Бала тәрбиесі – отбасы мен тәрбиеші қызметінің сабақтастығы



жүктеу 52,7 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі52,7 Kb.
#4168
түріСабақ

Бала тәрбиесі – отбасы мен тәрбиеші қызметінің сабақтастығы
Баланы өмірге бейімдеуде балабақша, тәрбиеші және ата-ананың орны бөлек. Ал мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе тәрбиешіге жүктелер жауапкершілік мол. Оны балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата*аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Балабақшадағы отбасымен атқарылатын жұмыс түрлері ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар сай жүргізіледі.

Отбасы бала тұлғасын дамытуда алғашқы қоршаған ортасын құрады. Отбасы тәрбиесінің мазмұны бес білім беру саласына сәйкес келеді.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бес білім беру саласына сәйкес келеді:


  1. «Денсаулық» білім беру саласы

  2. «Таным» білім беру саласы

  3. «Қатынас» білім беру саласы

  4. «Шығармашылық» білім беру саласы

  5. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Мектеп жасына дейінгі балаларға жоғарғы деңгейде көмек көрсету және олардың дамуы мен оқуы кезінде пайда болған қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ата-аналармен әріптестік қарым-қатынас жасау көптеген жақсы нәтижелерге жеткізері сөзсіз айқын нәрсе. Ата-аналарды мектепке дейінгі балалармен жұмыс үрдісіне өз үлесін қосуға, сонымен қатар балалармен өз ойларын, әуестігі және мәдени әдет-ғұрып, ерекше ой қабілетін бөлісуге шақырамын. Осындай ата-анамен біріккен іс-әрекеттер баланың жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және үй-тұрмыс жағдайындағы дамуына ата-анаға қажетті көмек береді. Ата-ананың балабақша өміріне қатысуы балаға да, отбасы мүшелеріне де, пайдалы және эмоциялық жағынан қарастырсақ: көңіл-күйлерін көтеріп, қажеттілік сезіміні тудырады, жігерін жандырып, өмірге құштарлығын арттырады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы мына міндеттерді айқындап алу керек: Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатудағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өрара қарым-қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата-ананың педагогика білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. Ата-аналарды топтағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.

Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру; педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру; ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Бала тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттен шаралар ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатыснасын жақсарту көзделеді.

Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

Сайыс түрінде өткізілген оқу іс-әрекеттердің негізгі мақсаты – ата-анамен тығыз байланыс орнату, яғни ата-ана белсенділік орталығындағы жұмыс түрлеріне қатыса отырып, өзін сол топтың тұрақты, қажетті мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Мен балалардың бойындағы өзгерістер туралы ата-аналарды хабардар ету үшін және оған көмектесуге баланың ата-аналарымен жиі кездесіп, олармен әртүрлі жағдайда араласып, кеңестер беріп отыруды өзімнің алдыма мақсат етіп алдым. Ата-аналарға арнап көптеген: үйде бала дастархан басында, басқа да жерлерде өзін-өзі ұстау мәдениетіне көңіл аударту керектігі және дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау сияқты мәселелерге байланысты кеңестер. Мысалы, «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?», «Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?» деген сұрақтар қою арқылы ата-аналарды ынталандырып, жауаптарын білдім. Тәрбиеленушілерімнің жанұясы туралы «Менің отбасым» атты кітапшалар дайындап суреттер көрмесін ұйымдастырдық. Жыл мезгілдеріне байланысты «Алтын күз», «Көрікті көктем», «Қысқа дайындық» атты көрмелер жүйелі түрде өткізіліп, балалар үйден жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жаттап, кітапшалар әзірлейді. Ата-аналар «Кім жылдам?», «Ойлан тап», «Біз біргеміз» атты ойын ұйымдастыруда үлкен көмек беріп, өздері де қызығушылықпен қатысады. Мерекелік ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарда ата-аналар ертегі кейіпкерлеріне айналып, шығармашылық қабілеттерін танытып, балалармен бірге қуанады. Ата-аналар демалыс күндері саябақтарға, табиғат көріністері, театрлар мен мәдени орындарға балаларымен бірге серуендеп, көрген-білгендері жайлы әңгімелер құрастырады. Осы шаралардың басында әрқашанда менің ең үлкен көмекшілерім, яғни, ол әрине құрметті ата-аналар жүреді. Әсіресе, құрылыс, өнер, асхана, көркем әдебиет орталықтарындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне ата-аналарды көптеп тарту өз нәтижесін берері анық.

Ата-ананың ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлеріне қатысуы, баласының табысына бірге қуанып, жауабына бақылау жасай алуға мүмкіндік тудырады және баласының жетістіктерін, қандай білік-дағдыларға ие екендігін байқап, көре алады. Мұндай бақылау мен көмек ең алдымен, баланың ата-аналары өзінің күнделікті әрекетіне көңіл бөліп отыратынына сенімін туғызады. Бұл ата-анамен баланы бұрынғыдан да жақындастырып, жеткіншектің жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасайды.

Қазіргі замандағы балабақшада ата-аналардың қолданусыз жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан да біздің топта көптеген заттар әкелердің, аналардың қолынан жасалған заттар. Олар бізге тіл дамыту және математикадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қажетті көрнекі құралдарды жасауға, ас-үй орталығындағы кезекшілік бұрышын, табиғат бұрышын безендіруге көмектесті. Ата-аналардың көмегімен «Желілі ойын» орталығында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсаттарында «аурухана», «шаштараз», «дүкен» сияқты көптеген ойыншықтармен жабдықталған. Сонымен бірге «Тыныш», «Достық» бұрыштарындағы әкелердің қолымен жасалған жұмсақ жиһаздарда отырып, балалардың дем алуына жағдай жасалған.

Ата-аналармен қарым-қатынас орнатуда мынадай қағиданы еске ұстау керек:

1. Ата-аналардың неге ұмтылатынын, не туралы ойлайтынын, олардың неге қуанып немесе неге мазасызданатынын талқылауға уақыт таба білу, оларға мүмкіндік жасау және қолдау.

2. Бұл үшін қолайлы жерде жеке әңгіме өткізу және барлық ақпаратты құпия екенін еске сақтау.

Әрбір адам өз еңбегін бағалағанды қажет етеді. Біздің де ата-аналар осындай мақтауларға мұқтаж. Менің ойымша бұл әрқашан да, барлық жерде өзекті нәрсе. Әр уақытта ата-аналарды мақтап отырсақ, оларда бізге солай қарары сөзсіз. Ата-аналарға алғыс жариялап отыруды өзіме міндет етіп қойдым. Әр түрлі іс-шараларға, оқыту үрдісіне, топ жұмысына белсенді қатынасқан, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысып немесе түрлі саяхатқа, серуенге шығуға материалдық тұрғыда көмек берген, ертеңгіліктерге қатысып, түрлі бейнелерді сомдаған ата-аналарға алғыс жариялап, тақтаға ілемін, ол кез келген ата-ана үшін де, олардың балалары үшін де сөз жетпес қуаныш.

Бүгінгі күні мен ата-аналармен жұмыс жасаудың нақты жүйесі қалыптасты деп айта аламын. Жұмыстың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану нақты нәтиже берді: ата-аналар «көрермендер» және «бақылаушылардан» кездесулердің белсенді мүшелері және тәрбиешінің көмекшілеріне айналып, өзара құрметтеу ортасы қалыптасты.

Жұмыс тәжірибесі: ата-аналар мен тәрбиешінің ұстанымының икемділігін көрсетті. Олар енді бала тәрбиесінде өзінің құзіретті екендігін сезінді.



Отбасымен әрекеттесуді ұйымдастыру, дайын технологиясы және рецепті жоқ қиын жұмыс. Оның жетістігі педагогтың интуициясы, бастамалығы және төзімділігімен, оның отбасында кәсіби көмекші бола білу ептілігімен анықталады. Осылайша рет-ретімен ата-аналармен тығыз байланыста тәрбие ісін барынша шығармашылықпен жүзеге асырудамын. Сөз соңында айтарым, өзім жас маман, жас ұстаз ретінде «Өзгелерді үйретіп, өзіміз де үйренеміз» деген қағиданы ұстандым.
жүктеу 52,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау