Зерттеу объектісі: халық ауыз әдебиетінің мәдени дәстүріндегі шешендік сөздер, билер сөзі, жыраулар.
Зерттеу пәні: шешендік сөз, дау, жыраулар, кикілжіңнің қазіргі кездегі шешу тәсілдері, пікірталас т.б
Зерттеу процедурасы: билер сөзіне, шешендік дауға контент-анализ әдісі, салыстырмалы түрде студент жастардың кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріндегі айырмашылықты анықтау; алынған нәтижелерді талдау; тәжірибелік ұсыныстарды өңдеу.
Қорытындылар мен ұсыныстар: қазіргі кезде ауыз әдебиетінің, оның ішінде шешендік сөздердің табиғаты терең зерттеліп ашылуы керек, ал практикалық өмірде шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерін қолдануда, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі шешендік сөздерді пайдалану тілімізді дамытуға, сақтауға, қайта жаңғыртуға түрткі болады.
1 Психология ғылымныдағы кикілжің мәселесі
1.1 Кикілжің туралы түсінік
Кикілжің индивидттердің өзара қарым-қатынасы негізінде,өзара әрекет процесі барысында пайда болады және қаншалықты адам бар жерде, соншалықты туып отырады.
Кикілжің мәселелері мен кикілжіңді жағдайлар әрқашан да философтарды қоғамдық қызметкерлерді, оқымыстыларды қызықтырған. Қаншалықты қызықты әрі, ұзақ тарихи мәні болса да, қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей анықтамасы «конфликтінің түсінігі әзірше құрылған жоқ, өйткені өте көп әртүрлі құбылыстар тым ұзақ категорияларға түсіп отырады [5;7].
Ең алғашқы рет әлеуметтік кикілжіңнің табиғи рационалды мағынасын сынауға түсініктеме берген ежелгі грек философтары. Ежелгі грек философы Анаксимандр (б.ғ.д.,10-547 ж.ж.) заттар ылғи да қозғалыстан тұратын «апейрондар, ал қарама-қайшылықтардың шығуына әкелетін материалдық бірліктің бастамасы деп түсіндірді. Ежелгі грек философы Гераклит (б.ғ.д.530-470) әлем, табиғат туралы жалпы жүйелі көзқарастарын конфликтілік ситуация мен соғыс туралы өзінің пікірлерімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Гераклит айтуы бойынша, әлемде бәрі өшпенділікпен және дауласумен туады, тек жалғыз ғана космостағы билік етуші-бұл күрес, барлығының әкесі және барлығының патшасы. Олардың бірін құдай қылса, басқаларын адам етті, бірін құл етсе, енді бірі еркіндікте. Бұл сөздер қоғамның даму процесіндегі күрестердің позитивтік ролін түсіндірудегі рационалды сынаудың бірі болып табылады.
Орта ғасырда Фома Аквинский (1225-1204) қоғамдық өмірде күрестің болуы керек деген ойды дамытты, тағы да бір жағы әділетті соғыстың жағдайларын анықтады, яғни ол кикілжіңнің бір жағының санкциясы болу керек деді.
Э. Роттердамский (1496-1506) бастапқы кикілжіңнің пайда болуындағы өзіндік логикасын ұсынды, яғни тізбектелген реакция іспеттес, өзіндік әсерімен жаңадан қайталап күшін орбитаға жинауы. Э.Роттердамский пікірінше ,тіпті екі жағы бірдей идеологиялық позицияны ұстаса да шиеленістік жағдайдағы қарсыластың күрделі қолданысына көңіл бөледі.
Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) алғашқы рет әлеуметтік шиеленістің жиынтығына теоретикалық талдау жасап негізін қалаған. Материалдық-саяси және әлеуметтік ретсіздіктің психологиялық жағдайларын, сонымен қатар оларды шешудің мүмкіндік беретін тәсілдерін кеңінен қарады.
18-19 ғасырларда ағылшын демократтары Е.Д.Прустли, француз ағартушылары Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо, Вольтер, неміс философы Э.Кант, Г.Гегель т.б. кикілжіңге байланысты сыни көзқарастар танытты.
Э.Кант (1724-1804ж.ж.) көршілес тұратын адамдар арасындағы бейбітшіліктің қалпы бұл табиғи қалпы емес, керісінше күрес, яғни егерде үздіксіз емес қақтығысты әрекеттер болмаса, онда үнемі олардың қорқытуы пайда боллады. Сондықтан да бейбітшіліктің қажет болуы керек. Неміс философы Г.Гегель (1770-1831 ж.ж.) айтуы бойынша: мемлекет барлық жерде қоғамға көңіл бөліп және мемлекетті реттеп отыруы керек деп есептейді.
Тіршілік пен күрес мәселесіне зерттеулерін бағыттаған ағылшын биологы Ч.Дарвин (1869-1902ж.ж.) эволюция теориясын ұсынды. Ч.Дарвин («Табиғи сұрыптаудың пайда болу түрлері және өмірмен күресі үшін текті сақтаудың қолайлы жағдайлары») атты еңбегінің басты идеясы- тірі табиғаттың дамуы үшін өмірдегі үнемі күресу жағдайларымен туындап отырады деп түсіндіреді. Ч.Дарвин тірі табиғаттың даму механизмдері табиғи сұрыптау түрінде біршама өмір сүруге бейімделген түрі екенін дәлелдеді.
Одан кейін Ч.Дарвиннің көзқарастары әр түрлі ғылыми зерттеу бөліктерінде дами бастады, оның ішінде шиеленістің әлеуметтік және психологиялық теориялары да бар. Сонымен қатар, польшаның австриялық юрист Л.Гумплович (1830-1909ж.ж.) әлеуметтік дарвинизмнің өкілі, әлеуметтік шиеленістің табиғи көзқарастарын мынадай етіп бөліп шығарды: кикілжің тарихи процестің мәні,қоғамның дифференциясы, басқаруы және бағынуы мәнділік құбылыс,кикілжің қоғамның бірнеше мүмкіндігін туғызады.
Казіргі кезде Л.Гумплович идеясының өкілдері өте аз, бірақ оның ұсыныстарының кейбіреуі қазіргі әселелерді шешуде нәтижелі екенін көрсетеді. Әлеуметтік дарвинизмнің ілімдері әртүрлі сипатта анықтама берді, олардың әлеуметтік жүйедегі орнына, мәніне көңіл бөлді [6; 26].
Кикілжіңдік мәселелерді өңдеу социологияның әртүрлі бағытын қамтыды. Олардың бәрі шиеленісті әлеуметтік концепцияны мойындады, категорияның бастамасы екенін қоғамдық өмірде шиеленістің маңыздылығын және осы төңіректе теоретикалық зерттеу керек екендігін бәрі тіршілікте қолданады.
Неміс социологы Г.Зиммель (1858-1918ж.ж) алғаш рет әлеуметтік кикілжіңдерге ғылыми термин енгізді. Г.Зиммель айтуы бойынша, әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тұрақты орналасуы, бедел, келісім, көну, ынтымақ шиеленісте ерекше орын алады, шиеленіс әлеуметтік интеграцияға мүмкіндік береді, әлеуметтік бейімділікке нақты сипаттама беріп, оларды ұйымдастырудың нормалары мен қағидаларын бекітеді [7; 41].
Психологияда кикілжің жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде, өзара әрекет процесі кезінде пайда болады. Кикілжің сөзі (латын тілінен «confіlіctys», «столкновение», «қақтығыс» «шиеленіс «деген мағынаны білдіреді. Ол қарама-қарсы пікірлерді, қызығушылықтарды, талпыныстарды, ұрыс-керісті, дау-жанжалдарды білдіреді.
Классикалық батыс психологиясында шиеленіс түсінігінің бірнеше варианттарын құбылыс ретінде ұсынды, табиғатты интрапсихикалық процестер мен факторлар арқылы анықталады, құбылыс ретінде пайда болуы мен ерекшеліктері, ең алдымен жағдайлары анықталады [7; 35].
Құбылыс ретінде, жеке адамның ерекшеліктерін түсіну білімі немесе обьективті жағдайларды сипаттау жеткіліксіз, ол үшін адамның өмірінде болып өткен субьективті интерпретациясын түсіну ауадай қажет деп түсіндірді.
Интрапсихикалық феномен ретінде шиеленісті дәстүрлі сипаттау З. Фрейд (1856-1939) еңбектерінде жеке адамның шиеленісіне байланысты идеялар айтылған. Оның айтуынша, шиеленістердің бастапқы сипатының күші-адамның өзінің табиғатындағы қарама-қайшылығында.
Психоаналитикалық еңбегінде басты назар аударатыны- ішкі шиеленістердің санадан тыс сипаттары. Оның өзі жеке адамдардың мәселесін және қиыншылықтарын түсіну тәсілдері, сыртқы жағдайлардан гөрі, жүріс-тұрысының өзінің ішкі ерекшеліктерімен себептелінген.
Психоанализ теориясының басты негізі- адамдар үнемі кикілжің жағдайларда жүреді. Ал оның негізгі шығу себебі, өмірдің ауқымды психикалық аясында жатыр, ол»энергия күші» «либидо» және агрессиялық ниеттерін саналы түрде түсіне алмауынан туындайды деп тұжырымдайды [8; 23].
З Фрейд өзара жеке адамдық кикілжіңдер себебін іздестіру санадан тыс сферада қарау керектігін айтады. З. Фрейд психикада сананың үш деңгейін қарастырады; сана, сана алды, санадан тыс немесе санасыздық. Санадан тыс сферада «Менің өз-өзін сақтау механизмдері психологиялық тұрғыда қауіпсіздікті қамтиды».
А.М.Матюшкина пікірінше, қорғаныс механизмдері адамның өзін-өзі сыйлауын қорғап қана қоймай, сонымен бірге өмірдің қиындықтарынан алып шығуына, жеңіп шығуына алдын-ала мәселелерді шешуге жол ашып, өміріне қауіпті жағдайларынан ысылып шығуына көмек бере алады деп сипаттайды [9; 49].
Сонымен қатар, кикілжің түсінігіне К.Левин идеясы ұсынылды, онда субъективті ситуацияны сипаттауға және жүріс-тұрыстық ситуативті себептелінуінің негізін салды. Ол шиеленіс пәніне арнайы зерттеу жасаған алғашқы психологтардың бірі болып табылады.
К.Левин кикілжіңді ситуацияны индивидтің өмірлік кеңістігінде, оларға әсер ететін, «күш өрісінің» барысында сипаттайды. Оның кикілжіңді интерпретациялауы шиеленісті меңгерудің когнитивтік бағытын, сонымен қатар ситуациялар ретінде, дамуы мен күшіне енуіне мүмкіндігін туғызды.
З.Фрейд пен К.Левин адамның психологиялық шиеленісті сипаттаудағы концептуалды негізін салған авторлардың бірі болып саналады.
З.Фрейдтің шәкірті К.Г.Юнг (1875-1961ж.ж) аналитикалық психология мектебінің негізін салушылардың бірі, ұжымдық санасыздықтың пайда болуы және адам типологиясының мінез-құлқында көрінгендіктен, жеке адамның жүріс-тұрыстық шиеленісі көбінесе осындай жағдайлармен түсіндіріледі. Өзінің еңбектерінің бағытын психобиолгиялық позицияда қорғайды, ол бағыт жалғыз ғана мүмкіндік емес, көптеген аспектілері бар деп қарастырады.
К.Юнгтың айтуынша, психоанализдің негізгі аспектісі балалар психологиясындағы таза гедоникалық көзқарастармен сипатталады. Фрейдтік психологияға сәйкес, яғни психикалық процестерді түсіну қорғаныс ретінде қанағаттану қағидасына бағытталған.
Бір жағынан, автор бұл еңбегінде «ойлаудың мәні мен түсінуді меңгеру жан дүниесінің кикілжіңнің шешуі үшін маңыздылығын қарастырған. Либидоны (жыныстық еліктеу) дұрыс меңгеріп түсіну жолы, дамуы және үнемі либидоның қызмет етуін қамтамасыз етуі мүмкін. Осыған орай, оны түсінбеу балада невроз ауруларының пайда болуына әкеледі деп қарастырған [7; 45].
60-жылдары американдық психотерапевт Э.Берн (1902-1970) еңбектері жарық көрді. Психоанализ идеясын синтездеу негізінде, трансактілі талдау теориясын құрды [10; 5].
Э.Берн бойынша, жеке адам құрылымы үш компоненттен тұрады: бала жай-күйі (эмоциялар, уайымдар, шаттану қайнар көзі); ата-ана (таптаурындарға көңіл бөлу, нанымдар, үйрету) және «үлкендер» (өмірге рационалды және ситуативті қарым-қатынас).
Адамдар өзара қатынастар негізінде трансакцияны қамтамасыз етеді. Егерде трансакция қалыптаспаса, онда шиеленісті қарым-қатынасты туғызбайды. Ал егер қатынаста трансакция пайда болса, онда өзара қатынас процесі бұзылады және конфликт пайда болуы мүмкін [10; 255].
Батыс Европада және АКШ та 50-60 жылдары ортасында дағдарысты құбылыстар пайда болды. Р.Дарендорф, Л.Козердің идеяларының маңызы болды.
Р.Дарендорф айтуынша, барлық қоғамдық жүйеге тән шиеленістердің жалпы себебін көрсетуге және табуға тырысты [11; 140].
Р.Дарендорф конфликт жағымсыз факторлерімен шектелмей, сонымен қатар, шиеленістің жағымды жақтары бұл әлеуметтік айнымалылардың инновациялардың қайнар көзі.
Л.Козердің 1956 жылғы «әлеуметтік шиеленістің қызметің атты еңбегі жарық көрді, ол шиеленіс түсінігіне жаңаша көзқараспен қарайды. Л.Козердің теориясы қоғам құрудың ғылыми негіздегі тұжырымдамасы, қарама-қайшылықтарды шешу күштеуден кету жолы деп қарастырған [7;115].
Ресейлік психологияда әрқашан жеке адамды кеңістікте тіршілік етуінің тарихи, мәдени, әлеуметтік тұрғыда психологияның феномендік контексте сипаттауға немесе түсіндіруге бағытталады.
Шиеленісті жағдайларға байланысты жүргізілген зерттеулер көрсеткендей:
-кикілжіңнен қашып құтылмайды;ол әрқашанда болады, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты туындап отырады;
-кикілжіңнің жағымды және жағымсыз қызметтері бар:
-Жағымсыз жақтарының шығу салдарын төмендету үшін себебін дұрыс білу керек, олардың шешілу жолдарын басқарып, кикілжіңді қарама-қайшылықтарының деңгейін төмендету [7; 77].
И.В.Басов пікірінше , психологиядағы шиеленіс түсінігі бір уақыттағы тенденциялардың, мотивтердің және қызығушылықтардың әрекеті. Оларды бір жағынан: әлеуметтік, экономикалық қайшылықтар, қоғамдағы жүйелі қатынастар, енді бірі жеке адамның психологиялық ерекшеліктері, олардың жүріс-тұрыс талпыныстарын қамтамасыз етеді [7; 365].
Ресейлік психологияда киілжің мәселелерімен айналысқан классиктердің бірі Л.С. Выготский, В.Н.Мясищева, В.С.Мерлин, А.Л. Анцупова, А.И. Шипилова, Ф.Е. Василюк, В.В. Столин, А.А. Петровский, В.П. Шейнов, О.И. Громова, Н.В. Гришина, А.А. Гостев тағы басқалар.
Л.С. Выготский еңбектерінде ішкі қайшылықтар мәселесі, жеке адамның кикілжіңдерімен дағдарыстарын, олардың даму және қарым-қатынас контекстерінен қарады [13; 249].
Н.В. Гришинаның пікірінше, «бір жағынан ресейлік психология белгілі тарихи және идеологиялық қиыншылықтарда толықтай өз күшімен көрсетіледі, әсіресе жеке адамның субективті ішкі әсеріне қызығушылықтарына көңіл бөлгенде, оның «субективтілігі обьективтілігіне» ауысып тек қана тарихи кездегі міндеттерді шешуге мүмкіндіктер берген. Әрімен қарай, автор айтуынша «тәжірибе көрсеткендей, тұғыры мықты және дәстүрі терең сақталса қаншалықты қиындықтарға қарамастан, олардың дамуы қайтадан өріс алып, өздерін көбіне жоғарғы дәрежеде көрсетуге талпынады. Теория психикалық тұрғыда және жеке адамды жалпы психологиясылық феноменді контексте сипаттады [13; 200].
Академик И.В. Кудряцевтің ұжымдық монографиясында кикілжің анықтамасы өте маңызды, қайшылықтарды шешу тәсілдері өзара әрекет процесінде пайда болып, көбінесе жағымсыз эмоциялардан айқын көрінеді [41; 31-32].
В.Д. Весниннің еңбектерінде шиеленіс түсінігі қарама қарсы тенденциялардың, әрбір жеке адамның психикасында адамдармен өзара қарым-қатынасында және олардың формальді емес қамтыған әр түрлі көзқарастарында, қызығушылықтары мен позицияларында көрінеді [14; 395].
Шиеленісті құбылыстардың табиғаты туралы азды көпті түсініктердің мәні В.Н.Мясищева еңбектеріндегі идеялары жеке адамға байланысты қатынастармен және оның шиеленістерімен сипатталады.
Қазіргі кездегі психология адамның ішкі әлеміне қызығушылықтары туындап, олардың өмірінің жағдайларына, оларды уайымдататын дағдарыстарымен шиеленістеріне көңіл бөле бастайды. Ф Е Васильюк осы түсініктердің мазмұнын, және құбылыстарын таңдайды, жеке адамның күнделікті тіршілік етуіндегі олардың өзара әрекетін өмірлік әлеміне әсер ету арқылы әр түрлі жағдайларда өмір сүруін және қабылдау тәсілін көрсетуге тырысады [15; 32].
В.В. Столин пікірінше «көптік іс әрекеттердегі», «мен» мәнінің көп түрі туындайды, ал олардың қиылыспауы «меннің шиеленісті мәні». Осыған орай, индивидтің «жекешеленген» кикілжіңдерінен қарап, жеке адамның өзіндік сана сезімін тұтас жай құбылысы ретінде сипаттау.
О.Н. Громова пікірінше, адамдардың әртүрлі көзқарастары, қабылдауларының сәйкес келмеуі және қандайда бір оқиғаларды көбінесе бағалау дау-жанжалдың туындау жәйттеріне әкеледі. Егер де осы жағдайларда қатысушылардың белгілі бір мақсаттқа өзара әрекеті бағытталып байбалам көрсетсе, онда шиеленіс дауласу жәйттерін көрсетеді, бірақ та кез-келген даулы жәйттер шиеленіске әкелмейді деп қарастырады [6; 38].
А.Я. Анцупов, А.И.Шипинов еңбектерін психологиялық талдауда шиеленістің 11- топтық түсінігімен қамтиды.Оған жататындар; кикілжіңнің мәні өсу, пайда болуы, кикілжіңнің эволюциясы, топтасуы, динамикасы, функциясы, кикілжіңдегі ақпаратар,алдын-алу,кикілжіңді шешу,кикілжіңді зертеу және динамикалық әдісі [16; 205].
Ресейлік отандық психологиясында кикілжіңнің түріне қарай меңгеру әртүрлі қиыншылықтарға әкеліп отырады. 83%, өзара жеке адамның шиеленістерді меңгеруге арналған бағыттағы еңбектері болып келеді. Ішкі және және жеке адамдық кикілжіңдер 8% жарияланған еңбектерін қамтиды. Халықтар арасында кикілжіңдер кіші, орташа, үлкен топтар арасындағы шиеленісу психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбектері бар болса, 5% еңбектер методологиялық және жалпы теоретикалық сипатын танытады [16; 205].
1.2 Кикілжің типологиясы және оны шешу тәсілдері
Кикілжің ұғымы индвидтердің санасында анықталған тенденциялардың бір-бірімен қарама-қарсы бағыттағы қақтығыс, байланысты топ адамдардың күйзелістерімен тұлға аралық өзара әрекеттегі немесе тұлғааралық қатынастардағы қақтығысы психологиялық шиеленістің келесі түрлерін көрсетеді:
1.Ішкі тұлғалық кикілжің-адамның мотивтеріне, қажеттілік, қызығушылық, әуестеріне, қарама-қарсы бағытталған қақтығыс.
2.Тұлға аралық кикілжің-адамдардың бір-бірімен келіспейтін мақсаттарын, құндылықтарымен нормаларын бір-бірімен өзара қатынасты жүзеге асыруға тырысатын адамның өзара әрекет жағдайы. Кейде бәсекелесу кезінде бір мақсатқа талпынатын адамның өзара әрекет жағдайы.
3.Топ кикілжің - бір -бірімен әрекеттері және мүдделері келіспейтін әлеуметтік топтар жатады.
Интрапсихалық феномен ретінде шиеленісті дәстүрлі сипаттау З Фрейд еңбегінде «Я» и «Оно» қарастырады. Шиеленістің пайда болуының бастапқы күші адамның ішкі табиғатындағы қарама-қайшылығында[8; 352-390].
Психоананикалық еңбегінде басты назар аударатын ішкі шиеленістердің саладан тыс сипаттары. Оның өзі жеке адамдардың мәселесін және қиыншылықтарын түсіну кілті-сыртқы жағдайлардан гөрі адамның жүріс-тұрысы көбінесе өзінің ішкі ерекшеліктерімен себептелінген.
З.Фрейдтің психоанализ теориясында жеке адaмның ішкі санадан тыс психикалық күшінің қатысымен анықталады.
Сананың деңгейі: сана (түсінік, уайымдар, оны сіз өз уақытында саналы түрде түсіне аласыз), сананың алдында (предсознание), (барлық тәжірбиені еске сақтағанмен ол дер кезінде бірақ спонтанды түрде, яғни ішкі сезімдермен байланысты, сыртқы әсермен болмаған) қайта оралуына көмектеседі. Санадан тыс инстинктерді дөрекі ниеттерді эмоция, еске түсіруді сипаттайды. «Ид», «Оно» жеке адамның психикасында санадан тыс биологиялық қасиеттердің тізбегін қамтиды. Оның қоршаған ортадағы ниеті, тілегінен «Эго-Мен» құрылымы пайда болады. «Эго»«Мен» құрылымы: адам психикасында психологиялық жағын қамтиды. «Эго», «Мен» өзін-өзі сақтану механизмдері психикалық тұрғыда қауіпсіздікті қамтиды. «Эго», «Мен» әрекет қағидасы ретінде, қанағат қағидасын басқарып, ақыл, ойға әкеледі. «Эго», «Мен» жауабы қорғаныс механизмдерін қолданудан туындайды. вытеснение (ысырып шығару), проекция, либидо, сублимация, регрессия, отрицание (жоққа шығару). Жоғары «Мен» әлеуметтік жағын қамтиды, Ол екі құрылымды құрайды: «ар-ұят» және «Мен» мұраты жеке адамның дамуында 2-ші рет ойланудың көмегімен қалыптасқан, оның моральдық жағын көрсетеді. Сонымен бірге толықтай қалыптасуы, ата-ананың бақылауы өзіндік бақылауға ауысқан кезде пайда болады.
Жеке адамның санадан тыс ішкі кикілжіңдердің психикалық күші, қорғаныс механизмдерінің бірі либидо болып табылады. Соңғы тиымдар адамды жан күйзеліске душар етіп, санадан тыс еліктеу энергиясы басып, оның түрлі невротикалық ауруларға жол ашады деп көрсетілді. Сондықтан З.Фрейд өзара жеке адамдық шиеленістер себебін іздестіру санадан тыс сферада қарау керектігін айтты. Қорғаныс механизмдерінің бірі проекция -индвидум басқа адамдарға өзінің іске аспаған ниеттерін көшіреді.
Рационализация-өзінің әлсіздіктерін ақтау үшін индвидтің қолданатын қорғаныс механизмі. Ысырып шығару-қорғаныс механизмі, жағымсыз ойлармен импульстерін саналы деңгейде жібермеуі. «Орнын басу» механизм ретінде айтылмаған импульстер қатысы жоқ басқа адамдарға аудару шыңайы объектіге себебін жеткізе алмау мүмкіндіктері [8; 352-384].
А.М.Матюшкина пікірінше, қорғаныс механизмдері адамның өзін өзі қорғап қоймай, сонымен бірге өмірдің қиыншылықтарынан ысылып шығуына, жеңіп шығуына көмектесе алады. Олар көбіне алдын ала мәселені шешуге жол ашып және өміріне қауіпті жағдайларынан ысылып шығуына көмек бер алады [9; 31].
К.Левин «өріс теориясына» сүйене отырып, оның 3-негізгі типтен тұратын кикілжіңнің топтасуын ұсынды.
1. «Жақындау-жақындау» кикілжіңі -өзін қызықтыратын бір деңгейдегі екі ұйғарымның бірдей таңдау қажет кездегі адамның жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |