Диэлектриктер – электрөткізгіштігі аз заттар, себебі олардың еркін зарядталған бөлшектері – электрондар және иондар аз. Бұл бөлшектер диэлектриктерде тек жоғары температураларда ғана пайда болады. Диэлектриктер газтәріздес (газдар, ауа), сұйық (майлар, сұйық органикалық заттар) және қатты (парафин, полиэтилен, тасқабат, керамика және т.б.) болып келеді. -
- Диэлектрикте күрделі электр жүйесін тудыратын электр кернеуінің қабаттасуы кезінде поляризациясы және электр өткізгіштігімен байланысты түрлі электрлік үрдістер өтеді. Үлкен кернеу кезінде диэлектриктердің пробой деп аталатын бұзылуы болуы мүмкін. Бұл үрдістер диэлектриктердің қасиеттерін анықтайды, яғни, олардың радиоқұрылғылардағы жұмыстарының сенімділігін анықтайды, сондықтан осы үрдістерді қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |