде. // Ұлағат —2003. №2. Б. 50-51.
7. Базыбаева, М. М.Жұмабаевтың психологиясының мұрасы. // Ұлағат
2003. №8. Б. 47-48.
8. Байсымбекова, Ж. Өркениеттегі кітапхана қандай болу керек? //
Қазақ әдебиетті - 2005. №6. Б. 11.
9. Ғисанов, Т. Жастар игілігі үшін еңбек етеміз. // Кітапхана элемі. -
2004. - №2-34-35 Б
Езова, Н. Взаимоотнашения библиотекаря и чтения. // Библиотечное дело. -2006. №1.Б. 40-43.
10. Есалы, А. Ең қүнды қазына: Қазақстан Ұлттық кітапханасының
- құрылғанына 90-жыл // Егемен Қазақстан - 2000 - 18 қараша.
11 .Есенқызы, П. Ауылдық кітапханаларда балалар мен жасөспірімдерді
-ақпарат пен дамыту мәселелері. // Кітапхана. - 2005 - №1 - 9 -11 Б
12.Жалғасбайұлы, А. Қазақстанда ақпаратты білім берудің мәселелері.
- Ұлағат -2003 №2-Б. 26-27.
13. Жасөспірімдер кітапханасының абономент бөлімі: Қазақстан Респ.
Жасөспірімдер кітапханасы. // Құраст К.К. Қалтаева - А. 1991- Б. 70
14. 3абирова, О. Вапросы детского библиографа.//Мир библиотеки-
2004 №2- С 25-27
15. Ибашов, С. Ж. Аймауытұлы еңбектеріндегі балалар психологиясы // - Ұлағат-2003.№2. Б. 6-7.
16. Иманасова, Ж. Адам қабілеті шексіз // Ақжелкен - 2000. №3. Б. 24-25.
17. Қожахметова, А. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ // Ақжелкен - 2000.
№10. -Б4-9.
18. Кәрімова, М. Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру
- мәселесі. // Ұлағат -2003. №2. Б. 48-49.
19. Лукзен, Л. Ата-аналарға арналған кеңес. // Ана тілі. 2004. №5. Б. 5.
20.Линкова, В.Н. Достучаться до сердца ребёнка // Нач школа- 2000.
№11. С. 26-30
21 .Муртазаева,С. Кітапхана және білім әдістемелік басылым // 2003ж
- (А.С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әдебиеті - ғылыми кітапханасы )Б. 1-19.
22. Мұсабекова, Г.К. Дәстүрден жаңашылдыққа // Кітапхана әлемі -
2005 -№1-25Б
23. Нұрбайұлы, Е. Кітапхана - оқырман ордасы. // Ақжелкен - 2000 №5-
Б.8-9
24. Нүсіпбаева, Г. Елдің елдігі - тілінде // Қазақстан мектебі - 2001 - №3
-72 - 73 Б
25.Оразымбетова, А. Өмірге даярлаудағы тәрбиенің рөлі//Ұлағат.-
2003.№2.Б. 26-27.
26. Оралғазина, А. Әлемге төнген сауатсыздық қаупі // Ақжелкен -
2003.№9. Б. 6-7.
27.Оралғазина, А. Әлемге төнген сауатсыздық қаупі. // Ақжелкен -
2000. №9. Б. 6-9.
28.Омарова, Г. Мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету. // Бастауыш мектеп. - 2002 - №1- 35-37 Б
29. Раева, С.Қ. Кітапхана - оқырман ордасы // Ақжелкен-2000. №5. Б. 8.
30. Рыскелдіүлы, Т. Ұрпақ тәрбиесін ұмытпайтын ағайын. // Ақжелкен
2000. № 7-8. Б. 1-19. Рыскелдіүлы, Т. Ұрпақ тәрбиесін ұмытпайтын ағайын. // Ақжелкен 2000.
- №7-8.Б. 1-19.
31. Садырова, Ғ. Білім кілті кітапхана // Мектептегі кітапхана - 2004. №1.
Б. 22-23. 32.Сүндетова, А. К. Балаларды кітап оқуға тартудың қызықты түрлері. // Кітапхана, 2006-№і 1-27 Б
33. Сметанникова, Н.Н. Статегптельный подход к обучению чтению- М:
- 2005. С. 5-509.
34.Тоқпакпаев, С. Әскери өмірлер қазақ тілінде берілді. // Ана - тілі-
2001.№4. Б.5.
35. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы. // Үкімет жарғысы — 2001-№2-Зб
36. Челышова, А. Влюбить ребят в литературу // Библиотека. - 2001.
№10.- С. 45-46.
37.Шукиев, Б.А. Балалар кітапханасындағы құқықтық тәрбие жұмысы //
Кітапхана әлемі.-2005. №4.- Б.20.
38. Юхотина, Л.Т. Психологические основы урока.- М,:Просвещение,-1996.СЛ02.
39.Ярослав, К.Д. Дети в Росси о себе и о своих правах // Библиотека. -
Достарыңызбен бөлісу: |